Несие – ақша саясаты және ақшаның экономикадағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:23, реферат

Описание

Мемлекет нақты салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құру мүмкін. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады.
а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі есептеу (дисконттық) ставка банктің вексельді сатып ағымдағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банктің векселін ғана ескереді.

Работа состоит из  1 файл

Несие-ақша саясаты.docx

— 26.26 Кб (Скачать документ)

     Несие – ақша саясаты және ақшаның экономикадағы рөлі

Мемлекет  нақты салалық және аймақтық мәселелерді  шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құру мүмкін. Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады.

а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі есептеу (дисконттық) ставка банктің вексельді сатып ағымдағы банк алымын қарыз процентінің мөлшері дейміз немесе жеке тұлға мен мемлекеттің қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық банк коммерциялық банктің векселін ғана ескереді. Есептеу ставкасының төмендеуі мен көтерілу жеке коммерциялық банктердің  әртүрлі қарыздар ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады.

ә) эмиссиондық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі. Коммерциялық банктердің эмиссиондық банктегі депозиттері қолдануға рұқсат етілмейтін ерікті салымдардары ұлғайта отырып, ұлттық банк жеке банктердің несие ресурстарын шектейді.

б) "ашық нарықтағы операция". Мемлекет бар пәрменімен облигацияны сатады немесе сатып алады. Бірінші жағдайды жеке несие жүйесін қарыз капиталының ресурстары алынып, ұдайы өндірісті қиындатады. Екінші жағдайда қосымша  қаржы несие жүйесіне құйылып, ұдайы өндірісті ынталандырады.

Қазіргі замандағы қоғамда ақша өте үлкен және алуан түрлі  рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарларды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Ақша тауарлар мен қызметінің үлкен массасының қозғалысын,сонымен бірге қаржы – несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақша нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Ақша – несиелік реттеудің мақсаты  – ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсуін ынталандыру.

Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер – вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаның түрліше формалары пайда болады.

Ақша экономикада өте маңызды  рөлді атқарады: ол трансакциялық  шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғалысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.

Несие – ақша саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесіне тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары – ашық рыноктағы операциялар, міндетті резервтер нормасының өзгеруі пайдаланады.

            Ашық рынок операциялары –  бұл орталық банктің бағалы  қағаздарын сатып алуы және сатуы.

Резервтер нормасының өзгеруі –  ақша – несиені реттеудің ең мықты  құралы. Ол резервтер нормасының өзгеруімен анықталады, мұны коммерциялық банктер  орталық банк шотында ұстауы керек. Несиелік ақша массасын тез қысқарту немесе көбейту құралы ретінде қолданылады.

Есептік мөлшерлеменің өзгеруі  – несие – ақша айналымын тікелей  реттеу құралы.

Есептік мөлшерлеме – пайыз мөлшерлемесі, онымен орталық банктерге несиелерді береді. Несие белсенділігін басқару үшін қолданылады.

 

                                  Несиенің түрлері

Қағаз ақшалар әрдайым көмекші  сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы  мүмкін емес, сондықтан да олармен  қатар несиелік ақшалар жүреді.

Несие ақшалар – бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғаласын көрсетеді және  "төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады".

Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету, нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма – қолсыз ақша айналымның дамуына мүмкіндік жасау.

Несие ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несеи карточкалары жатады.

Вексель – бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.

Вексель айналымның қасиетке ие болғандықтан  яғни қолма – қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.

Вексель коммерциялық несиелеудің  пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз – кәсіпорындардың  бір – біріне банктерді жанай  өтуі арқылы неселеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы – кәсіпорын тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді.

Вексель қолдану ақша айналысының  шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ қолма – қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың шекарасы болады:

  • вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек тауар айналымының бір бөлігін, әсірісе көтерме сауданы ғана қамтиды;
  • вексельдік көтермелер талаптарын өзара есепке алу бойынша сальдо қолма – қол ақшамен төленеді;
  • борыштық міндеттеме ретіндегі вексельдер тек төлем қабілеті бар субъектілер арасында ғана шектеулі айналыс сферасына ие болады;
  • вексельдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі болады.

Қолма –қол ақшаларда мұндай шектеулер жоқ.

Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл "банктік хат" банкнота деп аталады және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді.

Банкнота өзінің мәні жағынан –  бұл банкирге арналған вексель болып табылады.

1993 ж. біздің республикамызда  шығарылған теңге қағаз және  несие ақша – банкнота болып табылады.

Банктік салымдар мен қолма –  қолсыз есептеулер негізінде құрылатын  депозитті ақшалар айналысы чекпен байланысты.

Чек – бұл шот иесінің чек  ұстаушының шотына чекте көрсетілген  ақша сомасын қолма – қол төлеу  және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.

Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай  чек бойынша банктен қолма  – қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысуға қолданылады.

Банктен қолма – қол ақшалар  алуға арналған чектің түріне ақшалай  чек жатады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Несие карточкалары. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.  Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.

Қолма-қол қағаз ақшалар  орнына несие карточкалар және электронды ақшаларды қолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам.

Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымдағы және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын – сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымның жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді. 

 

                       Несие – ақшаның  өзара әрекеті

Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, несие - әсіресе ақша  түрінде ұсынылатын банк несиесін ақша деп санауға болар  еді. Соған қарамастан, ақша және несие  – түрлі ұғымдар ғана емес, әртүрлі  қарым-қатынастар да болып табылады.

Несие мен ақша түрлі экономикалық қарым-қатынастарды білдіретін дербес экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым-қатынасының субъектісі тек несие мәселесінің қатысушылары ғана болса, ал ақша қарым-қатынасының субъектілері барлық заңды, заңды емес және жеке тұлғалар болып табылады. Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым-қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқты ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындаєы қарым-қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.

Несие қарым-қатынасының қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым-қатынасты ақша мен несие бір-бірімен қатар болып, өзара әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.

Несие мен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.

Несие ақша түрінде де, тауар түрінде  де ұсынылуы мүмкін.

Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жүргізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады. Банк клиенттері, яғни банк есепшотының иелері бір уақытта субъектілері де болып табылады. Нарық экономиканың жағдайда несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:

-  қолма-қол ақшасыз еңбекақы  кеңеюі, интернет арқылы есеп  айырысудың электрондық жаңа  жүйелерінің, төлем карталарының  пайда болуы, бір жағынан банк  шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айырысу үшін керексіз болып қалады:

-  орталық банктер несиені  экономиканы ақша – несие жағынан  реттеуінің оның шегі таралу  немесе кеңеюі арқылы айналымдағы  ақша жиынтығына банктің эмиссиялық  қызметіне, әсер етеді.

Болашақта несие мен ақшаның өзара әрекеті жалғасып, күшейе береді.             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жоспары:

          

І. Несие – ақша саясаты және ақшаның экономикадағы рөлі

ІІ. Несиенің түрлері 

ІІІ. Несие  – ақшаның  өзара  әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Несие – ақша саясаты

Орындаған: ИС-9-19 оқу тобының студенті Мусипова Саида

Қабылдаған: ___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Қызылорда 2012 жыл


Информация о работе Несие – ақша саясаты және ақшаның экономикадағы рөлі