Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:39, курс лекций
1. Экономикалық талдау және теориялық таным
2. Экономикалық талдау және экономикалық теория
3. Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі
2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
1. Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?
2. Экономикалық талдаудың теориялық танымы?
3. Жалпытеориялық экономикалық талдау.
4. Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемесі
5. Экономикалық талдау категориясы.
Дәріс 2 - Экономикалық талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың пәні мен объектілерін анықтау, экономикалық талдау мақсатын және түрлерін қарастыру.
Мазмұны
1. Экономикалық талдау пәні мен объектілері
2. Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
3. Экономикалық талдау түрлері
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік –экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.
Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.
Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т.б. жатады.
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.
Біріншіден, бұл функциялардың бірі – экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.
Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.
Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.
Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.
Шаруашылық қызметін талдау жүргізуде келесі принциптерді басшылыққа алған жөн.
1) Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.
2) Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.
3) Талдау кешенді болуы қажет. Зерттеудің кешенділігі кәсіпорын экономикасында қызметтің барлық тарауларын қамтуды талап етеді.
4) Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.
5) Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.
6) Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.
7) Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс.Талдау оперативті болуы қажет. Оперативтілік деп отырғанымыз – бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.
Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.
Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды.Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.
Шаруашылық қызметті талдаудың ғылым ретінде даму тарихына көңіл аудара отырып екі жағдайды еске сақтау керек: біріншіден, ғылымның теориялық сұрақтарын жетілдіруге, екіншіден, олардың тәжірибедегі қолданылуы. ШҚТ туралы алғаш арнайы кітаптар ХХ ғасырда пайда болды. Олар баланс талдауына арналған еді және методикалық бағытта болды. 30-шы жылдары ШҚТ СССР-дың жоғарғы оқу орындарында оқылатын болды. ШҚТ туралы алғаш кітаптар мен әдістемелер шыға бастады. Олардың авторлары Н.Р.Вейцман, С.К.Татур,М.И.Баканов және т.б. 30-шы жылдары ШҚТ-ның ғылым ретінде қалыптасуы болды, әрі оны тәжірибеде кәсіпорын экономикасын жалпылама зерттеу жүйесі мен өндірістік резерті жоғарылатуды іздеуде қолдана бастады. Соғыс алдындағы жылдары экономикалық талбдау сұрақтары бойынша үш жүзден аса кітаптар мен алты жүздец ғылыми мақалалар жасалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті талдау басқа авторлардың да туындыларында көрініс тапты.
Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың теориялық сұрақтарына арналған деп айтуға болады. Осы кезде талдау кәсіпорынның да ұлттық экономиканың деңгейінде басқару тәдірибесінде қолданыла бастады. Экономикалық талдаудың дербес әдістемелік бағыттары жетіле бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық, функционалды-бағалық және т.б.
Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуында үлкен рөлді М.И.Баканов, А.Д.Шеремет, С.Б.Барнгольц, В.Ф.Дьяченков, А.Ш.Маргулис, А.И.Муравьев, В.И.Самборский, Н.В.Дембинский, Г.М.Таций, Н.Г.Чумаченко, В.И.Стражев, С.Г.Овсянников, Н.А.Русак, Л.Н.Кравченко, Б.И.Майданчик, Р.С.Сайфулин, А.Ф.Аксененко және т.б. экономист ғалымдар.
Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық жағынан негізделген ғылым ретінде қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен жасалған бірқатар әдістемелер өндірісті басқаруда әртүрлі дәрежеде болып келеді. Сонымен қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық шешімдерді оптимизациялайтын математикалық, ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен жүргізілуде. Шетел және отандық теориялық жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы жүргізілуде.
Шаруашылық қызметті талдаудың теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б. ғылымдармен байланысты. Сондай ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.
Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі мен осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.
Экономикалық талдау түрлері. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1.)
Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық басқарудың негізгі функциялары:
- басқаруды ұйымдастыру;
- жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау);
- талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау);
- басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу);
- бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау).
Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:
- басқаруды ұйымдастыру функциялары;
- жоспарлау функциялары;
- бақылау функциялары.
Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты (кесте 1).
Кесте 1- Кәсіпорынның экономикалық талдау бағыты
Талдау түрі | Тағайындау |
Салалық | - салалық – экономиканың әр саласының өзіндік ерекшелігін есепке ала отырады; - салааралық –ұлттық экономика салалары деңгейінде жүргізіледі. |
Уақытты | - алдын-ала – шаруашылық операциялар болғанға дейін жүргізіледі. Жоспарлық жұмыстар мен басқару шешімдеін негіздеу, болашақта болжау үшін қажет; - кейінгі (ретроспективті) –шаруашылық актілер нәтижелері негізінде жүргізіледі. Кәсіпорын қызмет нәтижелерін объективті бағалау, пайдаланылмаған резервтерді айқындау, жоспардың орындалуын бақылау үшін пайдаланылады; - оперативті – шаруашылық операциялар болғаннан кейін жүргізіледі. Оның мақсаты шаруашылық процестерге әсер теу және кемшіліктерді анықтау; - қорытынды – есепті мерзімге жүргізіледі (ай, тоқсан, жыл). Оның құндылығы – кәсіпорын қызметі кешенді зерттеледі. |
Кеңістік | - ішкішаруашылық – зерттеліп отырған кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімдер қызметі қарастырылады; - шаруашылықаралық – екі немесе одан жоғары кәсіпорын қызметтері нәтижелері салыстырылады. Озат тәжірибе, резервтер, келешектерді анықтауға мүмкіндік береді және олардың негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне объективті баға беруге болады. |
Жүйедегі басқару функциялары бойынша | экономика, техника, технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбектің әлеуметтік жағдайлары, табиғатты қорғаужәне басқа да қызмет түрлері талданады. |
Аймақ бойынша | - ішкі – кәсіпорында өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметін оперативті, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару үшін жүргізіледі; - сыртқы – банктер, қаржылық органдар, акционерлер, инвесторлар қаржылық статистика және есеп негізінде жүргізеді; - кешенді – кәсіпорын қызметінің әртүрлі жақтарын қарастыратын талдау; - тақырыптық – кәсіпорын қызметінің жеке жақтарын қарастыратын талдау. |
Статистикалық мәліметтерді іріктеу бойынша | - жаппай – барлық нақты мәліметтер зерттеледі; - іріктеу – қандай да бір ерекшеліктер бойынша іріктелген факторлар зерттеледі. |
Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық.
Қорытынды
Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: талдау объектілері, талдау мазмұны мен міндеттері, функциялары, негізгі принциптерін ұғыну қажет. Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
1. Экономикалық талдаудың зерттеу пәні мен объектілері қандай?
2. Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?
3. Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері
4. Экономикалық басқарудың негізгі функциялары
5. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктелуі