Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Работа состоит из  1 файл

Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі.docx

— 21.11 Кб (Скачать документ)

Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі

Әртүрлі ауруларды емдегенде тағамның шипалы әсерін пайдалану жөніндегі мағлұматтар ерте заманнан бері белгілі. Жалпы тәжірибе дами келе тағаммен емдеу ғылымы - диетология (емдәм тану) жеке ғылым ретінде пайда болды. Диетология - дені сау   және   әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануы туралы ілім; дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін зерттеу; және оны ұйымдастыру әдістерімен шұғылданады. Диетологияның ғылым ретінде пайда болуын кене заманнан бері Гиппократ есімімен байланыстырады. Адам   денсаулығының   мыкты   болуына   әсер ететін әлеуметтік факторлардың ішінде 50 пайызы тамақтануға, 20 пайызы қоршаған ортаның әсеріне, 20 пайызы тұқым қуалаушы қасиеттерге, тек 10 пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымдарының жетістіктеріне байланысты.  Егер  адам денсаулығына  әсер  ететін бүкіл факторлардың жиынтығын алсак,  соньщ 35 пайызы тамақтанудың үлесіне тиеді. 
Тамақтану, яғни тағамдық қорек алу – тіршіліктің негізі болып саналатын организмдегі заттек алмасудың дұрыс жүруіне, организмнің гомеостаз деп аталатын өзіндік ішкі тұрақтылығының қалыпты сакталуына, сонымен қатар қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор. 
Денсаулық дегеніміздің өзі организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеті, күші. Жағдайға сай тамақтанбау көптеген ауруларға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып табылады. ДДҰ мәліметіне қарағанда, 65 жасқа дейін өлім-жітімнің дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулармен байланысты. Соңғы жылдары өмір салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлы аурулар (жүрек қан-тамыр аурулары, диабет, семіздік, қаназдык, жемсау, обырдың кейбір түрлері жэне т.б.) саны көбейіп кетті. АҚШ-та тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын өзгерту арқылы жүрек-қан тамыры ауруларының жиілігі 2/3-ке дейін азайған.            Ұзақ өмір сүру үшін, сондай-ак жас ұрпақтың дұрыс дамып, өсуі үшін тиімді тамақтанудың және азық-түлікті зиянды заттардан  қорғаудың  маңызы ерекше. Дені   сау   және   ауырған   адамдарды   дұрыс тамақтандырудың ғылыми негіздерін нутрициология ғылымы  зерттейді.  Нутрициологияның  жетістіктері басқа ғылымдардың  (биохимия,   физиология,  т.б)  дамуымен тығыз байланысты.    Тиімді   тамақтану   дегеніміз   -   тамақ   ішу режимін бұзбай,   күнделікті   рациондағы   негізгі қоректік заттектер мен биобелсенді заттектердің организмге қажетті үйлесімділігін сақтай отырьш, қуаттың   кірісі   мен   шығынынын   тепе-теңдігін сақтау. 
Тиімді тамақтану  арқылы  ағзаға ете  қажетті пластикалық энергиялық заттектер тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдаяттарға, оның жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, байланысты ұлттық-этникалық ерекшеліктерше анықталады. Біршама дені сау, орта жастағы, аса ауыр еңбекпен айналыспайтьш адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия жеткілікті. Энергия көзі - негізгі коректік (тағамдық) заттектер. Оларға нэруыздар (белоктар), майлар, көмірсулар жатады. Осы қоректік заттектердің ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1, 1:3, 5-4 болып есептеледі. Көрсетілген арақатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп саналады. Организм күнделікті қажет қуатгы 12-15 пайыз нәруыздардың, 30-35 пайыз майлардың және 53-56 пайыз көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттектер, тағами талшықтар) міндетті түрде өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен алып отыруы қажет. Жоғарыда аты аталған заттектермен организмді толық қамтамасыз ету үшін рационға әр түрлі тағамдың өнімдер енгізілуі шарт, мысалы, жануар өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін. Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің нәруыздары 55-45 пайыз немесе тепе-тең (50:50%) арақатынаста болғаны дұрыс, ал жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер күйінде қабылдаған жөн. 
Тиімді тамақтану мен үйлесімді тамақтану деген ұғым тамақ ішу режимін сақтауды да қамтиды.  Қазіргі дамыған елдердегі тамақтану ережелерінің бұзылуын былайша жіктеуге болады:         • Тамаққа биологиялық құндылығы аз (мысалы, қант, т.б), ал   энергиялық құндылығы жоғары рафинадталған (тазартылған) өнімдерді көп пайдалану;              • Тамақка    құрамында    қаныққан май қышқылдары мол жануар өнімінен алынған майларды көп пайдалану;        • Тамақ құрамында тағами талшықтардың аз болуы (қажетті мөлшердің 1/3-і ғана);              • Микроэлементтер (темір, кобальт, мырыш,йод) тапшылығы;    • Дәрумендер тапшылығы;          • Ас тұзын қажетті мөлшерден көп пайдалану.      Бір кездері тек қана ет және дұрыс тамақтану күш береді деп саналған, яғни көп ет, май және тәттілер жеу керек деп есептелінген. Бұл пікір қоғамның кейбір бөліктерінде молшылықтың белгісі, дәулеттіліктің өлшем деңгейі болған. Бірақ, ағзадағы зат алмасу процессін ғылыми зерттеу арқылы дұрыс тамақтануда қалыптасқан пікірлер өзгеріске ұшырады.   Дұрыс тамақтану, ағзаның дұрыс қалыптасуы үшін қажетті барлық компоненттерді құрауы қажет. Оларға ең біріншіден: ақуыз, минералды тұз және су жатады, олар ағзаның «құрылыс материалдары» болып табылады. Содан кейін, көмірсулар мен майлар – қуат көзі, ақырында зат алмасуды реттеуге қажетті басқа да заттар (мысалға дәрумендер).     Дұрыс тамақтану үшін ақуыздар негізгі құрылыс материалы болып табылады. Толымды ақуздар ет, балық, сүт, ірімшік және жұмыртқа құрамдарында бар.         Минералды тұздар ағза тіндерінің (негізінен сүйектер мен тістердің) қалыптасуы үшін, жүйке және бұлшық ет талшықтарының қалыпты қозғыштығын, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті ұстап тұруға қажет. Су ағзаның бір құрастырушы бөлігі сияқты, өмір үшін өте қажетті. Адам үшін күнделікті қажетті норма 1,5 литрді құрайды.        Дұрыс тамақтану – бұл әр түрлі тағамдарды пайдалану. Ағзаға әр түрлі химиялық элементтер қажет, ал қалыпты өмір сүру үшін қажетті құрамында барлық заттары бар тағам жоқ. Бір ерекшелік – ол ананың сүті, дегенмен бұның өзі әйел адам дұрыс тамақтанғанда болады.     Дұрыс тамақтану тіндердің химиялық құрамына ықпал етеді және зиянды қоршаған орта мен ауруларға ағзаның бекемділігін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін, денсаулықтың жалпы жағдайын жақсартады.    Дұрыс тамақтанудың негізінде ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың тағамдағы оңтайлы үйлескені. Әр адам үшін олардың тағамда қанша болуы қажеттігін анықтап білу қиын емес. Барлығы адамның қандай қызмет түрін атқаратынына байланысты. Ақыл-оймен жұмыс істейтін адамдар аз қозғалады, бірақ олардың миы көп қуатты жұтады, сондықтан олардың тағамдарында күніне 100-110 г жуық ақуыз, 80-90 г жуық май және 300-350 г жуық көмірсулар болуы абзал. Ал дене белсенділігін көп жұмсайтын адамдарда қуат көзін көп шығындайтыны бұлшық ет, сондықтан олар үшін 115-120 г жуық ақуыз, 80-90 г жуық май және 400 г жуық көмірсулар қажет. Сонымен қатар, әр бір адам күнделікті дәрумендер мен талшықтарды пайдалану тиіс.        Тиімді тағамдар құрамы деп келесілерді атауға болады: ет, балық, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер. Көмірсуларына бай тағамдар аштықты жақсы қандырады (ұн тағамдары мен тәттілер), бірақ бұндай тағамның ағзаға әкелер пайдасы аз. Ұннан жасалған тағамдар мен тәттілерді пайдалануды мүлдем азайтқан жөн. Ал егер қатты тәтті жегіңіз кеп тұрса кәмпиттің орнына бір қасық бал жеңіз.         Дұрыс тамақтану күнделікті көкөністер мен жемістерді пайдалануды болжайды, олардың құрамында ағзаға қажетті минералды тұздар, дәрумендер және жеңіл қанығатын көмірсулар бар.


Информация о работе Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі