ҚР-ның ақша айналысын реттеу

Автор работы: z*************@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 22:03, курсовая работа

Описание

Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады. Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ ....

I. Ақша және ақша жүйесі ұғымдары
1.1.Ақша ұғымы және оның пайда болуы, түрлері, қызметтері.................
1.2.Ақша жүйесі және оның элементтері......................................................
1.3.Ақша жүйесінің типтері:металл ақша айнылысы мен несие және қағаз ақша айналысы............................................................................................
ІІ. ҚР-ның ақша жүйесі
2.1. ҚР-да ақша жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы...........
2.2. ҚР-ғы ақша айналымы және ақша агрегаттары..........................................
2.3. ҚР-ғы ақша айналымының бұзылуы............................................................
III. ҚР-ның ақша айналысын реттеу
3.1. ҚР-ның ақша реформалары........................................................................
3.2. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты................................
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

Работа состоит из  1 файл

Ақша жүйесі және оның типтері.docx

— 52.30 Кб (Скачать документ)

         1.2. Ақша жүйесі және оның элементтері.

    Ақша  айналымы  - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы   қолма – қол және қолма – қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай – ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзеге асырады.

    Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете  отырып, келесілердің арасындағы айналысты  көрсетеді:

    • орталық банк және коммерциялық банктер;
    • коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері ( кәсіпорындар, ұйымдар, халық );
    • кәсіпорындар мен ұйымдар;
    • физикалық тұлғалар;
    • банктер және әр түрлі қаржы институттары, сондай – ақ қаржы институттары мен халық

    Ақша айналымы екі бөліктен: қолма – қол және қолма – қол емес ақша айналымынан тұрады.

    Ақша  айналысы заңы – құн заңының айналыс  аясындағы көрінісі.

      Ол тауар – ақша қатынастары  болатын барлық қоғамдық формацияларға  тән. Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                            А мөлшері = Смб/Ажылд.

    А – ақша мөлшері;

    Смб – сатылуға тиіс тауар бағасы;

    Ажылд. – ақша айналымының жылдамдығы;

    Ақша  айналысы заңының мәні мынада: ақшаның  айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір  аттас ақша өлшемінің айналым  санына бөлгенге теңесуі керек.

       Қандай да болмасын елдің ақша – несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады.

       Ақша массасы – бұл жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.

    Өнеркәсібі  дамыған елдердің қаржылық статистикасында  мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

    М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

    М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );

    М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;

    М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;

    Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына  келесі ақша агрегаттары кіреді:

  • М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;
  • М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
  • М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
  • М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займ облигацияларын біріктіреді;

    Ақша  массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

  • банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
  • Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
  • мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен
  • Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
  • чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);

    Ақша  массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға  әсер ететіндіктен, ұлттық экономика  дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.

   Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.

    Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мелекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы.Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғ.ғ.капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастаған да пайда болды.Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған.Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

   Жалпы ақша тарихы негізінен қоғам өмірінің  экономикалық және саяси  дамуымен тығыз байланысты.Тарихи даму барысындағы экономикалық категория ретінде ақша  - өндіріс саласында қалыптасатын ,адамдар арасындағы ақша қатынастарын білдіреді.Яғни,ақша қоғамдық қатынастарды тасушы және оның негізгі қызметі болып мемлекет қызметін ақшамен қамтамасыз ету танылады.Сол себепті,қаржы жүйесінің қалыптылығын сақтау үшін   ақша жүйесі қолданылады. 

    Әлемдік өркениетте ақша жүйелерінің  жекелеген элементтері ежелден  белгілі әрі олар құнның ақшалай  формасы-ақшаның пайда болуымен  байланысты.Ақша жүйесі өз эволюциясында  ақша-тауар қатынасының даму деңгейіне  тікелей тәуелді болғандықтан  көптеген өзгерістерге   ұшырады. 

   Әрбір  мемлекеттің  өз ақша жүйесі бар.Ол мынандай элементтерді қамтиды:

      • Ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
      • Ақша бірліктерінің атауы;
      • Ақша белгілерінің түрлері,оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
      • Ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
      • Ұлттық валюта бағамы,оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

   Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

    1. ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі.Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді.
    2. тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі
    3. ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері,ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек,алайда инфляцияның дамауына жол бермеуі қажет.
    4. ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі.Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынынн білдіреді.
    5. эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілуі принципі
    6. Орталық банк тәуелсіздігінің принципі

    Ақша бірліктерінің  атауы.Ақша бірлігі-барлық тауар бағаларын өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін ,заңмен бекітілген ақша белгісі.Сонымен қатар,ақша бірлігі – бұл ұлттық валюта атауын білдіретін және мемлекетпен белгіленген ақша белгісі болып саналады.

  Ақша  бірлігінің атауы – теңге,доллар,рубль,,марка,фунт  стерлинг,сом және тағы басқалары  тарихи қалыптасқан.Мысалы, «рубль»  сөзі «рубить» деген сөзден  шыққан ,себебі ол күміс слитоктан  кесіліп алынған және өзінің  белгіленген салмағы «гривна»  деп аталатын бөлікті білдіреді.Ал  «доллар» - «талер» деп аталатын  неміс тиынының атауынан шыққан,ал  ол «иоахимсталер» деп аталатын  Габсбургтер кезеңіндегі австро-венгриялық  тиынның атауынан пайда болған,ал  ол өз кезегінде Чехия еліндегі  күміс өндіретін  жердің атауынан  алынған.

    Монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын  барлық ақша белгілері заңда  төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында  борыштарды      өтеуге    заң       бойынша    міндетті    түрде қабылданатын  ақша белгілері.:Ақша бірлігі  (ұлттық валюта) Қазақстан Республикасында  100 тиыннан тұратын қазақстандық  теңге болып табылады.Теңге   алтын немесе басқа құнды металдар  арасында ресми ара қатынас  белгілейді

    Ақша белгілірінің  түрлері,оларды шығарудың  тәртібі және қамтамасыз  ету сипаты.Ақша белгілерінің түрлері – ақша массасының құрылысы және ақша белгілерінің номиналы.Негізінен ақша бірлігінің екі түрі шығарылады:

   1.қағаз ақша - әр елдерде әрқалай аталатын купюралар. Мысалы,Ұлы Француз қозғалысы кезеңіндегі ақшалар ассигнаттар деп аталған.Қағаз ақшалар екі түрде болуы мүмкін:а)ақшалай тауарға айырбастау кепілдігімен,яғни эмитент өзіне банкноттарды алтынға немесе күміске айырбастау міндетін алады;б)жай,яғни бағалы металдарға немесе басқа ақшалай тауарларға айырбасталмайтын  ақша белгілері.

   2.темір тиындар – әр түрлі құймалар түрінде.Тиынның беткі жағы-аверс деп аталады,онда негізінен мемлекеттің туы суреттеледі.Тиынның артқы жағы-реверс деп аталады,онда мемлекет басшысының немесе басқа тарихи тұлғалардың бейнесі суреттелуі мүмкін.Ал тиыннның  шеті-гурт деп аталады.

    Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде қабылданатын,банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша белгілері.Ақша белгілерін шағаруды олардың айналымнан ұйымдастыруды және айналымнан алуды Орталық банк қолма-қол ақшасыз балама алу арқылы банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі   ғана жүзеге  асырады.*Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңында былай делінген : «Қазақстан Республикасы аумағында нақты ақша қаражаттарын шығару,оның айналасын ұйымдастыру және айналыстан алынып тасталуын, ... Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады ». * [ 2.5-бап]

    Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкноттары мен тиындары Ұлттық  банктің сөзсіз міндеттемелері  болып табылады әрі оның барлық  активтерімен қамтамасыз етіледі.Ұлттық  банк алтын-валюталық активтердің  мөлшерлері туралы хабарламаларды  бұқаралық ақпарат құралдарында  ұдайы жариялап отырады.

    Ұлттық валюта бағамы.Оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.Валюта бағамы-бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген елдің ақша бірілігінің бағасы.Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңында белгіленген. Валюта бағамы баға белгілеудің негізінде анықталады.Валютаның ресми және еркін баға белгілеулері бөліп көрсетіледі.Қазақстанда көбінесе «қоржынға» кіретін басқа шетелдік валюта «қоржыны» негізінде баға белгілеу тәсілі пайдаланылады.

    Сонымен,ақша жүйесі мемлекеттің  ақша айналымының құрылысын білдіреді.және  ол әрқашанда  ұдайы даму  үстінде болатындықтан ақша жүйесінің  түрлері өзгеріп отырады.

 

    1.3.Ақша жүйесінің типтері.

   Ақша жүйесінің типі: ақша-ерекше тауар ретінде жүруіне,яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша-құн өлшемі  қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:

  1.Металл ақша айналысы - бұл жүйеде ақша тауары,яғни толық құны ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды.Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

  2.Несие ақшалары  және қағаз ақша  айналысы - бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша ,яғни алтын біржолата ығыстырылып,айналыста тек ақша белгілері жүреді.

   Ақша жүйесін құру формаларындағы принципттік айырмашылықтары металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым жүйесінде жатыр.Тарихи даму кезеңінде металдық айналымда ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрлері қалыптасқан.

    Монометаллизм-ақша жүйесі,яғни бір металл жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде қызмет етеді.Күміс монометаллизмі Ресейде - 1843-1852 жж., Үндістанда - 1852-1893ж.ж., Қытайда - 1935 жылға дейін қолданылды.Ал алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы, Германияда - 1871-1873жж., Жапонияда - 1897 ж., АҚШ-та – 1990ж. белгілейді.

Информация о работе ҚР-ның ақша айналысын реттеу