Инновациялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 20:29, реферат

Описание

Инновациялық қызмет – жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

Работа состоит из  1 файл

Инновациялар.docx

— 15.47 Кб (Скачать документ)

     Инновациялар

     Инновациялық  қызмет – жаңаға идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім; практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс; әлеуметтік қызметтерге жаңа тәсіл. Жиынтығында инновацияға әкелетін ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды.

     Технологиялық инновациялар деп әзірлемемен, сондай-ақ инновацияны енгізумен байланысты ұйымдар қызметі түсіндіріледі. Көбіне өнеркәсіпте  - технологиялық жаңа өнімдер мен процестер, сондай-ақ өнімдер мен процестердегі елеулі технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында – технологиялық жаңа немесе елеулі жетілдірілген қызметтер немесе қызмет өндірудің (табыстаудың)  жетілдірілген тәсілдері.

     Технологиялық жаңа өнім – бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда немесе бар технологиялардың жаңа пайдалануға сәйкес келуі немесе зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.

     Технологиялық жетілдірілген өнім – бұл,  сапалық сипаттамаларды жақсартуға, ең жоғары тиімді компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешенді өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің  экономикалық тиімділігін арттыруға арналған қолда бар өнім.

     Инновациялық  өнім – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім.

     Мына бұйымдарды қамтиды:

     1) жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;

     2) жетілдірілген  бұйымдар;

     3) жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнімдер.

     Инновациялық  белсенді кәсіпорындар – кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, яғни қандай да бір инновациялық қызмет түрлерімен қамтылған инновациялық-белсенді кәсіпорындар сандарының зерттелетін кәсіпорындардың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.

     Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнімдік инновация және процестік инновация.

     Өнімдік инновацияға технологиялық жаңа және технологиялық жетілдірілген өнімдерді әзірлеу және енгізу кіреді.

     Процестік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Әдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кәсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ кәдімгі өндірістік тәсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.

     Өнеркәсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:

     өнімдердегі (түсінде, сәнінде және т.б.) эстетикалық өзгерістер;

     оның  конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі әсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.

     Инновацияға жұмсалған шығындар кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығыстар. Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар ескеріледі. Инновациялық қызмет түріне қарай, жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар  бөліп көрсетіледі;

     - заттандырылмаған технологияларды - өнертабыстарды пайдалануға лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;

     - өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;

     аспаптық  дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және іске қосуға; жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа жұмсалған шығындар;

     - жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық процестерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар;

     - жаңа өнімдерді рынокқа шығару бойынша маркетингтік зерттеулерге жұмсалған шығындар.

Информация о работе Инновациялар