Валюта нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 18:55, реферат

Описание

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталы операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отрып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Работа состоит из  1 файл

валюта нарыгы.docx

— 21.97 Кб (Скачать документ)

Валюталық нарық             

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталы операцияларға қатысушылардың валюталық  бағамдар айырмасы түрінде пайда  алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық  саясатты жүргізуді қамтамасыз ете  отрып, ішкі және халықаралық төлем  айналымына қызмет етеді.            

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған  төлем құралының болмауында. Сондықтан  да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвистициялар, мемлекетарлық  төлемдер бойыншы есеп айырысудың қажетті  шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.            

Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс  пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен  көлік және кеме компанияларынан  алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен  қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру  қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені эәне оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.            

Сонымен, валюталық  нарықтарда валюталық операцияларды  жүргізуге халықаралық сауда  мен оған байланысты көрсетілген  қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз  болып табылады.            

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде  ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай  ағымдарды бөліп қарауға болады:

    -      шаруашылық байланыстардың интернационалдану негізінде валюталық нарықтардың интернациолдануның күшеюі;

    -          байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

    -          әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

    -    банктерлің коррсепонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

    -        коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

    Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына эәне пайдаланатын валюталар тобына қарай қазіргі  валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.       

    Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданатын валюталармен операциялар жүзеге асады.       

    Аймақтық  және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Онаң қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.      

    Ұлттық  валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарына компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің пумағында орналасқан  банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға  жекеленген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық  нарықтың жұмыс жасайтының айтуға болады. 1997 ж. Операциялар көлемі USD – 1124735 мың, DEM – 11165 мыңды құрайды.  

    Валюталық операциялар айналымы (күніне US $ млрд)

    Швейцария________________________________________________ 68

    Германия _________________________________________________ 60

    Париж  ____________________________________________________ 35

    Лондон ___________________________________________________ 303

    Токио  ____________________________________________________ 128

    Нью-Йорк _________________________________________________ 192

    Басқасы __________________________________________________ 214            

    Сол немесе басқа  елдің ішкі валюталық заңдылықтарының  ырықтандырылуына байланысты ресми  валюталық нарық «қара нарықпен»  толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтын»  болуы барлық ТМД елдеріне тән  сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас  орындарының көптеп ашылуы пайда  массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың»  әрекет ету аясының қысқаруына әкеледі.       

    Институциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық  нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік  фирма және ірі корпорациялардың жиынтыығын білідреді.      

    Қалған банктер  мен брокерлік фирмалар өздерінің  валбталық операцияларын ірі  коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында  жүзеге асырады. Валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.      

    Валюталық операцияларды  жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.       

    Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға  қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының  даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.      

    Әдетте, валюталық  операциялар банктер арасында тікелей  жүргізіледі. (телекс немесе телефон  бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинаваия елінде) Орталық банктер өкілдерінің  валюталық нарыққа қатысушыларымен  кездесетін валюталық биржалар сақталған  Мұндай жағдай Қазақстан республикасында  да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор  биржасында аптасында 2 рет валютамен  сауда жүргізіледі.      

    Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі  топқа бөлуге болады. Бірінше топқа пассивті қатысушылар,яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөліше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы – 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.      

    Дүниежүзінің  тек өте ірі банктерінде валюталық  департаменттер және валюталық операциялармен айналсыатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын  ғана орындайтын және валюталық операцияларды  өз қаражаттарын есебінен  жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпытүснігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.      

    Банктердің  басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып  табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады  және стандартты сомаларғабаға қояды. Күнделікті жұмысорнында бұл банктер  брокерлік фирмалардың қызеттерін пайдаланды.      

    Бокерлік фирмалар 30%ға жуық валюталық операцияларға  қызмет етеді және сол банкпен  жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында – валюталарды  сатушы және сатып аулшы банктер  арасында делдал толінде жүреді.      

    Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік коммисиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып  алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ (доллары), ол төлемді халықаралық  тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең  бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.      

    Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай  артықшылығы мыналар: котировка  процесінің үздіксіз және брокер белгілейтін  кез келген бағамен мәміле жасау  мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара  түсіністік, сенім және сыйластық  болғанда ғана мүмкін және ол тығыз  өзара қатынас негізінде қалыптасады.       

    Банктердің  валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің  есебінен де жүзеге асырылады.      

    Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында  және ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс  құралдары формасында – шетел  валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде  болады.      

    Аударым -  бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне –зінің клиентінің –өтініші бойынша және оның есебінен  телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға    ( бенефициарға)  төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютьаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырсуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.      

    Банктік чек- шетелдік банк корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып оны өзінің банкіне сатады.       

    Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк корреспондентке берген траттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.      

    Бұл жерде  чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың  бере алатынын да есте сақтау қажет.      

    Несиелік айналыс  құралдары халықаралық төлем  айналымынан алтын және шетел  валюталарын ығыстырып, әр түрлі  елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел  валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің  таралуына қатты ықпал етті. Бұл  өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.      

    Халықарылық есеп айырсулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел  валютасына жататын чек, аударым  және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспоттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банккорреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін қажет етеді. Алынған  шетел валютасындағы соманы шетел  банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі  қолма-қол ақшаны пайдаланусыз қарама-қарсы  талаптарды өзара есепке алу жолымен  банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялар бойынша  барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға  мүмкіндік беред.   
     

    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Ақша, Несие, Банктер:  оқулық / жалпы редакциясын  басқарған Ғ.С.  Сейітқасым. – Алматы: Экономика, 2001.       383-386 беттер

    ISBN 9965-532-45-1

    © Авторлар ұжымы, 2001 ж

    © «Экономика» баспасы, 2001 ж

Информация о работе Валюта нарығы