Инвеститции Республики Казахстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 20:12, курсовая работа

Описание

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның реттеушілері қоғамның алға дамуынын анықтауышы факторы болып есептелінеді. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялык максаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнді ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ ……………………………………………………………. 3 б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1– ТАРАУ. Инвестиция теориясының концепциясы
және оның аспектілік ерекшеліктері
1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны және тарихи эволюциялық ерекшеліктері ……………………………………………… 4–10 бб.

1.2. Инвестицияның атқаратын қызметтері … … … … 10–12 бб.

2–ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ инвестициялық саясаты: мәні және жүзеге асырлуы.

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ стратегиялық бағдарламасына сай инвестициялық саясаты ……………13–17бб.
2.2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ инвестиция динамикасының қазіргі даму тенденциясы............... 17-19 бб.

2.3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ инвестициялық проблемалары және оларды шешу жолдары...............20-23 бб.

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................24 б.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................25 б.

Работа состоит из  1 файл

инвестиция каз.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 
 
 
 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………. 3 б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1–  ТАРАУ. Инвестиция теориясының концепциясы және оның аспектілік ерекшеліктері

1.1. Инвестицияның мәні, мазмұны және тарихи эволюциялық ерекшеліктері ………………………………………………      4–10 бб.

1.2. Инвестицияның атқаратын қызметтері … … … …   10–12 бб.

2–ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ инвестициялық  саясаты: мәні және жүзеге асырлуы.

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ стратегиялық  бағдарламасына сай инвестициялық саясаты ……………13–17бб.

2.2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ инвестиция динамикасының қазіргі даму тенденциясы...............   17-19 бб.

2.3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  инвестициялық  проблемалары және оларды шешу  жолдары...............20-23 бб.

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................24 б.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................25 б. 
 
 
 
 
 
 
 

               КІРІСПЕ

 
 

    Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржылық ресурстар, өздерінің жүктелген міндеттеріне ие болып, ал оның  реттеушілері қоғамның алға дамуынын анықтауышы факторы болып есептелінеді. Сонымен қатар еліміздегі мол табиғат ресурстары, қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялык максаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнді ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.

    Инвестициялар макро- және микроденгйде үлкен роль атқарады. Негізінде олар ел болашағын  анықтап, мемлекет экономикасының локомотивы болып келеді. Ал шетел инвестицияларын  республиканың экономикасына тарту және оларды өңдеу – мемлекеттің өндіру потенциалын көтеріп, шетелдің техникалық және басқару тәжірибесін енгізудің басты құралы болып саналады.

    Жеке  бизнесті көп пайда әкелмейтін проекттер  мен салаларға капитал салу онша қызықтырмайды, бірақ қоғам мен мемлекет үшін бұл өте қажет (көмір өндірісі, темір жол транспорты, жолдар,ауыл шаруашылық және т.б.). Нарықтық экономика  пайданы әлеуметтік тең етіп бөле алмайды, жұмыс құқұғына толық кепілдік бере алмайды, қоршаған ортаны қорғауды мақсат етпейді және қорғаусыз қоғам қабатын көтермейді.

    Мемлекеттің  басты нысаны елдегі тәртіптілікті  пен халық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету болып табылады, бұл өз жағынан  инвестициялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді

    Сонда, кез-келген мемлекеттің  экономикасы  дұрыс дамымайды, ал инвестициялар салынбайды, егер мемлекет бұған қажетті жағдай туғызбаса.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты «инвестиция» деген ұғымға ашық көзқараспен қарап, оның басты қасиеттері мен қызметтерін  түсініп, Қазақстанда болып жатқан инвестициялық ахуалға толықтай шолу жасау.мен осы жұмыста «Инвестиция: мәні, мақсаты, қызметтері» атты тақырыбымның мазмұнын ашамын деп ойлаймын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1–ТАРАУ.

ИНВЕСТИЦИЯ  ТЕОРИЯСЫНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ  ЖӘНЕ   ОНЫҢ АСПЕКТІЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 
    1. Инвестицияның түрлері және олардың атқаратын қызметтерінің ерекшеліктері.
 

    Инвестициялардың көзі жаңадан жасалған кұн немесе басқаша айтқанда, таза табыстың сақталатын бөлігі болып қалады. Кәсіпкерлер  оны өзінің табысынан және капиталды нарығынан шоғырландырады. Негізгі капиталды жаңартуға инвестициялардың көзі амортизациялык аударымдар болып танылады.

    Инвестициялар қаржылық және нақты болып  бөлінеді.

    Қаржылық  инвестицияларға - акционерлік кәсіпорындар  немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, банктік депозиттерге салымдар жатады.

    Нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі капиталына және материалды өндірістік қорлардың өсіміне салымдар болып табылады.

    Инвестициялардың  технологиялық құрылымы негізгі  капиталдың активтігі элементтердің (құрал-жабдык, негізгі құралдар) шығындары оның пассивті элементтеріне  (ғимараттар, құрылыстар)  қатысуымен аныкталады.

    Қаржылык  инвестициялар  мерзіміне байланысты келесі категорияларға жіктеледі: қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар- 1(бір) жылға дейін иелену мерзімі, ұзак мерзімді- қаржылық инвестициялар 1 жылдан артык иелену мерзімі.

    Қозғалмайтын  мүлікке инвестицияларды иемденген  субъектілер, бұл  инвестицияларды ұзак мерзімді каржылык инвестициялар ретінде есептейді.Қаржылық инвестицияларды алғанда брокерге сый ақы және процент ретінде пайда түседі. Дивидент пайыздары банктік қызметке сыйакы сияқты тікелей сатып алу құнымен бағаланады.

    Алуға дейін есептелген пайыздарды (%), дивиденттерді құрылғн құны бойынша қаржылық инвестицияларды алу, бухгалтерлік есепке сатып алушы  сатушыға төленген пайыз (%) көлемін игергендегі сатып алу құны бойынша бөлінеді.

    Сатып алу құны мен бағалы қағаздарға инвестицияларды өтеу құны арасындағы айырмасы  (сатып алу кезінде пайда болатын жеңілдік немесе сыйақы) инвесторлармен оларды пайдалану ішінде амортизацияланады.

    Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: ағымдағы құны, сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есептелінеді.

    Егер  кысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құны арасындағы ең аз бағалануы бойынша есепке алынса,баланстың құны жалпы жиынтық құны немесе инвестициялар турлері бойынша немесе жекеліген инвестициялар негізінде анықталуы мұмкін.

    Қысқа мерзімде қаржылық инвестициялардың ағымдағы құны өзгеруінен, алынған табыс немесе шығын,пайда болған  есептік кезеңінде танылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар – бухгалтерлік баланста: сатып алу құны; қайта бағалауды есепке алғандағы құны;портфель негізінде анықталынатын құн; сатып алу мен ағымдағы құны арасындагы ен аз бағалануы бойынша есепке алынады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау соммасы меншіктік капиталды ұлғайтуға жатқызылады.  Инвестициялық құны төмендегі азаю сияқты ,сол инвестициялардың қосып бағалау соммасы  есебінен жүргізіледі.

    Сол инвестицияларының қосып бағалау соммасы  болмаған (жетіспеген) кезде оның құнының төмендеуі шығынға жатқызылады.Бұрын, құны төмендеген инвестицияның қосып бағалау соммасы, сол инвестициялардан шығыны өтелгеннен кейін, ол меншіктік капиталдың ұлғаюына жатқызылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялардың құны төмендеу кезінде осы инвестициялардың баланстық құны қайта  қарастырылуы тиіс. Құнның осындай төмендеуі, әрбір инвестицияларының, әр қайсысына бөлек анықталады және есептелінеді. Бұл кезде тәуекелдің түрі мен инвестордың инвестицияланатын субъектідегі көлемі ескеріледі.

    Қаржылық  инвестициялардың шығуы кезінде, сатудан алынған табыс пен баланстық құны арасындағы айырма, шығындарды (брокер немесе дилер кынвестициязметтері ) шегергенде, табыс немесе шығын деп танылады. Егер инвестициялар бұрын, кайта бағаланған немесе ағымдагы құны бойынша бағаланған болса, онда кайта бағалау соммасы, кабылданбаган «Есептик саясатка» сайкес, табысқа немесе бөлінбеген табысқа жатқызылады.

    Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестицияларды кыска мерзімді категорияға ауыстыру келесідей жүреді:

    Сатып алу мен баланстық құнының  ең аз бағалануы бойынша, егер кыска  мерзімді қаржылық  инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнының ең ұзақ бағалануы бойынша есептелінсе. Егер инвестициялар бұрын  қайта бағаланған болса – онда ауыстыру кезінде олардың қайта бағалау сомасы есептен шығарылуы тиіс.Баланстық құны бойынша – егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құны бойынша есепке алынса.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды ұзақ мерзімді категорияларға ауыстыру келесідей жүргізіледі: Сатып алу мен ағымдағы құныны ең аз бағалануы бойынша;ағымдағы құн бойынша бейнеленеді.Табысқа келесілер кіреді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша пайыздар (%), роялти, дивиденттер мен жалпы төлемдер түріндегі  инвестициялардан табыс, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардан шығын қалудан каржылық нәтижелер;қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша өткізілген табыстар мен шығындар; сатып алу мен ағымдағы құнымен ең аз бағалануы бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды көрсету қажетті; ағымдағы құны мен құнның кері өзгеруіне дейінгі төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылык инвестициялардың құнының төмендеуінің  қайтарымсыздығы.

    Инвестициялардың тиімділігі әдетте белсенді элементтердің үлесі өскенде артады.

    Негізгі капиталдың заттай элементтерінің ( негізгі  қор, тауарлы-материалдык қорлар) артуымен қатар,материалды емес өндірістік күштердің  дамуына салымдар тез артуда, зиялылык өндірістің элементі бола бастауда. Капиталданған интелектуалды меншік кәсіпорынның негізгі капиталына салым объектісі болуда.

    Әлемде  өндірістің халықаралық өзгерістер байқалуда, ол капитал экспортының (сыртқы инвестициялар) кажетігінен туындаса,сырткы инвестициялар тура және портфельді болып бөлінеді:

    Тура  инвестициялар кәсіпорынды баскаруға қатысу құқығын береді;

    Портфельді – бұл құқықты бермейді.

    Инвестициялар – экономика дамуынын жоғары және тұрақты қарқынын камтамасыз етуді,.ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірудің, инфрақұрылымның дамуының маңызды факторы.

    Даму  мәселесінде маңызды орын алатын кәсіпорындарды қаржыландыру мен  ұзақ мерзімді несиелендіру маманданатын     инвестициялық банктер және акционерлік қоғамдарды  құру үрдісін, мемлекеттің акциялар пакетін иемденуді жургізуге, кәсіпорындар акцияларын айырбастау және  өткізуді жузеге асыру үшін құрылатын инвестициялы  қорлар басты орыналады.

    Ішкі, сондай-ақ сыртқы инвестицияларда  инвесторлар үшін қаржы  инвестициялар  белгілі бір  тәуекелмен байланысты болатынын есте сактау керек. Бұл тәуекел, есеп пен бакылаудың нашар ұйымдастырылуы, валюта бағаларының өзгеруі, қысқа мерзімді және орта мерзімді несиелерді тарту киындығы және т.б.  себепші болады. Сондай-ақ, саяси тәуекел мен стихиялық апат тәуекелдігін   инвесторлар нвестиция ескеруі керек . 

    Қаржы инвестициялар тек қана техникалық–экономикалық есептер негізінде, инвесторлеу объектісін зерттеу  негізінде ғана жүргізілуі тиіс. Онымен нарыктық қатынастар  жағдайларында тәуекел дәрежесін төмендетуді қамтамасыз етіледі.

    Қазақстан Республикасы зандамасы  экономика саласындағы инвестицияны қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық өнімдерді тиімді жүзеге асыруға бағытталған, жеңілдіктер мен преференциялар жүесі жасалған.

    Инвестициялардың соңғы мақсаты: Жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хауды өдіру; отандык тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру; экспортка бағытталған және импорты ауыстырушы өндірістерді дамыту; Қазақстан Республикасының шикізаттық базасын рационалды және кешенді қолдану; менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін енгізу; жергілікті кадрларді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу; олардың мамандық денгейін арттыру; өндірісті  интенсификациялауды қамтамасыз ету; қоршаған  табиги ортаны жақсарту.

    Қазақстан Республикасының экономика салаларын көтеру және дамыту да  шетелдік инвестициялардың маңызы зор.

    Шетелдік инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне  инвесторлар салатын, заттың – мүліктің барлық түрі мен оларға құқығы, сондай-ақ интелектуалдық меншіктік құқықтар.

      Инвестициялармен байланысты қызмет, бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, сондай-ақ шетелдік  заңды филиалдарды құру, бақылау, қызмет етуі; келісім шарттарға отыру және орындау: әр түрлі мүлікті интелектуалдық меншікке құқықты косқанда, сатып алу, колдану және пайдаланудан; басқадай мүліктік  құқықтарды алу; зайымдарды, несиелерді; мақсатты банктың  және қаржылық салымдарды ұсыну; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін, инвестициялармен байланысты басқадай қызметтен тұрады.

    Қазақстан Республикасының шетелдік  инвесторы ретінде келесілер болады: шетелдік заңды тұлғалар,  азаматтығы жоқ тұлғалар; шетелдік азаматтары; шетелде тұрақты орны бар Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.

Информация о работе Инвеститции Республики Казахстан