Инвестициялардың есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 12:37, реферат

Описание

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының ұйымдарында капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесинде де кәсіпкерликтен табыс немесе процент алу болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялардың есебі.docx

— 16.19 Кб (Скачать документ)

Инвестициялардың  есебі 

 Инвестициялар  деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл  шаруашылығының және экономиканың  басқа да салаларының ұйымдарында  капитал түрінде салынып, жұмсалынатын  шығындардың жиынтығын айтамыз.  Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі  нәтижесинде де кәсіпкерликтен  табыс немесе процент алу болып  табылады.

 Инвестиция өзінің  арналымы немесе алынған мақсаты  бойынша:қаржылық және нақты болып  бөлинеді.

 Нақты инвестициялар-бұл  кәсіпорының негізгі капиталын  және материалдық-өндірістік қорын  өсіруге салынатын салымдар.

 Қаржылық инвестициялар-бұл  субьектінің табыс алу мақсатында  пайдаланылатын активі (мысалға,  пайыздар, роялтилер, дивиденттер  және жалға ақысы), инвестицияланған  капиталдың өсімі немесе алынатын  басқа да олжалар.

 АЭСА мекемесі  басқа ұйым пакет акциясын, қатысу  үлесін алу арқылы қаржылық  салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың  деңгейіне байланысты олар: не  бақылаушы, не қаржылық немесе  субьектінің басқа да саясатына  едәуір әсер ететін болып белгіленеді.

 Егер де инвестордың  қатысу үлесі 50% және одан да  көп болса немесе 50% және одан  да көп дауыс беру құқы бар  акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын  обьект бойынша бақылануда болатын  және еншілес серіктестігі болып  табылады.

 Егер де инвестордың  қатысу үлесі 20%-тен астам болса,  бірақ оның дауыс беруге құқы  бар акциясы 50%-тен аспаса, онда  ол қаржыландырылатын обьекті  бойынша оның едәуір әсер етуінде  болатын және тәуелді серіктестік  болып табылады.

 Егер де инвестордың  қатысу үлесі 20% акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын  заңды тұлға болып табылады.

 Инвестицияның  есебі 14 «Инвестициялар» бөлімшесінің  шоттарында жүргізіледі, оның  құрамына мынандай синтеткалық  шоттар кіреді: 141 «Еншілес серіктестіктерге  салынған инвестициялар», 142 «Тәуелді  серіктестіктерге салынған инвестициялар», 143 «Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға  салынған инвестициялар», 144 «Басқа  инвестициялар».

 Бұл бөлімнің  шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер  мен бірлесіп бақыланатын заңды  тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы  инвестициялардың нақты бары  мен қозғалысы туралы мәліметті  талдап қорытындылауға бағытталған.

 Тәуелді шаруашылық  серіктестіктердің инвестициялық  есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың  едәуір ықпал етуінде болады  және ол еншілес шаруашылық  серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғасы да бола алмайды.  Субьектінің қызметіне инвестор  едәуір ықпал етеді, оның тек  20%-тен астам ғана дауыс беруші  акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер  өз инвестициясын жүзеге асыру  үшін мына екі әдістің бірін  пайдаланылады:

-үлестік қатысу  әдісі,

-құндық әдіс,

 Үлестік қатысу  әдісі-инвестицияларды иеленген  мезетте сатып алу құнымен  көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық  серіктестіктерінің таза активтеріндегі  өзгерістерде инвестордың үлесі  мойындалуына байланысты олардың  құнының өсуін (кемуін) есепке  алу әдсі.Тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза кірісінде (шы5ысында) инвестор  үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық  қызмет туралы есептегі табысқа  жатқызылады.

 Құндық әдіс- инвестицияны  алу кезінде сатып алу құны  бойынша көрсетілетін есептік  әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық  қызметінің нәтижелері туралы  есепте инвестиция табысы тәуелді  шаруашылық серіктестігінің жинақталған  жалпы таза табысың сомасынан  тиісті дивиденттердің молшері  алынғаннан кейін мойындалады.

 Еншілес шаруашылық  серіктестіктің инвестициясының  есебі. Еншілес шаруашылық серіктестік-негізгі  серіктестіктің бақылауында болатын  серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын  обьектінің 50% астам акциясын тікелей  немесе жанама емденсе жүзеге  асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің  көрсеткіштері негізгі серіктестіктің  қаржылық есеп беруінде, біріктірілген  есеп беруінде көрсетіледі, бірақ  онда қабылданған есептік саясаты  ескеріледі, сондықтан олар мына  екі әдістің бірін пайдалануы  мүмкін:

-үлестік қатысу  әдісі,

-ұзақ мерзімді  инвестицияны есептеу әдісі.

 Негізгі серіктестік  өзінің еншілес серіктестігіне  инвестициясын бөліп, біріктірілген  қаржылық есеп беруін жасайды,  ол кезде барлық жергілікті  және шетелдік еншілес серіктестіктерді  өзіне енгізеді.

 Бірлесіп бақыланатын  шаруашылық серіктестіктің инвестициясының  есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық  серіктестіктің инвестициясын жүзеге  асыру-бірлесіп жасайтын қызметтің  бір нысаны, онда бірлескен бақылау  қызметін бекіткен кезде әрбір  қатысушы шаруашылық серіктестікте  өзінің қатысу үлесі бойынша  топшылаған келісім-шартын жасайды.

 Бірлесіп бақыланатын  заңды тұлғалар активтерді бірігіп  алады, жасалған шығындарды таниды  және алынған табысты анықтайды.  Осылардың әрқайсысы өз атынан  мәмле жасай алады, өз қызметін  қаржыландыру ұшін капиталдарды  тарта алады. Бұл кезде бірлескен  қызметке қатысушылардың әрқайсысы  қызмет нәтижесінде алынған олжадан  өз үлесін алуға құқылы.

401 «Акциялар» шотында  ұйымның, басқа да мекеменің,  банктердің және т.б.-дың акцияларын  алуға жұмсалған сомалары есептелінеді. Акция-акционерлік қоғамның капиталына  белгілі бір соманың салынғанын  куәландыратын және ол оның  иесіне дивиденттер түріндегі  табыстың бір бөлігін алу құқын  беретін бағалы қағаз. 

 Акцияны алған  кезде 401 «Акциялар» шотының дебеті  бойынша және төмендегі шоттардың  кредиті бойынша шоттардың корреспонденциясы  жасалынады: сатып алынған акцияларды  сатып алу құнына-671 «Жабдықтаушылар  және мердігерлермен есеп айырысулар», 687 «Басқа кредиторлық қарыз және  төлемдер», 641 «Еншілес серіктестіктерге  қарыз»т.б.

 Акцияларды сатқан  жағдайда және басқа да жағдайда  олар есептен шығарылса, онда  акцияның баланстық құнына 843 «Бағалы  қағаздарды сатумен байланысты  шығыстары» деген шоты дебиттеледі  де, және 401 «Акция» кредиттеледі.

 Облигация деп-  ұстаушысына өз процент түрінде  тұрақты табыс беретін бағалы  қағаздардың бір түрі. Облигациясы  барлар эмитенттің (акционерлік  қоғам, мемлекеттік муниципалды  органдар және басқалар) облигацияны  шығарушының кредиторы болып  табылады. Облигация-жалған капиталдың  бір түрі. Облигацияның акциядан  айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік  қоғамның мүшесі бола алмайды  және оның дауыс беруге де  құқысы жоқ.

 Облигациямен  байланысты операциялардың есебі  402 «Облигация» шотында жүреді. 402 «Облигациялар» шотында мемлекеттік  және жергілікті займдардың проценттік  облигацияларына салынған қаржылық  инвестициялардың нақты бары  мен қозғалысы және осындай  құнды қағаздар сатып алу құнымен  есептелінеді.

 Опцион-опциондық  контрактінің нәтижесі болып  табылатын бағалы қағаз, соған  сәйкес қатысушылардың бірі біршама  уақыт өткен соң бағалы қағаздарды  алдын-ала ескерілген бағасы бойынша  алуын немесе сатуына құқығы  бар қатысушыны айтады, ал екнші  қатысушы болса, ақшалай сыйақы  алу үшін қажет болған жағдайда  бағалы қағаздарды белгілі бір  келісілген бағасы бойынша сатуға  немесе сатып алуға құқысы  бар.

 Варрант-бұл негізгі  бағалы қағаздарды шығарумен  қатар (корпоративтік артықшылығы  бар акциялар, облигациялар) көрсетілген  қор құндылықтарын сатып алуға  қызығушылық тудыру үшін пайда  болатын бағалы қағаздар. Варрант  оның иесіне белгілі бір уақыт  ішінде алдын ала белгіленген  баға бойынша сатып алынған  бағалы қағаздарға берілген құқық.  Варрантиесі –оның сатып алушысы.

 Фьючерлік контракт-мәмле  жасау кезінде белгілі бір  уақыт мерзімі ішінде белгіленген  бағалар бойынша уағда етілген  құндылықтар көлемін жеткізіп  беру туралы келісім жасалған  құнды қағаздар. Фьючерлік контракттар  бойынша есеп айырысу әрбір  қатысушыға міндеттемелерінің орындалуына  кепілдік беретін сомалар келіп  түсетін биржалық есеп айырысу  (клиринктік)палатасы арқылы жузеге  асырылады.

 Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестиция туралы шешім  қабылдау процесі ең қиын, әрі  қайшылық туғызатын қаржылық  мәселелер болып табылады. Инвестор  әрқашан да ұзақ мерзімді инвестицияға  қаражатын сала отырып бүгінгі  ақша қаражатынан бас тартып, болашақта табыс алуды көздейді. Бірақ ондай болжамды тек қана  инвестициялық жоба беру мүмкін. Сол ұзақ мерзімді инвестицияның  тиімділігін анықтау үшін, ен  көп тараған талдаудың әдісін  пайдаланылады:

-инвестициялық табыстын  орташа нормасы,

-өтеушілік,

-табыстың ішкі  нормасы,

-таза ағымдағы  құны.

1.Инвестициялық  табыстың орташа нормасының әдісімен  ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның  бағаланған кезде ұйымның белгілі  бір уақыт кезеңіндегі салық  салынғаннан кейінгі орташа жылдық  табыстан болған ауытқудан есептелінеді, демек ол жобадағы инвестицияның  орташа деңгейі мен жүзеге  асырылған қаржылық инвестицияның  арасынан алынады. Инвестициялық  табыстың орташа нормасы инвестицияның  не өсуіне, не азаюына әкеледі, яғни азайған кезде олардың қайта бағалауға тура келеді, демек оның әділ құнын қалпына келтіру керек.

2.Инвестицияның  өтеушілік мерзімін есептеу әдісі  негізінен инвестицияның бастапқы  салынған сомасын жабу үшін  қажет, өтеушілік мерзімін анықтау,  демек жобаны іске асырудан  түсетін ақшалай түсімдер сомасын,  оның бастапқы инвестиция сомасына  теқ болғанға дейін созылады  және де ол инвестицияланған  қаражаттың табыстарының есебінен  қайтарылады. Өтеушілік кезеңін  есептеу әдісі жобаның тәуекелдігі  жөніндегі мәселеге алдын ала  жауап береді.

3.Ұйымның ішкі  табыстар нормасы өзінің физикалық  мәні бойынша тек инвестициялардан  алынатын пайыздық мөлшерлемесін  қалыптастырады және сол бойынша  инвестициялық жобаны қаржыландыру  үшін несие алуына болатындығын  көрсетеді. Бұл нормалық пайыздың  мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге  асыру кезінде одан алынатын  барлық ақшалай түсетін қаражаттарының  дисконтталған құны сол жобаның  дисконтталған шығын құнымен  тең болса ғана қабылданады..

4.Таза ағымдағы  құн-бұл ұзақ мерзімді инвестицияның  тиімдділігін анықтау мақсатында  ақша ағындарын дисконттаудың  әдсі. Таза ағымдағы құн келіп  түскен ақшы ағыны мен шыққан  ақшы ағымының арасындағы айырмасына  тең.

 Қысқа мерзімді  инвестициялардың ағымдағы құнын  анықтау. Әрбір ұйым ағымдағы (нарықтық) құн бойынша қысқа мерзімді  қаржылық инвестицияларды есепке  алуға құқылы. Бұл кезде, есеп  саясаты нарық жағдайының өзгерісіне  тәуелді етіп, нарық құнының кезеңдік  өзгермесімен бірге қарастырылады.Егер  ұйым иелігіндегі алынған қаржылық  инвестициялары листнктік биржанын  қорына енгізілген болса, онда  олардың құнын кез келген кезде  анықтау қиынға соқпайды. Керісінше  жағдайда, қаржылық инвестициялар  қор биржасында түзетіліп жазылмаса,  онда нарықтық құнына белгілі  есептеулерді жүргізе отырып, иеленген  қаржылық инвестициялардың табыстылығына  байланысты анықтауға болады.

Информация о работе Инвестициялардың есебі