Орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 19:23, реферат

Описание

Егер ХІХ ғасыр антикалық мәдениетке бас ұрып, оны тамсана мадақтаса, біздің ғасырдың мемлекеттері V-ІV ғасырлардағы Византия мәдениетіне тәнті болды. Әсіресе бізге 260 жылға жуық үстемдік еткен орыс халқы Византия мәдениетін көкке көтере мақтап, оны жан-жақты зерттеп, білуге күш салып келеді. Себебі Византия - славян әлемінің ұстазы. Оңтүстік және Шығыс славяндарындағы жазу оларға Византиядан келді. Барлық мәдениет атаулының атасы іспеттес дін де шығыс славяндарына сол Византиядан келгенін мектеп оқушылары да жақсы біледі. Әйнек жасау, храмдар салу істерін де орыстар Византиядан үйренді.

Работа состоит из  1 файл

орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті.doc

— 133.00 Кб (Скачать документ)

Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғ. өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діни ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғ. аяғы мен VIII г. басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырьларының бірінде өмір сүрген.

Доминикан орденінің (оның негізін 1215 ж. испандық монах Доминикан  қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің  ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 ж.) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғ. аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғ. «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы  атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғ.) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуға белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғ. аяғында монахтар артельдерінің бұл айтарлықтай өнер туындысы монахтар күшімен салынды, бірақ бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.

XII—XIII ғ. католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Инокентий III (1160—1216 ж.) болды. Папа дәрежесінің асқақтағаны соншалық оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.

Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан газеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (Інжілді) сондай құштарлықпен үлкен үміт-сеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдегі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» және «Махаббат» үштігінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.

Шіркеу ілімі қоғамдық ой — сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді.

Осы орайда діни білім  берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» — грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға арналған арнайы мектептер болды. IX ғ. бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін ариайы «бекзадалар мектептері» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.

XI—XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж.) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкіндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір-түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.

Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж.) — ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі — белгілі университет ғалымы, ағылшын Роджер Бэкон (1214—1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі — адамның ақыл-ойы мен тәжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.

Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны — Париж университеті (1160 ж.). Онда жалпы білім беру, медицина, құқық және дінтану факультеттері жұмыс істеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді.

Орта ғасырлық университеттік ғылымды — схоластика, яғни мектептік ғылым деп атады. Оның негізгі белгілері — шіркеуге және шіркеу қайраткерлеріне сүйену, теологиялық — догматтық алғышарттарды рациональдық принциптермен біріктіру, формальдық — логикалық мәселелерге қызығушылық және тайынның негізгі әдісі ретінде тәжірибенің рөлін бағаламау болды. Осы жағдайға байланысты шіркеудің ортағасырлық университеттердегі ықпалы өте зор болды. Ақсүйектер білім алатын қала мектебінде де діни білім беру ең басты орынға қойылды. Бірақ, университеттердің саны көбейген сайын (ХVғ. 65-ке жеткен) діни біліммен қатар медицина, өнер, құқық сиякты басқа да ғылым салалары оқытыла бастады, ал кейіннен оқу бағдарламаларына жаңа ғылым салалары енгізілді.

Орта ғасырлық Еуропаның  ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым  металды алтынға немесе күміске  айналдыра алатын субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат — адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған әдістері күмәнді және қиялға жақын болғанымен алхимия көп жағдайларда қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық алхимиктердің авторларының бірі — ағылшын монахы Роджер Бэкон мен неміс философы ұлы Алъберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жәй қарапайым металдардың алтынға айналатынына кәміл сенген және алтынды «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген.

Роджер Бэкон «патша арағында» еріген алтын өмірдің  шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт  болса өз заманының ұлы химигі болды.

Орта ғасырлық мәдениеттің  басты элементі — әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар  ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс  Англия және Скандинавия елдеріне тән  болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын — саксондық қаһармандық эпостардың бірі — 700 ж. шамасыңда жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-ғалымдардың пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс Еуролалық әдебиетте өзінің мазмұны мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі — құдайлар мен батырлар жайындағы көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың жинағы болып саналатын — «Старшая Эдда» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби туынды XII ғ. бұл елдерде латын жазуының пайда болуы кезеңінде жазылған.

Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады, Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра француздардың халықтық ерлік эпосы — «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған әскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың әскери ерліктері жайында баяндалады. ХІІ-ХІІІ ғ. неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы — «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың аңыздарына негізделген бұл жырда V ғ. Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары — уақиғаның негізгі аркауы болған.

Батыс Еуропа елдерінде  рыцарьлық поэзия да дами бастады. «Куртуаздық (сарай маңындағы) поэзия» — француз елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары _ Бертран де Борн (1140—1215 ж. шамасы), Джауфре Рюдель (1140—1170 ж. шамасы) және т.б. болды.

XII—XIII ғ. француз поэзиясының тағы бір тамаша көрінісі «ваганттар поэзиясы» болды. Ваганттар деп (латынша «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған. Олардың шығармашылығының басты ерекшелігі — вагант ақындардың католик шіркеуі мен дін басыларың олардың зұлымдық іс-әрекетін әділ сынның қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздіқ екіжүзділік, білімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттерден шіркеу мүлде арылу керек деп санады. Ал өз кезегінде ваганттар тарапынан қатал сынға ұшыраған христиан шіркеуі оларды қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын атақты жырлар ваганттар поэзиясының аса құнды шығармаларының бірі болып саналады.

XIII ғ. ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі — Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы — ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.

Италия әдебиетінде  итальян тілінде жазылған жырлар, балладалар, сонеттер басым болып  келеді. XII ғ. ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатты дәріптейтін соны бағыт — «жаңа әдемілік стиль» пайда болды. Бұл стильдің негізін салушы — болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230—1276 ж. шамасы) болды. XIII ғ. аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық көре бастады. Солардың тырнақалдысы — новеллалар жинақтары болды. Кейншен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккачо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен пайдаланды.

Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Қала әдебиетінің  дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің барлық салаларында ақсүйектердің мәдени белсеңділігімен ұштасты.

Францияда қала мәдениеті  ХІ-ХІІ ғ. туындады. Қаланың халық көп жиналатын аландарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғ. бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдар бұрынғыдан шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды. Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты қауіптенді.

Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойылымдарды ХІІІ ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі — «моралиттердің» пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы қасиеттерді шындық тұрғысынан бсйнелей білді.

Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда  шіркеулік емес мектептердің ашыла  бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мүғалімдері оқушылылардан түсетін қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы — дәл осындай қала мектептерінің көбеюі қала халқының сауаттылығын арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. XII ғ. шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Францияның ең беделді магистрі болып саналды. Петр Абелярдың тартымды, әрі қызықты дәрістері көпшілік көңілінен шықты, өйткені онда ғылымның атқаратын рөлі сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды.

Ортағасырлық Еуропаның көркем  өнер мәдениеті

Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, шамамен 1000 ж. бастап өзіндік ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — «роман» стилі болатын «Роман стилі» деген термин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді), азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі ХІ-ХІІІ ғ., әсіресе сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің көрнектілігімен үлкендігімен әсерлігімен және рационалъдылығымен ерекшеленді. Лсв Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде ою-өрнек пеи бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді». (Л. Любимов. Батыс Еуропа өнері. Алматы, 1982, 23 б.)

Информация о работе Орта ғасырдағы батыс еуропа мәдениеті