Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 12:55, лекция
Шет мемлекеттерде әр елдің өзінің банк қызметін бақылау мен қадағалау жүйесі бар. Ресейде банктерге қадағалау мен реттеуді Ресейдің Орталық Банкі атқарады. Орталық Банк – банк қызметін қадағалау мен реттеуді өзі тікелей немесе арнайы қадағалау органы арқылы жүзеге асырады. Орталық Банк банктер үшін банк операциясын жүргізу ережесін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен экономикалық нормативтер белгілейді. Орталық Банк аймақтарда банкілік қадағалауды жүргізуді өзінің аймақтық басқармалары мен филиалдары арқылы жүргізеді.
Талдаудың әлемдік тәжірибесі және банктік қызметті реттеу
Шет мемлекеттерде әр елдің өзінің банк қызметін бақылау мен қадағалау жүйесі бар. Ресейде банктерге қадағалау мен реттеуді Ресейдің Орталық Банкі атқарады. Орталық Банк – банк қызметін қадағалау мен реттеуді өзі тікелей немесе арнайы қадағалау органы арқылы жүзеге асырады. Орталық Банк банктер үшін банк операциясын жүргізу ережесін, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен экономикалық нормативтер белгілейді. Орталық Банк аймақтарда банкілік қадағалауды жүргізуді өзінің аймақтық басқармалары мен филиалдары арқылы жүргізеді.
Америка Құрама Штатында банк қызметін реттеу екі басты мақсатты көздейді. Біріншісі банктердің құлдырауын алдын алып тұрақтылығын қамтамасыз ету болса, екіншісі капиталдың аздаған, шағын мекемелердің қолына жинақталуына шектеу жасау және ақша нарығына монополиялық бақылау жасауды болдырмау. АҚШ-та банктердің құлдырауын алдын алуды реттеудің екі түрі бар: біріншісі жоғары тәуекелге апаратын және банктердің өтімділігін төмендететін операцияларға заңмен шектеу қою, екіншісі банк депозиттерін сақтандыру жүйесі. АҚШ-та заң банк филиалдарын ашуға территориялық жағынан шектеу қояды, сондай-ақ капиталдың бір жерге жинақталуына да шектеу қоя отырып, ақша нарығындағы бәсекелестікке қолдау көрсетеді.
Осы жүргізілген саясаттың нәтижесінде Батыс Европа мен Азиядан өзегшелігі АҚШ-та филиалдарды мүлде жоқ, шағын банкілер өмір суріп отыр. Бүгінде АҚШ-тағы бүкіл банкілердің жартысының филиалдары жоқ.
АҚШ-та банктердің жұмыстарына қадағалау жасау үшін өте жетілдірілген бақылау жүйесінің органдары құрылған.
Мәселен, ұлттық банктер
жүйесіне бақылау жасауды ақша
айналымының бақылаушылары (
КДО – қазыналық орган. Оған 4,9 мың ұлттық банкілер бағынады. Ұлттық банкілер дегеніміз – федералды өкіметтен рұқсат алған банктер. КДО ұлттық банк құруға рұқсат береді, оларға үнемі бақылау мен тексеру (ревизия) жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелер ашуы туралы және олардың қосылуы туралы берген өтініштерін қарайды.
Германияда банктерге
бақылауды-банктердің үстінен бақылау
жасайтын орган Федералдық ведомство
жүзеге асырады. Ол өзінің жұмысын орталық
банкпен келісімді түрде
Францияда банктерге қадағалауды
Франция Банкінің банк басқармасы жетекшілік
ететін бірнеше комитеттер атқарады.
Соның бастысы банктерді реттеу
Комитеті. Ол банктерге капиталдың
жеткілігіне, несие саясатына,өтімділігіне,
төлем қабілетін т.б. байланысты
операцияларға стандарттар
Ал Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істейді, банкілерді қадағалау ҚР-нің банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі. Банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, ҚР банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады. Банктік қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық әдістері қолданады. Реттеу әдісі кең таралған әдіс болып табылады. Реттеу әдісі ҚР Банк заңдарымен, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады.
Банктік қызмет саласында реттеу мен қадағалау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Агенттік:
- сыртқы экспансияның
кеңеюін, банктердің сырттан
- халықаралық тәжірибені
ескере отырып банктерді
- банктің меншік құрылымының айқындығын қамтамасыз етуге;
- тұрғын үй құрылыс
жинақ ақша жүйесін және
- шоғырландырылған қадағалауды жетілдіруге аса зор көңіл бөлді.
Агенттік өткізіп отырған екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу банк секторының тұрақты дамуының сақталуына өз әсерін тигізді.
Екінші деңгейдегі банктерде
тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау
жүйесінің болуына қойылатын
талаптар туралы нұсқаулықты (бұдан
әрі – Нұсқаулық) орындауы жөніндегі
тәуелсіз аудиторлық ұйымдардың қорытындылары
бойынша ұсынылған шолуларын
талдау нәтижелері негізінде Нұсқаулықтың
негізі және қосымша талаптарын орындау
орташа банктер бойынша 64% құрағаны
анықталды. Осыған орай, Агенттік тәуекелдерді
басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне
қойылатын негізгі және қосымша
талаптарды нақтылау, сондай-ақ көрсетілген
талаптарды енгізу мерзімдерін оңтайландыру
бөлігінде осы Нұсқаулыққа
Банктерге арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда үшінші деңгейдегі капиталды пайдалануды және банктердің меншікті капиталының есебіне мерзімсіз қаржы құралдарын қосуды көздейді. Осындай әдіс халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарына сәйкес келеді. Екінші деңгейдегі банктердің меншік құрылымының айқындығын және жария болуын арттыру мақсатында Агенттік екінші деңгейдегі банктердің басшылығына Банк қызметінің айқындығын арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныстар жіберді.
Банк қызметiн халықаралық аспектiде дамыту орнықты әрi тұрақты банк жүйесiнiң болуын, банк iсiнiң мәдениетiн және екінші деңгейдегi банктер қызметiн реттеудiң сапасын арттыруды талап етедi, сондықтан банк жүйесiнiң қаржылық жағынан орнықты болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Ол үшiн банктер қызметiн пруденциалдық реттеудi одан әрi жетiлдiру, халықтың салымдарына кепiлдiк беру тетiктерiн нығайтуды жүргiзу, сондай-ақ тұтас алғанда қаржы жүйесiн институционалдық дамыту қамтамасыз етiлуi керек. Банк қызметi тәуекелдерiн басқару жөнiнде ұсынымдар енгiзiліп, шоғырландырылған негiзде қадағалау әдiстерi жетiлдiруі тиіс. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау, қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, қаржы нарығынжа адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар қадағалау органдары қызметкерлерінің есеп берулерді тексеру, қадағадау, инспекциялау ісінде біліктілігі мен кәсіптілігінің деңгейі жоғары болуы қажет.
Информация о работе Талдаудың әлемдік тәжірибесі және банктік қызметті реттеу