Инновациялық инфрақұрылым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2010 в 15:33, реферат

Описание

Инновациялық кәсіпкерлік. Инновациялық қызмет. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау.

Работа состоит из  1 файл

Лекция4.doc

— 37.50 Кб (Скачать документ)

4.2. Инновациялық  инфрақұрылым .

Инновациялық  инфрақұрылым – инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін ұйымдар  жиынтығы болып табылады.

Дүниежүзілік  тәжірибе бойынша көптеген ғылыми –  техникалық саласы дамыған мемлекеттерде инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және қолдау мемлекет тарапынан жүргізіледі. Инновациялық инфрақұрылымның негізін инновациялық қорлар, венчурлы қорлар, технологиялық бизнес инкубаторлар,  технопарктер және т.б ұйымдар құрайды.

4.3. Инновациялық кәсіпкерлік.

Инновациялық  кәсіпкерлік – инновациялық қызметтің  коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырылуы. Инновациялық кәсіпкерлік үш түрлі  деңгейде жүзеге асырылады: мемлекеттік  деңгейде, ол түрлі ғылыми зертте институттарының, технопарктік құрылымдарадың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі шағын инновацияялық бизнес. Инновациялық кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері. Субъектілері:

  1. Инновацияны жасаушы және іске асырушы жеке және заңды тұлғалар;
  2. Негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндірістің және қоғамды басқарудың әр түрлі салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандырылған субъектілері технополистер, технологиялық, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік парктер технопарктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, иновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымдардың өзге де ұйымдары;
  3. Инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар;
  4. Инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын қоғамдық бірлестіктер инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.

Объектілері:

  1. Инновациялық жобалар мен бағдарламалар;
  2. Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
  3. Технологиялар, жабдықтар мен үрдістер;
  4. Өндіріс пен кәсіпкерлік инфрақұрылымы;
  5. Өндірістік, басқарушылық коммерциялық немесе өзге үдерістің сапасы мен тиімділігін едәуір жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық – техникалық, қаржы – экономикалық шешімдер инновациялық қызмет объектілері болып табылады.

4.4. Инновациялық  қызмет.

Инновациялық  қызмет – нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік қабілеттігі  үшін пайдаланылатын,  өндірістің және қоғамды  басқарудың әр түрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет. Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлері:

  1. Қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білмдерді енгізу;
  2. Экономикалық айналымды іске асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерісті жасауға бағытталған ғылыми – зерттеу, жобалау, ізденіс, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету.
  3. Инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) өткізу рыногын ұйымдастыру
  4. Өндірісті технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру.
  5. Жаңа технологиялық  үдерістерді , тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
  6. Бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемделігінің нормативтік мерзіміне жеткенге дейін жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, көрсетілген  қызмет) өндіру және (немесе) жаңа немесе жетілдіріген технологияны қолдану.
  7. Инновациялық  инфрақұрылымды құру мен дамыту.
  8. Инновациялық қызмет нәтижелерін насихаттау және инновацияларды тарату.
  9. Игеру және іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне (оның ішінде, ашылмаған ғылыми, ғылыми – техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
  10. Қазахстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлері жатады.
 

    4.5. Инновациялық  қызметті мемлекеттік  қолдау. 

    Инновациялық  қызметті мемлекеттік қолдау – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негізгі нысандарда:

    1. Инновациялық  даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламарды әзірлеу;
    2. Мемлекеттік инновацияялық саясатты іске асыру үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ететін қажетті ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау.
    3. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру
    4. Бәсекелестікке қабілетті өндірістерді құруға мемлекеттің қатысуы;
    5. Мемлекеттік тапсырыс  бойынша құрылған, инновацияларды өткізудің кепілді рыноктарын қамтамасыз ету.
    6. Отандық инновациларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады.

Информация о работе Инновациялық инфрақұрылым