Мәдени мұра

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 18:56, творческая работа

Описание

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

Работа состоит из  1 файл

Мәдени мұра.pptx

— 1.42 Мб (Скачать документ)

Мәдени мұра

 

бағдарламасы

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.» 
Н. Ә. Назарбаев

    • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы

Мақсаты:            

Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету

 

Мiндеттерi:  елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулетескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен  әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру.

 

 Бағдарлама бойынша құжаттық мұраның бiрегей үлгiлерiн сақтау, сондай-ақ оларға еркiн қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнектi ғалымдарының, ойшылдарының, оның iшiнде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгiнекидің, М.Дулатидың, Ә.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеудi жалғастыру қажет. Қолжазбалардың, сирек кездесетiн басылымдар мен кiтаптардың: "Кодекс Куманикустың, "Қорқыт Ата кiтабының" (Дрезден мен Ватикан қалаларында сақтаулы), "Оғыз-наменің" (Парижде сақтаулы), "Бабыр-наменің", "Махаббат-наменiң" (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың "Құтадғу білігінің" (Каирда сақтаулы) және қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәнi бар басқа да қолжазба ескерткiштердiң көшiрмелерiн табуды, сатып алуды немесе дайындауды жалғастыру қажет.

Нәтижесiнде:  
      тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткiштерi қайта жаңғыртылады; 
      32 ежелгi және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi; 
      мәдени инфрақұрылым кеңейтіледi, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңiнен таныстыру жөнiндегi қызмет жанданады; 
      мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесiн жасау жөнінде шаралар iске асырылады; 
      Республикалық ұлттық кiтапхана жанында Ұлттық кiтап жәдiгерлерiн табу және сатып алу, кiтаптар мен ежелгi қолжазбаларды қалпына келтiру орталығы, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағаты жанында қазiргi заманғы жабдықтармен жарақталған Мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмесiн жасау және қалпына келтiру орталығы, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшiн айрықша мәнi бар мұражай қорын түзу мен қалпына келтiру орталығы құрылады; 
      16 бағыт бойынша түрлi кiтаптар дестелерi шығарылады; 
      Қазақстанның мемлекеттiк тұтастығы мен халықтары бiрлігінің нышаны - мүсiнтас тұрғызылады; 
      деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнiлгерi тiзiмiне енгiзiлген мәдени және аралас мұра объектiлерiн күзетудiң аумақтары мен өңiрлерінің шекарасы белгiленедi; 
      елдiң қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбалары қалпына келтiрiлiп, қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшірiледi.

2007-2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы  

Бағдарлама міндеттері:    
тарих және мәдениет ескерткіштерін, оның ішінде Қазақстан тарихымен тікелей  байланысты алыс және жақын шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жөніндегі  жұмыстарды жалғастыру; археологиялық зерттеулер жүргізу; қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы  одан арғы ғылыми жұмыстарды жалғастыру; Қазақстанның тарихы, археологиясы,  этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі  басылымдар дестелерін шығаруды жалғастыру. 

 

Бағдарламаның  мақсаты:        Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын

зерделеу, сақтау және қалпына келтіру

 

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

 

Тарих және мәдениет ескерткіштерін, оның ішінде Қазақстан тарихымен тікелей байланысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жасау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;    

 

Археологиялық зерттеулер жүргізу    

Қазақ халқының мәдени мұрасы саласында одан арғы ғылыми жұмыстарды жалғастыру;

     

Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті жөніндегі басылымдар дестелерін шығаруды жалғастыру.    

Бағдарламаны іске асыру:

      2007 жылдан бастап Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Әл-Фараби этномәдени орталығы мен кесенесін, Сұлтан Бейбарыстың кесенесін салу және Каир қаласында (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру, сондай-ақ Монғолия аумағында табылған көне түркі руникалық тас жазбаларының көшірмелерін дайындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

      Қара Сопы, Мақұл Там, Мола Қалан, Ысқақ Ата, Жабрайыл Ата кесенелерінде, Қараман Ата мазарында, "Абылай хан резиденциясы" кешенінде, Семей қаласындағы бір мұнаралы және екі мұнаралы мешітте қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау;

      2008 жылы тарих пен мәдениеттің жиырма екі аса маңызды сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту, оның ішінде Қарағұл, Ботағай кесенелерін, Ақкесене мұнарасын, Қарақожа мешітін, Орал қаласындағы бірінші әскери училищенің ғимаратын, Қалжан Ахун мешіт-медресесін, Жүсіп Ата кесенесі мен мешітін қалпына келтіру;

      2009 жылы он төрт тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта жаңғырту;

      2007 жылдан бастап отыз екі қорғанды, мазараттар мен қалашықтарды, оның ішінде Бозоқ, Отырар, Сауран, Талғар, Қойлық, Сарайшық және басқа қалашықтарды археологиялық зерттеу жұмыстарын жалғастыру;

      қазақ халқының және Орталық Азияның көшпелі халықтарының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты жиырма жеті қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру, оның ішінде:

жиырма томдық қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару, жүз томдық "Бабалар сөзін", жүз томдық "Әлем әдебиеті кітапханасын", жиырма томдық "Әлемдік философиялық мұраны", он томдық "Әлемдік педагогикалық ой-сананы", ғылымның әр түрлі салалары бойынша барлығы қырық бір іргелі ғылыми басылымдарды әзірлеу және басып шығару жөніндегі жұмыстарды жалғастыру,

"Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы  

Тұжырымдаманың басым бағыттары:  
      1) ұлттық рәмiздердi қалыптастыру; 
      2) мәдени туризмдi дамыту; 
      3) ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; 
      4) өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешендi зерделеу; 
      5) жүйеленген бiлiмдi оқу процесiне енгiзу; 
      6) саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретiндегi кадр саясатын iске асыру.

Тұжырымдаманың қағидаттары мен тетiктерi

      Тұжырымдама келесi қағидаттарды ескере отырып, iске асырылады: 
      1) мемлекеттiк саясатты iске асыру барысында инновациялық көзқарасты, жүйелiлiк пен сабақтастықты қамтамасыз ету; 
      2) тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы әлемдiк тәжiрибенi пайдалану; 
      3) тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында осы заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды пайдалану; 
      4) мемлекеттiк және салалық бағдарламалары аясында iске асырылған ғылыми-зерттеу және iзденiс жобаларының жалпыға бiрдей қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету. 
      Тұжырымдаманы жүзеге асыру тетiктерi мыналар: 
      1) 2009 - 2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарын әзiрлеу; 
      2) 2009 - 2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар мониторингiн iске асыру; 
      3) "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөнiндегi ақпараттық материалдарды "Мәдени мұра" Web-сайтына орналастыру; 
      4) "Мәдени мұра" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Қоғамдық кеңестiң отырысында секциялар жетекшiлерiнiң есептерiн тыңдау.

Ұлттық рәмiздердi қалыптастыру

      Бағдарламаның жаңа кезеңiнде Есiк, Берел қорғандары және Түркiстан қаласы мен Отырар қалашығындағы бiрқатар маңызды ескерткiштер сияқты мемлекеттiлiгiмiздiң асыл қазыналарын қайта жаңғырту және оларды ұлттық рәмiздерiмiз ретiнде орнықтыру жоспарланып отыр. 
      Отырар - Ұлы Жiбек жолында орналасқан iрi сауда орталығы, мұнда әлемге әйгiлi ғұлама Әл-Фараби дүниеге келдi. Бұл - әлем тарихындағы iрi кiтапханалардың бiрi орналасқан рухани бесiк. 
      Түркiстанда халқы үшiн жан қиған, елi мен жерi үшiн қасық қаны қалғанша күрескен қазақ хандары, батырлары мен билерi жерленген. Кеңес дәуiрiнде Есiм, Тәуке, Жәңгiр хандардың, Қазыбек бидiң, Бөгенбай, Жәнiбек, Жауғаш және Қойгелдi батырлардың кесенелерi мен зираттары жойылды. 
      Аталған объектiлердiң барлығы халықты бiрiктiретiн киелi рәмiздер мен қасиеттi орындар болып саналады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция Абылай хана» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.

Айша – бибі кесенесі өзінің аңызға толы рухани құндылығымен сәулет өнеріндегі ғажайып әлемде теңдесі жоқ ескерткіш болып табылады. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

 

Мазар халық шеберлерінің қолымен XI-XII ғасырларда Алаша ханның құрметіне салынған. Оның есімі қазақтың үш жүзінің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық әйгілі кесенелердің бірі Қаракеңгір өзенінің аңғарында, оң жағалаудан 2 км қашықтықта, Малшыбай ауылынан алшақ емес жерде орналасқан. Мазарды зерттей бастау Ш.Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.).

 

1


Информация о работе Мәдени мұра