Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2012 в 18:51, реферат
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының сақтандыру жағдайларын қарастырып өтпекпін.
Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Шетелдік тәжірибе ретінде мен еліміздің экономикалық, саяси және басқа да қатынастары бойынша серіктес елдерінің сақтандыру жайлы айтқым келіп отыр. Осылайша, мен Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының сақтандыру жағдайларын қарастырып өтпекпін.
Қытай Халық Республикасының сақтандыру жағдайы
Сақтандыру саласы Қытайдың ақша-несие нарығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай Халық Республикасындағы сақтандыру негізінен мүлікті сақтандыру, азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кепілді сақтандыру және жеке сақтандыру сияқты төрт негізгі сақтандыру түріне бөлінеді. Қазіргі кезде Қытайда сақтандыру компаниялары сақтандырудың 400 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Қытайдың сақтандыру мекемелерінің ішінде ерікті және міндетті болып бөлінетін қайта сақтандыру операциялары кеңінен тараған.
Реформалардың тереңдеуі және Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығының ашыла түсуіне байланысты сақтандыру операцияларының, әсіресе өмірді сақтандыру операцияларының қарқынды дамуы өтіп жатты. Егер 1997 жылы өмірді сақтандырудан түсетін табыстар сақтандыру табыстарының 55%-н құраса, 1998 жылы 60%-ды құрады. 1998 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының табыстары 124,7 млрд юань (15 млрд $), оның ішінде 49,96 млрд юань (8,2 млрд $) - мүлікті сақтандырудан, 68,3 млрд юань (8,2 млрд $) - өмірді сақтандырудан түссе, қалған сақтандыру операцияларынан түскен табыс - 6,5 млрд юань немесе 783 млн $ құрады. Дәл сол жылы мүліктік нұқсандар бойынша және қысқа мерзімді жеке сақтандыру бойынша өтемдер 31,8 млрд юань (3,8 млрд $) құрады. Өмірді сақтандыру бойынша өтемдер 23,8 млрд юань немесе 2,9 млрд $ құрады. Қытай Халық Республикасының ұлттық экономикасындағы сақтандыру саласының үлесі жылдан-жылға өсуде. Осылайша, ЖІӨдегі сақтандыру саласының үлесі 1960 жылы 0,25%-дан 1998 жылы 1,48%-ға дейін өсті. Соңғы 20 жылы Қытай Халық Республикасының сақтандыру саласының орташа жылдық өсу қарқыны 34% құрайды.
2002 жылдың басындағы жағдай бойынша Қытай Халық Республикасында 52 сақтандыру компаниясы, оның ішінде мүлікті сақтандыру бойынша – 22, өмірді сақтандыру бойынша – 26, қайта сақтандыру бойынша – 1, екі сақтандыру тобы және бір “саяси” сақтандыру компаниясы жұмыс істеді. 2004 жылдың ортасындағы жағдай бойынша барлық сақтандыру компанияларының активтерінің сомасы 1 трлн юаньға (120,5 млрд $) жуық мөлшерді құрады.
Елдің сақтандыру
нарығында акционерлік және
шетел компанияларының
2000 жылдың басында Қытай Халық Республикасында ресми түрде 13 ұлттық сақтандыру компаниясы (шетелдік және бірлескен сақтандыру компанияларын қоспағанда) тіркелген болатын. Оның ішінде 2 – бас сақтандыру компаниялары, 7 – мүлікті сақтандыру компаниялары, 3 - өмірді сақтандыру компаниялары, 1- қайта сақтандыру компаниясы. Территориялық белгісі бойынша олар 8 жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларына және 5 аймақтық сақтандыру компанияларына бөлінеді. Жалпы мемлекеттік сақтандыру компанияларының 10 мыңдай бөлімшелері мен операциялық пунктері бар. Қызметкерлерінің саны - 150 мың адам. Қытай сақтандыру компаниялары 250 мыңнан астам сақтандыру агенттерінің қызметін пайдаланады.
Қытай басшылығының елді сыртық экономикалық қатынастарға ашық екендігін жариялануымен сақтандыру нарығына шетелдік сақтандырушылар ене бастады. Өкілетттіктердің ең көп санымен Австралия, Ұлыбритания, Германия, Гонконг, Италия, Канада, Корея, Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Франция, Швейцария және Жапония сақтандыру компаниялары ерекшеленеді. АҚШтың, Канаданың, Жапония мен Ұлыбританияның 9 сақтандыру компаниясы Шанхайда және Гуанчжоуда 12 операциялық агенттіктердің негізін салды. Ал 17 елдің 113 сақтандыру компаниясы Қытай Халық Республикасында 202 өкілеттігін құрды. Сақтандыру саласының өсу қарқыны 2003 жылы ЖІӨнің өсу қарқынынан 7%-ға артық болды. Сақтандыру саласы құрылымдық реформаны жүзеге асыра алды және есептеулер жүйесін жетілдіре алды.
2004 жылдың басындағы жағдай бойынша, Қытай Халық Республикасында шет елдің қатысуымен 37 сақтандыру компаниясы және де 300-ге жуық басқа шетелдің сақтандыру мекемелері (өкілеттіктер, агенттіктер және тағы басқалар) бар.
АҚШ-тың сақтандыру жағдайы
Қазіргі кездегі Америка Құрама Штаттарындағы сақтандыру әлемдегі ең дамыған сақтандыру саласы болып табылады.
Америка Құрама Штаттарының монополиялары дамыған елдердегі бүкіл сақтандыру нарығының 50%-дан астамын бақылап отырады. Америка Құрама Штаттарында 10 мыңдай сақтандыру компаниялары жұмыс жасайды, олардың 8 мыңнан астамы мүліктік сақтандыруды жүзеге асырады. Америка Құрама Штаттарының әр штатының өзінің сақтандыру туралы заңы және сақтық бақылауы болады, сондықтан да ол жақта бірыңғай сақтандыру туралы заң және сақтық бақылау органы жоқ.
Әрине, әр штат өзінің жарғылық капиталын, көрсетілетін сақтандыру түрлерін бекітеді, өзіне қарасты сақтандыру ұйымдарына бақылау жүргізеді, сақтандыру қызметін қадағалап, реттейді, брокерлерге, агенттерге және сақтандыру компанияларына лицензиялар береді.
Америка Құрама Штаттарында сақтандыру ұйымдарының екі типі бар: акционерлік қоғамдар және өзара сақтандыру қоғамдары. Ол жақта мемлекеттік сақтандыру компаниялары жоқ. Компания акцияларын жеке және заңды тұлғалар иеленеді. Америка Құрама Штаттарында тарихи түрде сақтандыру компаниялары арасында өзара сақтандыру қоғамдарының үлесі басым болады деген ой қалыптасқан, бірақ олардың саны акционерлік қоғамдардан әлдеқайда азырақ.
Ел ішінде сақтандырудың үш типі қалыптасқан:
бенефиттер (өмір мен денсаулықты сақтандыру, зейнетақыны сақтандыру, жинақтаушы, автокөліктерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.);
жеке мүліктік (бұл жерге құрылыстарды сақтандыру, автокөлікті және азаматтардың өзге де мүлкін сақтандыру жатады);
коммерциялық (сақтандырудың барлық басқа түрлері).
Қазіргі кезде АҚШтың барлық сақтандыру компанияларының активтері 2 трлн доллардай соманы құрайды немесе орта есеппен алғанда әр компанияға 200 млн доллардан келеді. Барлық сақтандырушылар бақыланып отырады. Олардың қызметі : A.M.BEST, Moody S, Standart & Poors сияқты үш консалтингтік компаниялармен талданады. Бұл компаниялар қаржылық жағдайы туралы хабарлайды, сақтандырушылардың қызметі бойынша каталогтар шығарады, сенімділік рейтингін және төлем қабілеттілігі туралы мәліметтерді жариялайды.
Брокерлік компаниялардың өздерінің айрықшалықты бөлімшелері болады. Бұл бөлімшелер басқа компаниялардың қызметін талдайды, олардың қаржылық жағдайын, төлемдерін, сервистік қызмет көрсету деңгейін, қызметіндегі икемділікті, қызметтер бағасын және тағы басқаларды зерттейді.
Сақтандырушының
қызметінің тиімділігінің
Америка Құрама
Штаттарында өмірді сақтандыру
бойынша ірі сақтандыру
Америка Құрама
Штаттарының сақтандырушылары өндірістік
корпорациялармен тығыз
Сақтандыру ұйымдарының
ұйымдық негізін акционерлік
қоғамдар мен өзара сақтандыру
қоғамдары құрайды.
Кейінгі уақытта
Америка Құрама Штаттарының
Америка Құрама Штаттарының сақтандыру компаниялары қаржылық конгломераттар деп айтса да болады. Олар өздерінің еншілес компаниялары арқылы өздерінің негізгі қызметінен басқа несиелер мен қарыздар беру, клиенттерге чектік қызмет көрсету, есептесуші несиелік карточкалар эмиссиялау, мүлікпен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, клиенттің тапсырысы бойынша мүлікті және капиталды басқару сияқты қызметтер атқарады. Сақтандыру ісінің одан әрі интернационализациялануы жүруде. 70-жылдардағы халықаралық сақтандыру нарығындағы қатаң бәсекеден кейін Америка Құрама Штаттарының үлесі өскені айқындалуда.
Жетекші сақтандыру компанияларына “Стейт фарм мьючуэл отомобил иншуранс компани” трансұлттық компаниясы жатады. Бұл компания 1922 жылы Иллинойс штатында негізі қаланып, көлікті, мүлікті, жазатайым уақиғалардан, авиацияны сақтандырумен және қайта сақтандырумен айналысады. Жиналған сыйақыларының көлемі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде.
Басқа ірі компаниялар болып 1868 жылы Нью-Йоркте құрылып, өзара келісім негізінде өмірді сақтандыратын “Метрополитен Лайф иншуранс К°” компаниясы, жетекші диверсификацияланған компаниялардың бірі болып саналатын, “Коннектикут дженерэл корпорейшн” және “ИНА корпорейшн” деген екі ескі қоғамның бірігуі нәтижесінде 1982 жылы құрылған “Сигма” компаниясы табылады. Бұл “Сигма” компаниясы мүлікті және жауапкершілікті сақтандырады.
“Америкэн Интернешл групп (АИГ)” – жетекші халықаралық диверсификацияланған сақтандыру топтарының және Америка Құрама Штаттарындағы саудалық және өндірістік тәуекелдерді сақтандырушы ірі компаниялардың бірі. Кейіннен бұл компания холдингтік компанияға айналып, қазіргі кезде 130 елде 44 еншілес компаниясын басқарып отыр. Тек қызметкерлерінің саны 28 мыңнан астам адамды құрайды.
Сондай-ақ, ірі сақтандыру компаниялары болып:
1853 жылы құрылған “Континентал корпорейшн” компаниясы;
1876 жылы құрылған “Пруденшл Иншуранс оф Америка” компаниясы;
1913 жылы құрылған “Олстейт Иншуранс компани” компаниясы саналады.
Көріп отырғанымыздай, әрине бұл елдердің сақтандыру нарығының даму деңгейі, олардың сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштері біздің еліміздегі жағдайдан артық. Бірақ, жоғарыда көрсетілген еліміздің сақтандыру нарығының мәліметтерін ескере отырып, республикадғы сақтандыру компанияларының жағдайы бірер жылдан соң осындай елдердің компаниялары қатарына қосылады деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.