М.Ауезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Оқушылардардың
шығармашылық қабілеттерін мәдени іс
–әрекет тапсырмалар арқылы қалыптастыру
Орындаған: Мылтықбаева
Н.
Шымкент 2012
Оқушылардардың шығармашылық
қабілеттерін мәдени іс –әрекет тапсырмалар
арқылы қалыптастыру
Қоғамдық дамудың
қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін
тиімді жоспарлай алатын, танымдық
қызметінде алынған білімді орынды
пайдалана білетін, түпкі нәтижеге
жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен
тиімді қарым-қатынас диалогіне
түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу
мәселесін қойып отыр.
Сапалы
білім алған, танымдылығы жоғары,
құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір
мықты тегеурініне төтеп бере
алатын оқушылар ғана болашақтың
кілтін аша алады. Еліміздің
жаһандық дүниеде даралануы білімді,
жігерлі, ұлттық санасы рухани
бай жас ұрпақ арқылы іске
асады.
Осындай
ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілін
оқытудың мақсаты:
* Қазақ
тілінде сөйлей (ойын жеткізе)
алатын тұлға – тілдік тұлға;
* Қазақ
тілінде дітін орындата алатын
тұлға – коммуникативтік тұлға;
* Қазақ тілінде
ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген
тұлға – тілдік-мәдени тұлға
тәрбиелеу.
Бүгінгі
таңда жалпы орта білім беруді
жетілдірудің негізінде құзыретттілік
тәсілді алу ұсынылып жүр.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында да білімге
бағытталған мазмұнды құзыретттілік,
яғни нәтижеге бағдарланған білім
мазмұнына алмастыру қажеттілігі
көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік»
және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды
қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның
жаңаша жай ғана жиынтығы емес.
Құзыреттілік оқыту нәтижесін
(білім және білік) ғана емес,
сонымен бірге ол оқушылырдың
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі
мен құндылық бағдарларының жүйесін
де көрсетеді. Құзыреттілік –
бұл алынған білімдер мен біліктерді
іс-жүзінде, күнделікті өмірде
қандай да бір практикалық
және теориялық мәселелерді шешуге
қолдана алу қабілеттілігі. Ол,
ең әуелі мектептегі оқыту
үрдісінде қалыптасады. Сонымен,
оқытудағы құзіреттілік тәсіл
білім беру нәтижесі ретіндегі
оқыту сапасын қамтамасыз етеді,
ал ол өз кезегінде кешенді
әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды,
мектептегі оқыту сапасын бағалаудың
біртұтас жүйесін құруды талап
етеді. Демек «құзырет» және
«құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі
педагогикалық тәрибеге енгізу
білім берудің мазмұны мен
әдістерін өзгертуді, іс-әрекет
түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға
оқушының хабардарлығын емес, нақты
құбылыстарды танып білу мен
түсіндіруде; қазіргі заманғы
техника мен технологияны игеруде;
практикалық өмірде; мамандық таңдау
кезінде өзінің кәсіби білім
алуға дайындығын бағалауда; еңбек
нарығын бағдарлау қажет болғанда;
өмірден өз орнын анықтауға;
өмір салтын, кикілжіңдерді шешу
тәсілдерін таңдауға байланысты
мәселелерді шешу қажет болғанда
туындайтын өмірлік мәні бар
мәселелерді шешу біліктілігін
шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған
оқыту үрдісінде тәжірибелік
жолмен мәселені шешу мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті
арттырудағы екінші үлгіге көшірудің
негізі бола алады.»
К.Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын
қалыптастыру жолдары:
- білім беру
жүйесіндегі жүйеге кіретін бала
жүйеден шыққанда түлек болады;
- тұлғаның ұжымға
енуі арқылы әлеуметік-психологиялық
сипаты көрінеді, - деп тұжырымдайды.
Құзыреттілік тәсіл білімдік
парадигмадан біртіндеп мектеп
бітірушінің қазіргі көпфакторлы
әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық,
коммуникациялық және ақпараттық
қаныққан кеңістік жағдайында
тіршілік ету қабілетін көрсететін
құзыреттер кешенін игеруге жағдай
жасау дағдыларын қалыптастыруға
қарай бет бұруды білдіреді.
Ғалымдар
білім берудегі құзыреттілік
тәсілді жүзеге асырудың төрт
аспектісін ажыратады:
* түйінді құзыреттер;
* жалпыланған
пәндік біліктіліктер;
* қолданбалы
пәндік біліктіліктер;
* өмірлік дағдылар;
Бұл
төрт бағыттың бәрі біздің
мектептер үшін өте қажет. Бұлардың
әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің
құзыреттіліктерін, олардың мектеп
бітіргеннен кейін жұмысқа дайындығын
арттыруға себептесетін болады.
«Құзырлылық»,
«құзыр» ұғымдарының қолданыстағы
білім, білік, дағдыдан айырмасы
төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы
– қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта
емес, өнімді қызмет формасы түрінде
байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы
– оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды,
заңдылықтарды шығармашылықпен
пайдалана отырып өзгерте алатын
саналы қызмет.
Б) біліктіліктен
айырмасы – дағдыға автоматты
түрде жету немесе алмастыру емес,
керісінше бірнеше пән дағдыларын
кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін
сезіну.
Қазіргі кездегі білім берудегі
мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын
игеруге және оны өзінің жеке
білімдік капиталына енгізуге
арналған ақпараттық ортадағы
берілген мүмкіндіктерді қолдану
болып саналады. Мына заманда
біздің оқушылардың алдына қойылатын
талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға
өсуде. Заман талабы оқушылардың
бойында түйінді құзыреттіліктерді
қалыптастыру болып табылады.
Білім
беру жүйесінде оқушының бойында
коммуникативтік құзыреттілікті
қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік
технологияның рөлі ерекше. Бұл
технологияны қолдану оқушылардың
қызығушылығы мен белсенділігін
және жұмыс істеу шеберлігі
мен қабілеттіліктерін арттырады.
Бағдарламаны жақсы меңгеруге,
өз жұмысын жоспарлауға, өз
бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушының қазіргі заман талабына
сай білім алуына, білім сапасына
тікелей әсер ететіндер –
ақпараттық құралдар.
Ахмет
Байтұрсынұлы айтқандай: « Мұғалім
әрдайым ізденісте болса ғана
шәкірт жанына нұр құя алады.»
Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы
айтылып кеткен құзыреттілік
арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің
мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық
сипаттама ретінде төмендегі
қызметтерді жүзеге асырумен
анықталады.
Болжау
Ұйымдастыру
Бақылау
Реттеу
Үйлестіру
Сәйкестендіру
Белсенділігін
арттыру
Зерттеу
Оқыту формасында оқушының өз
еркімен білім алуына, материалды
ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды
жаттанды түрде емес, шығармашылықпен
меңгертуге көңіл бөлу қажет.
Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі
нәзік, өзін қызықтырған істе
белсенді, ақыл-қабілеті дамыған,
сондықтан шығармашылық оған
шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі
тиіс. Оқушылардың шығармашылығын
дамыту жолдарын ақпараттық және
коммуникативтік құзыретіліктер
арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы
нақты объектілер көмегімен қажетті
ақпаратты іздеу, талдап таңдап
(іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау
және ақпаратты беру біліктері
қалыптасады. Бұл құзыреттілік
оқушының оқу пәндеріндегі және
білім аймақтарындағы, сонымен бірге
қоршаған дүниедегі ақпараттармен
жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік
құзыреттілік – қажетті
тілдерді, қоршаған адамдармен және
оқиғалармен әрекеттестікте болу
тәсілдерін білуді, топта жұмыс
жасау дағдыларын, ұжымдағы әр
түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді
қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета
толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя,
пікір таластыра т.б. білуі
тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу
үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың
нақты нысаналарының қажетті
және жеткілікті саны және
олармен жұмыс тәсілі белгіленуі
тиіс.
Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәнінің
мұғалімінің міндеті – жас
буынды сөз өнеріне баули отыра
оқытудың шығармашылық сипатын
күшейту, сөйтіп баланың жеке
қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің
дамуына жол ашатын шығармашыл
тұлға қалыптастыру. Қазақ әдебиетін
оқытуда нәтижеге бағытталған
іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан
жүзеге асыру – негізгі міндет.
Құзырлылық – оқушы іс-әрекетінің
сапасынан көрінетін білім нәтижесі.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау
мынадай мәселелерді қарастыруы
тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының
алдында дайын білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін,
тың жаңалықтар ашатын, біртума
ойлау қабілетімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті
тұр. Бұл, әрине, оқушылардың
шығармашылық әрекетін дамытуда
маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер
болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда
«шығармашылық тапсырмалар» атауы
педагогикада белгілі екі құрамдас
бөліктен тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі,
жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне
байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт
бойындағы талант көзін ашып,
тілін байытып, қиялын ұштау
мен өз бетінше ізденуге зор
әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі
жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға
болады деп есептеймін:
- сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
- жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
- нақыл сөздердің мәнін ашу;
- мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
- жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
- өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
- автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;
- өлең құрастыру;
- жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
- еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
- ұжым болып ертегі құрастыру;
- ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
- ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
- оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
- қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
- баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
- өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
- ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
- іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
- тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
- оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
- автордың көзқарасы туралы айта білу;
- көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Қазір
ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты
қалыптастыру білім беру мазмұны
құралдары арқылы жүзеге асатыны,
осыдан келіп оқушының қабілеттілігі
дамитыны және күнделікті өмірдегі
шынайы проблемаларды – тұрмыстық
мәселелерден бастап, өндірістік және
әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері
пайда болатындығына баса назар аударылып
отыр.
Әр
күні өзгеріске толы бүгінгі
жауапты кезеңде замана көшінен
қалып қоймай уақыт талабына
сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты
білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға
зор жауапкершілікті жүктейді. Ол
мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз
білімін үнемі жетілдіріп отыруды
талап етеді. Өйткені еліміздің
ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі
– сапалы білім және жақсы
тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы
шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз
жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына
сай туындайтын қажеттілік.
«Ұлт данышпандары арқылы ұлы
мақсаттарға жетеді» деген сөзбен
ойымды аяқтағым келеді.
Оқу процесін ұйымдастыруда
әрекеттілікті жүзеге асыруда білім
беру сапасы қоғамдағы білім беру үрдісінің
жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның
кәсіптілігінің қалыптасуын және даму
болашағының қажеттілігін анықтайтын
әлеуметтік категория. Оқу процесін ұйымдастыруда
білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің
әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни
білім беру мазмұны, оқыту формасы мен
әдістері, материалдық техникалық базалары,
т.б. бойынша анықталады. Оқу процесін
ұйымдастыруда білім сапасы мұғалімдер
қызметінің сапасына тікелей байланысты.
Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай
деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп
те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім
алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі
мектепке керегі білімді, педагогикадан,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің
негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның
теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі,
шығармашылық қызметі.
Оқу бағдарламалар
тәрбиенің адамгершілік, зерделілік,
тәндік, еңбектік және өзге де аспектілерін
ескереді. Осыған байланысты білім
беру бағдарламасына енетін әдебиет, тарих,
қоғамтану т.б. пәндер сияқты гуманитарлық
пәндер бірінші орында тұрады. Оларды
зерделеу және меңгеру - рухани, патриоттық,
имандылық пен азаматтылықтың көзі
ретінде, зұлымдық пен рақымсыздыққа
қарсы әрекет ретінде қарастырылады.