Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 00:38, доклад

Описание

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау қажет және қазіргі кездегі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясын өз шеңберінде қалыптастырады.

Содержание

КІРІСПЕ
1.Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ.doc

— 110.50 Кб (Скачать документ)

    Ал,  ең  соңғы  инвестициялық  объектілерді  пайдалануға  беру кезеңін

қысқаша  түрде   былай  сатылауға болады:

                                                                                                                                                                                                                                                     

  • монтаждау;
  • жөндеу;
  • өндіріс;
  • жобаны аяқтау  және оны пайдалануға беру.

    Әрбір кезеңнің  сатыланып  бөлінуінен-ақ  әр кезеңде  жүргізілетін  іс

-әрекеттер  рет-ретімен  жүзеге асырылатыны  көрініп тұр.Белгілі-бір кезеңнің, тіпті бір сатының  жүргізілмеуі  инвестициялық жобаны  дайындау мен  жүргізу процесін  бұзады.

      Несие  беруші  мен  қарыз  алушының  жобалық циклға  қатынасы әр түрлі:

      1.Жобалқы  цикл қарыз  алушы  үшін  едәуір  ұзақ   уақыт  шеңберінде іске асады,  яғни,  ол  жоба идеясының пайда  болуынан  бастап,  оның аяқталуына  дейінгі  мерзімді  қамтыса,  ал  несие  беруші  үшін жобалық  цикл  қарыз  алушыдан  өтініш   келіп  түскен уақыттан бастап,   қарыз  алушының  несие  және несиелік  шарт  бойынша  барлық  міндеттемелерін  өтеген  уақытқа  дейінгі  мерзімді  қамтиды,  яғни,   банк  үшін  жобалық  цикл  мерзімі  қысқалау.

      2.Қарыз   алушы мен  несие  беруші   жобалық циклдың  жекелеген   сатылары   шеңберінде  өздеріне   маңызды  түрлі  кезеңдерді  белгілейді.  Жобаның  мейлінше  үйлесімді   іске  асуы  несие беруші  мен қарыз алушының  жобалық циклдағы бір-бірінің  кезеңдерін  толық  білуіне  байланысты.  Банкке  қарыз  алушының  жобалық  циклін   толық  білу мынандай  мәліметтер  алу  үшін қажет:

      - жобаны іске асырудағы барлық  шығындар мен  түскен  табыстарды  білу үшін;

      - жобаны іске асыруда  пайда болатын  тәуекелдерді анықтау  үшін;

      - жобаны  іске асыруда  өз  бақылау  кестесін  құру  үшін[5].

      Айта  кететін  жайт,  жобалық циклдың   үш  сатыға  бөлінуі  барлық  жобаларға  тән.  Кейбір   банктерде бұдан  басқа  да    қосымша     сатылар

                                                                                                                                

 болуы  мүмкін. Мысалы, ХҚДБ  мамандарының  сараптауы  бойынша   жобалық  цикл  мына  кезеңдерден  тұрады:

  1. Жобаларды  таңдау;
  2. Жобаларды  дайындау;
  3. Жобаларды  бағалау;
  4. Келіссөздер жүргізу  және  жобаны  бекіту;
  5. Жобаны  жүзеге  асыру және оны  бақылау;
  6. Жобаның нәтижелерін  бағалау.

    Инвестициялық  жобаларды  қаржыландыруға  маманданған    банктер

жобалық  құжаттар,   жоба  бойынша  мамандардың лауазымды   міндеттемелері  жөнінде  мағлұматтары  бар  арнайы  нұсқаулар  дайындайды.  Мұндай  нұсқаулар  жобаның  тез іске  асуына  ықпал  етіп,  банктің  жобалық   циклін  қысқартады.  Әлемдік банктің    мәліметтеріне  сүйенсек,    инвестициялау    алдындағы   кезең   шығындарын  былайша

топтауға   болады:      

  • жобаның инвестициялық ниетінің қалыптасуы-0,2-1%;
  • инвестициялық зерттеулер 0.25-1.5%
  • жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
  • шағын жобалар үшін-1,0-3,0%;
  • ірі жобалар үшін-0,2-1,0%.

   Жобалық циклдың алғашқы кезеңінде  экономикалық міндеттерге нарықтық талаптарға  байланысты  жобаның соңғы мақсаты белгіленеді. Бұл мақсат жеке инвестор  мен Үкіметтің өндірістің қамтамасыз ету, халықтың қажеттілігін  қанағаттандыру, табиғат ресуртарын  тиімді пайдалану,  жұмыссыздықты жою үшін пайда болған  ойларынан бастау алады. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған жобалардың бірнеше түрі  болғандықтан, оның ең ұтымды  нұсқасын  таңдаудағы бір-бірден шарт-жобаның болашақтағы тиімділігі. Алғашқы кезеңдерде  жобаларды  таңдау сандық талдауларға байланысты емес, сапалық таңдауларға,  логикалық

                                                                                                                              

сызбаларды  таңдау, т.б. факторларды есепке алу  арқылы жүргізілуі  керек.  Ол үшін  алдын-ала  мынандай мәсәлелер  талданады:

  • нарық сұранысына  байланысты өндіріс көлемі;
  • қажетті қаржы  көлемі;
  • материалдық және еңбек ресурстарының  жеткіліктілігі;
  • саяси- ұйымдық  және басқарудағы кедергілердің мүмкін  болуы ,т.б.

     Инвестициялау алдындағы  кезеңде,  ең алдымен,  жобаны талдайды, есептейді, сайып келгенде оның  тиімділігін  бағалайды. Осы  мақсатта  жобалық  шешімдерді негіздеу және  дайындау үшін  әдістемелік  тәсілдер  жиынтығы, яғни,  инвестициялық  жобаларды талдауды  қолданады.Жобалық  талдаудың мақсаты – іске асырылатын жобаның нәтижелерін анықтау.  Жобаның нәтижелігі жобадан түсетін  табыстар  мен жобаға жұмсалатын ресурстардың  арасындағы айырмамен сипатталады.

     Қойылған  мақсатқа  жету үшін  жобалық  талдаудың алдына келесі міндеттер  белгіленеді:

     1.Іске  асырылатын  жобалардың  іс жүзінде  кедергі болар шектеулерді   және шаралардың  өзгерістерін  есепке ала отырып  қол жеткізетін  нәтижеге баға беру.

     2.Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың  көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.

     3.Жобаның  және оны  іске асырылу   жолдарының  бірнеше  болуына   қарай ең тиімді жобаны  қабылдауға  немесе ең тиімді нұсқаны   таңдауға шешім  шығару.

     4.Жобаны  іске асырудан  түсетін табыстарды  бағалау  және оны  инвесторлар   арасында бөлу.

     Жобалық  талдаудың  міндеттеріне инвестициялық  жобаның іске асырылуын  бағалау, жобаның  нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін                                                                                                                       

бағалау  және оптимизациялау  жатады[6].

     Кез келген    инвестициялық  жобаны талдау барысында жобаның

                                                                                                                          

түріне,   сондай-ақ оның мазмұнына және  сипатына байланысты  әр түрлі

саладағы  мамандардың қатысуы  талап етіледі. Ондай мамандарға  қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар  және т.б. жатады.

     Инвестициялық  жобаны  талдау қаралатын жобаның  артықшылықтары мен кемшіліктерін  жан-жақты бағалауға  негізделеді. Осыған  сәйкес  жобалық  талдау да бірнеше  түрлерге  бөлінеді:

  • жобаны  экономикалық  талдау,
  • жобаны  техникалық талдау;
  • жобаны  коммерциялық  талдау;
  • жобаны ұйымдастырушылық  талдау;
  • жобаны  әлеуметтік  талдау;
  • жобаны  экологиялық  талдау;
  • жобаны қаржылық талдау.   

   Ал,  жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар  аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси  жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік  көрсеткіштерінің  тура екендігін  дәлелдеуге  мүмкіндік  береді.

         Қаржыландыру  үшін инвестициялық  жобалардың тиімділігіне  баға беру  жөніндегі  әдістемелік  ұсыныстар  халықаралық  тәжірибеде  кеңінен  қолданалатын  қағидалар мен әдістерге негізделген.

         Коммерциялық тиімділікті  есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне  деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға  болады.Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін  инвестициялық жобаларды объективті түрде таңдауға мүмкіндік береді.  Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын  қамтамасыз етудің факторы б.т. 

                                      ҚОРЫТЫНДЫ 

     Сонымен,  егер  бастапқыда  инвестицияны  жүзеге асыру   жетекшілері өз  бетінше инвестицияға  қатысты  шешім  қабылдай алатын  кәсіпорынның жұмысы  болып көрінсе,  онда мұндай  жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия.  Инвестициялық  стратегиясы  деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің  анағұрлым тиімді  жолдарын таңдау түсініледі.

     Кәсіпорынның  инвестициялық стратегиясы  ұзақ мерзімді  мақсаттарға бағытталуы  қажет және сәйкес инвестициялық  жобалар мен  бағдарламаларды  іріктеп алу арқылы  ағымдағы  шаруашылық  қызмет процессінде жүзеге асырылуы тиіс.  Инвестициялық  жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процессті білдіреді,  ол кейбір жағдайлар  мен инвестициялық нарықтың  жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген.Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың далпы стратегиясы  шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты,  кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.

     Кәсіпорынның  әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған  ұзақ мерзімді мақсаттары: белгіленген  нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің  үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін инвестициялық стратегияны қалыптастыру қажет.

Кәсіпорынның  инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциялды  стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің  қиылысуы кезінде жүзеге асады және неғұрлым    стратегияның    дұрыс   жолға қойылуы  компания үшін  де   кәсіпорын  үшін де тиімділігін  арттырады,  өндіріске  ықпал   жасайды. Сонымен қатар компания  бірлігіне,  ұйымшылдығына,  мәртебесіне әсер етеді.

                                                                                                                            

                 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ    

     1.Әлжанова  Н.Ш. Инвестициялық жобалау. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 23-33 бб

     2.Бағдарлама  «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу» Экономика негіздері,№6, 2006. – 29-31 бб

      

Информация о работе Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны