Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 07:35, статья
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.
Құлақшын
Ерлердің бас киімі. Бұлғын, құндыз, жанат, суыр тағы басқа аң терілері мен бұзау, құлын, қозы-лақтың бұйра терісі ( елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірінші сайдан тұратын үшкіл, етек жағы төрт бұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп керіп қояды.
Малақай. Малақай да елтірі ден арасына жүн, мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кездері әйелдер де киіп жүрген бас киім. Малақай мандайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.
Бөрік. Ерлер де қыздарда киетін бас киім. Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.
ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ
Әйелдердің бас киімдері:
15. сәукеле
16. бөрiк
17. қарқара
18. кимешек
19. жаулық
20. күндiк
21. желек
22. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)
23. бүркенiш
24. бергек
25. қасаба
26. тақия
27. шылауыш
28. жаулық
Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіліп, Маңғыстауда “телпек”, шығыс Қазақстанда “кепеш” деп аталады.
Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне
қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға
ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе
желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен
құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына
қарай төгiлiп жатады. Айдыны зерлi жiптермен
кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен
жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына
шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын
“ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен
түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына
түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек
табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген.
Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен
ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған.
Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі
элементтерін бойына сіңірген қасаба
атауы «алтын зерлі» деген мағына береді
дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне
төре, сұлтандардың қыздары киетін бас
киім саналған.
Қазақта сирек те болса кездесетін
бас киімінің ерекше түрі - қарқара.
Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында
төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан
киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар
жинағы. І том, 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер
жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре
сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің
сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей
жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың
ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі
де әртүрлі болады.
Кимешек - қастерлі, ел
арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның
бас киімі. Кимешек ақ бұлдан тігіліп,
жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала
маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт”
дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес
әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің
әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады,
сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі
қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің
алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен
кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер,
орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып
киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген
сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады.
Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді.
Кимешектің адамның арқасына түсер жері
ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп
атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты
жауып тұратындықтан осылай аталғанға
ұқсайды.
Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын
тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті
шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың
екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп
әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып,
сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді
жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу”
деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай”
тігісті “су” деп атайды. Судан кейін
“қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін
су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын
әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан
соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек
салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін
“сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау
кей жерде “ағақ бау” деп те аталады.
Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына
күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке
сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып
тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір
мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан
сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді.
Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман
әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі
тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама
жаулық, иекше атаулары кездеседі.
Кестесіне қарай кимешек қызыл
жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді.
Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер,
сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде
күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі.
Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде,
түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән
ерекшеліктері болған.
Қазақтың ұлттық киімдері
Ер адамның
киімдері: шапан, тон, шалбар, белдік... Әйел киімдері: койлек,
қосетек көйлек, қамзол... Бас киім: жекей тымақ,
бөрік, тақия, сәукеле, кимешек... Қазақша мата атаулары
Қазақтың ұлт киімдерінің
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін.
Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Олар бойжеткендер, бозбалалар, салдар, ән-күй, күрес өнерпаздары еді. Сол сияқты келіншектер де тұңғышын тапқаншаөте сәнді киініп жүрген. Кестелі, зерлі, жалтырауық киімдерді қадырлы қарттардың да үнемі киіп жүруі ел рәсіміне тән сиымды салт деп саналған.
↑жоғарыға
Еркек киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы торғын, ләмбек сияқты бағалы да ширақы маталармен тыстаған. Кейде осы материалдарды бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, сумоншақ, маржан тізген жіптер бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс зер ұстап, кейде бөлек тігілген кестелермен сыртынан қаптап киген. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып келген.
Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астар мен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған, кейде сыритын болған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған. Шапандар көбінесе қайырма жағалы, кейде тік жағалы бешпент түрінде кездеседі. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар.
Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11—12 қойдың терісінен тон шығады. Олардың шап терілері мен пұшпақ терілері, таңлықтары, мойын терілері бөлек алынады, яғни олар тон тігісіне пайдаланылмайды. Тондардың жүндері ішіне қарайды, ет жағықынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртына тыстық жапсырып қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарын әр түсті жіппен кестелеп, елтірі, сеңсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын ұстайды.
Жарғақ, тайжақы деген өң киімдерді тайдың, құлынның терісінен, жүнін сыртына қаратып істейді. Оларды да малмаға салып илеп, еттерін қырып, қабыққа, қынаға салып өңдерін басып ажарлайды. Шеттерінің әдіптерін кестелеп, жага-жеңдерін әшекейлейді. Кейде етегін, өңірін қаусырмасын қымбатты аң терісінен жұрындап қояды. Әдетте тайжақы мен құлын жарғақты бешпенттің, бешпент күпі сияқты жеңіл киімдердің сыртынан киеді.
Шалбарды барқыт, пүліш, шұға, тібен, шөшінше, шибарқыт, шегрен, ләмбөк, мәлескен, қырмызы, қамқа, көк мауыты сияқты ширақы маталардан, қой-ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп-тұруға, малдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етікқонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртында жүреді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алатын. Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет еді. Шалбардың балағы екі жанынан ойық (жырық) болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Сондықтан да шалбар өте сәнді және көрікті киімдердің бірі саналған. Қой терісінің әр түрлерінен (жүндес, қырықпа, тақыр және т. б.), ешкі және құлын терілерінен, былғарыдан тігілген шалбарды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп, кестелейді, балағын құндыз, сусар сияқты аң терілерімен жұрындайды. Теріден тігілген шалбарды матамен тыстап та жүрген. Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдікпен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті мықтармен, білезіктермен, көзді күміс бұдырлармен сәндейтін. Бұлардан басқақұр, терме, шекпен белбеулер де болған. Оларды да өрнектеп, шашақтап, әдемілеп істеген.
↑жоғарыға
Әйел киімдерінің де әр аймақта әр түрлі үлгілер мен әр алуан атаулар бар. Солардың ішінде қазақ елінің бәріне тән түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекше сияқты заттар. Әйел киімдері әшекей, ажар жағынан ел салты бойынша төрт топқа арналып тігілген. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері. Бұлардың әрқайсысының тігілу мәнері де әшекейі де әр қилы. Қыз киімдерінің кеуделері тар, қынамалы, омырауы мен жаға-жеңдері кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, жеңіл және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленеді. Қыздар көбінесе құндыз бөрік, қатипа тақия киіп, шолпы тағып жүреді. Қыздар төсін жасыру үшін кеудесін көкірекшемен қатты тартып тастап жүрген. Келіншектер бір құрсақ көтергенше қыз киімдерін кие береді. Бірақ олар бөрік, тақия кимейді, үкі тақпайды және жалаңбас жүрмейді. Құрсақ көтерген келіншектер киімдерін мол етіп тігеді. Олардың бас киімдері шаршы, сарала жаң, торғын шәлі, қызға қарағанда әшекей заттары аздау болып келеді. Орта жастағы әйелдер құбатөбел киінеді. Олардың көйлектері қос етексіз, белі мен жеңі кең болып бүріледі. Бұл жастағы әйелдер шаршыны орап тартады. Жақтарын оқаламайды, жәй кестелейді. Қарт әйелдердің киімі неғұрлым етекті, мол қаусырмалы, қалталы, әшекейлерінің көбі тана, түйме, тіс шұқуыш, қапсырма, оқалы өңір сияқты заттар болған. Олар шолпы тақпаған, алқа салмаған. Ал оқалы жақ, көксауыр кебіс, кестелі мәсі, білезік, сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды қай жастағы әйелдер болсын тағына берген.
Әйел киімдерінің ең бастысы көйлек, одан кейін сәукеле, бөрік, тақия, кимешек-жаулық, бергек сияқты бас киімдер мен қамзол, кәзекей, желетке. Әйел көйлегінің кеудесі мен етегі екі бөлек тігіліп, соңынан етекті кеудеге бүріп қосатын. Кеуденің етекке қосылған жерін көйлектің белі немесе бүрмесі деп атайды. Әйел көйлегінің кеудесі тар, етегі кең болады. Өңірі бүрмеге дейін ашық, оның асты-үсті әдіптеліп сырып өрнектеледі, мұны «қақпа» деп атайды. Ана болған әйел осы қақпа арқылы бала емізеді. Көйлектің жағасы тік шығарылып ол артынан, кейде бір жақ иық үстінен түймеленеді. Ал қыз-келіншектердің көйлегінің жағасыкестеленеді немесе қол инемен көркемдеп қайып тігіледі. Кейде жағаның үстіңгі шетін бүрмелеп желбірлеп қояды. Қыз-келіншек көйлегінің жағасының өңіріне бірнеше түймені тізіп қадайды.
Қыздар мен жас әйелдердің ең бір сәнді киімі қос етек көйлек. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, асыл матадан тігіліп таза жүннен тоқылады. Мұндай көйлекті қыс киюге арнайды да, бір киер көйлек санайды. Қос етек көйлек әдетте ұзын, кең, оның жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп, қатпарлы желбір салынады. Әйел көйлегін ерекше сәндеп тұратын қосымша заттардың бірі омырауға не тігіп, не түйме,түйреуіш, ілгектермен жапсырып қоятын «өңір» деген зат. Өңір жағаның алдыңғы жаң түбінен бел бүрмесіне дейін, ені екі жақ қолтың тігісіне жетеді. Өңірді асыл матадан бөлек тігеді. Шет-шетін кестелеп, зерлер салып шашақтап, бетіне неше түрлі асыл тас, меруерт-моншақ, алтын не күмістен алқа, теңге, бастырма, жылтыраған үзбелі салпыншақтар қадайды. Өңірді кеудеше, көкірекше, төстік, алқа деп те атай береді.