Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 15:52, курсовая работа
Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық). Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес. Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі.