Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 18:46, реферат
"Қайта өрлеу" (Возрождение) деген термин Италияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" атты төрт томдық кітабында қолданыла бастады.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
"Қайта өрлеу"
(Возрождение) деген термин Ита
XV—XVI ғасырлардағы Италия мәдениет қ
Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда,
басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде
көркем өнердің барлық дерлік салаларында
бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.
Леонардо
да Винчи, Рафаэль, Микеланджело,
Леонардо
да Винчи ғылымның барлық салаларымен айналысты.
Алғаш рет адам денесінің жеке бөліктері,
ішкі құрылысы туралы зерттеу жұимыстарын
жүргізді. Бұл суретші барлық қызметті
қатар алып жүрді, ол инженер де, сәулетші
және суретші де болды. Сонымен қатар өз
еңбегінің жоғары деңгейлілігін көрсетті.
Оның Миландағы Әулие Мария делла Грацие шіркеуіндегі
шығармалары ең тамаша еңбектер қатарында.
Солардың бірі — “Құпия жиын” . Шығарма
мазмұны Италияны жау шауып, халқы қиын-қыстау
күндерді бастан өткізген кезден алынған.
Сондықтан "Құпия жиын" замана талабына
сай орындалған туынды болып табылады.
Бұл шығармада суретші елді қорғау үшін
бірлік пен ерлік керектігін меңзейді.
Леонардоның алғашқы ғажап шығармасы "Құпия
жиын" болса, екіншісі бір ғаламат туындысы
— "Мона
Лиза" немесе "Джаконда" (қосымшадағы 2-сурет) бейнесі.
Сұлу да нәзік жас келіншектің кұпиясы
оның езу тартып, ұяң жымиып тұрғандығында.
Оның жан дүниесінде ғаламат мейірбандық,
тылсым сыр бар екендігі көрінеді.
Леонардо да Винчи жұмыстары онша көп
емес және біреу болса да бірегей шығармалар
болуымен ерекшеленеді.
Ал келесі ұлы суретші — Микеланджело
Буонародти (1475—1564). Ол талантты мүсінші,
сырлы бояуға нұрлы өмір берген шебер
суретші, жүрегімен жыр толғаған ақын
еді. Оның әрбір жұмысын алып қарасақ,
ең алдымен, адамды, оның ақыл-парасатын,
ерлігін паш етеді. Микеланджело Джотто, Мазаччо сияқты ұлы суретшілердің шығармаларын
тереңдеп зерттеп, өнердің озық үлгілерімен
жете таныса түседі. Әсіресе Донателло жасаған мүсіндер бұл мүсіншіге
айрықша әсер етеді, осыдан кейін мүсін
жасау теориясын оқуына игі ықпалын тигізеді.
Оның көптеген жоғары деңгейлі жұмыстары
бар. Ең елеулісінің бірі — Римдегі Әулие
Петр соборындағы белгілі мүсін — "Жоқтау".
Негізгі шығарма құрылымы екі кейіпкерден
құрылған: ана мен бала. Мерт болған жалғыз
ұлының суыған денесін тізесіне қойып,
егіліп отырған ана бейнесі көрсетілген.
Микеланджелоны биікке шығарған келесі жұмысы
— "Давид" мүсіні. Ол Флоренция қаласының
орталық алаңына тұрғызылған. Аңыз бойынша
орындалып жүрген, талай шеберлердің көркем
шығармаларына арқау болған Давид тұлғасы
жаңа қырынан бейнеленген. Мүсінші оның
халық мұңын жоқтаушы, қанды кегін кайтарушы
ретіндегі ішкі мінез-құлқын асқан шеберлікпен
орындаған. Бұл мүсін ұлы суретшінің атақдаңқын
биікке көтерді.
Микеланджелоның бұдан басқа да бірнеше
белгілі жұмыстары бар, олар: "Буғаудагы
құл", “Күн” "Түн", "Моисей"
мүсіндері (қосымшадағы 3-сурет). Ал кескіндемелік
шығармалар ретінде Ватикан сарайында
орын алып тұрған Сикстин капелласының
төбесіндегі қолымен салынған жұмысты
атауға болады. Оны жазу үшін төрт жыл
уақыт кеткен. Сол қолжазбаның ұзындығы
40 м-ге жетеді. Бұл діни мазмұндағы шығарма
болып табылады.
Жоғары қайта өрлеу дәуірінің үшінші көрнекті
суретшісі Рафаэль Санти (1483—1520). Рафаэль
жұмыстарынан ана тақырыбын айқын сезінуге
болады. Оның жұмыстары: "Констабиле
мадоннасы,"Алъба үйінің мадоннасы",
тағы басқа (қосымшадағы 4-сурет). Рафаэль
үшін 1503 жыл ерекше, есте қаларлықтай кезең
болады. Оған Ватикан сарайындағы ең салтанатты
залдарды көркемдеу тапсырылады. Кейінірек
бүкіл әлемге әйгілі болған "Диспут",
“Афины мектебі” тағы басқа шығармалар
осы кезде дүниеге келді. Рафаэль есімін
өйгілі еткен ең көрнекті шығармасы —
"Сикстин мадоннасы". Ұлы суретші
37 жасында кенеттен дүниеден қайтады,
бірақ осы қысқа өмірінің өзінде ол бірталай
туынды қалдырады.
Италияда өте ылғалды ауа райына байланысты
майлы бояу пайда болды. Бұл бояу алғаш
рет Нидерландыда ойлап табылған болатын. Енді
суретшілер ылғалға төзімді майлы бояуды
пайдаланды. Оны пайдалану суретшіге басқа
да бояу сырларын ашуға мүмкіндік берді.
Осы кезеңде атақты суретшінің бірі Тициан
Вечелли өмір сүрді (1477—1576). Бұл суретші
көбінесе портрет жанрында жұмыс істеді.
Тициан шығармаларының ішіндегі әйгілісі
— "Әулие Себастъян" шығармасы. Оның
кейіпкері — Рим тарихынан келіп жеткен халық батыры, елді
жауға қарсы күреске, ерлікке шақырған
ержүрек Себастьян.
Одан басқа Тицианның көзге түсерліктей
еңбектері — "Тәубаеа келген Мария
Магдалина" мен "Урбин Шолпаны"
шығармалары (қосымшадағы 5-сурет). Бұл
суретшінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол
алғаш рет бай колоритті сурет салудың
негізін қалады. Оның жұмысындағы негізгі
компоненттер жарық бояу реңі, көлеңке
болды. Оның кескіндемесі бояу реңі мен
бояу дақтарының басымдылығымен ерекшеленді.
Тидиан осы Қайта өрлеу дәуіріндегі соңғы
өнер алыптарының бірі болып саналды.
Тицианнан кейін Веронезе, Джорджоне,
Тинторетто сияқты бірнеше тамаша суретшілер
өмір сүрді.[1]