Инвестициялык катынастардың құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 18:17, реферат

Описание

Ақша қорларын жинау тәсілдері:
1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т. б.

Содержание

1. Қаржылық және бюджеттік қатынастар
2. Салықтық құқық негіздері.
3. Инвестициялык катынастардың құқықтық негіздері
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.doc

— 86.50 Кб (Скачать документ)

     Ставкасы  салық салынатын айналым мөлшерінің 15 %-дан болады және (түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда) экспортқа тауар өткізу бойынша айналымға және халықаралық тасымалдарға байланысты орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша салық салынады.

     4     Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе,   халық   тұтынатын   бірінші   кезектегі   тауарлардың   бағасына   немесе   көрсетілетін   қызметтердің тарифіне енгізіледі.

     Акциздер  - тауар бағасына, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын Қазақстан Республикасынын Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.

     Акцизделенетін  тауарлар - осы тауарларды жасау  кезінде пайдаланылған материалдар  мен шикізаттардан өндірілген және ҚР аумағына әкелінген импортталатын тауарлар болып табылады.

     Акцизделенетін  тауарларга мыналар  жатады:

     1.     Спирттің барлық түрлері. .

     2.     Алкоголь өнімі.

     3.     Темекі бұйымдары.

     4.     Құрамында темекі бар басқа бұйымдар.

     5.     Бекіре және қызыл балық уылдырықтары.

     6.     Алтыннан,  платинадан немесе  күмістен жасалған зергерлік  бұйымдар.

     7.     Бензин  (авиациялық  бензинді  қоспағанда),  дизель отыны.

     8.     Жеңіл    автомобильдер    (арнайы    мүгедектерге арналған,    қолмен    басқарылатын    автомобильдерден басқа).

     9.     Атыс   және   газ   қарулары   (мемлекеттік   билік органдарының   қажеттіліктері   үшін   алынатындарынан басқа).

     10.  Газ конденсатын қоса алғанда,  шикі мұнай.

       Қызметтің акцизделенетін түрлері:

     1.     Ойын бизнесі.

     2.  Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.  
 
 

Ескерту        
Төлеу мерзімі салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін салық кезеңінің 1 тамызына дейін есепті айдың 15 кешіктірілмей  
Ставкасы двигатель     қуаты, көлеміне қарай ай-лық   есептік   көр-сеткіштен заңды        түлғалар мүліктің     жылдық қүнынан   1   пайыз, жеке  түлғалар  0,1 ден    жоғары    (365 бап) 21  пайыз,  ал жеке кәсіпкерлер,    жеке нотариустар,   адво-каттар өздері үшін 3, қызметкерлері 2 (317 бап)  
Объектісі мемлекеттік   тіркеу-ге    жататын    көлік күралдарының барлық түрі негізгі       өндірістік және өндірістік емес қүралдар,      тұрғын үйлер және т.б. еңбекақы     корынан төлейтін     төлемдер жөне т.б. (316 бап)  
Субъектісі көлік   қүралдары  бар   заңды   және жеке түлғалар меншік   иесі   бо-лып  заңды  және жеке түлғалар заңды     түлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке      нотариус-тар, адвокаттар 279-314 баптар
Салық түрі Көлік кұралдарына салынатын  салық Мүлік салығы Әлеуметтік  салык Жер   қойнауын пайдаланушыл-арға салық са-лу:

1. Үстеме пайда салығы.

2.   Арнаулы  тө-лемдер    (бонус,  роялти және т.б.)

     Ставкалары. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Ойын бизнесіне бірыңғай ставка орнатуға жергілікті өкілді органдарға да күқық беріл-ген.

     Жоғарыда  аталған тауарлар мен қызметке төленетін акциз операция жасалған күннен кейінгі оныншы күннен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

     5 Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

     Ставкалары:

     1.     Ауылшаруашылық  мақсатындағы  жерлерге   салынатын жер салығының базальщ  ставкалары 1 гектарға есептеліп  белгіленеді және топырақтың  сапасы (бонитет) 329 баптағы кесте  бойынша сараланады;

     2.     Жеке  тұлғаларға  өзіндік  (қосалқы)   үй  шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауылшаруашылық    мақсатындағы    жерлерге,    базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

     а.   Көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар жер үшін 20 теңге;

     б.   Көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшін 100 теңге;

     3.  Үй іргесіндегі жер учаскелеріне  мынадай базалық салық ставкалары  бойынша салық салынуы тиіс:

     а. Астана, Алматы және облыстық маңызы бар қалалар, мысалы көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге, ал басқа елді мекендерге келемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метр үшін де 0,20 теңге және т.с.с.

     Жергілікті  өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін. Бұлардан басқа заңда елді мекендер, өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіптер жерлеріне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман, су қоры жерлеріне, автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салық ставкалары қарастырылған.

     Заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырдан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан, ал жеке тұлғалар 1 казаннан кешіктірмей төлеуі тиіс. 

     3. Инвестициялык катынастардың  құқықтық негіздері

     Қазақстан Республикасының инвестициялар  туралы заңдары Конституцияға негізделеді, ҚР 2003 жылғы қаңтардың 8-де қабылданған "Инвестициялар туралы" Заңымен, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдермен реттеледі.

     Аталған кесімдер елдегі инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды  ынталандырудың, құкықтық және экономикалык негіздерін айқындайды, инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

     1.     Административное  право.  Оқулық,  жауапты  редакторы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.

     2.     Ағыбаев   А.   Қылмыстық   құқық.   Оқулық.   Жалпы белім.  Алматы, 2001 ж.

     3.     Алауханов    Е.    Қылмыстық    құқық.    Оку    құралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.

     4.     Айымханова  Н.   Қазақстан   Республикасының  еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.

     5.     Баққұлов     С.      Құқық     негіздері.      Оқу     құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.

     6.     Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.

     7.     Жамбылова  Р.   Заң  терминдерінің   қазақша-орысша, орысша-қазакша анықтамалық сөздігі. Алматы, 2001 ж.

     8.     Найманбаев    С.    Салықтық    құқық.    Оқу    құралы. Алматы, 1996 ж.

     9.     Сапарғалиев  Ғ.,  Ибраева А.  Мемлекет және  құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 1997 ж.

     10.   Сапарғалиев     Ғ.     Заң     терминдерінің     түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.

     11.   Сапарғалиев       Ғ.        Қазақстан       Республикасының  Конституциялық кұқығы. Оқулык. Алматы, 1997 ж.

     12.   Төлеуғалиев       Ғ.       Қазақстан       Республикасының  азаматтық кұкығы. Оқулық. Алматы, 2001 ж.

     13.   Худяков    А.    И.    Финансовое    право    Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.

     14.   Хаджиев     А.     X.     Земельное     право     Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.

     15.   Шайбеков       К.       Трудовое       право       Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж.

Информация о работе Инвестициялык катынастардың құқықтық негіздері