Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 19:53, реферат
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатымен кәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
• ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
I.Кіріспе
1.1 Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
1.2 Инвестициялардың жіктелуі.
1.3 Қазақстанның инвестициялық саясаты
1.4 Тікелей шет ел инвестициялары
II.Қорытынды
III.Қолданылған әдебиеттер
Олар мыналар:
1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды
болып табылатын мұнай-газ саласы, қара
және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде
олар халық шаруашылығындағы жекелеген
салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына
ықпал етеді.
Шетел инвестицияларын
осылайша орналастыру шетел инвесторларының
(темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі
және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда
бекітілуіне ықпал етті.
2. Шетелдік тікелей
3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен
бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда
инвестициялаудың өзінің көлеміне тең
емес пайданың ауысуына әкеліп соғады.
Мысалы, әлемдік тәжірибедегі шынайы салым
жоспарланған инвестициялар сомасыныың
20%-нен асқан жоқ, ал пайданы қайта инвестициялаудың
бұдан кейінгі процесі бухгалтерлік және
басқа да әдістерсіз қаржылардың негізсіз
ағылып кетуіне әкеліп соғады. Соңғылар
тікелей де, жанама да табыстардың елден
негізсіз “шығып кетуіне” ықпал етеді.
4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат
салаларын инвестициялау теріс жағдайларға
әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше
орынды дивидендтер алады, олар саланың
экспорттық көлемінің елеулі бөлігін
құрайды. Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге
өнімнің едәуір көллемінің өтуі кезінде
экспорттық валюталық түсім пропорциналды
дәрежеде өспейді.
5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларын
салыстырғанда, тікелей инвестициялар
ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде
ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде
әсер етеді.
6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан
Республикасына тікелей шетел инвестицияларын
тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай
алмайды. Тәжірибеде көптеген донорлар
міндеттемелер шеңберін орындауға қабілетсіз
болып келеді, тиісінше ол төлем балансына,
жұмыскерлердің әлеуметтік тұрақсыздығы
жағдайына әсер етеді.
Қазақстандағы объектілер
басқаруға өте тиімді жағдайларда беріледі:
әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден
босатылады, жұмыскерлер санын қысқартуда
еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған
өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске
салынған инвестициялар кейінгі жылдары
едәуір көлемде коммерциялық несиелеу
құнынан асып кетті.
7. Ақпараттық нарықтардың құрылмағандығы
– шетелдік басқаруға өту шарасының шектен
тыс жабық түрде жүретіндігін алдын ала
айқындайды, ол көптеген келісімдерді
бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты
болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, 1996 жылғы
қарыздарды өтеу, еңбек ақыны дер кезінде
төлеу, зауыттар жұмысының ырғақтылығы,
экспортты ұлғайту сияқты көрсеткіштері
– 1995 жылдың объектілерді шетел инвесторларының
басқаруына жаппай беру көрсеткіштерінен
едәуір төмен болды. Барлық елдердегі
сияқты, Қазақстандағы инвестициялық
процестің гүлденуі макроэкономикалық
параметрдің төмендегі факторларымен
тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне
мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын
ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі,
оларды қаржыландыру механизмінің жоқ
болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз
ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының
қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың
салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық
банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы
шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық
банктік жүйе жинақтарды салудың және
оларды инвестициялаудың шынайы активтерге
айналуының тартымдылығын қамтамасыз
етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде
тиімді инвестициялық жобалар түріндегі
төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер
банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар
жабық жағдайларда қарастырылған, осының
әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары
тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің
қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік
бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен
қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың
қаржылық жағдайының қажетті деңгейде
болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары
тәукелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер
дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы
бұрынғысынша айналым капиталын толтыру
үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап
отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру
мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға
бағыттайды.
Бесінше – жүктемеленбеу
жағдайында тұрған өндірістік салының
негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары
шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық
ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы – тиісті әдістердің
болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз
қайта бағалануына әкеліп соқты. Осының
салдарынан амортизациялық төлемдер мен
ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас
шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде,
жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан
экономикасында өндірістік шығындардың
бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен
шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің
жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде
кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы
көрініс алып отыр. Көптеген экономистер
мемлекеттік басқаруды аз талап ететін
саясаттардың жүзеге асырылуы нұсқаларын
ұсынып отыр. Бірақ жоғарыда аталған факторлар
Қазақстан Республикасының өзіне тән
ерекшеліктері жағдайында инвестициялық
белсенділікті көтеру үшін, қолайлы жағдайларды
қалыптастыру әдістерін белсенді қолдану
мемлекет тарапынан талап етіліп отыр
(бәсекелестік қабілеті бар отандық өндірушілерді
бюджеттік қаржыландыру және қолдау, балансталған
сыртқы экономикалық саясатты (СЭС) жүргізу,
өнеркәсіптік даму саясатын үйлесімді
түрде байланыстыру және т.б.).
Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты
аймағындағы кеңістік өзінің терең нарықтық
өзгерістері сатысына енуде жоғары инвестициялық
белсенділікті танытты. ІЖӨ құрылымында
негізгі капиталға инвестиция салудың
үлесі 30-40%-тен асты. Қазақстан Республикасында
жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың
мұндай сапалы сипаттамасы жоқ.
Ұзаққа созылған өндірістік құлдырау,
инфляцияның жоғары деңгейі – инвестициялық
сұраныс жолындағы тежегіштер болды. Бұл
жағдайда талдау көрсетіп отырғандай,
инвестициялардың төмендеу динамикасы
1990 жылғы деңгейге қарасты ІЖӨ-нің төмендеуі
динамикасынан бірнеше есеге көбейіп
отыр.
Инвестициялық белсенділікті
қамтамасыз ететін алғашқы себептер қатарына
мыналар жатады: бюджеттік саясаттың қатандығы
және шиеленіскен ақпараттық хал-ахуал.
Айналым капиталының инфляциялық
құнсыздануы, экономикалық байланыстардың
үзілуі, несиелерді берудегі шынайы емес
шарттар, жекешелендіру саясаты нәтижесіндегі
ауыр төлемдік дағдарыс – жаппай банкротқа
ұшырау және халық шаруашылығының барлық
салаларының қаржылық жағдайының нашарлауына
әкелді.
Мұндай жағдайларда инвестициялық
құлдырау материалдардың да, өндіріс құралдарының
да тікелей рпопорционалды түрде қысқаруына
әкеліп соқты. Экономикалық жағдайдың
ауырлығы халық шаруашылығының бірқатар
салаларын, ең алдымен қор құрайтын салалар
үшін аман қалудың қиын жағдайларын туғызды.
Экономикалық тұрғыда аман қалу үшін қазба
өнеркәсібі саласы аз шығынды болғандықтан,
ішкі де, сыртқы да инвестицияларды тарту
үшін өте басымды болды. КСРО кезінде
де көрініс тапқан техника мен құралжабдықтарды
қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық
сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі
қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі
қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40%
шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың
өзіндік қаржылары инвестицияға деген
сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра
алды. Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер
мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы
шетелдік капиталдың жаппай өктемдік
жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлкеттік меншікті жекешелендіру процестерінің
кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының
ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды.
1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел инвестициялары
6,2 млрд.доллар көлемінде тартылды.
Қазақстан Республикасының
инвестициялық саясатын дамытушы елдер
тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина
саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар
екендігін атап өтуге болады.
Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:
• Реформалаудың бірінші
кезеңі – инвестициялық жекешелендіру
қорының (ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдың
үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына
жағдай жасады.
• Екінші кезең - жекешелендіру процестерінің
белсенді жүруін және акциялардың мемлкеттік
пакеттерінің 80%-ке дейіні шетелдік инвесторларға
саталуын қамтамасыз етті, осы уақытта
төлемдердің төленбеуі және отандық тауар
өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары
қат-қабат жүріп отырды.
• үшінші кезең - жекешелендіру процесінде
республикалық нарықта шетелдік банктердің
рөлін “тереңірек” өтті; нәтижесінде
инвестициялық саясатың аргентиналық
қателіктері болған, атап айтқанда: аз
шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар
салаларының туындауына жағдай жасамай,
керісінше дәстүрлі салалар экспортын
кеңейту құралдарының дамуына жағдай
жасады. Тиімді инвестициялық саясаттың
жоқ болуы “өсу нүктесі” болып табылатын
белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік
бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты
“өсу локомотивінен” “тежеу локомотивіне”
айналдыруды, әлеуметтік реформаларды
ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының
төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық
несиенің болмауы республика халқын инвестициялық
саясаттың белсенді субъектілерінің біріне
айналдырды. Бұл кездегі тауар өндірушілердің
жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының
баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық
валютаны жоюда. Қазақстандағы саны
1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа,
яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың
құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай
Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы
орындарының саны 70 мыңға жеткен еді. Экономиканың
қазіргі кездегі төртінші кезеңге енуі
еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне
кіру нәтижесінде мемлкет рөлін күшейту
қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.
1.4 ТІКЕЛЕЙ ШЕТ ЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
Шет ел компаниялары мен мемлекеттер
басқа елдермен тікелей инвестициялар
жүргізе отырып, инвесторлар базарды тезқалдырып
кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған
қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері
көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір,
өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен
салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей
шетелдік инвестиция “ел қоры” секілді
жанамалы инвестицияның күрделі қаржы
мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып
дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне
көбірек қызығады деген қорытынды жасауға
болады. Тікелей шетелдік инвестициялар
әрқилы жүзеге асуы мүмкін.Қабылдаушы-елдердің
жергілікті қор биржаларынан осы компанияның
акцияларын компанияларға тікелей сатып
алу жолымен қатысуы шектеулі. Бұл инвестициялар
көбіне инвесторлар тиісті фирманың өндіріс
қызметін бақылау және осы ьасқару процесіне
ықпал жасай аламайтын болғандықтан, енжар,
немесе “портфельдік” деп аталады. Әдетте
шетелдік фирмаларға қатусыдың шектелуі
– бұл мемлекеттің қәсепорындарын жекешелендіру
және айырбас, қарыз акциялар секілді
мемлекеттік фирмаларды да конвертициялау.
Қабылдаушы-елдер фирмаларымен
лицензиялық келісім. Халықаралық корпорация
жергілікті фирманың белгілі бір технологиясын
өндіріп, ішкі базарда тарау үшін пайдалану
хұқын бере алады. Жергілікті фирма халықаралық
корпорацияға оның технологиясын пайдаланғаны
үшін ақы төлейді. Мұндай келісім үлкен
қатерге бас тікпей-ақ, халықаралық корпорацияның
шет ел базарына шығуына мүмкіндік береді.
Кейде халықаралық корпорация соңынан
лицензиялық келісімдер жасау үшін жергілікті
фирмалардың акцияларын сатып алады.
АҚШ-тың сауда палатасы
өз құрамына кіретін компаниялардың материалды
негізінде бір елге күрделі қаржы беру
кезінде американың халықаралық корпорациялары
нені басшылыққы алады дегенді анықтау
мақсатымен кең көлемді зерттеу жұмыстарын
жүргізеді. Жергілікті базардың мінездемсесі.
Базардың тартымдылығы мен халықаралық
корпорациялардың қызмет етуі ең басты
фактор болып саналады. Базардың арзаншылығы.
Жергілікті базарды қамтамасыз ететін,
немесе оған қол жетерліктей мүмкіндікті,
шамадан тыс болмаса да, шектейтіндей
жергілікті заң мен нормативтік жағдайлар
кәсіпорынның потенциальдық табысы мен
тиімділігін арттыру ықтимал.
Валюталық хауіп. Жергілікті
валютаның құны өзінің негізгі !әлемдік
валютаға қарағандағы) экономикалық қызметінің
нәтижелерімен күңгірт бағаланатын тұрақты
қатты валюталарға (иен, неміс маркасы,
әсересе доллар) шаққандағы халықаралық
корпорациялардың шығышы мен пайдасына
тікелей қатысты.
Қаржының қайта оралуы.
Инвесторлар қабылдаушы-елден инвестрленген
қаржының шығарылу мүмкіндігі мен кірісіне
әсер ететіндіктен, заңдар мен нормативтік
ережелерге үлкен маңыз береді. Бұл заңдарға
салық дейгейін реттеп тұратын, елден
қатты валютаны әкетуді шектейтін, немесе
осы секілді алып шығатын заттардың құжаттарын
әзірлегендегі күрделі бюрократтық (мәселен,
рұхсат алуға қатал талап қою, сол сияқты
орталық банктің келісімі секілді) процедурларды
қамтитын ережелер жатады. Тәртіп бойынша,
жергілікті бөлімшелер өздерінің туған
компанияларына дивиденд, проценттік
өтем, қаламақы, сол секілді техникалық
қызмет түрлерінде аударып отырады.
