Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2011 в 16:17, реферат
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс.
Шетел инвестициялары - реферат
Қазақстан Республикасына
шетел инвестицияларын тартудың
мәселелері мен перспективалары
Шетел инвестицияларын тарту мәселелері
және оларды шешу жолдары
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың
тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық
мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің
келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында,
ұйымдастырушылық, экономикалық және
құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық
қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен
экономиканың басым салаларын дамыту
преференциялық режим құруды талап етеді.
Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар
мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен
оның икемділігін көтеруге байланысты
енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын
тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық
процедураларды жеңілдету және шетел
инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша
кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге
ие.
Қазақстан экономикасына шетел капиталын
тартудың негізгі формаларының бірі –
сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда,
сонымен бірге, көзделген инвестициялық
жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың,
яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты
бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде
шетелдік несиелік тізбектер есебінен
қаржыландырылатын инвестициялық жобалар
қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе
сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа
қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде
жоба бойынша шешім қабылдау, несиені
игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік
бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың
тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін
пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар
жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы
нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы
республика аймақтары мүдделеріне зиян
келтіруі мүмкін.
Басым инвестициялық жобаларды таңдап
алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың
нақты белгілері мен қарапайым бағыт -
бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі
экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,
ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық
дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы
көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа
зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған
несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел
несиелері бойынша өтелмеген төлемнен
қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі
төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге
келеді.
Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу
үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы
шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен,
бақылау және жоспарлау сенімді негізге
ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық
секторлары мен барлық формасында сыртқы
ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы
негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі
әзірленіп енгізілуі тиіс.
Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың
шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника
және технологияны сатып алуды тудырған
несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан
тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар
енгізуді қажет етеді.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша
жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты
бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған
және дайындалған нақты жобаларды жүзеге
асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере
отырып, шетелдік несиелерді конкурстық
негізде таңдау болып табылады. Қарыздар
мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы)
нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы
тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды
, білім және денсаулық сақтау жүйесін
дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту,
т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын
дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға
қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз
қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін
жоғарлатады.
Осымен байланысты банктік және тәуелсіз
сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын
инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама
жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде
жобалардың техника - технологиялық, бағалық
және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі
тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі
тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін
көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар
саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін
бағалау.
Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері
анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары,
тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен
бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық
тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің
өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың
төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің
жоғарлауы.
Жобаның экономикалық аспектілерінің
сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау
мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі
болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын
жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға
бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру,
халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін
жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны
жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс -
шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу,
жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды
оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.
Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық
пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу
үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер
де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ,
республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан
Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін
боларлық қосымша қаржыландыру көлемі,
ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру
мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар,
сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау
мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың
қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі
тексеріс жүргізу қажет.
Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша
жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік
кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін
бағалау және шетелдік несиені тартудың
мақсатын қарастыру негізінде конкурстық
таңдаудың болуы.
Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда,
министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар
мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту
бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен
бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының
маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс.
Жергілікті билік органдары жобаны қолдап,
несиелік келісім жасауға итермелейді.
Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге
асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің
өткізу нарығында болуына көмек көрсету,
заңдық және экономикалық түрде ақыл -
кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға
байланысты консалтингтік және басқа
да қызмет көрсету./30, 56-90 б/.
Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық
жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен
өзара есеп айырысу мәселесін шешу, өндірісті
тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық
базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың
жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында,
Қазақстан Республикасы кепілдемесі аясында
тартылған шетелдік несиелер бойынша
міндеттемелерді беру механизмін құру
керек. Мемлекеттік тізімге енген басым
инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы,
тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды
мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді
талап етеді.
Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды
ынталандырудың маңызды факторы – саяси,
әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық
тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру.
Біздің еліміздің осы саладағы инвестициялық
тартымдылығы инвесторлар құқықтарының
деңгейін көтеретін бірқатар маңызды
жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан
Республикасы “Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы” Заңының баптарына
сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау
бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:
1) шаруашылық серіктестіктің жарғылық
қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық
жасауда немесе салықтар мен басқа да
міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында,
капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға
бекітілген инвестордың құқығын шектеуге
жол бермеу;
2) республика территориясында инвестормен
өндірілетін тауарды сату мен шикізатты
жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны
құруға тиым салу;
3) инвестормен өндірілетін тауар немесе
шикізатты өткізуде бағаны бақылау және
реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;
4) либералды валюталық реттеу;
5) инвесторды қорғау бойынша кедендік
бақылау шаралары;
6) инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция,
табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;
7) Қазақстан Республикасы Заңдарының
негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық
танытуға жол беру.
Шетел инвесторларының маңызды құқықтық
кепілдемесі - республика заңнамаларына
толықтырулар мен өзгерістер енгізуден
қорғау, шетел инвестицияларын тарту мен
қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының
өзгеруінде, келісім шартқа өзгерістер
енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор
мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген
мәселелер баршылық.
Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен
сақтандыру компанияларын құруға жол
ашатын және “Казахинстрах” монополиясын
шектейтін заңнамалық актілер қабылданған.
Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру
бойынша мемлекеттік компания “Казахинстрах”
Қазақстанда шетел инвестицияларын сақтандыратын
жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға
еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға
тиым салынған.
Шетел инвестицияларын сақтандырудың
мүмкіндіктерін рационалды қолдану үшін
халықаралық сақтандыру компаниясы немесе
“ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел
корпорациясы бойынша “American International Group”
(AIG) корпорацияларының қатысуымен, саяси
және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру
бойынша бірлескен қорларды мақсатты
түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ -
тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді
сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық
сақтандыру тобы.
Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден,
ұлттандырудан сақтандыратын компания
және ол үшін қажетті сақтандыру қорына
ие. Мысалы, Өзбекстанда осындай әлемдік
компания құрылған. Оның сақтандыру қоры
100 млн. АҚШ долл., ал “Казахинстрах” мемлекеттік
компаниясының жарғылық қоры 1 млн. АҚШ
долл. құрайды. Бұл жағдай тәуекелдерді
шетелде қайта сақтандыру қажеттілігін
көрсете отырып, Қазақстаннан сақтандыру
алымдарының сыртқа кету мүмкіншілігінің
айқын көрінісі болуда.
Қазақстан экономикасының басым салаларына
шетел капиталын тартуды ынталандыру
үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар
мен қаржылық емес әдістерді қолдану қажет.
Соңғысына шетел капиталының қызмет етуіне
жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс
факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен,
көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік
қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз
ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның
басқа да эмитенттерін құру қажет.
Салықтық жеңілдіктер мен ұмтылыстар
кең ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды
беру бойынша операцияларды қосымша құн
салығынан босату ынталандырушы рөлге
ие. Инвестициялық банктер мен несиелік
мекемелерден түскен шетел валютасындағы
несиелер сомасы бұл жағдайда қосымша
құн салығынан босатылуы тиіс.
Табыс салығынан бас тарту мақсатында,
“салықтық демалыстар” кезеңінде құрылатын
заңсыз бірлескен кәсіпорындардың құрылуына
жол бермеу үшін, салық Кодексіне арнайы
толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның
салықты төлеуден босатылу кезеңінде,
жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің
барлық кезеңінде алынған пайдасына салық
төлеуге міндетті.
Салықтық және қаржылық - несиелік жеңілдіктерді
беру, автоматты түрде емес, дифференциалды
түрде, яғни жүзеге асырылатын жобаның
мемлекеттік маңыздылығына, кәсіпорынның
жарғылық қорындағы қатысу үлесіне, капитал
салымы саласына, оның айналымы жылдамдығына
байланысты жүзеге асырылуы тиіс.
Шетел компанияларында өндірістік қызметпен
айналысуға және өз табыстарын қайта инвестициялауға
рұқсат беретін ережелерді жеңілдету
керек. Бұл саладағы маңызды шара инвестор
мен инвестициялар жөніндегі Комитет
арасында жасалатын келісім шарт болып
табылады. Барлық жеңілдіктер мен преференциялар
осы келісімде толық және нақты көрсетілген.
Келісім жасаудың бекітілген ережесі
инвесторларды көптеген бюрократиялық
процедуралардан босатады. Сонымен қатар,
шетел компанияларының табыстарын қайта
инвестициялау бойынша ұмтылысты күшейту
керек.
Жекешелендіру процесі шеңберінде әрекет
етуші шетел капиталын тартуды ынталандыратын
механизмді құру үшін шетелдік портфельдік
инвестициялардың валюталық айырбас принципін
қайта қарастыру қажет, әлемдік сауда
үшін жекешелендірілетін объектілер шеңберін
анықтау және шетел инветорларымен мүліктік
құқыққа ие болуы үшін алғашқы және екінші
ретті бағалы қағаздар нарығын дамыту
керек.
Шетел капиталын тартуда ұйымдастырушылық
шаралар қатарына келесілер қажет:
1) инвестицияларды өзара қорғау мен қолдау
туралы келісім шарттар жасауға қызығушылық
танытқан мемлекеттермен байланысты жалғастыру;
2) “Кепілдік туралы”, “Қозғалмайтын
мүлік ипотекасы туралы” заң жобаларын,
шетел капиталын тарту мақсатында, кепілдемелік
нысандарды қолдану механизмі бойынша
ұсыныстарды қарастырып құру;
3) Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарында
инвестициялық ахуал мониторингі жүйесін
қалыптастыру.
