Қайта өрлеу мәдениетінің идеалы мен жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 13:27, реферат

Описание

Италиядағы Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына көше отырып, келесіні атап көрсету қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.

Работа состоит из  1 файл

Қайта өрлеу мәдениетінің идеалы мен жетістіктері.docx

— 18.57 Кб (Скачать документ)

     Қайта өрлеу мәдениетінің идеалы мен жетістіктері.

     Италиядағы  Ерте Қайта Өрлеудің сипаттамасына  көше отырып, келесіні атап көрсету  қажет. XV ғ. басында Италияда жас буржуазиялық тап өзінің басты белгілеріне ие болды. Ол дәуірдің басты әрекет етуші тобы болды. Ол өмірде өзінің нақты орнын алып, нық тұрды, өзіне сенді, байып, дүниеге басқа көзқараспен қарады. Италия қалалары кішкентай болды, ал қоғамдық өмір қызуы, саяси әуестік иірімі күшті болды. Осы отта инициативті, энергиясы мол адамдар шынықты.

     Адам  санасындағы бұл жылжуды Қайта  Өрлеудің маңызды қайраткерлерінің бірі, Мирандола республикасының  билеушісі, тарихта Пико делла Мирандола  есімімен белгілі болған Пико (1462-1494 ж.ж.) байқады. Ол «Адамның қасиеті туралы» трактатын жазды, онда адамның белсенділігі, адамның өзін-өзі жаратуы туралы ілім баяндалады. Өзін-өзі жасайтын универсальды адамның – іс пен ой титанының бейнесі идеалды болып саналады. Ренессанс эстетикасында бұл құбылыс титанизм деген атауға ие болған. Қайта Өрлеу адамы өзіне бірінші кезекте абсолютті тұлға түріндегі жасаушы және суретші ретінде қарады.

     Европа  мәдениетінің тарихы Ерте Қайта Өрлеуге  ізгіліктің пайда болуымен міндетті. Ол қайта өрлеу мәдениетінің философиялық-практикалық типі ретінде болады. «Гуманизм» (ізгілік) терминін (оның латын формасы – studia humanitatis) Ерте Қайта Өрлеудің «жаңа адамдары» антика философы мен шешені Цицеронды өздерінше түсініп, енгізген. Термин адамның алуан табиғатының толықтығы мен бөлінбейтіндігін білдірді. Ерекше мәдени орта –гуманистер тобы тез қалыптасты. Олардың құрамы бастапқы кезде өте алуан болды: шенеуніктер мен тақсырлар, профессор мен көшірмешілер, дипломаттар мен дін басылары. Бұл европаның зиялы қауымының дүниеге келуі болды. Гуманистердің оқу сабақтарының ең салмақты нәтижелері адамзат даралығын теориялық дәлелдеу, адамның ішкі әлемін ашу және айрықша концепцияны жасау болды.

     Неоплатонизм  Қайта Өрлеу философиясы болды. Онда идеялар әлемі адамзаттың барлық тұлғасын анықтап, ұғындырады және ұйымдастырады  деген ой басты орын алды. Қайта  Өрлеу дәуірінде идеялар әлемі  туралы ілім Әлемдік Ақыл мен Әлемдік Жан туралы ілімдер формасында болады.

1470-1480 ж.ж. Лоренцо Медичидің бастауымен Платондық академия деген атпен де белгілі Флорентиялық академия гүлденеді. Ол клуб, ғылыми семинар мен діни секта арасындағы орын болды. Академия мүшелері ғылыми диспуттармен, басқа сабақтармен, серуендеуде, жиындарда, антика авторларын зерттеумен және аударумен уақыт өткізді. Академия қабырғасында өмірге, табиғатқа, өнерге, дінге деген емін-еркін қатынас дамыды.

     Ренессанстың  даралығы гуманизмнің әсерінен секулярланған  – шіркеу ықпалынан босатылған болды. Алайда қайта өрлеушілерді атеисттер  деп айта алмаймыз. Атеизм қайта  өрлеу идеясы болған жоқ, бірақ шіркеуге қарсылық нағыз қайта өрлеу идеясы болды. Қайта өрлеу дәуірінің адамы рухани болып қалғысы келді.

     Бейнелеу  өнерінде Ерте Қайта Өрлеу бастаушылары суретші Мазаччо (1401-1428 ж.ж.), мүсінші  Донателло (1386-1466 ж.ж.) және сәулетші Брунелески болып саналады. Олардың бәрі Флоренцияда өмір сүрді.

Мазаччо Джоттоның ұмытылып бара жатқан дәстүрін қолдап, кескіндемемен үш өлшемді кеңістікті бейнелеу ісін соңына жеткізді. Өнер танушылар Мазаччоның үш өлшемділік негізінде қадірлі және өзіне сенімді адамды, немесе лирикалық, ал кейде назды адамды бейнелеуін бірінші орынға қояды. Осыдан оның кескіндемесі скульптуралық әсер тудырады. Осы көлемділік үшін антика бейнелері қажет.

     Өнерде  европа пластикасының көптеген проблемалары – дөңгелек мүсінді, монументті, ат монументін жүз жыл алға шешіп  тастаған мүсінші Донато ди Никколо  ди Бетто Барди болды, ол тарихта  Донателло деген есіммен белгілі (1386-1466 ж.ж.). Шебердің көптеген жұмыстарының ішінен оның қола Давидін атап көрсеткен жөн.

     Брунелескидің Флорентия республикасы соборының  үстіндегі алып сегіз қырлы күмбезімен атағы шықты (1420-1436 ж.ж.). Ол адамдардың бірігу символы ретінде қабылданды, өйткені онда «барлық тоскан халқы жинала алатындай» салынды.

     Ерте  Қайта Өрлеу – эксперимент жүргізуші кескіндеме уақыты. Дүниені жаңаша сезіну – оны жаңаша көру дегенді білдірді. Шындықты қабылдау тәжірибемен тексеріліп, ақылмен бақыланады. Осы кезең суретшілерінің бастапқы мақсаты – қалай көреміз солай бейнелеу. Осы уақыт үшін бұл революциялық төңкеріс болды.

Ерте  Қайта Өрлеу кескіндемесі сол  кезеңдегі итальяндық нәзік сезімді, сезімді әсемдік пен грацияны бейнеледі. Осы құбылысты көркем ұғынудың керемет үлгілерін Сандро Ботичелли (1444-1510 ж.ж.) берді. Оның шығармашылығында гуманистердің жан мен дененің  теңесуі туралы түсініктері жүзеге асырылды.

     Жоғары  Қайта Өрлеудің жалпы сипаттамасы.

Түпкі ренессанс Италияда 150 жылға, Ерте Қайта  Өрлеу 100 жылға, Жоғары 30 жылға созылды. Итальян Қайта Өрлеуінің алтын ғасыры, итальян өнерінің ең жоғары кезеңі Италиядағы қиын кезеңмен, итальян қалаларының тәуелсіздік үшін күресі кезеңімен сәйкес келеді.  

     Коперниктің, Галилейдің, Кеплердің ұлы жаңалықтары  адамның құдіреті туралы армандардың  күл-талқанын шығарды. Коперник пен Бруно жерді адамның көзінің алдында мәнсіз дүниеге айналдырды. Ренессанс мәдениетінің дағдарысы саясат сферасында да айқын байқалды. Ренессанстың саяси өмірі қарқындылығымен және көп жоспарлығымен ерекшеленді. XV ғасырдағы-XVI ғасырдың басындағы итальян режимдерінің бірде-бірі тұрақтылығымен ерекшеленбеді және билік тирандардың қолына көшіп отырды. Даралықтың қоғамдық идеологияда билік құруы саяси практикаға да әсер етті. Бұл Николо Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) шығармашылығы мен қызметінде айқын көрінеді. “Князь” (немесе “Монарх”, “Государь”) трактатымен атағы шыққан Макиавелли орташа демократиялық және республикалық құрылысты қолдады, бірақ өзінің демократиялық және республикалық көзқарастарын болашақ заман үшін ғана насихаттады.

     Ренессанс құндылықтарының дағдарысы байқалуының  қызықты формасы утопизм болды. Идеалды қоғамды құру алыс және белгісіз уақытқа жазылған, бұл авторлардың идеалды адамды шұғыл жасау мүмкіндігі утопиясына сенбеуін растайды. Томмазо Кампанеллланың Күн идеалды Мемлекетінде (1568-1639 ж.ж.) автордың Қайта Өрлеудің гуманистік құрылысынан бас тарта отырып, адамдардың барлық өмірін қатаң белгілеудің ұсақ бөлшектеріне дейін таң қалдырады.

Жоғары  Қайта Өрлеу өнері өмірдің  тамаша жақтарының гармониялық синтезіне  ұмтылу, жалпы бейне үшін жекеліктен, шамалы нақтылықтардан бас тартады. Бұл - Жоғары Қайта Өрлеудің Ертеден басты айырмашылықтарының бірі. 

     Осы кезеңнің европа мәдениеті үшін мәнін  түсіну үшін үш есімді атау жеткілікті: Леонардо да Винчи, Рафаэль, Микельанджело, олардың шығармашылығы итальян  қайта өрлеуінің басты құндылықтары – зерде, үйлесім, қуатты бейнелейді.

     Леонардо  да Винчи “Үңгірдегі Мадонна” картинасында толысқан шебер ретінде көрінеді. “Кеш құпиясы” оның шығармашылығының шыңы болып саналады. Леонардоның қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретінде классикалық, яғни қайта өрлеу белгілері – кескін айқындылығы, сызықтардың көзге көрінетін иілімділігі, физиономия тұрғысынан көңіл-күйдің мүсіндік құлпыруы және жартылай қиял түріндегі пейзажы бар қарама-қайшы және белгісіз болашаққа шақыратын портреттің үйлесімі айқын көрінеді.

Рафаэль сұлулық табиғаттың тазарған және жетілген формасы түрінде болады деп сенген. Ол адам көзіне көрінеді, суретшінің міндеті оны көрсете білу болып табылады. Рафаэльдің “Сикстин мадоннасы” өзіне тарту қасиетінің тереңдігімен ерекшеленеді. “Афина мектебінде” гуманист, антика мәдениетін тамаша білгір ретінде көрінеді.

     Микельанджелоның  батырлық титанизмінің жалғыз фигурасы – бұл Давид (1501-1504 ж.ж.). Оның атақты “Қорқынышты сот” фрескесінде Микельанджело жердегі барлық пайдасыз істерді, тәннің бұзылуын, адамның тағдыр алындағы шарасыздығын көрсетеді.

     Жоғары  Ренессанс суретшілерінде адамзат  тұлғасы барлығынан биік қойылған. Бұл практиканы венециандықтар ғана бұза бастады, оның ішінде алдымен Джорджоне, оның пейзажы адамзат фигуралары бейнеленген терең гармониялық үйлесімде болады (“Ұйқыдағы Венера”).

     Тициан  сюжеттің эмоционалдық мазмұнына көңіл  аударумен ерекшеленеді. Бұл “Кесарь  динарийі” атты атақты картинасында жақсы көрінеді.

     Айтылғандардан  қорытынды шығара отырып, Қайта Өрлеу  жаңа европалық мәдениетті қалыптастырудың  ұзақ, күрделі және қарама-қайшы  процесі ретінде көрсетіледі. Оның кейінгі орта ғасырдың әлеуметтік және рухани өмірінің терең алғышарттары болды, ол өз кезеңінің көптеген нақты экономикалық, саяси, идеологиялық факторларымен негізделеді. Бұл процесс ескі орта ғасырлық әлеммен күресте және ымыраға келуде болды. Соңында оның дамуы “шіркеудің рухани диктатурасын” бұзып, гуманистік дүниетанымды бекітті, идеология мен мәдениеттің барлық облыстарының революциялық өзгеруіне әкелді.

     Итальян Ренессансының өз бастауы, өз жетілуі, өз соңы бар. Ренессанс дағдарысы  оның идеялық бағдарламасының, оның рухани идеалдарының әлеуметтік шындықпен қақтығысуынан туған. Барлық Ренессанс жаңа заманның адамзат тұлғасының индивидуализмінің бірінші формасының жеткіліксіздігін және аяқталмауын ұғынудан туады. Екі стихия Ренессанстың рухани өмірін және өнерін көрсетеді. Бір жағынан, Қайта Өрлеу ойшылдары мен суретшілері адамзат қайғысын түсінуде және көркем бейнені терең ұғынуда шексіз күш пен мүмкіндікті сезеді. Екінші жағынан, олар адамзаттың шектелуін, табиғат өзгерістеріндегі, көркем шығармашылықтағы оның шарасыздығын әрқашан сезініп отырды. Сондықтан Ренессанс адамның антропоцентризмінің қуатты негіздемесін тұрақты іздестіру ретінде көрінеді.  
 

Пайдаланылған әдебиет: Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б. 
 

Информация о работе Қайта өрлеу мәдениетінің идеалы мен жетістіктері