Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа
Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5
1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13
2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27
1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі,жаңа ел орданың нысандары,әлеуметтік сала мен туризм,ауыл шаруашылығы. Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген [7. 3б].
Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.
Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды.1993 жылы «Шеврон»корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.
Шетелдік
инвестициялар негізінен
Қорыта келе мемлекеттегі инвестициялық саясатты жүргізудегі мәні өте жоғары екеніне көзіміз жетті. Әсіресе біздің елде,себебі осы инвестициялық саясатты жүргізе отырып,біз өз мемлекетіміздің экономикасын әрі қарай дамытып,тиімді пайдалана білдік. Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ,біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет,ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет,себебі:
Мемлекеттегі инвестициялық саясаттың өткізу кедергілеріне тоқталар болсақ, біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту болып табылады.Осыған байланысты,экономика салаларының негізін құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Практика көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын сақтап және біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған жоқ [8. 121б].
Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен салыстырғанда 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін. Шетелдік инвестицияларды тартудың бір нысаны - концессиялық келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі,концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелерді, жергілікті жұмыс күшін пайдалану жағдайлары және тағы басқалары көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісімшарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, онда қабылдаушы елге экономикалық тәуелсіздігінен айрылу қаупі туындайды.
Шетелдік
инвестицияларын тартудың тағы бір
негізгі қағидасы –ол келісілген істің
екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық
тәжірибе көрсеткендей,бір жақты табыс
алуды қуалау тек елдер арасындағы инвестициялық
қарым-қатынасты қиындатады,нәтижесінде
екі жақта ұтылып қалуы мүмкін. Шетел
инвестицияларында жетекші орындарда
Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея
алып отыр. Айта кететін бір жайт,инвестициялық
белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық-құқықтық
және салық жүйесіндегі жиі өзгерістер,
халық шаруашылығының салалық және аумақтық
басқару жүйесіндегі айқынсыздық кедергі
болды. Отандық және шетелдік инвесторлар
үшін инвестициялық қызметтің,оның ішінде
шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі
қағидаларының тұрақты болуы өте маңызды.
Олардың арасында инвестициялық қызметтің
экономикалық және әлеуметтік қағидасы
негізгі болып табылады.
2.3 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан,мақсатты банк несиелерінен, үлестік жарналардан,акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан,қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан тағы басқалардан тұрады. Инвестициялық қызметтің негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларда көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса,онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.
Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:
Инвестициялар
әр түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың
айналым активтерінде де жұмсалады.
Кәсіпорындардың айналым
Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес,себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік,ішкі табыстылық,өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар,ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті,жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар,инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны белгілі және ол төменгі формула бойынша жүргізіледі.
Бұл жерде:
Осындай
есептеулердің нәтижесінде
Кәсіпорындардың
инвестициялық қызметінің жалпы
қабылданған моделінің
| ||||
Идеяны іздестіру | Жобаларды анықтау және алғашқы талдау | Қаржылық талдау және шешім қабылдау | Жобаны жүзеге асыру | Мониторинг және инвестиция- лық бақылау |
| ||||
| ||||
Қайнар көз: Тоқсейітов Н.А. Еліміздегі инвестицияларды мемлекеттік тиімді қолдану жүйесі туралы//Қазақ елі. №9, 2006 жыл,5 бет |
2
кесте – Инвестицияны
Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы жағдайлары және сонымен қатар «шектеушілер» түрінде көрініп тұр. Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған (бюджеттік) қорлар есебінен жүргізіледі,ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға жұмсалған өз қаржыларының есебінен толтырылады
Қазақствнда соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.
Енді
қаржыландыру көздері бойынша күрделі
құрылысқа инвестицияларды бөлу
көрсеткішін талдайық.
3
кесте –Қаржыландыру көздері бойынша
күрделі құрылысқа инвестицияларды бөлу
Сала түрі | 1996 | 2001 | 2007 |
Күрделіқұрылысқа
инвестициялар,барлығы
Бюджеттік қаржылар Соның ішінде: Республикалық бюджеттің Жергілікті бюджеттің Бюджеттен тыс қаржылардың есебінен Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары Жеке құрылыс салушылар Шет ел инвестициялары. |
100,0 38,9 ... ... ... 59,5 1,7 ... |
100,0 5,0 3,5 1,1 0,4 92,3 1,2 1,5 |
100,0 10,0 3,2 6,8 ... 49,4 2,0 38,6 |
Қайнар көз: Б.Тортаев. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: Статистикалық жинақ. ҚР статистика агенттігі.Қарағанды: -Алматы, 2005-316 бет. |
Информация о работе Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі