ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 14:06, реферат

Описание

Әлеуметтік- мәдени салт-дәстүрлср қоғамдық сана, қоғамдық болмыспен тығыз байланысты, бір-біріне зор әсерін тигізеді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзгеруі халықтың тарихын қүрайды. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер халықтың тарихи дамуының барысында қалыптасатын жеке адамдардың өзара қарым-қатынасын, қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып, санаға сіңген тәртіп, этика, қалыптасқан рухани мәдениет.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 41.00 Кб (Скачать документ)

ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР 

  Әлеуметтік- мәдени салт-дәстүрлср қоғамдық сана, қоғамдық болмыспен тығыз байланысты, бір-біріне зор әсерін тигізеді. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың өзгеруі халықтың тарихын қүрайды. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер халықтың тарихи дамуының барысында қалыптасатын жеке адамдардың өзара қарым-қатынасын, қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып, санаға сіңген тәртіп, этика, қалыптасқан рухани мәдениет.

  Соңғы   жылдары    (60-70   жыл)    қазақ   халқының әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлері ескіліктің қалдықтары дсп сыналып, оны жақтағандар артта қалған, надан адам немесе ұлтшыл делініп келді. Ондағы мақсат — жалғыз казақтардың емес, барлық халықтардың ұлттық сана-сезімін құртып, жаңа тарихи жетістік — коммунистік сана иесі — совет халқын құрмак болу әрекеті еді. Осы мақсаттағы саясатты  Мәскеудегі  бастықтардан бастап  ең  жырақта жатқан ауылдардың басшыларына дейін қатаң жүргізіп келді. Соның нәтижесінде әсіресе қатты сорлаған қазақ халқының  әлеуметтік-мәдени  дәстүрлері,   тілі,   рухани мәдениеті.  Рас, осы кезеңде де дүниежүзілік прогресс бағытымен қол жеткен табыстарды мүлде атамай кету әділетсіздік болар еді. Қазакстанда театр, кино, радио, теледидар, телефон, жоғары білім беру, кітап, газет шығару тағы да басқа жаңалықтар жасалғанын айтпауға болмайды. Бірақ олардың бәрінің әрекеті қазақ халқының өрлеуі үшін емес, оны тезірек советтік социалистик ұлтқа айналдыру үшін бағытталған еді. Соның себебінен қазақ халкы аштан қырылып азайғанына қоса, рухани да тоза бастады.

Арақ ішу, темекі тарту және бұрын казақта аты жоқ қылмыстар жасау көбейіп кетті. Кейбір үп-үлкен, саналы деген қазіргі қазақтар арақ ішіп, темекі тартқанды өздерінше мәдениеттіліктің белгісі деп санайды. Шын мәнісінде бұл — қазақ мәдениетіне, қазақтың рухани мұраларына қарама-қайшы әрекеттер, елді мәңгүрттікке жетелейтін жол. 
 

ҚАЗАҚ АУЫЛЫ — РУЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛЕСТІК

  Қазақ қоғамының негізі басқа да қоғамдар, мемлекеттер, халықтардікіндей отбасы шаңырақ (семья) деген ұғымнан туындайды. Бірақ көшпелі қазақ коғамының негізі жеке от басьг шаңырақтан гөрі ірілеу бірлестік — ауыл болды. Мұның себебі жеке шанырақ Қазақстан жағдайында көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес еді. Кем дегенде 3-4 шаңырак бірігіп, құрамында 15-16 адам болған жағдайда оның ішінде бала-шағаның қолынан жеңіл-желпі (қозы бағу сияқты) жұмыс істеу келгенде ғана олар көшіп-қону, малын бағып-қағып, сауып, күнелте алады. Сол себепті көшпелі қазақ қоғамының негізі ауыл дегеннің де катесі жоқ, ол, қайта, дұрыстау. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ ауылын бір әулет деп қараған да теріс емес. Рас, бір ауылдың барлық адамы туыс адам болуы шарт емес, олай болмаған да.

  Ауылдың ауыл болып қалыптасуына шаруашылық, экономикалық шарттар әсер, ықпал еткен. Бірақ ауыл адамдары басым көпшілік жағдайда бір рудың, бір тайпаның адамдары болатын. Сонымен қатар бөтен рудың, бөтен тайпаның, тіпті, бөтен ұлттың өкілдері де басында «кірме» болып, соңынан құдандалы — жекжаттық қарым-қатынасқа түсіп, ауылға, қазақ қоғамына судай сіңіп кететін. Ондайды тек шежіре қуалаған көнекөз кәрі қүлақ қарттар ғана ажыратып отыратын.

Қазақтың көшпелі ауылының қалыптасуы, адам саныныи өсуі, малының өсуіне тікелей байланысты. Бір ауылда, бір отарда бір мыңнан артық қой, бір табында (қоста) 400-500-ден артық жылқы, 100-ден артық түйе бағу мүмкін емес. Себебі одан артық малдың тұяғы басқан жердің шөбі шықпай қалады, бағып-кағу да қиын және мал соншама көп шоғырланган жерде оның санитарлық-гигиеналық нормалары бұзылады,  мал ауру-сырқауға шалдығады.  Сондықтан малшы қауым малды бөліп бағуға мәжбүр болды. Іс жүзінде бүл — ауыл бөлінді деген сөз. Көпшілік жағдайда малдың иесі бай ұлын үйлендіріп, оған отау тігіп, еншісін бөліп беріп, жеке ауыл ғып шығарады. Енді бір ретте бай «қалың беріп қатын алып» дегендей екінші әйелге үйленіп «кіші ауыл» пайда болады. Мүндай ауылдар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олардың барлығы өздерін бір атпен -пәленшенің ауылымыз деп байдың, мал иесінің атымен атайды. Енші алып шыққан байдың ұлдары да алдындағы малы өзінікі болғанымен, әкесінің көзі тірісінде өздерін әкесінің ауылымыз деп есептейді. Кіші әйелдердің ауылдары болса да байдың атымен аталады. «Қазақ байыса катын алады, сарт байыса там (үй) салады» деген макалдың төркіні осында жатыр.

  Бай — көшпелі қазақ ауылындагы мал мсн жанның иесі, шаруаны жете білетін, істің көзін тауып істей алатын, еті тірі, пысық адам. Жалқау, әлжуаз, шаруадан хабары шамалы, іскер емес адам байи алмайды, бай болу ондай адамның колынан келмейді. Кейбір байлар дүние-мүлікке мастанып, балаларын ауыр еңбекке салуға аяп, оларды еркелетіп, шаруаның байыбына бара алмайтын адам етіп өсіреді. Ондай байбатшалар жақсы ат мініп, жақсы киім киіп, той-думаннан қалмай, өмірді қызықшылықпен өткізіп жүреді. Ақырында есейе келе, шаруашылық ауыртпалығы өздеріне түскенде, тоғышарлықтары айқын білініп, әкеден қалған малға иелік жасай алмай, кедейленіп-ақ қалады. Ал еті тірі, пысық, шаруаны жақсы меңгерген еңбекқор, көзі ашық жас жігіт, кедей шыңырақтан шыққанымен, кешікпей қолы байлыққа жетуі мүмкін. Оның себебі — мал шаруашылығы бабын тапса, өте жоғары өнім береді. Мұндай мысаллар қазақтың тарихында көптеп кездеседі. (Мысалы, Құнанбай — Абайдың әкесі — жасында кедей болыпты). «Кедей байға жетем дейді, бай құдайға жетем дейді» деген мақал — қазақтың өмірден түйген тұжырымы.

  Ауылдағы барлық шаруашылықтың, малдың, жанның билігі мал иесі — байдың қолында болған. Ол өзінің мол тәжірбиесіне    негізделіп    маңайындағы    басқа    ауыл ақсақалдарымен кеңесе отырьп, бар шаруаны басқарған. Ауьл адамдарының міндеттерін анық бөліп беріп, олардың орындалуын   қадағалайды.   Баласына   (балаларына)   өз тәжірибесін үйретеді: жас кезінде мал бақтырудан бастап, есейе келе, адам жұмсауды, сауда жасап (мал және оның өнімін сатып, тұрмысқа керек мүлікті сатып алуды), пайда табуды үйретеді. Көшу-қонудың, жер-судың, ауа-райының, мал жағдайын қарастырудың тиімді жолдарын, әдістерін үйретеді. Сондыктан байдьң баласы жасынан-ақ кедейдің баласынан гөрі жан-жақты тәрбие алып өседі. Баласын шаруа етіп тәрбиелеген бай өзі баска да істермен айналысып, баласын шаруаны басқаруға баулиды. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деген мақал осыдан туған. Себебі ертең, енші алып шыққанда кіші ауылдың, отау ауылдың билігі осыған тиеді.

  Ауылдың шаруашылығының басты жұмыстары байдың билігінде болғанымен, ауылдың ішкі шаруасына ол араласа қоймайды, ауылдың әйелдерін жұмсамайды. Ауылдың ішкі істсрін басқаратын байдың әйелі, ауыл әйелдерінің басшысы, байлықтың жемісін өз қолынан үлестіретін, қазанның, сабаның, тамақтың, сусынның иесі, байбатшаларың шешесі – бәйбіше. 
 

Информация о работе ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР