Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 10:09, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………..………..4


1. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
мен саясатының негіздері...............................................................................6
1.1. Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі ..........................................6.
1.2. Инвестициялық қызметті басқару.................................................................9.
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты .................................................... 12


2. ҚР Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау...................................14
2.1. Инвестицияларды бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қолдану ……….14
2.2. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері……………………………………………………………17
2.3. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық
саясатын жетілдіру жолдары .......................................................................20


Қорытынды .........................................................................................................23


Қолданылған әдебиеттер тізімі ..........................................................................26

Работа состоит из  1 файл

кәсіпорынның инвестициялық қызметі.doc

— 201.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған  шаралардың барлығын жүзеге асырған  соң кәсіпорынның инвестициялық  қоржыны қалыптасады. Инвестициялық  қоржын кәсіпорынның барлық инвестициялық  жобаларының жиынтығы болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың қорытынды кезеңі – инвестициялық тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын барлық инвестициялық объектілер бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.

 

1.3. Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты

 

Бүкіл инвестициялық  қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу  барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар  өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты капитал  салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді  ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы  экономикалық қызметінің тиімділігін  қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық  саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың  инвестициялық саясатына қосымша  маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

  • кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
  • өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;
  • инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
  • кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған  міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
  • жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;
  • қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
  • өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
  • инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың  ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру  және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

  • өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
  • инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
  • бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Қаражаттарды  қолайлы экономикалық және техникалық жағдайлар жасай алатын өндірістерге немесе экономика салаларына бағыттаған жөн.

Түптеп келгенде, кәсіпорындардың инвестициялық  саясаты мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • нақты және қарыз капитал тарту үшін, инвестициялық белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын шеңберінде әкімшілік және экономикалық жағдайлар жасау;
  • инвестициялық қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін инвестициялық ресурстарды орналастырудың оңтайлы механизмін қалыптастыру;
  • қарыз капитал тартудың оңтайлы стратегиясын қалыптастыру;
  • отандық және әлемдік құнды қағаздар, несие, ақша нарықтарына шығуға қолайлы жағдайлар жасау;
  • барлық инвестициялық жобаларды міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар бағалауынан өткізуді ұйымдастыру; инвестициялық жобалар тек  экономикалық табысты және салынған капиталдың өтелімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы несие берушілерді (кредиторлар мен инвесторларды) тартудың әлеуметтік және экономикалық тиімділігін де қамтамасыз етуі тиіс;
  • меншік нысанына қарамастан (мейлі коммерциялық нысандағы объектілерге, мейлі мемлекет меншігіндегі объектілерге болсын), инвестицияларды қорғаудың және сақтандырудың үнемі қолданыста болатын жүйесін қалыптастыру;
  • елдегі инвестициялық жағдайдың шарттары мен ондағы өзгерістерді үнемі қадағалау және бақылау жүйесін қалыптастыру, қажет кезінде инвестициялық жобаларға тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

2.1. Инвестицияларды  бағалау әдістерін тәжірибе

жүзінде қодану

 

Инвестициялық жобаларды  талдау әдістерін тәжірибе жүзінде  қолдану аса маңызды да күрделі  жұмыс. Инвестицияларды бағалаудың әдісін дұрыс таңдай білу, соның нәтижесінде қажетті инвестициялық жобаларды іріктеп алып, оларды жүзег асыру үшін қажетті қаржы ресурстарын тарту, оларды тиімді орналастыра білу кәсіпорынның инвестициялық саясатының дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқандығының куәсі болса керек. Сол себепті де инвестициялық сипаттағы шешімдер қабылдау үшін талдау және бағалау көрсеткіштерін толық әрі жан-жақты қарастырған жөн.

1-мысал. Кәсіпорын техникалық құралды сатып алудың тиімділігін қарастыру үстінде. Техникалық құралдың құны – 10 млн. теңге, пайдалану мерзімі – 5 жыл, амортизация бірқалыпты әдіспен есептеледі, яғни жылдық 20%. Жойылу (ликвидациялық) құны құралды қайта жөндеумен байланысты шығындарды жабуға жетерлік. Осы техникалық құралдың көмегімен өндірілген өнімді өткізуден түсетін табыс бес жыл барысына келесі тәртіппен болжамдалуда: 6800, 7400, 8200, 8000 және 6000 мың теңге. Жылдар бойынша ағымды шығындар – бірінші жылы 3400 мың теңге, келесі жылдары олардың көлемі 3% өсіп отырады деп күтілуде. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30%. 

Кәсіпорынның  қалыптасқан қаржылық-шаруашылық жағдайы  келесідей: айналымдағы капиталдың рентабельділік коэффициенті 21-22%; салынған капиталдың бағасы 19%. Инвестициялық  жобалар бойынша шешімдер қабылдаудың қалыптасқан тәжірибесіне сүйене отырып, кәсіпорын басшылығы өтелім мерзімі 4 жылдан асатын инвестициялық жобаларды тиімді деп санамайды.

Берілген мәліметтерге сүйене отырып, аталған инвестициялық  жобаның кәсіпорынның инвестициялық  саясатына сай тиімді немесе тиімсіз екендігін анықтау қажет.

Бірінші кезекте  бастапқы көрсеткіштерді жылдар бойына есептеп аламыз (2.1- кесте).

 

 

 

 

2.1- кесте

 

Инвестициялық жоба бойынша есептік көрсеткіштер

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

Өткізілген  өнімнің көлемі

6800

7400

8200

8000

5000

Ағымды шығындар

3400

3502

3607

3715

3827

Амортизация

2004

2004

2004

2004

2004

Салық салынатын  табыс

1400

1898

2593

2285

173

Корпоративтік табыс салығы

420

569

778

686

52

Таза табыс 

980

1329

1815

1599

121

Таза ақша кірістері 

2980

3329

3815

3599

2121


 

Екінші кезеңде талдау коэффициенттерін жоғарыда аталған әдістер бойынша есептеп аламыз.

Есептің шарты бойынша  инвестицияланған капиталдың бағасы 0,19%, сол себепті дисконттау коэффициентін осы мәнге теңеп, таза келтірілген табысты табамыз:

 

 

Берілген мәліметтерді өзгертпестен инвестициялық жобаның  рентабельділік индексін анықтаймыз:

 

 

Ішкі табыстылық мөлшерін анықтау үшін кезекпе-кезек әдіспен таза келтірілген табыстың мөлшері нөлге тең болатын жағдайға дейін дискоттау коэффициентінің мәнін өзгертіп отырамыз. Біздің мысалымызда ішкі табыстылық мөлшері IRR= r = 18,1% тең болады; сәйкесінше

 

 

Инвестицияланған қаражаттардың өтелімділік кезеңін анықтау үшін инвестициялық жобаның салынған инвестициялардың сомасын толық қайтаратын кезеңдерді есептейміз. Біздің жағдайда бастапқы салынған 10000 мың теңге алғашқы үш жыл ішінде толық өтеледі:

 

  демек РР = 3 жыл.

 

Табыстың есептік көрсеткіші біздің мысалымызда мынаған тең:

 

 

Жоғарыда келтірілген  көрсеткіштерді есептеп болғаннан  кейін инвестициялық жобаны талдаудың  үшінші, яғни ең шешуші, инвестициялау  немесе инвестициялар салудың қажет емес екендігі туралы шешім қабылдайтын, кезеңі басталады.

Талдау нәтижесінде  алынған көрсеткіштердің мәндеріне  көз жүгіртетін болсақ, кәсіпорынның инвестициялық жобаларды бағалаудың ұстанып жүрген әдісіне қарай  әр түрлі қорытындылар жасауға болады. Мәселен, таза келтірілген табыс, табыстылықтың ішкі мөлшері және инвестициялардың рентабельділік индексі көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, онда инвестициялық жоба тиімсіз болып табылады, яғни оны қабылдаудың қажеті жоқ. Ал енді инвестициялардың өтелімділік мерзімі және табыстың есепті көрсеткішіне сүйенер болсақ, онда аталған инвестициялық жобаны қабылдауға болады деп қорытынды жасауға болады. Мұндай жағдайда бір немесе бірнеше көрсеткіштерге сүйене отырып шешім қабылдауға болады. Түптеп келгенде мұндай шешімдерді қабылдауға кәсіпорынның алға қойған басқа да мақсаттары, шешім қабылдаушы тұлғаның өзіндік түйсік сезімі, инвестициялық қызмет бойынша тәжірибесі немесе басқа да қосымша факторлар әсер ететіні сөзсіз.

Жоғарыда келтірілген  инвестицияық талдау әдістері көп жағдайларда  бірнеше инвестициялық жобаларды  талдау барысында қолданылады. Кәсіпорын  басшылығы осы әдістерді қолдана  отырып, бірнеше инвестициялық жобалардан оңтайлы инвестициялық қоржынын қалыптастыра алады.

 

 

2.2. Кәсіпорындардың инвестициялық  қызметінің

негізгі мәселелері

 

Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып отыр.  Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине, кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.

Кәсіпорындар  үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда  кәсіпорындардың инвестициялық әлуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.

Егер Қазақстандағы  кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық  жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған  қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады (3.1- кесте).

 

 

 

 

3.1 – кесте

 

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері

 

млн. теңге 

Көрсеткіштер

2004-жыл

2005-жыл

2006-жыл

2007-жыл

2004-жыл

Меншікті қаражаттар

492 683,0

751 801,0

792 909,0

917 061,0

1 080 000

   үлесі, %

64,3

62,5

58,6

59,5

61,0

Тартылған қаражаттар:

273 182,7

451 503,3

559 202,4

625 207,4

690 131,0

Банктік несиелер

39 683,0

115 889,0

103 768,0

129 237,0

139 000,0

    үлесі, %

14,5

25,7

18,6

20,7

20,1

Шет елдік инвестициялар 

169 594,0

197 949,0

281 716,0

239 594,0

246 500,0

   үлесі, %

62,1

43,8

50,4

38,3

35,7

Бюджеттік қаражаттар

45 517,0

76 267,0

104 501,0

164 982,0

185 000,0

   үлесі, %

16,7

16,9

18,7

26,4

26,8

Өзге инвестиция көздері

18 388,8

61 388,3

69 217,4

91 394,4

119 631,0

   үлесі, %

6,7

13,6

12,4

14,6

17,3

Жалпы инвестициялар 

765 867,0

1 203 304

1 352 111

1 542 268

1 770 131

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау