Жетім көрсең жебей жүр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 15:19, доклад

Описание

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының идеясымен сонау Алматыдан бастама алған балалар ауылының бірінші көші біздің қаламызда да жалғасын тауып, дүниедегі ең жақын адамдары ата-аналарынан айырылып, көкіректері шерге толған балаларды, тағдырдың тәлкегіне түсіп, қиын кезеңдерді бастан кешкен, жаны жаралы, жәутең көз балаларымыздың болашағына үлкен үмітпен қарап, олардың келешек өміріне өз үлесін қосып қамқор бола білген, ыстық құшағына алып, бауырына басып отырған «Маңғыстау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ директоры Асқар Жүсіпбекұлына алғысым шексіз.

Работа состоит из  1 файл

Жетім көрсең жебей жүр.doc

— 26.00 Кб (Скачать документ)


Жетім көрсең жебей жүр

 

Мақсаты: оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының идеясымен сонау Алматыдан бастама алған балалар ауылының бірінші көші біздің қаламызда да жалғасын тауып, дүниедегі ең жақын адамдары ата-аналарынан айырылып, көкіректері шерге толған балаларды, тағдырдың тәлкегіне түсіп, қиын кезеңдерді бастан кешкен, жаны жаралы, жәутең көз балаларымыздың болашағына үлкен үмітпен қарап, олардың келешек өміріне өз үлесін қосып қамқор бола білген, ыстық құшағына алып, бауырына басып отырған «Маңғыстау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ директоры Асқар Жүсіпбекұлына алғысым шексіз.

Бала үшін ата-анасының, туған-туыстарының, яғни өз отбасының алатын орны ерекше. Себебі бала барлық мейірім мен жылулықты, махаббат пен ыстық ықыласты өз отбасынан сусындап алатыны белгілі. Міне біздің облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы өз қамқорлығына 57 бүлдіршінді алып мәпелеп келеді. Олардың білім алуына, тәрбиелі болып өсуіне, жан-жақты даму жолында аянбай еңбек етіп жүрген аяулы апа-ағаларымызға алғысымыз шексіз. Балаға деген аналық, әкелік сезімге күш беріп, жетімдікті бір сәт ұмытып, аялы алақан жылуына бөленуіне жағдай жасай балаға қамқоршы ата-ана болуға бел буған отбасылар бүгінде аз емес.

Құрметті қонақтар! Біздің бүгінгі кездесуіміз махаббат, отбасы және бақытты балалық шаққа арналды. Бүгін біздер осы мерекелік залда біздің балалар ауылының тәрбиеленушілерімен жақынырақ танысып, олардың бойындағы өнері мен талабына куә боласыздар.

Диана, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында туған, 2010 жылдан бері Балалар аулында тәрбиеленуде, Ақтау қалалық №17 орта мектептің 2-сынып оқушысы. Ол Балалар аулының қоғамдық өміріне ән айтып, би билеп өз үлесін қосуда. Диананың мінезі жұмсақ, мейірімді, өзін ортада жақсы ұстайды. Өзі сондай елгезек, ұстаздар мен үлкен кісілермен өте сыпайы. Алайда оның ең ізгі арманы - өзінің үйі мен өз отбасын тауып, жарқын өмір сүру.

 

Отбасым – менің жүрегім,

Отбасым – менің тірегім.

Отбасым – менің отаным,

Тек сен деп соғар жүрегім.

 

Ана – біздің күніміз,

Біз ананың гүліміз.

Бақыты үшін баланың

Аман-есен жүріңіз.

 

Мама, мама, маматай

Сені жақсы көремін.

Өзіңмен бірге далада,

Серуендеп жүремін.

 

Тазалап бірге үй-жайды,

Сөйлесеміз дұрыстап.

Әттең бірақ күн сайын

Кетіп қалар ол жұмысқа.

 

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат анамыз,

Бізге қымбат үйіміз.

Анамызды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

 

Атам менің – жақсы адам,

Қиындықтан қашпаған.

Ол алысқа кеткенде,

Мен сағына бастағам.

Әжем менің – жақсы адам,

Барлық туыс мақтаған.

Келгенімде мектептен,

Маған тәтті сақтаған.

 

Бүгінгі біздің балаларымыздың болашағының жарқын болуына тигізер үлесі мол. Балалардың әрқайсысы өзінің сүйікті отбасын иеленіп, сүйкімді ұл мен қыз атанғысы келеді. Егеменді елімізде әр баланың жарқын өмір сүруіне және бақытты болуына жағдай жасау – біздің басты бағыттарымыздың бірі. Тәрбиеленушілеріміз бүгін өзіне дос, өкіл апа, аға табады деген үміттеміз. Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар.



Информация о работе Жетім көрсең жебей жүр