Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:16, курсовая работа
Берілген курстық жобада орта ғасырдағы Қазақстан қалалары жайлы сөз етіледі. Ең алдымен орта ғасырдағы Қазақстан қалаларына қысқаша тоқталайық. VI – XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым – қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі – Исфиджаб ( қазіргі сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл – Макдиси берген.