Индустриалды инновациялық даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 09:46, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынанда қайта құру болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заман талабына сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз дегенді білдіреді. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттілігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелерәлемдік қаржы дағдарысына қарсы іс-шаралар қабылданған сайын айқындала түсуде.

Работа состоит из  1 файл

индустриялды инновациялык даму.docx

— 24.48 Кб (Скачать документ)

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ 
«Экономика және басқару» факультеті 
«менеджмент» мамандығы 
3 курс студенті Жетибаева Дана 
ғылыми жетекшісі: э.ғ.м. аға оқытушы Алибекова К. 

ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙҒАҒЫ

Қазақстан Республикасының  индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты өнеркәсіпті  тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген  өндірістер тұрғысынанда қайта құру болып табылады. Бұл өнеркәсіп  өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заман  талабына сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік  ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз дегенді білдіреді. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттілігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелерәлемдік қаржы дағдарысына қарсы іс-шаралар қабылданған сайын айқындала түсуде.          Қазақстан көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын тұрақты  түрде қалыптастырды. Ендігі мәселе, экономика салаларын әрта раптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Сонымен, қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсі-нетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті шаралардың бірі болып табылады. Аталған шара экономиканың әр түрлі салаларының кәсіпкерлері үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге, сыртқы нарыққа бағдарланған жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндіктер ашады. Бүгінгі таңда, экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған бәсекеге қабiлеттi өндiрiсті құру және оны дамыту индустриялды-инновациялық саясаттың негізгі бағыты болып отыр.  Қазақстан индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес экономиканың шикізаттық бағытынан, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қойғаны баршамызға белгілі.Сондықтан да, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөнінде келесідей атқарылуға тиісті міндеттер қойылуда:             - елдегі  индустриялық-инновациялық күштерді  қалыптастыру және нығайту. Бұл  саладағы іс-шаралар Қазақстанның  Даму банкі мен Қазақстандық  инвестициялық және инновациялық  қор мемлекет тарапынан жоспарланған  жұмыстарды қаржыландыратын болады;             - мемлекеттік  мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық  дамудың мақсаттарына сәйкес  қайта құру. Бұл – білім, ғылым,  қаржы фискалдық және тарифтік  саясатты жетілдіруді қажет етеді.  Мұндағы көзге көрініп тұрған  жаңа бағыт –экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;   - индустриялық-инновациялық  дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар  арасындағы түсіністік механизмін  қалыптастыру.  Қазақстан Республикасы индустриялды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің  негізгі күш-жігері әріптестік, мемлекеттік  қолдау мен айқындылыққа тең қол  жетімділік қағидаттарына негізделетін нарықтық тетіктер аясында, мемлекетпен  жеке меншіктегі бизнес арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тиімділігін  арттыруға бағытталуда. Сондай-ақ, елімізде нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешімдерде қабылданды. Индустриалды-инновациялық саясат – бұл әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі, ғылым аясындағы, техника және техника мен ғылым жетістіктерін өткізу, ҚР мемлекеттік билік органдарының қызмет формалары, бағыттары, мақсатын белгілейтін инновациялық қызметке мемлекеттің қатынасын білдіреді.

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асырудың екінші кезеңі болып  табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының түйінді бағыттарына сәйкес әзірленді.Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.           Бағдарлама  экономиканы әртараптандырудың  жүргізіліп отырған саясатының қисынды  жалғасы болып табылады әрі құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы»  бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық  құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктірді.2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейінгі қайта бөлу және қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. Ірі жобаларды  ілгерілетудің бастамашысы «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік  қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының  ірі жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар  болып табылады.   Шикізат секторымен байланысты емес және ішкі, ал кейіннен өңірлік нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдері) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.    Мемлекет  озық технологиялар трансфертіне, кейіннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазіргі заманғы импорт алмастырушы өндірісті құру үшін шетел инвесторларын тартуға  бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.         Индустриядан  кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары  бар ғылыми-технологиялық негіздерді қолдау жалғасады.      Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық  деңгейлерде экономикалық саясаттың  жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды  қолдаудың селективті шараларын  іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.       Экономикалық  саясаттың жүйелі шаралары қолайлы  макроортаны және инвестициялық  ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға  шоғырланатын болады.   Селективті  шаралар басым секторлар мен  жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады.           Мемлекет  өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын  республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын  қалыптастыру негізінде жүйелі түрде  құрады.            Экономиканың  объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық  шектеулермен ішкі келісушілікте болады. Бағдарламаға енгізілетін экономиканы  әртараптандыруды және технологиялық  жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің  жүйелік сипаты:    қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;      бизнес-ахуалды  жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;   жаппай  технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды; адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.      Қазақстанның  жаңа индустрияландырылуы әлемдік  экономиканың қазіргі даму ғұрпына  сәйкес болуы тиіс.       Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың  дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды  игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан  тезірек құтыламыз.            Индустриялық  өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны  дамыту мәселелерін кешенді түрде  шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына  кешендік сипатты бере отырып, осы  саланың даму деңгейі мен қазіргі  жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында  қателіктер мен кемшіліктердің пайда  болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі  мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің  даму сатысымен айқындалады. Осы  мақсатта қабылданған Қазақстан  Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының  айғағы.

 


Информация о работе Индустриалды инновациялық даму