Интеллектуальды меншік
бұл компанияның метериалдық емес (мысалы
зерттеу) меншігі. Бұған техникалық прогрестер,
бағдарламалық қамсыздандырулар және
маркетинг енгізу тәсілдері жатады. Техникалық
хабарларға жекеменшіктік хұқы бар жетекші
индустриалық державаларда компаниялардың
меншіктік хұқы патенттермен, авторлық
хұқықпен, сауда маркаларымен, коммерциялық
құпияларды сақтау заңдарымен.
Сауда саясаты. Сауда саясаты
қабылдаушы-елдердің эксопрттық-импорттық
операцияларының бағасына, сонымен бірге
осындай операциялардың жүзеге асу процесіне
ықпал жасайды. Лицензиялық процедуралар
алушылардан заттарды оңай түсіру үшін
өте маңызды. Көптеген елдер өз өнімдерін
таратып болмай тұрып, экспортерлердің
бірталай шарттарды орындауын талап етеді.
Макроэкономиакалық саясат. Үкіметтің
экономикалық саясаты – инвесторлардың
сенімділігін арттыратын маңызды фактор.
Өйткені, қабылдаушы-елдерде тиімді экономикалық
саясат мүмкіндігінен экономикалық тұрақсыздық
та шамалы. Ал. Ол отындық және шет елдік
компаниялардың тиімді жұмыстарына бөгет
келтіріп, инвесторлардың күдігін көбейтеді.
Инвестициялық іс-әрекеттің
субъектілері мыналар:
-инвесторлар;
-атқарушылар;
-инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін пайдаланушылар;
-қаржыландырушы және несиелендіруші банктер;
-Қазақстанның және сонымен
қатар, шетелдердің жеке және
заңды тұлғалары;
Инвестициялық іс-әрекеттің
субъектілері инвестициялардың практикалық
реализациясы жүретін инвестициялық сферада
әлдеқайда айқын әрекет етеді.
II.Қорытынды
Қазақстан ТМД елдер арасында
экономикалық өсу қарқыны жағынан
топ жарып, алдыңғы орындардың бірінде
келеміз. Мұндай жетістікке жетуде шетелдік
инвестицияларды тартудың алатын орны
орасан зор. 2000 жылдан бастап қаржы
жағынан еңсесін көтерген отандық
кәсіпорындар кейбір салалар бойынша
қатаң бәсеке жолына түсті. Жоғарыда
айтқандай, Қазақстан бұрын тек
шикізатты экспорттаған ел болса, енді
қазіргі кезде бұл қаржыны
өңдеу сферасына жұмсауды жүзеге
асыра бастады. Бірақ қазіргі
таңда альтернативті жолдардың
арқасында инвестицияны тартудағы
бұрын көз жұмған жетіспеушіліктерге
орын бермеу керек. Инвестициялық саясатты
қатаң бақылауға, әкімшілік ақпаратты
дұрыстауға, құқықтық режимді реттеуге
ықыласымызды аударуымыз керек.
Қазақстандағы қолайлы
инвестициялық ахуалға мынадай жолдармен
қол жеткізіліп отыр:
-Саяси тұрақтылықты және алдын-ала болжауды
сақтау;
-Валютаның тұрақтылығын қолдау;
-Әлемдік экономикаға интеграцияланған
демократиялық-құқықтық мемлекет құру;
-Жекелеген аймақтардың инвестициялық
потенциалын анықтау;
Біздің инвестициялық
ахуалымыз неғұрлым қолайлы болып тұрса
да, Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының
көлемі мен сапасы бойынша басты орынға
шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен
нақты іс-қимыл қажет. Көріп отырғанымыздай,
елдегі инвестициялық климатты неғұрлым
шетел инвесторының қызығушылығын арттыратындай
етіп қалыптастыру елге шетел капиталының
барынша кең көлемде тартылуына басты
негіз болады. Осыған байланысты еліміздің
экономикалық субъектілері мен объектілерінің
арасындағы оңтайлы және үйлесімді байланысты
қамтамасыз етуіміз керек. Бұл міндетті
орындауда инновациялық жаңашылдықты,
«ноу-хау» жетістіктерін пайдаланудың
алатын орны зор. Яғни, шетел инвестицияларын
тарту кезінде мемлекетіміздегі барлық
қоғамдық даму көрсеткіштеріне дем беріп,
заманауи тенденцияларға сәйкес қайта
құруымыз керек.
III.Қолданылған әдебиеттер
Информация о работе Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер