Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:04, доклад
Әлемдік валюта нарығында америка және еуропа валюталары бағамдарының өзгерісі, негізінен, АҚШ сауда балансының жағдайына және мұнайға әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты болды. Айдың соңында Еуро/Доллар бағамы 1,3637 (жыл басынан бері өзгеріс – 7,99%) болды. Америка долларының арзандауы басқа нарықтарға да әсерін тигізді. Алтынға баға жыл басынан бері 5,05%-ға өсті және желтоқсанның соңында бір унция үшін 437,99 доллар болып белгіленді. Доллардың тұрақсыздығы алтынға бағаның өсуінің негізгі факторы болып табылады.
Валюта нарығына шолу (2004 жылғы желтоқсан). 2004 жылғы желтоқсан валюта нарығындағы тұрақтылығымен сипатталды – теңгенің АҚШ долларына қатысты номиналдық құнсыздануы 0,005%-ды құрады, биржалық бағамның ауытқу диапазоны 1 АҚШ доллары үшін 130,0-130,28 теңге (аядың соңында – 130,00 теңге) болды. Теңгенің орташа алынған айырбас бағамы 12 айда бір доллар үшін 135,92 теңге болды. Биржалық бағам кезең соңында бір доллар үшін 130,00 теңге болды. Теңгенің номиналдық көрсетілуі жыл басынан бері бір АҚШ долларына 9,30% нығайды. Нығаюдың неғұрлым жоғары жылдамдығы қаңтар және қазан айларында байқалды (тиісінше 2,73% және 1,71%). Жыл бойы теңгенің құнсыздануы шілде және тамыз айларында байқалды (0,17% және 0,16%).
2004 жылы биржалық сауда көлемі 2003 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 46,6%-ға өсіп, долларлық позицияда 9304,6 млн. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 20,2%-ға өсті және 8270,0 млн. АҚШ долларын құрады. Сонымен, ішкі валюта нарығында сауданың жалпы көлемі 17 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Айырбас пункттерінің нетто-сату көлемі 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға көбейіп, 2687,5 млн. долларды құрады. Америка валютасын айырбас пункттерінің нетто-сатуының орташа айлық көлемі 225 млн. АҚШ долларын құрады.
Нарыққа шетел валютасының келуі мұнайға бағаның өсуі кезінде елге экспорттық түсімдердің көбеюімен түсіндіріледі, жылдың басынан бастап 24,4%-ға қымбаттады және желтоқсанның соңында 1 баррель үшін 40,29 долларды (Брент сорты) құрады, сонымен бірге 2004 жылғы 9 айда 3,8 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға шетел кредиттерін тартқан республиканың банк секторының заемдық операцияларына да байланысты болды. 2004 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша валюта түсімдерінің негізгі көзі болып табылатынтауар экспорты 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен бір жарым есе көп.
Әлемдік валюта нарығында америка және еуропа валюталары бағамдарының өзгерісі, негізінен, АҚШ сауда балансының жағдайына және мұнайға әлемдік бағаның өзгеруіне байланысты болды. Айдың соңында Еуро/Доллар бағамы 1,3637 (жыл басынан бері өзгеріс – 7,99%) болды. Америка долларының арзандауы басқа нарықтарға да әсерін тигізді. Алтынға баға жыл басынан бері 5,05%-ға өсті және желтоқсанның соңында бір унция үшін 437,99 доллар болып белгіленді. Доллардың тұрақсыздығы алтынға бағаның өсуінің негізгі факторы болып табылады.
Теңгенің ресми айырбас бағамы 2004 жылғы желтоқсанда 1 АҚШ доллары үшін 130,04 теңгені, 1 еуро үшін 174,20 теңгені және 1 ресей рублі үшін 4,66 теңгені құрады. Еуроның айырбас бағамы 172,04-177,22 теңге диапазонында өзгерді.
Алдын ала деректер бойынша нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2004 жылғы қараша айында 2003 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6,1% өсті. Тұтастай алғанда 2004 жылдың қорытындысы бойынша теңгенің негізгі сауда әріптестері елдерінің валюталарына қатысы бойынша нақты қымбаттауы шамамен 6% болады деп күтілуде.
2004 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша нақты нығаюы 15,3%, еуроға қатысы бойынша 7% және рубльге қатысы бойынша 1,3% болды.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары (KASE)
Ішкі валюта нарығында шетел валютасымен операциялардың көлемі азайды, желтоқсанда биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықты қоса есептегенде қарашамен салыстырғанда 15,2%-ға төмендеді және 1 509,0 млн. долларды құрады. Жыл басынан бері биржалық операциялардың көлемі 1,7 млрд. долларды құрады.KASE-ның қосымша сессиясындағы сауда-саттықтың қорытындылары бойынша еуропа валютасымен мәміоеоердің көлемі 3,4 млн. еуроны, ресей рублімен – 11,5 млн. құрады.
Биржадан тыс операциялар
Желтоқсанда 2004 жылғы қарашамен салыстырғанда банкаралық ақша нарығында ұлттық валютадада, шетел валютасында да өтімді қаражаттарды орналастыру бойынша банктер белсенділігінің артқандығы байқалды.
Қарашамен салыстырғанда
желтоқсанда орналастырылған
Орналастырылған банкаралық теңгелік депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қараша айымен салыстырғанда 1,86%-дан 2,10%-ға көтерілді.
Тұтастай алғанда, 2004 жылы орналастырылған банкаралық теңге депозиттерінің жалпы көлемі 27,0%-ға 577,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал сыйақының орташа алынған ставкасы 2,78%-дан 2,10%-ға дейін төмендеді.
Валюталық қарыз алудың банкаралық нарығында операциялардың негізгі түрі АҚШ долларындағы банкаралық депозиттер болды. 2004 жылғы желтоқсанда долларлық депозиттер 5,4 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде орналастырылды, бұл қарашадағы операциялар көлемінен 56,7%-ға көп. Орналастырылған долларлық депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 3,11%-ға дейін көтерілді (қарашада – 1,65%).
2004 жылы доллармен орналастырылған депозиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 1,73%-дан 3,11%-ға дейін көтерілген кезде 38,6%-ға төмендеп, 26,9 млрд. АҚШ долларын құрады.
Банкаралық қарыз алудың қалған түрлері бойынша операциялар шамалы көлемде жасалды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы
2004 жылғы желтоқсанда
Қаржы министрлігінің
2004 жылғы желтоқсанда
Қаржы министрлігінің
Ұлттық Банктің ноталары эмиссиясының көлемі 2004 жылғы желтоқсанда қараша айымен салыстырғанда олар бойынша кірістілік 3,53%-дан 3,9%-ға көбейген кезде 6,4%-ға өсіп, 85,9 млрд. теңгеге жетті. Ұлттық Банк ноталарын өтеу желтоқсанда сыйақы төлемдерін қоса есептегенде 36,6 млрд. теңге болды.
Желтоқсанның соңында айналыстағы ноталардың көлемі 396,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 14,7%-ға көп.
2004 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тікелей репо операциялары 2,1%-ға төмендеп, 78,4 млрд. теңге болды. Кері репо операциялары желтоқсанда 26,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы кері репо операциялары көлемінен 20,3%-ға асып түседі.