Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 18:31, реферат
Банктің кредит саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың шикізатқа жатпайтын салаларында оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететінбәсекеге қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Банктің кредит саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың шикізатқа жатпайтын салаларында оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететінбәсекеге қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Банктің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары мыналарды құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады:
1) инфрақұрылым
объектілерін (энергетикалық, көліктік,
телекоммуникациялық, туристік);
2) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты
өндіруді және/немесе сатып алуды, көлікпен
тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және
дайын өнімді сатуды қоса алғандағы өнеркәсіптік
өндірістерді;
3) инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты
шығаруды және/немесе сатып алуды, көлікпен
тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және
дайын өнімді сатуды қоса алғандағы ауыл
шаруашылық өндірістерді;
4) туристік, экологиялық, медициналық,
оқу, спорттық-сауықтыру және қонақ үй қызметтері
саласындағы объектілерді (коммерциялық
негізде);
Банктің шетелдегі инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің, қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капитал экспортының дамуына ықпал ететін жобалар болып табылады.
Банктің инвестициялық басымдықтарына сәйкес келетін жобалар үшін Банк мынадай қызметтерұсынады:
- орта мерзімді
(5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді
(10 жылдан 20 жылға дейін) кредит беру,
оның ішінде:
- жобаларды бірлесіп қаржыландыру және
қайта қаржыландыру;
- жобаларды жобалық қаржыландыру.
Банктің инвестициялық жоба бойынша беретін қарыздың ең аз сомасы 5 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленеді.
Банктің мыналарды қаржыландыруға тыйым салынады:
- қару-жарақ
өндіруді;
- алкоголь өнімін өндіруді;
- есірткілерді, есірткі құралдарын және
психотропты заттарды өндіруді;
- темекі бұйымдарын өндіруді;
- тұрғын үй құрылысын;
- мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін,
қоғамдық-сауықтыру кешендерін салуды;
- геологиялық барлау жұмыстарын.
Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес инвестициялық жобалардың банк сараптамасын жүргізу және білімге негізделген тәуелсіз кәсіптік тәжірибені, тәуелсіздікті және объективтілікті қолдану процедураларын жеңілдету мақсатында Банк клиенттермен жұмыс істеудің жаңа қағидаларын енгізеді, Аталған қағидалар қаржыландыруға өтінім берген кезде клиенттерге сыртқы тәуелсіз сарапшылардың мыналар бойынша қорытындысын беруді көздейді:
1) қарызды
қайтару бойынша
2) жобаны құқықтық бағалау;
3) жобаны техникалық бағалау;
4) жоба бойынша маркетинг жүргізу.
Сонымен қатар, Банк тәуелсіз сарапшыларға және сыртқы бағалау қорытындысының мазмұнына талаптар белгіледі.
Банк консервативтік саясатты жүргізеді және жобаны, қарыз алушының төлемге қабілеттілігі мен кредит қабілеттілігін банктік сараптау негізінде кредиттік және нарықтық тәуекелдерді бағалай отырып, жобаларды мұқият іріктеуді жүзеге асырады. Бұл ретте аймақтық нарықтарды қоса алғанда, технология, шикізатпен қамтамасыз ету, өнімді сату нарықтары, құрылатын немесе кеңейтілетін өндірістің бәсекеге қабілеттілігін және экспортқа бағытталғандығын бағалаумен құралдардың сапасы бөлігінде ішкі және сыртқы нарықтардың талдауына үлкен көңіл бөлінеді