Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 15:56, реферат

Описание

Жаңа заман мәдениеті қалыптасуының уақыт бойынша екінші ареалы – трансальпілік Европа. Осы жерде – Орталық Европа елдерінде XVI ғасырдың бірінші жартысында ескінің жаңамен күресінің жаңа кезеңі басталады. Осы процестің маңызды факторлары итальян Қайта Өрлеуінің әсері және аймақтың көптеген елдерінде өндірістік күштердің, материалдық өндірістің, ғылым мен техниканың бұған дейін байқалмаған жетістігі болды. Ол қалалардың, кәсіптердің табыстарымен, мануфактураның пайда болуымен, ішкі және халықаралық сауданың дамуымен байланысты.

Работа состоит из  1 файл

ко25.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

Англияның 1588 жылы Испанияның жеңілмейтін армадасын жеңуі  ең зор ұлттық көтеріліске әкелді. Жеңіс ағылшын халқының шындығы мен рухының шаттығы ретінде қабылданды, католиктік реставрация қаупі жойылды. Елдегі қуанышты көңіл-күй сауда мен қолөнердегі табыстармен жалғасып жатты. Ұлттық шаттық пен салтанат жағдайында ағылшын ізгілігі (гуманизмі) пайда болды, оның көрнекті өкілі – Томас Мор.

Европа халықтарының менталитетіндегі жылжулар жалпы европалық  сипатта болды. Капитализмнің тууымен  тұлғаның жаңа типі өмірге келеді. Өнерде Ренессанстың кейбір дәстүрлі гуманистік құндылықтарын нақты қайта бағалау болады, ең алдымен адамның зор құдіреті туралы. Мәдениет қайраткерлері уақыт сынағынан өте алмағандықтарын мойындайды. XVII ғ. басында бұған ешкім күмән келтіре алмады. Мұны ұлы ағылшын дрматургы, Ренессанс мәдениетінің соңғы өкілдерінің бірі Вильям Шекспир (1564-1616 ж.ж.) түсінді. Өзінің басты туындылары «Гамлет», «Отелло», «Макбетте» Қайта Өрлеу кезеңі адамының өмірдің жаңа стихиясы – буржуазиялық қоғамға қатысты титаникалық қасиетінің керемет суретін береді. Алайда Шекспирдің данышпандығы қайта өрлеу адамының трагедиясын көрсетумен шектеліп қалмайды. Ол буржуазиялық индивидуализмнің шектелуін, күйреуге душар болуын көре білді.

XVII ғ. Европа географиядағы табыстардың нәтижесінде әлемнің кең де айқын бейнесін алды. Бұған Жапония мен Қытайға дейін жеткен католиктік миссионерлердің еңбегі зор.

XVII ғ. адамдардың ғылымдардың, ең алдымен астрономияның, географияның, математиканың керемет табыстары нәтижесінде жер шары және аспан әлемі туралы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан түсініктерінің күл-талқанының шығу кезеңі болды.

Адам үшін Жер –  әлемнің центрі еместігін, тек Күн  серіктерінің бірі ғана екендігін сезіну қиын болды. Көптеген адамдар үшін  дүниені ескіше қабылдаудан бас  тарту катастрофа болды.

XVI-XVII ғ.ғ. ғылым адамдарының ұраны «Мен күмән келтіремін» болды. Ол кезде жалпы қабылданған ақиқатқа күмән келтірмей қабылдау мүмкін емес болатын. Сол уақыттағы көптеген ғалымдар Рене Декарттың (1596-1650 ж.ж.) «өмір қожайыны болу» идеясын және Фрэнсис Бэконның «Білім-күш» ұранын қолдады. XVII ғ. эксперименттік ғылымның пайда болу кезеңі болды.

Орта ғасырлық европалық, ең алдымен өзін христиан ретінде  сезінді, одан кейін ғана шаруа немесе қолөнер, франк немесе провансаль ретінде  сезінді. XVI-XVII ғ.ғ. діни тегі біріктіруші бастау бола алмады: адамдар арасындағы діни негіздегі қатынастар қастыққа дейін барды. Кім деген сұраққа көбінесе өзінің қай мемлекеттің адамы екендігін айтты: Франция немесе Испания корольдігінің қол астына қарайтын, Голландия немесе Швейцария республикасының азаматтары. XVII-XVIII ғ.ғ. ортасынан бастап Европаның көптеген елдерінің абсолютті монархтарының мүдделері осы елдер халқының көпшілігінің мүддесімен сәйкес келді. Король билігінің күшеюін көптеген халық қолдады. Бұл кезеңді абсолютизмнің «алтын ғасыры» деп атайды. Француз абсолютизмі көптеген елдер үшін үлгі болды. Оған барлық континентальды Европа еліктеуге тырысты.

Классицизм абсолютизмге ыңғайлы болды, өйткені онда абсолютизмдегідей  ережелер мен авторитеттердің беріктігі  мен құдіретінің күштілігі нығайтылды. Оны король билігін бекіту құралы ретінде қолдануға болатын. Сонымен қатар трубадурлардың орта ғасырлық әдебиеті кемсітілді, рыцарь романдарын келекеге айналдырды.

Өнерде өмірдегідей  барлығы жазылған нормалар мен ережелер шеңберінде болу қажет болды, әр адам мен әр заттың өз орны болды. Осылай жанрлар иерархиясы орнатылды, «жоғары» (трагедия, эпопея), «төмен» (комедия, сатира, басня). «Жоғары» жанрлардың кейіпкерлері әсем үлгідегі, қоқиған түрдегі, философиялық және адамгершілік проблемалар жайлы ойларын айтқан антика қаһармандары, белгілі адамдар болды. Артистер қуаныш, қайғы, таңдану сезімдерін нақты көркем тәсілдермен және дене қимылдарымен бейнелеу керек болды. «Төмен» жанрда қарапайым халықтан шыққан адамдар олардың табиғи қылықтарымен, күлкісімен, әзілімен, өткір сөздерімен, шым-шытырақай оқиғаларымен бейнеленді.

Сәулет өнерінде «жоғары» жанр үлгісі Версаль сарайы болды. Оның сыртқы түрі – абсолютизм мен классицизм дәуірінің бейнесі. Барлығы симметрия жағынан дұрыс және геометриялық дәл, тірі емес, адам қолымен дарынды шоғырланған жасанды табиғатын еске түсіреді. Адам өзін абсолютті санамен, дұрыстықпен шырмалғандай сезінеді, шүбәсіз тәртіп күшіне бағынуға мәжбүр болады.

Тек кейбір жазушылар, суретшілер ғана классицизмнің қатаң шеңберінен шыға алды. Мольер (1622-1673 ж.ж.) мен Жан Расин (1639-1699 ж.ж.) өз шығармаларында өз кейіпкерлерін төменгі топтан іздеді, мұнысымен салон ақсүйектерінің өшпенділігін туғызды.

 

Дерекөзі: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

 


Информация о работе Қайта өрлеу мәдениеті (XVI-XVII ғ.ғ.)