Инвестициялық қор және оның қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:24, лекция

Описание

1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері
2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

Работа состоит из  1 файл

Инвестициялық қор және оның қызметі.docx

— 14.62 Кб (Скачать документ)

Инвестициялық қор және оның қызметі

  1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері
  2. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

«Инвестиция» ұғымы кең  мағынасында ел экономикасын қажетті  қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді.Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаны білдіреді. 

Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады:

  • Инвистициялық салымдарды әртараптандыру;
  • Бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тиым салу;
  • Бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;
  • Жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болу.

Инвестициялық қордың ұйымдық  құрылымын былайша көрсетуге  болады: акционерлердің жалпы жиналысы→басқарма→инвестициялық  қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің  жалпы жиналысының құзыреттілігіндегі негізгі мәселелрден басқа инвестициялық  қорда олар мынадай мәселелерді  шешеді:

  • Инвестициялық қордың типін қайта құру (өзгерту) туралы;
  • Инвестициялық декларацияға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы;
  • Бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркелушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.

Инвестициялық қордың басқарушысы - бағалы қағаздардың портфелін басқару  бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілген келісімшарттың негізінде әрекет ететін заңды тұлға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

ҚР-ның заңдары инвестициялық  қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді.

Екі негізгі типі: өзара  қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіледі.

Өзара қор барлық тілек білдіруші инвесторладың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор болып табылады.

Инвестициялық компания-бұл осы қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғаладың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор. Инвестициялық компанияның акциялары қор биржаларында айналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндеттемесі болмайды, артықшылығы бар акцияны шығаруға құқығы бар.

Үлестік (шартты) және акционерлік (корпорациялық) инвестициялық қорлары  бөліп көрсетіледі.

Үлестік инвестициялық қор (шартты) былайша бөлінеді:

  • Ашық – пайда 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;
  • Жабық – жарнашының (пайшының) пайда (үлесті) сатып алуға құқығы болмайды;
  • Интервалды – пайда жылына ең аз дегенже 1 мәрте сатып алуы керек.

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялық қор және оның қызметі