Шетел капиталын тарту бойынша мемлекеттік
саясатты жүзеге асырумен байланысты
қызметтерді орындау үшін инвестициялар
жөніндегі Комитет шеңберінде келесілерді
құру қажет:
1) жобалық қаржыландыру және кеңес берушілік
көмек көрсету орталығы. Оның мақсаты
алдын - ала инвестициялық зерттеулер,
жобаларға сараптама жасау, кеңес берушілік
- техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыруда
қызметтің бағытын анықтау;
2) шетел капиталы бар кәсіпорындарды тіркеу
және шетел фирмалары мен компанияларын
аккредитациялау үшін тіркеу палатасын
құру;
3) нақты инвестициялық бағдарламалар
мен жобалар, заңнамалық база, салықтық
жүйе, инвестициялық саясат бойынша мәліметтер
банкін құру және бұл мәліметтермен потенциалды
шетел инвесторларын қамтамасыз ету мақсатында,
шетел капиталы бойынша ақпараттық орталық
құру.
Жоғарыда айтылған шаралар, мемлекеттің
шетел капиталын тарту саласындағы саясатын
жүргізуге жол ашады. Ол шетел инвесторлары
мүддесімен ұлттық мүдделердің байланыста
болуына көмек береді./34, 23 б/.
Шетел капиталын тарту саясаты Қазқстан
дамуының жалпы экономикалық стратегиясынан
бет алады. Бұл стратегияда ұзақ мерзімді
перспективадағы құрылымдық қайтақұрудың
басым жақтары айқындалған. Шетел капиталы
экономиканың басым салаларында жеке
секторлардың дамуында маңызды орынға
ие болуы қажет, болашақта жағымсыз процестердің
болуына жол бермеуі тиіс.
3.2 Қазақстан Республикасы инвестициялық
нарығының перспективалары мен болжамдары
Бірлескен кәсіпорындардың кемшілігіне
қазақстандық кәсіпкерлер - қатысушыларының
кәсіпорынды басқару деңгейінен айрылуын
жатқызуға болады. Табыстың маңызды бөлігі
шетелдік инвестор меншігіне айналып,
ол жарғылық қордағы үлесіне сәйкес пропорционалды
түрде төленеді. Осымен байланысты бірлескен
кәсіпорындар құруға жаңа жолдарды іздестіру,
олардың қызмет түрін тұтас өзгерту мәселесі
туындап отыр.
Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық
мәнге ие емес салаларда (жеңіл және тамақ
өнеркәсібі, ағаш өңдеу, халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету) шетел капиталына жататын
шағын және орта кәсіпорындарды құруға
бет - бұрыс берілуі керек.
Шетелдік саясат мемлекеттің экономикалық
стратегиясының маңызды элементі және
оның мақсаттарымен анықталады. Шетел
капиталын тарту саясаты өндірістің құрылымдық
қайтақұрылуына максималды түрде көмек
көрсету, инвесторлардың инвестициялық
белсенділігін маңызды көлемде көтеруге
қол ұшын беру қажеттілігінен туындайды.
Қазіргі таңда республикада негізінен,
шетел капиталын тарту үшін қажетті құқықтық
орта мен кепілдеме жүйесі қалыптасқан.
2003 жылы Қазақстан Республикасында “Шетел
инвестициялары туралы” Заң қабылданған.
“Шетел инвестицияларын тарту үшін Қазақстан
Республикасы экономикасының басым секторларының
тізімін бекіту туралы” және “Инвесторлармен
келісім жасауда жеңілдіктер мен преференциялар
жүйесі және оны беру тәртібі туралы Ереже”
сияқты Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметінің қосымша жарлықтары, Инвестициялар
жөніндегі Комитетпен 2009 жылға дейін шетел
инвестицияларын тарту үшін маңызды секторлардың
тізімі бекітілген. Бұл құжаттардың негізгі
мақсаты - маңызды өндіріс пен қызмет саласын
селективті қолдауды қамтамасыз ету, экономика
құрылымының шикізат бағыттылығын жеңу,
инвестициялық белсенділікті көтеру мәселесін
шешу, ел экономикасына тікелей инвестициялар
ағымына қолайлы жағдай жасау.
Шетел инвестициялары ағымын ынталандыру
бойынша жүргізіліп отырған іс - шаралар
арқасында капитал салымы көрсеткіштері
жоғарлауда. Бұл инвестициялық ахуалдың
жақсаруын, іскерлік белсенділіктің жоғарлауын,
біздің елімізге шетелдік және отандық
инвесторлар жағынан сенімділіктің өсуін
дәлелдейді. Жағдайды жақсартуда инвестициялар
жөніндегі Комитеттің құрылуының маңызы
өте зор. Сонымен бірге, Қазақстанға шетел
капиталын тарту көлемі республика экономикасында
ірі құрылымдық қайтақұруларды жүзеге
асыру үшін жеткіліксіз, олардың қолданылу
бағыты мен тиімділігі қоғамдық мүддеге
сәйкес келмейді.
Фактор атауы Балл саны Фактор категориясы
Саяси тұрақтылық
Экономикалық тұрақтылық
Заңнамалық тұрақтылық
Табиғи ресурстар байлығы
Перспективті нарықтық потенциал
Салықтық жеңілдіктер
Еңбек ресурстарының төмен құны
Еңбек ресурстарының қажетті білім деңгейі
31
14
6
31
27
3
19
14 1
4
5
1
2
6
3
4
Сурет 4. Әсер етуші позитивті факторлар.
Сурет 4 қарасақ, Қазақстан Республикасының
инвесторлары үшін басты тартымдылық
- оның саяси тұрақтылығы, табиғи және
шикізат ресурстарының төмен құны, экономикалық
тұрақтылық және жоғары сапалы еңбек ресурстарының
болуы. Қазақстан бұл салада көп іс атқарғанымен,
респонденттерді елдің заңнамалары мен
салық жүйесіндегі жеңілдіктер қызықтырады.
Әсер етуші негативті факторларды бағалау
бойынша сұраунаманың нәтижесін сурет
5 қарастырайық. Барлық факторлар үш категорияға
бөлінген: тежеуші күшті факторлар, орташа
факторлар, әлсіз факторлар.
Фактор атауы Балл саны Фактор категориясы
Дамымаған өндірістік инфрақұрылым
Дамымаған құқықтық инфрақұрылым
Дамымаған әлеуметтік инфрақұрылым
Салықтық режим
Тұрақты заңнамалық базаның жоқтығы
Бюрократизм
Нарық мамандарының жетіспеушілігі
Мемлекеттің геосаяси жағдайы
Ақпараттың жоқтығы
Саяси тұрақсыздық
Мәдени және тілдік тосқауылдар 18
26
11
33
30
32
13
3
3
2
1 2
1
2
1
1
1
2
3
3
3
3
Сурет 3. Әсер етуші негативті факторларды
бағалау
Сөйтіп, респонденттердің пікірінше, инвестициялық
процесті салық режимінің, бюрократизмнің
әлсіздігі, тұрақты заңнамалық базаның
жоқтығы, дамымаған құқықтық инфрақұрылымның
болуы тежейді.
Шетел инвесторы үшін басты тәуекелдердің
бірі – құқықтық тәртіпсіздік. Бұл тұрақты
заңнамалық режимнің қажеттілігін айқын
көрсетеді. Соңғы кезде меншікке, инвестициялық
қызметке, салық салуға, пайдалы қазбаны
қолдануға қатысты әр түрлі аспектілерді
реттейтін бірқатар жарлықтар қабылданған.
Бірақ реформалық жарлықтардың өзі, шетел
инвесторымен кең ауқымды қызметті қамтамасыз
ету үшін жеткілікті құқықтық акт ретінде
қабылданбайды. Шетел инвесторы үшін қабылдайтын
мемлекетте заңның Президенттен жоғары
болуы маңызды мәнге ие./36, 23-56 б/.
Бізде заңның девальвациясы жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициялары
туралы” Заңы шетел инвесторлары үшін
ұлттық режимді көздейді, яғни ұлттық
және шетел инвесторларының қызмет шарттарын
теңдестіреді. Біздің заңнамаларымызда
отандық кәсіпкерлер үшін протекционистік
шаралар қолданбаған. Бұл дамыған батыс
елдерінің заңнамаларына тән емес белгі.
Бюрократизм, жемқорлық – шетел инвесторларының
келуін тежеуші фактор. Қазіргі таңда
көптеген құрылған алып бірлескен кәсіпорындар
әрекетсіз, тек жаһан бизнеспен – мұнай,
газ, энергетикамен байланысты кәсіпорын
ғана қызмет етуде. Экономикада басты
рөлге шағын және орта бизнес ие.
Тікелей шетел инвестицияларының теориялық
пайдасының тәжірибеге сәйкес келмеуін
келесі мысалдардан көруге болады: инвестор
жергілікті жұмыс күшінің орнына өз елінен
оны импорттайды.
Мемлекетке жаңа технологияның тартылуы
әлсіз. Көбінесе инвесторлар өндірістік
ақпаратты жаңартуға ынта танытпайды.
“Ноу - хау” деңгейіндегі күрделі капитал
салымдарының жоқтығы инвестициялардың
қысқа мерзімді сипатқа ие инвесторлар
мүддесін растайды.
Сөйтіп, тікелей шетел инвестицияларын
тарту саласындағы жағдай статистика
көрсеткіштеріне қарамастан, қолдаушылықты
қажет етеді. Екінші жағынан, бұл жағдайды
өзгерту үшін іс - шаралар қолдануда.
Қазіргі таңда тікелей шетел инвестицияларын
мұнай саласына тарту керек. Менің ойымша,
Мексиканың тәжірибесін кең ауқымда қолдану
керек: инвесторларды игерілген кен орындарына
емес, ізденіс жүргізу орындарында өнімді
бөлу әдісі бойынша кен орнын жөндеу құқығын
беру арқылы тартты. Біздің республикамыздың
мұнай - газ потенциалы әлі де игеруді
қажет етеді. Ол үшін ірі капитал салымын
талап ететін кеңейтілген ізденіс жұмыстары
қажет.
Негізгі бағыт әрине дайын өнім өндірісі
саласына шетел инвестицияларын тарту.
Бүгінгі таңда Қазақстан руда, минералды
шикізат, жылу - энергетикалық ресурстардың
үлкен қорына, бағалы металдың үлкен қорына
ие. Машинажасау базасының, жоғары тауарлық
дайындыққа ие өнімді шығару өндірісінің
жоқтығы. Республикада ғылымды қажет ететін,
техникалық күрделі өнімді өндіретін
сала дамымаған, химиялық өнеркәсіп потенциалы,
ауыл шаруашылық өнімнің қайта өңдеу потенциалы
жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту
үшін тежеуші факторларды жойып, қолайлы
жағдай жасайтын факторларды дамытуға
ұмтылыс таныту қажет. Негізгі жағдайлардың
бірі - салық заңнамасын жетілдіру, себебі
инвесторлар тұрақсыз заңнамалық база
туралы айта отырып, салық Кодексін немесе
кедендік реттеуді есепке алады. Менің
ойымша, нарықтық экономиканы реттеуші
ретінде, салық салу және кедендік салымдар
жүйесін қолдану ұстанымы жағынан, нақты
және тізбекті салық пен кедендік саясатты
құрастыру қажетттілігі туындады.
Қазақстанда атқарушы құрылымдардың пайдасыз
звеноларын тізбектей қысқарту. Осыған
байланысты, менің ойымша, инвестициялаудың
жалпы процесі мен онымен байланысты звенолардың
өзара іс - әрекет ету тізбесін құру қажет.
Қазақстанның әлемдік аренада рейтингі
жоғарлауда. Республика Үкіметі оны күшейту
үшін іс - шаралар жасауы керек. Бюрократизмді
тудыратын барлық факторларды жоюға қол
жеткізу керек. Заңнамалардағы бұзушылықтар
жойылуы тиіс.
Перспективада, Үкіметке республика халқының
әл - ауқатын көтеру және экономиканың
балансталған дамуына өз үлесін енгізуі
үшін инвестициялық климатты жақсарту,
сала және аймақ бойынша инвестициялық
ағымды реттеу бойынша басталған жұмысты
жалғастыруы керек./32, 56-63 б/.
Қазіргі таңда, Үкімет инвестициялар жөніндегі
Комитетке Қазақстанға шетел инвестициясын
тартудың біртекті стратегиясын құрастыруды
тапсыруы керек. Республикаға өз қорларын
инвестициялауды көздейтін жеке мемлекет
пен компаниялардың мамандандырылған
және технологиялық даму деңгейімен таңдалынған
экономикалық басымдықтарды байланыстыруы
қажет. Осыған байланысты Қазақстанның
салыстырмалы артықшылықтары есебімен
инвестор үшін тартымды аймақ пен саланы
анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу
керек.
Менің ойымша, экономика құрылымын рационалдау
мақсатында, тікелей шетел инвестицияларын
тарту үшін маңызды өндіріс пен экономиканың
басым секторларын қалыптастыру және
реттеу жүйесін әрқашан жетілдіріп отыру
қажет.
Қазақстан экономикасы инвестицияны қажет
етуде. Терең инвестициялық дағдарыстан
шығу жолдарын іздестіру керек. Болжам
айтушы экономистердің пікірінше, 1991 жылғы
деңгейге жету үшін ЖІӨ-нің орташа жылдық
өсімі 4 пайыз болатын 7 - 8 жыл қажет. Бір
уақытта оның материалдық - техникалық
базасын жетілдіру, құрылымды қайтақұру
керек. Өткен жүйеден қалған мұра болып
табылатындықтан, бұл мәселені капиталды
қажет ететін құрылысты жүзеге асыру негізінде
шешу қажет.
Қазіргі таңда, Қазақстан өндіріс пен
басқаруды ұйымдастыру әдістері, жаңа
техника - технология негізінде өз экономикасын
кең ауқымда жөңдеу жұмыстары және ірі
құрылымдық қайтақұруды жүргізу үшін
қажетті инвестициялық қорларға ие емес.
Қазақстанның бәсекеқабілетті тауарларды
өндірмеуі мәселені күрделендіре түсуде:
көлік құрал-жабдық, трубалар, конструкторлық
материалдар, т.с.с.
Сөйтіп, шетел инвестицияларын тартудың
негізгі стратегиялық және ағымдық мақсаттарына
келесілер жатады:
1) экономиканы тұрақтандыру мен динамикалық
дамуы үшін қажетті қосымша инвестициялық
ресурстармен қамтамасыз ету;
2) ел экономикасына шетел инвесторлары
сенімділігінің жоғарлауы;
3) әлемдік экономикалық жүйеге қазақстандық
экономиканың интеграциялау процесін
күшейту, оның халықаралық еңбек бөлінісіне
белсенді қатысуы.
Шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың
жалпы стратегиясы келесі мәселелердің
шешу жолдарын қамтамасыз ететін инвесторлар
қызметіне байланысты:
1) мемлекеттің экспорттық потенциал тиімділігін
көтеру және дамыту, оның шикізат бағыттылығын
жеңу, елдің экспорттық экспансиясын күшейту
және оның сыртқы нарықта ұстанатын ұстанымын
тұрақтандыру;
2) импорталмастырушы өндірісті дамыту;
3) техника - технология, басқару және өткізу
әдістері негізінде өндірістің ғылыми
- техникалық деңгейін көтеру;
4) өндірістік және өндірістік емес тұтынуға
жоғары деңгейлі дайындыққа ие өнім шығарумен
толық және аяқталған технологиялық циклдарды
қалыптастыру;
5) салық түсімдерінің жоғарлауы;
6) арта қалған және экологиялық қолайсыз
аймақтарды дамытуға көмек көрсету;
7) жаңа жұмыс орындарын ашу.
Бұл мақсаттардың жүзеге асырылуы инвестициялық
жобалардың басым бағыты мен аймақтың
бөлінуін, көлемі мен жүзеге асыру мерзімін
қалыптастыруды талап етеді.
Шетел инвестицияларын тартудың негізін
өзара бірін - бірі толықтыратын бірнеше
принцип құрайды. Ең алдымен, шетел инвесторларының
қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық
жобаның жобалық экономикалық принципі,
займ мен несие алу бойынша тұжырымдары.
Экономикалық мақсаты тек сапалық деңгейде,
келесілерді ескере отырып, анықталады:
1) әлеуметтік - экономикалық мәселелерді
шешу қажеттіліктері;
2) инвестиция дефициті, ішкі резервтер
мен мүмкіншіліктердің шектеулі болуы;
3) уақытылы несие пайыздары мен инвестицияны
өтеу мүмкіншілігі;
4) шетел инвесторлары қатысуымен инвестициялық
жобалардың тартымдылық шарты;
5) экономика жағдайын өзгертуге ұсыныстардың
жүзеге асырылуына әсері, әлемдік стандартқа
нәтижелердің сәйкес болуы.
Әлеуметтік - экономикалық тиімділік –
кез - келген нысанда шетел инвестициясын
тарту шарты. Бұл принцип келесілерді
тұжырымдайды:
1) шетел компаниясының қатысуымен жобалардың
жоғары пайдалылық пен рентабельділігі,
қарыз бен несиені, инвестицияны басқа
формада беру шартының пайдалылығы. Бұл
көрсеткіштер елдегі, әлемдік тәжірибеде
донор болатын мемлекеттерде, ұқсас жобалар
мен ұсыныстарда орташа көрсеткіштерді
салыстыра отырып бағаланады;
2) жаңа жұмыс орындарының ашылуы және
халықтың жұмысбастылық деңгейін жоғарлату.
Экономикалық, экологиялық қауіпсіздік,
мемлекеттік тәуелсіздік қауіпсіздігі
принципі келесі жобалар мен ұсыныстарды
жүзеге асыруға тиым салуы қажет:
1) республиканың табиғи ресурстарын заңсыз
пайдалану;
2) қоршаған ортаны ластау;
3) ел сыртына капиталды заңсыз шығару;
4) әлемдік деңгейге сәйкес келмейтін ескі
технологияны қолдану;
5) өндірістің шикізатбағыттылығын сақтай
отырып, экономиканың қайта құрылған құрылымын
күшейту;
6) әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігін
төмендету;
7) бәсекеге қарсы әрекеттермен нарықтан
отандық тауар өндірушілерді шығару;
8) өзара табысты достық елдермен, әсіресе,
ТМД елдерімен бұрыннан қалыптасқан байланысты
жою, келісімге зиян келтіру, үшінші мемлекетке
қарсы бағытталу;
9) жемқорлықтың күшеюі, жергілікті қызметкерлерді,
лауазым тұлға иелеріне жобаны итермелеу
мақсатында пара беру.
Берілген принциптер ұлттық ресурстардың
жеке түрлеріне шетел капиталының кіруін
шектеуді мақсат етеді, егер ол перпективада
мемлекеттің саяси, әлеуметтік және экономикалық
тұрақтылығына, елдің территориялық тұтастығына,
саяси еркіндігіне зиян келтіретін болса.
Сонымен қатар, мемлекеттің ЖҰӨ - де шетел
капиталының үлесі 25 пайыздан артық болмауы
тиіс.
Шетел инвестицияларын тартудың маңызды
принципі - келісімнің өзара пайда әкелуі.
Бірде - бір кәсіпкер, мемлекет немесе
фирма пайдасыз келісім жасамайды. Біздің
мақсатымыз - олардың мүмкіндіктерін сенімді
қорғай отырып, өз мүдделерімізді қанағаттандыру.
Шетел инвестицияларын экономиканың басым
салаларына салу принципінің мәні - мемлекетте
жүргізіліп отырған құрылымдық және инвестициялық
саясатқа сәйкес шетел инвестицияларын
басым объектілерге бағыттау. Бұл бір
жағынан, ресурстардың шектеулі болуымен,
екіншіден, экономикалық өсуді қамтамасыз
ету үшін оларды рационалды қолдану қажеттлігінен
туындайды. Ішкі инвестициялық ресурстарды
басым объектілерді дамытуға, ал шетелдік
ресурстарды екінші ретті мақсатта қолдану
дұрыс емес. Бұл принциптің екінші жағы,
мемлекет экономика, әлемдік жүйедегі
алатын орны сияқты белгілерге сүйене
отырып, нақты бір ел, оның компаниялары
мен фирмаларының инвестицияларын тарту
керек.
Біздің мемлекетімізде әр мемлекеттің
мүдделері әр түрлі. Біз үшін барлығы тиімді
немесе тиімсіз болуы мүмкін. Сондықтан
біз “берсе ал, ұсынса келіс” принципі
бойынша кез - келген мемлекеттің, компаниялардың
ұсыныстарымен келісе отырып, несиелерді
ала бермеуіміз керек.
Экномикасы динамикалық және тұрақты
дамып отырған, ірі технологиялық жетістіктері
бар, серіктес ретінде жоғары сенімділік
деңгейіне ие және мемлекет егемендігіне
зиян келтіретін, нақты саяси мақсаттар
мен этникалық және территориялық мақсаттары
жоқ елдердің инвестицияларына назар
аударған жөн. Мұндай мемлекеттер қатарына
Германия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Францияны
жатқызуға болады./35, 56-73 б/.
Жоғары принциптерден кем түспейтін –
мемлекет үшін минималды коммерциялық
тәуекел принципі. Бұл принцип келісім
жүргізуші біздің отандық кәсіпорындарды,
оның қаржылық жағдайы, әлемдік нарықта
және өз елінің экономикасында алатын
орны, серіктес ретіндегі сенімділік сияқты
көрсеткіштер туралы ақпаратпен қамтамасыз
ету жолы арқылы жүзеге асырылады.
Шетел инвестицияларын тартудың әлемдік
тәжірибесінің маңызы өте зор. Әр мемлекет
өзіндік ерекшеліктерге ие: экономикалық,
технологиялық, қаржылық, табиғи ресурстар
потенциалы.
Сондықтан ол серіктес келісім бермейтін
шарттар ұсынуы мүмкін. Шетел инвестицияларын
тарту бойынша халықаралық келісім негізінде,
мемлекеттің арнайы шарттары қарастырылған.
Жалпы нормаларды, әлемдік тәжірибені
объективті талдау және бағалау жатады.
Әлемдік тәжірибе – шетел инвестицияларын
тартуға бағыттайтын инвестициялық саясаттың
жүзеге асырылуының күрделі мәселелерін
шешу үшін сенімді бағыт - бағдар.
Республика экономикалық шетел инвестицияларына
қажетттілігі өтпелі кезең ерекшеліктерімен
түсіндірілетін, қазіргі тұрақсыз жағдайы
мен капитал салымдарының ішкі ресурстарының
шектеулі болуында айтарлықтай жоғары.
Бірақ қойылған мақсатқа жету үшін инвестицияның
қажет болуына қарамастан, шетел инвестицияларын
тарту экономика өсуінің факторы ретінде
жағымды мәнге ие болғанымен, жалпы мемлекет
және жеке аймақ үшін жағымсыз нәтиже
әкелуі мүмкін.
Біріншіден, инвестицияны өтеу үшін республикада
өндірілетін өніммен, ең алдымен, мұнай,
металл, сонымен қатар, қарызды жабу шотына
валютамен есеп айырысады. Осылардың барлығы
ел экономикасына көлемді сыртқы қарыз
ретінде ауыртпалық түсіреді. Шынында
да, егер шетел инвестициялары ішкі салымға
қарағанда, үлкен табыс әкелетін болса,
жаңа қарыздарды жабу мүмкіндігін бере
отырып, өндірістің жедел дамуына септігін
тигізеді. Бірақ көптеген зерттеушілердің
пікірінше, тәжірибе көрінісі керісінше.
Екіншіден, инвестицияда шетел капиталы
үлесінің жоғарлылығы, яғни жалпы ұлттық
өнімде жоғары болуы экономикалық түрде
қауіпті, себебі ол республика егемендігіне
зиян келтіруі мүмкін.
Шетел капиталы көлеміне мемлекеттің
экономикалық тәуелді болуы елдің экономикалық
және экологиялық қауіпсіздігіне жағымсыз
әсер етеді. Сондықтан шетел инвестицияларының
көлемі және оларды тарту шарттары мемлекет,
қоғам бақылауында болуы керек.
Осындай жағдайды бастан кешірген әлем
елдерінің тәжірибесін ескере отырып,
шетел инвестицияларының көлемі, бір жағынан,
жан басына шаққанда 200 - 300 АҚШ долл. есебінен
анықталса, екінші жағынан, ЖҰӨ - нің 15
- 20 пайызынан жоғары болуы керек. Сөйтіп,
Қазақстандағы шетел инвестицияларының
көлемі жылына 400 - 500 млн. АҚШ долл., ЖІӨ
- нің 14 -17 пайызын құрауы тиіс.
Шетел инвестициясын қолдау стратегиясы
Қазақстанның құрылымдық реформалары
мен инвестициялық саясаттың басымдықтарымен
тығыз байланыста болуы шарт.
Келесі бір жайтты атап кеткен жөн. Шетел
инвесторының өз салымдарын салу саласы
мемлекеттің көзқарасымен сәйкес болмауы
мүмкін. Мысалы, шетел инвесторы мұнай
- газ өңдеуді инвестициялау мен экспорттық
өндіріске үлкен қызығушылық танытуда.
Қазіргі таңда республика шетел инвестицияларын
капиталды қажет ететін сала мен өндіріске
тартуға мәжбүр.
Болашақта жеке сектордың толық дамымауы
есебінен шетел инвесторлары экономикаға
мемлекеттік сектор, қозғалмайтын мүлікпен
қамтамасыз етілген үкіметтік және банктік
кепілідемені алу жеңіл және инвестициялық
тәуекел деңгейі төмен, “экспорттық бағытқа
ие” ірі кәсіпорындар арқылы ұмтылады.
Қазіргі таңда мемлекет осы жолмен жүруге
мәжбүр, әсіресе, тікелей шетел инвестицияларын,
концессиялық келісім мен өнімді бөлу
туралы келісімге қатысты сұрақтар туындағанда.
Нарықтық экономиканы қалыптастыру, экономикалық
бірлестіктің құқықтық базасының әрекет
етуін жоғарлату, экономиканы өсіру үшін
үкімет жеке секторға, ең алдымен, шағын
және орта кәсіпкерлікке шетел инвестицияларын
тартуда, өзінің кепілдемесімен, капиталды
сақтандырумен, салықтық жеңілідіктермен
тұрақты түрде қолдап отырады. Көптеген
зерттеушілердің пікірінше, перспективада
бұл шаралар Қазақстан экономикасына
шетелдік капитал салымдарының негізгі
бағыты болуы тиіс. Сонымен бірге, инвестициялар
басым өндіріс пен салаларға бағытталуы
керек. Салалық басымдылыққа келесілер
жатады:
1) өндіріске инвестицияны ынталандырушы
фактор болып табылатын өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылым;
2) жылу - энергетикалық кешен;
3) металлургиялық кешен;
4) мұнайхимиялық кешен және химиялық өнеркәсіптің
жеке өндірістері;
5) коммуникация және байланыс;
6) агроөнеркәсіптік кешен, әсіресе, өңдеуші
кәсіпорындар.
Жылу - энергетикалық кешен, металлургиялық
кешен мен мұнайхимиялық кешен және химиялық
өнеркәсіптің жеке өндірістерінде дайын
өнім шығаратын объектілерге капитал
салу қолдау табады.
Агроөнеркәсіптік кешенде дайын өнім
шығаратын кәсіпорындарға, көлік пен байланыста
мемлекеттің әлемдік қауымдастықпен байланысқан
және оның сыртқы нарыққа шығуына жол
ашатын коммуникацияға салынатын инвестициялар
артықшылыққа ие болады.
Шетел инвестицияларын тарту мен қолдау
стратегиясын жүзеге асыруда, тәуелсіз
мемлекеттердің саяси және экономикалық
қызығушылықтарын ескере отырып, шетел
инвестицияларының табысты және тиімді
нысандарын таңдап алу маңызды мәнге ие.
Әлемде шетел инвестицияларын тартудың
кең тараған нысаны - концессия, бағалы
қағаздардағы үкіметтік және жеке тікелей
инвестициялар, займдар мен несиелер,
әлемдік жалға алу, еркін экономикалық
аймақтар және басқалары.
Табиғат ресурстарының иесі - мемлекет
пен шетел компаниясы арасында жасалатын
концессиялық келісімдер мәні – тәуелсіз
мемлекеттің пайдалы қазбаларды игеруді
дайындау және пайдалануда өз құықтарын
толық және жартылай беру. Олар қабылдайтын
мемлекеттің ұлттық егемендігіне зиян
келтіретіндіктен, шетел инвестицияларының
қазіргі нысандары, дамушы мемлекеттер
үшін дәстүрлі концессияға қарағанда,
ол өте табысты және қауіпсіз./36, 56-76 б/.
Әлемдік тәжірибе қабылдаушы мемлекет
үшін инвестицияның басқа нысандарымен
салыстырғанда, тікелей шетел инвестицияларының
тиімді екенін көрсетеді:
1) инвестицияның кейбір нысандары қабылдайтын
мемлекетке ескірген технологияны әкелу
мүмкіндігіне тиым салады;
2) тікелей инвестициялар тауар өндірісі
мен қызметке, өндіріс пен басқаруға, маркетинг,
ноу - хауға бағытталады;
3) тікелей шетел инвестициялары мемлекеттің
сыртқы қарызының болуымен байланысты
емес;
4) тікелей инвестициялар ұлттық экономиканың
әлемдік дамыған халықаралық ғылыми -
техникалық және экономикалық бірлестікке
ықпалдасуына көмек береді.
Тікелей шетел инвестицияларының барлық
сфералар мен салаларда қолданылатын
әмбебап нысаны - бірлескен кәсіпорындар.
Қабылдаушы мемлекет табыстары өз өнім
үлесінен, шетел серіктесінің пайдасына
роялти және салық салу үлесінен қалыптасады.
Қабылдайтын мемлекеттің өнімдегі үлесі
50 пайыз. Әлемдік тәжірибедегі роялти
көлемі 8 - 40 пайыз аралығында ауытқиды.
Табыс салығының мөлшері шетел инвестициялары
туралы арнайы заңмен анықталады.
Өңдеуші секторда қабылда