Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 09:13, реферат
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.