Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 02:34, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан-алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым, геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер, мәдени-ағарту мекемелерінің қалыптасуы - бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде мәдени-ағарту мекемелерінің ішіндегі кітапханалардың алар орны айрықша. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рө
Арысбай Аян KI-01K тобы
Тақырыбы «Қазақстандағы ітапхана ісінің даму тарихы»
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның ырғақты дамуы үшін қажетті алғышарттар сан-алуан. Оған экономиканың ұйымдастырылуы, қоғамдық қатынастар, саяси құрылым, геосаяси жағдай, демократия мен заңдылықтың сақталуы, табиғи-климаттық ерекшеліктер, мәдени-ағарту мекемелерінің қалыптасуы - бәрі тікелей әсер етеді. Осынау алғышарттар ішінде мәдени-ағарту мекемелерінің ішіндегі кітапханалардың алар орны айрықша. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. Кітап білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі.
Қазақтың белгілі ақыны Өтебай Тұрманжанов: “Кітап - көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді”, - деп жазса, ал XIV ғасырдағы итальян ақыны кітаптың халық арасына таралғандығына құндылыққа ие болатынына көңіл бөледі. “Кітаптарды дәл бір түрмедегідей жабық ұстауға болмайды, олар кітапханадан зердеге (ес) сөзсіз көшіп отыруға тиіс”, -дейді италиялық ақын - Ф. Петрарка [1]. Осы құндылықтардың жиналған төрі – кітапхана.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс істей бастады. Мысалы, Қазақстанда XX ғасырдағы кітапхана қызметкерлері барлық жұмыстарын техникасыз атқарып, тек қолда бар ақпараттарды пайдаланса, XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерінің заман ағымына орай ой-өрістері кеңейіп, тек өз жерінде ғана емес шет мемлекеттердегі ақпараттармен алмаса алатын, оқырмандарының сауалдарына жан-жақты, кең көлемде жауап бере алатын жағдайға жетті. Әсіресе, оқырмандардың электронды кітапханалардың мәліметтер базасын, әлемдегі ірі ақпарат орталықтарының каталогтарын, жеке электронды коллекцияларды оқып-білуіне де мүмкіндік туды. Сондай - ақ, жұртшылықтың, оқулықтардың, кітаптардың, энциклопедиялардың, CD-Rom-дағы, интерактивті оқу курстарының электронды басылымдарын қарауына кітапхана мүмкіндік жасап, заман талабына сай жұмыс атқарып жатыр.
XX ғасырда жаңадан кітапхана қызметкерлері іріктеле бастаса, ал XXI ғасырда кітапхана қызметкерлерін даярлайтын оқу бағыттары пайда болды. XXI ғасыр, кітапханалар мен кітапханашылар үшін түлеу, жаңғыру ғасыры болады. Ол - өркениет талабы.
ЖҰМЫСТЫҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
“20-40 жылдардағы кітапхана ісінің дамуы және қалыптасу ерекшеліктері” атты бірінші бөлімде 20-40 жылдардағы партия мен кеңес үкіметінің кітапхана ісін орталықтандыру, кітапханаларды халық игілігіне айналдыру шаралары, кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және сауатсыздықты жою жолындағы қызметі, кітапханалардың материалдық базасын нығайту және кітапхана мамандарын даярлау ісінің қиыншылықтары зерттелді.
Азамат соғысы аяқталып, кеңес елі бейбіт құрылысқа көшкен кезде халық арасында жүргізілетін мәдени-ағарту жұмыстарының маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Бұл істі басқаратын біріңғай орталық құрудың қажеттілігі айқын сезіле басталды. Қазақ өлкелік партия комитеті шешімінде кітапхана желісін жетілдіру мақсатында, облыс орталықтарында кітапханалар ұйымдастыру қажеттілігі көрсетіліп, саяси-ағарту орындарының кітапханаларының кітап қорының сапасын, мазмұнын жақсартуға, ескірген, төмен идеялы кітаптарды анықтап, т.с.с. жұмыстарға көмек көрсетуін міндеттеді.
