Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 12:35, реферат
Жаңа ақшаларды айналысқа енгізу туралы шешім бірқатар объективтік себептерден және қажеттіліктерден туындады. Ұлттық Банк бірнеше жылдар бойы қандай да болмасын номиналдарды шатыстырып алуға жол бермеу мақсатында әрбір құнның купюраларын қабылдауға қолайлы болуы үшін жекелеген номиналдарды ауыстырып отырды, себебі банкноталар бірегей негізгі суреттермен орындалуы және өлшемдерінің бірдей болуы тарихи түрде қалыптасты. Айырбастау кезінде сондай-ақ жекелеген жаңа қорғаныш құралдары қолданылды және баспаның жетілдірілген технологиялары ендіріле бастады. Осы мәселелерді зерттеу тұрақты түрде жүргізілуде және түпкілікті нәтижесінде болашақта банкнотаның қазіргі дизайнын ішінара жақсартудың қолайсыздығы мойындалды.
Қаржыгерлер
күні -
жаңа теңге
15
қараша - қаржыгерлер
күні. Соған орай, осы
мереке күні Қазақстан
Республикасының Ұлттық
Банкі номиналы 200 теңгеден 10000
теңгеге дейінгі жаңа
дизайндағы банкноттарды
айналысқа шығармақ.
Ұлттық Банк Төрағасының
айтуынша, бұл шешім
бірқатар объективтік
себептерден және қажеттіліктерден
туындаған. Айырбастау
кезінде жекелеген жаңа
қорғаныш құралдары
қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі
жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа
шығарады.
Жаңа ақшаларды айналысқа енгізу туралы
шешім бірқатар объективтік себептерден
және қажеттіліктерден туындады. Ұлттық
Банк бірнеше жылдар бойы қандай да болмасын
номиналдарды шатыстырып алуға жол бермеу
мақсатында әрбір құнның купюраларын
қабылдауға қолайлы болуы үшін жекелеген
номиналдарды ауыстырып отырды, себебі
банкноталар бірегей негізгі суреттермен
орындалуы және өлшемдерінің бірдей болуы
тарихи түрде қалыптасты. Айырбастау кезінде
сондай-ақ жекелеген жаңа қорғаныш құралдары
қолданылды және баспаның жетілдірілген
технологиялары ендіріле бастады. Осы
мәселелерді зерттеу тұрақты түрде жүргізілуде
және түпкілікті нәтижесінде болашақта
банкнотаның қазіргі дизайнын ішінара
жақсартудың қолайсыздығы мойындалды.
Ұлттық валютаны жетілдіру бойынша жоспарлы
жұмысты жалғастыру кезінде бірнеше нұсқалары
қаралды және номиналдары 200 теңгеден
10000 теңгеге дейінгі банкноталардың ғана
номиналдарын өзгертпестен және келесі
жоғары номиналды айналысқа енгізбей,
дизайнын толық өзгерту нұсқасы неғұрлым
оңтайлы деп танылды. Яғни банкноталар
мен монеталардың номиналдық қатары бұрынғыша
қалады.
Жаңа дизайндегі банкнотада қандай да
болмасын номиналды басқасымен шатыстырып
алу мүмкіндігі мүлдем жоқ, себебі барлық
номиналдар түстері және сол сияқты мөлшері
бойынша бір-бірінен айырмашылығы бар.
Түс гаммасы кез келген құндағы банкнотаны
дұрыс және жеңіл танылатындай түрде таңдалып
алынған. Әрбір келесі номинал алдыңғысынан
биіктігі 4 мм және ені 3 мм үлкен.
Қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып,
барлық номиналдың бет жағының әрбір номинал
үшін түсі бойынша айырмашылығы бар бірыңғай
жалпы суреті бар. Сырт жағы сондай-ақ
бірыңғай стильде орындалған, бірақ ең
ірі, көзге бірден түсетін суреттер әр
түрлі.
Банкноталардың қорғалуы тұрғысынан алғанда
дизайн банкноталардың түпнұсқалылығын
қарапайым түрде және тез анықтауға бағытталған,
бұл ретте классикалық және қолдан жасалуы
неғұрлым күрделі, жалпы тұжырымдамаға
үйлесімді сәйкес келетін қорғаныш құралдары
пайдаланылған.
Жалпы халыққа арналған жаңа дизайндағы
банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын,
яғни жай көзбен және жарыққа тосып қарағанда
көрінетін қорғаныш элементтерінің барынша
ықтимал саны пайдаланылды. Сонымен қатар,
барлық банкнотаның көзі нашар көретін
адамдар үшін ақша белгісінің құнын саусақтың
ұшымен ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше
белгілері бар. Осы уақытқа дейін осындай
белгілер тек жекелеген номиналдарда
ғана қолданылды.
Қолдан жасаудан қорғау құралдары ретінде
арнайы қағаз және бояулар, сутамғы белгілер,
ерекше қорғаныш жіптер, қосарланған суреттер,
көру бұрышына қарай көзге көрінетін немесе
түсі өзгеретін тұратын элементтер, көшіруге
қарсы элементтер және ерекше басу тәсілімен
жасалған элементтер қолданылды.
Банкноталарды ауыстыру азаматтардың
және заңды тұлғалардың қандай да болмасын
құқықтарына нұқсан келтіруге бағытталмаған.
Ұлттық Банкте бұған дейін де ауыстыру
жүргізілді, бұл ретте оңтайлы тәртіп
қалыптасқан.
Айырбасталатын сомаларға қарамастан
және қандай да болмасын комиссиялық алымдарсыз
бірге-бір тәсілімен айырбастау жүзеге
асырылады. Дегенмен ескі ақшаны жаңасына
бірден, енгізілген күні-ақ айырбастаудың
қажеті жоқ және міндетті емес. Алда болатын
айырбастауда ескі және жаңа дизайндағы
банкноталардың республиканың бүкіл аумағында
бір жыл бойына қатар жүруі көзделген,
әр түрлі дизайндағы банкноталар шығарылған
жылына қармастан номиналы бойынша төлем
құралы ретінде міндетті түрде қабылданады.
Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі
банкноталарды айырбастау екінші деңгейдегі
банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында
тағы бір жыл бойы жалғасады. Осыдан кейін
тағы 10 жыл бойы Ұлттық Банк ескі үлгідегі
банкноталарды қабылдайды және сараптамадан
өткізгеннен кейін оларды айырбастайды.
Егер қатар жүру кезеңінде қандай да болмасын
заңды тұлға номиналдарына қарамастан
ескі немесе жаңа дизайндағы банкноталарды
қабылдаудан бас тартса, онда осындай
іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген
әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады және
банкнотасын қабылдаудан бас тартылған
тұлғаның жазбаша өтініші бойынша Ұлттық
Банк өзінің филиалдары арқылы кодексте
көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіның
Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовтің кіріспе сөзі