Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2011 в 20:34, реферат

Описание

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және бақылау жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Работа состоит из  1 файл

Коммерциялық банк .doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

       Отандық  банктік тәжірибеде  жеке тұлғаларға ашылатын жинақ  салымдары салым операцияларының  мерзіміне және мазмұнына қарай  мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағындық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

     Мерзімді  жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.

   Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

       Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын өаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

      Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  – бұл салым иесіне белгілі  мерзім өткен соң, тиісті қаражатты  және оған есептелетін пайызды  алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

      Депозиттік және жинақ сертификаттары  иемденуіне қарай екі түрлі  болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мәлімдеуші сертификаттар.

     Атаулы  депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

      Әлемдік тәжірибеде депозиттік  сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

  1. Аударылатын;
  2. Аударылмайтын.

     Аударылмайтын  депозиттік сертификаттар ссалым  иелерінің қолдарында болып, уақыты  жеткен соң банкке ұсынылады.

     Аударылатын  депозиттік сертификаттар басқа  бір тұлғаларға екінші нарықты  сатып алу-сату арқылы өтеді.

     Банкаралық  несие – бұл коммерциялық банктердің  бір-біріне беретін несиелері.  Банкаралық несие бұл басқа  ресурстармен салыстырғанда өте  қымбат ресурс болып табылады. Банкаралық несиенің бір түріне  Ұлттық банктің коммерциялық  банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт бір түндік және күндізгі заемдар.

     Овернайт  – банктердің Ұлттық банктегі  корреспонденттік шотында дебеттік  қалдықтың пайда болуына байланысты  бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны  бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей  жағдайда бұл несиені алу жұмыс  аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның  бірінші күні қайтарылуы тиіс.

     Күндізгі  заем – банктік жұмыс күні  ішінде банктердің Ұлттық банкте  ашқан корреспондентік шотында  уақытша қаражат жоқтығын немесе  жетіспеуіне байланысты ақшалай  аударымдар мен төлемдер жасау  мақсатында берілетін несие.

     Бұл  аталған несиелер несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейіндегі банктер бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

      Осындай жағдайда коммерциялық  банктердің активтік операцияларын  қаржыландырудың басты көзі ретінде  пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
  • салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2) Банктердің активтік операциялары

     Активтік  операциялар – бұл банктердің  табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді.

      Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

     Активтік  банктік операциялар өзінің формасына  және тағайындалуына қарай әр  түрлі болып келеді. Банктердің  активтік операцияларының ең  көп тараған түрлеріне мыналар  жатады:

  • ссудалық операциялар;
  • инвестициялық операциялар;
  • депозиттік операциялар;
  • қаржылық операциялар;
  • басқа да операциялар.

    Банк  активтік операцияларының маңызды  бөлігін банктік несиелік операциялары  негізінде ссудалық портфель  құрылады. Банктік ссудалар біршама  табысты және жоғары тәуекелді  болып табылады. Бұл активтер  топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

      Банктің инвестициялық операциялары  – несиелік операциялардан кейін  банкке табыс әкелетін операциялар.  Банктің инвестициялық операциялары негізінде бғалы қағаздар портфелі қалыптастыруының екі мақсаты болады: бірішісі – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық  операция жүргізетің бағалы қағаздары  екі топқа бөлінеді:

  1. мемлекеттің бағалы қағаздары;
  2. корпоративтік бағалы.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстығына қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық, мұндай  бағалы қағаздар алғашқы нарықта  инвесторларға 

   жеңілдікпен  сатылып, номиналдық құны бойынша  өтіледі.

- Купондық, яғни  номиналдық құнына пайызбен бейнеленген  табыс әкелетін 

   бағалы  қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

- Аралас, яғни  купон және дисконт түрінде  қатар табыс әкелетін бағалы  қағаз. Бұл жағдайда инвестор  банктің табысы екі көзден: дисконт  түріндегі және купон мөлшерлемесі  түріндегітабыстардан құралады.

    Сонымен  қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • акциялар
  • облигациялар
  • депозиттік және жинақ сертификаттары
  • ипотекалық куәліктер
  • депозитаралық қолхаттар

Акция – бұл  акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Облигацияоның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін  растайтын бағалы қағаз.

Қазақстанда айналыста  жүрген облигациялар табыстылығына  қарай екі түрге бөлінеді:

  1. купондық облигация-инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі
  2. дисконттық облигация-инвестор банктің облигацияны шығарудан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі. 

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

       Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

       Барлық лизингтік операциялар  екі түрге бөлінеді: шұғыл және  қаржылық лизингтер.

  1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.
  2. Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Коммерциялық  банктердің ең көп тараған делдалдық  қызметінің бір түрі – факторинг.

       Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

      Факторинг операциясына үш тарап  қатысады:

  1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  2. Клиент – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
  3. Кәсіпорын – тауарды сатып алушы фирма.

    Форфейтинг  операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде  үш қатысушы болады:

  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
 

III. Экономиканы және халықты несиелендірудің операциялары.

3.1 Қорытынды.

Кеңес үкіметі  тұсында Қазақстанның өзінің банктік  жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында  КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. 70 жыл бойы республикадағы несиелік-банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Айталық клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ал қарыздар беру арқылы қарыз алушыларға деген жаңа талаптары қалыптасады. Нарық экономикада банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық экономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді. Банктік реформаны жүргізудің қажеттігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен; банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдардың арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі. Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банк арасындағы қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен нормативтік актілерге байланыты құрылады. Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде қалыптасады. Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және құрылтайшылық болып келеді. Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен  сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады. Олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды  сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың  үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. 

Информация о работе Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы