Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 12:26, реферат
Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Инвестицияның түрлері және мәні». Негізінен қазіргі таңда еліміздің нарықтық экономика жағдайында инвестиция мен шетелдік инвесторлардың рөлі маңызды деп айтуға болады. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдап отырмын. Менің рефератым негізгі екі бөлімнен тұрады: 1. Инвестицияның теориялық мәні; 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары.
КІРІСПЕ ................................................................................................................ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ .................................................................................................. 4
1. Инвестиция және оның теориялық мәні........ ........................................ 4
2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары ......................................................... 20
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................ 23
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..............................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..............................
1. Инвестиция және
оның теориялық мәні........ ..............................
2. Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық климаттың мәні
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ..............................
КІРІСПЕ
Менің қарастырып отырған рефератымның тақырыбы «Инвестицияның түрлері және мәні». Негізінен қазіргі таңда еліміздің нарықтық экономика жағдайында инвестиция мен шетелдік инвесторлардың рөлі маңызды деп айтуға болады. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдап отырмын. Менің рефератым негізгі екі бөлімнен тұрады: 1. Инвестицияның теориялық мәні; 2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары.
Мен, бірінші бөлімде «инвестиция» ұғымына тереңірек қарастырып, оның құрылымы, объектісі бойынша түрлерін талдадым. Сондай-ақ инвестицияның қайнар көздерін де қарастырдым. Рефераттың екінші бөлігінде, инвестициялық климаты ұғымына анықтама бердім және ҚР инвесторлар рөлін қарастырдым.
Инвестиция, инвестор дегендеріміз – кеңестік кезеңде едәуір белгілі болмағанымен, күллі әлемде бұрыннан кеңінен мәлім, практикалық маңызы үлкен ұғымдар. Дүниежүзілік нарықтық экономиканың негіздері, материалдық және рухани өрлеу мүмкіндіктері инвестициялаумен тікелей байланысты. Бұған экономикалық саясатта инвестицияларын молынан қамтып, әрі оны іске асыруда барлық мүмкіндіктерді іскерлікпен пайдалана білген көптеген мемлекеттердің тәжірибелері дәлел.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments)1 қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Инвестиция түсінігі мен оның әлеуметтік-экономикалық мәні жөнінде әртүрлі пікірлер мен көзқарастар бар. Осыған байланысты инвестицияны зерттеумен айналысып жүрген отандық және шетелдік ғалымдар әртүрлі сипаттайды. Үлкен экономикалық сөздікте «инвестиция» түсінігі біршама өзгеше сипатталады. Бұрынғы экономикалық ғылымда ол «күрделі қаржы бөлу» деген түсінікте болып, «негізгі қорлар бойынша біржолғы шығын» секілді мағына берген. Қазірдің өзінде де, шаруашылықпен айналысудың нарықтық жағдайына өткен кезде, инвестиция негізін материалдық немесе материалдық емес белсенділікке түрлі қаржы бөлу, яғни, нағыз капитал деп түсінеді. Атап айтсақ, инвестиция «капиталды өндіру үшін (өндірісті жаңартуға және ұлғайтуға) берілген ақшалай қаражат шығыны» үлгісі болып саналады. Дж.М. Кейнстің анықтауы бойынша «инвестиция - бұл берілген кезеңдегі өндірістік жұмыстың нәтижесіндегі капиталдық мүлікті бағалау деңгейінің ағымды түрде өсуі», не болмаса, берілген кезеңдегі, тұтынуға пайдаланылмаған, яғни, халық-кәсіпорын-қоғамға арналған әлеуметтік тиімділік. Ресей Федерациясының Инвестиция туралы заңына сәйкес инвестиция – ақша құралдары, акция және басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, айналым құралдары, лицензия, соның ішінде және тауарлық белгілерге, несиелер, кез – келген басқа мүлікке немесе мүлік құқына, интеллектуалдық баға, өнеркәсіп обьектілеріне салым және толық табыс игеруде басқа да қызмет түрлеріне және әлеуметтік тиімділікке жету ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жетуді көздейді. Осы тұрғыдан инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады.
Белгілі ағылшындық Оксфорд түсіндірмелі сөздігінде инвестицияның екі мағынасы көрсетілген:
1. «Кәсіпорын үшін
машиналар мен құрал –
2. «Активтерді шығару, мысалы: бағалы қағаз, банктегі депозит немесе қаражат және т.б., бәрінен бұрын табыс немесе капиталды ұлғайту түріндегі қаржылық қайтарымды игеру». Ал И.Бернара және Ж.К.Колпи түсіндірмелі сөздігінде инвестицияға мынандай анықтама беріледі: «Өнеркәсіп құралдарын шығару. Кең мағынада табысты игеру мен капитал шығару деп сипатталады. Жалпы қолданыс мағынасында: Бағалы қағаздар салымы. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсірдері бар. Пол Самауэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік – материалдық запастар және т.б.) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез – келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық – көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты». В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты обьектілеріне трансформацияланады. Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салым ретінде анықталады. Капиталдық салым процесі тұрғысынан қарастырсақ, инвестицияландыру дегеніміз – бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Отандық ғалымдар, мысалы, М.Т. Оспанова және Т.И. Мухамбетов инвестицияларды анықтау кезінде басты назарды мазмұндық сипаттамаға аударып қоймай, олардың мақсатты бағытталуын атап өтуді ұсывнып отыр. Осы тұрғыдан инвестициялар тікелей қоғамдық құндылықтарға материалдық емес және материалдық байлықтарға, сондай-ақ, жанама түрдегі қаржылық құралдар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы салынатын ресурстарды түсінуге болады.
Инвестициялардың мақсатты бағыттылығын бөлуге негізделіп және оның барлық анықтамаларын қарастыра отырып, біздің ойымызша кеңірек сипаттаманы былайша беруге болады. Сонымен, инвестиция деп – нәтижесінде табыс немесе әлеуметті тиімді құрылатын кәсіпорын құруға, негізгі қорларды жаңлауға, кеңейтуге, істегі кәсіпорындарды қайта құру мен техникалық жабдықтауға, жылжымайтын мүлік сатып алуға, әлеуметтік мәселелер шешуге, сонымен қатар акцияларды, облигациялар және басқа құнды қағаздар мен сатып алуға жұмсалатын мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың мүліктік және интелектуалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын түсіну қажет.
Инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға бағытталған шығындар.
Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді
Жалпы инвестиция Таза инвестиция
Объекті бойынша инвестициялық шығындар
Кәсіпкерлік инвестиция Тікелей инвестиция Портфельдік инвестиция
Неміс профессоры Вайнрих олардың қосымша объектілері бойынша инвестициялардың келесідей жіктелуін ұсынды:
Бұл жіктелім кәсіпорын басшылығына неғұрлым тиімді инвестициялық саясатты жасап шығаруға мүмкіндік беріп, жағдай жасайды.
Субъектілеріне байланысты байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:
Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:
Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып отырған субъект.
Инвестицияның қайнар көзері 2 топқа бөлінеді:
Инвестицияның ішкі көздеріне:
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ол инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.
Инвестицияның сыртқы көздері:
Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.
Шетелдік тікелей
инвестициялар шетелдік
Гранттар – халықаралық ұымдардың лабараториялық материалдарды, құралдарды сатып алып академиялық зерттеумен айналысу үшін бөлетін қоры. Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімділі қарыз грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі және демеуші елдер – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.