Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:04, доклад
Тіл – халықтың жан – дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттық ұлылығын танытатын басты күш. Тіл – ұлт болмысын ұғындырып, халықты бірлікке шақыратын да біріктіруші құралы. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана, ол нәтижелі болатындығына күн сайын көз жеткізіп келеді. «Тіл өлген халықтың, өзі де өледі», - деп ұлылар бекер айтпаған.
“Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі”
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбрай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімді.
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Тіл – халықтың жан – дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттық ұлылығын танытатын басты күш. Тіл – ұлт болмысын ұғындырып, халықты бірлікке шақыратын да біріктіруші құралы. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана, ол нәтижелі болатындығына күн сайын көз жеткізіп келеді. «Тіл өлген халықтың, өзі де өледі», - деп ұлылар бекер айтпаған.
Олай болса, қазақ тіліне деген құрмет керек. Тілді құрметтеуді әркім өз отбасынан бастауы қажет, ондай талапты ел билігіндегі азаматтар үлгі болып өзінен және отбасынан бастауы қажет. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өмір сүретін, қызмет ететін әлемде бір ғана ел бар, ол – Қазақстан. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата – баба алдындағы ұлы парызымыз» - деп Елбасымыз айтқандай тіліміздің мерейін көтеріп, асқақтату баршамыздың басты міндетіміз болып есептеледі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттікті айқындайтын факторлардың бірі, әрі бірегейі. Еркіндік пен теңдік берілгендіктен, өзге қанша тіл білгің келсе де біле бер, оның артықтығы жоқ. Бірақ, қазақ тіліне деген басымдықты естен шағармауымыз керек. Өйткені, қазақ тілі басқа елде қолданылып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие бола алмайды. Оның Отаны – Қазақстан.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі біздің мемлекетіміздің еш нәрсемен салыстырып, теңестіруге болмайтын нышаны ғана емес, ол еліміздің тәуелсіздігін нығайтудың, ұлттық өздік қадір-қасиетін, дәстүрін, мәдениетін сақтап қалудың және елімізді мекендеп отырған барлық ұлттар мен ұлыстардың бірін-бірі рухани байытып, олардың өзара ынтымағы мен бірлігін сақтаудың алғышарты болып саналады. «Қазақ тілін дамыту керек» деп қателесіп жүргендерге айтарым, бұл ежелден дамыған тіл, талай ғасыр жыр жырланған, Абай, Шәкәрім, Мұхтар сөйлеген, бал тамған – шешен тіл.
Егер біз тіліміздің келешегін ойласақ балаларымыздың қазақша бірінші сыныпқа баруын, балалар бақшасына барып жүрген жеткіншектердің өз тілінде сөйлеуін ойластыруымыз керек. Сонда ғана тіл дамиды. «Сөйлемесе қайдан туады, сөз сөзден туады» - деген дана халқымыз. Егер құнарлы тілдің құнын түсіріп, күнделікті қолданыс аясын кеңейтуге өзіміз үлес қоспасақ, өзгелерден қалай талап етеміз. «Құлағына мақта тыққандарға» бұл аз айтылып жүрмегені аян. Қорыта айтқанда, тіліміздің тағдыры – біздің өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау - өзгені емес, өзімізді сыйламау. Тіл мәселесінің байыбына жетіп, түйінін шешу - өз шаруамыз, әрқайсымыздың төл ісіміз. Басқа бірде – бір мемлекет тіл мәселесін көтеріп даурығып жатқан жоқ. Оны бізге сырттан келіп, ешкім де шешіп бермейді. Сондықтан уақыт оздырмай жұмыла іске кірісу қажет және оны әркім өзінен өз отбасынан, өз жұмыс орнынан бастағаны жөн. Мысалы Алматы облысы әділет органдарында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бір айғағы – біздің Ескелді аудандық әділет басқармасы атқарып жатқан жұмыс. Мұнда жыл басынан бері барлық іс-қағаздары мемлекеттік тіл-қазақ тілінде жүргізілуде. Мұның өзін мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатуға қосқан үлесіміз деп білеміз. Әр азамат қолынан келгенін аянбай өз ортасынан бастаса, мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақ болары сөзсіз. Сонда ғана ана тіліміз өз тұғырын табады. Жаңа ғасыр жаңашылдығымызды таразы басына салатынын ұмытпайық, ағайын!