Коммунистік партия, кеңес өкіметі, кеңес ұйымдары мен халық ағарту бөлімдері кітапхана ісін ұйымдастыруда, кітапханаларда қызмет көрсетудің жүйесінің дамуының негізін салуға ықпал ете отырып, кітапханалар желісін қамтамасыз етуге көп күш-жігер жұмсады. Кітапханалар қоры «жеке меншік кітапханаларды ұлттықтандыру нәтижесінде» кітап саудагерлері және кітап дүкендеріндегі кітаптарды есепке алу арқылы толықтырды. Мәселен, 1920 жылы Орал уезінің 9 селосы мен деревнясы Орталық баспа агенттігінен кітапханаларды толықтыруға 2 мың дана саяси, ғылыми және көркем әдебиеттер мен 2250 данадан газеттер алды. Мұндай фактілерді басқа да губерниялық кітапханалар есебінен келтіруге болады. Мысалы, ҚазАКСР саяси-ағарту Бас басқармасы барлығы 67 кітаптар бөлетін болғандықтан, ал Семей губерниялық атқару комитеті губерниялық кітапханаға 3500 сом мөлшерінде жәрдемақы бөледі. Бөлінген қаржымен жәрдемақы есебінен орыс тілінде 300 том, қазақ тілінде 340 том кітаптар сатып алынып, 2500 кітаптар қайта түптеліп, 73 атауда мерзімді басылымдарға жазылған [21].
Республиканың кітапханалар құрылысына байланысты мәселелерді кітапхана алқасында қаралып, саяси ағарту мекемесімен бекітілді. Күнделікті жұмысты кітапхана бөлімі басқарды. Оған: бірыңғай кітапханалар жүйесін ұйымдастыру, органдарға басшылық жасау, оқу құралдарын шығару, кітапхана коллекторын ұйымдастыру, кітапханаларға әдебиеттерді бөлу міндеттері жүктелді. Сол үшін арнаулы секторлар құрылды.
Кітапхана қызметкерлерінің халықтың мәдениетін көтеру және сауатсыздықты жою жолындағы мәдени-ағарту жұмыстарының негізгі қорытындыларын былай тұжырымдауға болады:
Біріншіден,
республиканың өзіндік
Екіншіден, партия, кеңес органдарының
жұмысының мазмұны, түрлері
Үшіншіден,
бүкіл мәдени-ағарту жұмыстарының нәтижесінде
патриархалдық-феодалдық
Төртіншіден, үгіт-насихат және мәдени-тәрбие жұмыстары еңбекші бұқараның белсенділігі мен сана сезімінің өсуіне ықпал етті.
Халықтық
кітапханалардың жалпы
- кітапханаларды тегін пайдалану;
- кітапхана жүйесін ұйымдастыру;
-
халықты кітапхана ісіне
Мәселен,
1930 жылы Республикада бірінші рет
ірі техникалық кітапхана - Түркістан-Сібір
темір жолының басқармасы жанынан
ашылды. Кітапхана қорында 7000 мыңнан
асатын кітаптар, 34 тақырыптағы техникалық
журналдарды жаздыртып алып отырды.
Бірінші жылы кітапхана қызметіне
68 мың сом қаржы жұмсалынды. Ал,
осы жылы (1930 ж.) ғылыми-зерттеу институтының
жанынан Орталық ауылшаруашылық
кітапханасы жұмыс істей
30-шы жылдары кітапхана ісінің дамуына мәдениет саласындағы қызметкерлердің материалдық жағдайы әсер етті, олардың басқа жұмысқа ауысуы жиілей түсті. Кітапханалардағы, оқу үйлеріндегі жағдайлар конференцияларда, съездерде, жиналыстарда айтылып отырды. Саяси-ағарту жұмысын жүргізетін ауылдардағы, орталықтағы кітапханалар мен оқу үйлері болды. Саяси-ағарту жұмыстарына партия және комсомол ұйымдарының хатшылары тартылды. Бірақта жұмысты алып кетуге олардың білімдері болмады. Кітапхана қызметкерлерінің білім деңгейінің төмендігі, құрамының тұрақсыздығы - осының бәрі кітапхана жұмысындағы материалдық жетіспеушіліктерден болды. Осындай жағдайлар тек Алматы қаласында ғана емес, республиканың барлық аумақтары да бастан кешіріп отырды.
Кітапханаларды
ашу мен дамытуда бөгет жасаған
субъективті факторлар да болды.
Бұл кейбір партия және Кеңес органдарының
қызметкерлерінің бұл мекемелер
мен олардың жұмысының мазмұнын
дұрыс бағаламауынан байқалады.
Мәдени-ағарту мекемелері қызметін толық
партия комитетінің үгіт-насихат
бөліміне аударған жағдайлар да кездесті.
Төңкеріске дейін бұл салада ешқандай
өзіндік дәстүрі болмаған Қазақстан
Республикасында кітапханалар жүйесі
құрылып даму жолына түсті. Осылай кеңес
елінің бейбітшілік құрылысқа өту
кезеңінде халық арасында кітапхана
ісінің маңызы артып және еңбекшілердің
саяси және мәдени жағынан дамуына
кітапханалардың үлесі зор
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы кітапхана ісінің дамуы (1941-1960 жж) деген екінші бөлімде Ұлы отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда кітапханалардың дамуы, соғыстан кейінгі жылдардағы кітапхана жұмысының барысы және оны жақсарту шаралары, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби және қоғамдық белсенділігінің артуы қарастырылады.
Соғыс - мәдениет мекемелерінің әсіресе, кітапханалар мен оқу үйлерінің жұмысына зиянын тигізбей қойған жоқ. Фашистік Германия соғысы мәдениеттің дамуын уақытша баяулатып, көптеген қиындықтар туғызды. Бұл кітапханалардағы мамандардың санының қысқаруына, барлық мәдениет мекемелерінің біразының жабылуына әкеп соқты. Кітапханалардың желісі кеміді, олардағы кітап қоры азайды. Соғыс жылдары кітапханаларды әдебиеттермен толықтыру қиын болды. Алматыдан басқа жерлердегі кітапхана коллекторлары жұмыс істемеді. Көпшілігінің жаңа кітапты сатып алуға мүмкіндігі болмады. Жағдайдың ауыртпалығынан көптеген кітапханалар жабылды. Оттың, жарықтың жетіспеушілігінен кітапханалар тек күндізгі уақытта ғана жұмыс істеді. Кітапхана мамандары - Ұлы Отан соғысы жылдарында жауды тез жеңіп шығудағы өздерінің міндеттерін дұрыс ажырата білді. Олар еңбекшілер арасында партия мен өкіметтің соғыс жағдайына байланысты шешімдерін түсіндіріп, күнделікті хабарлармен таныстырып, жұртшылыққа соғыс ісінің негіздерін игеруге, сол сияқты өндірістік кәсіпорындарда, колхоздар мен совхоздарда жаңа мамандықты меңгеруге, әскери білімді насихаттауға арнайы жұмыстар өткізді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы басты міндет – соғыс кезінде қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру болды. Осы мақсатта бірнеше маңызды шешімдер қабылданды. Соның ішінде, КОКП Орталық Комитетінің 1946-1947 жылдардағы қаулылары Республикада кітапхана жұмысының өркендеуіне зор мүмкіндіктер туғызды.
1950
жылы Қазақстанға Ресей
.
Ал,
1960 жылғы маусым айында өткен республика
кітапхана қызметкерлерінің I-ші съезі
ауыл шаруашылығы әдебиетін
Кітапханалардың басты міндеті: “Партияның съездерінің шешімдерін насихаттау, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің саясаты мен қаулы, қарарларын түсіндіру, кеңес адамдарын тәрбиелеп, олардың коммунистік саналылығы мен мәдени – техникалық дәрежесін арттыруда партия мен мемлекетке белсенді көмек көрсету болып табылады.
Қорыта
келгенде, Коммунистік партия және Кеңес
өкіметі орта арнаулы және жоғары оқу
орындарында кітапхана мамандарын даярлауда
көп көңіл бөлді. Олар қабылдаған құжаттар:
Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің
бірінші съезі (1960 ж.), Қазақ Министрлер
Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту ісі комитетінің
“Республикадағы кітапхана қызметкерлеріне
аттестация өткізу” қаулысы - кітапхана
қызметкерлерінің құрамының сапасынының
жақсаруына және мамандығын көтеру іскерлігінің
жоғары деңгейге көтерілуіне, тұрғылықты
елдерге мәдени қызмет көрсетуге негізгі
қадам болды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Республикадағы
кітапханалар жүйесінің қалыптасып
дамуын қорытындылай отырып мыналарды
атап көрсетуге болады: біріншіден,
төңкерістен бұрынғы Қазақстан
жағдайында халықтың көпшілігі сауатсыз
болған кезде кітапханалар құру туралы
сөз болуы мүмкін емес еді. Кеңес
өкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда
кітапхана жүйелерінің дамуы
халықтың сауатын ашу, білімін көтеру,
саяси көзқарасын қалыптастыру, мәдениетін
дамыту бағытындағы мекемелер құру
қажеттігіне және мамандар даярлауға
байланысты болды. Екіншіден, кітапханалар
мықты базасыз құрылып
Информация о работе Қазақстандағы ітапхана ісінің даму тарихы