Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:25, лекция
Мекеменің дамуы үшін жағдайлар жасау, тауарлы-нарық позицияларында бәсекеге қабілетті болу үшін, әсіресе нарықтық заманның өзгермелі кезеңінде инновацияларды дұрыс басқаруды талап етеді. Қазіргі заманда кәсіпорын қызметінің жоғары жетістіктерге жетуі жоғары инновациялық біліммен байланысты. Инновациялық білімді алу мен дамыту, ол білімді коммерциялық өнімге айналдыру бәсекелестер алдында біршама алда болуды қамтамасыз етеді. Сондықтан инновациялық басқару жүйесін кәсіпорынның ең маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастыру қажет.
7-тақырып: Инновациялық өнімнің нарығы
Мекеме мен кәсіпорынның жұмыс қызметі барысында пайда болатын көптеген проблемалар мен қиыншылықтар, менеджментке үнемі жаңа талаптар қояды.
Мекеменің дамуы үшін жағдайлар жасау, тауарлы-нарық позицияларында бәсекеге қабілетті болу үшін, әсіресе нарықтық заманның өзгермелі кезеңінде инновацияларды дұрыс басқаруды талап етеді. Қазіргі заманда кәсіпорын қызметінің жоғары жетістіктерге жетуі жоғары инновациялық біліммен байланысты. Инновациялық білімді алу мен дамыту, ол білімді коммерциялық өнімге айналдыру бәсекелестер алдында біршама алда болуды қамтамасыз етеді. Сондықтан инновациялық басқару жүйесін кәсіпорынның ең маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастыру қажет.
Ұйымдағы инновациялық менеджмент мәселелерін шешудегі маңызды кезең – басқару түрін талдау болып саналады. Инновацияның барлық түріне арналған универсалды ұйымдық формасы жоқ. Бірақ белгілі бір жаңа енгізілімнің мәні мен сипатына байланысты тиімді ұйымдық форманы таңдауға болады. Таңдау төмендегі қатарларға байланысты болады:
• ұйымды өзгертулерге дайындау
• техникалық саясаттың ұзақ мерзімді негізгі тенденциясы;
• олардың дамуына байланысты ойлардың және ресурстық базалардың пайда болуы;
• сыртқы ортаның ұғыну дәрежесінің жағдайы және оның өзгеруінің реакция жылдамдығы;
• сыртқы және ішкі коммуникация жағдайы.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі көптеген факторларға тәуелді – ішкі сипатына және сыртқы ортасына; заманауи басқару ресурстарды тиімді пайдалануды ғана талап етпейді, сонымен қатар нарықтық конъюнктураны есепке алуды және нарықта пайда болған пропорцияларды ескеруді қажет етеді. Әсіресе, бәсекеге қабілеттілікті күшейту инновациялық менеджменттің пайда болуы мен дамуына әсер етуші факторлардың бірі.
М.Портер әр елдегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасап, келесі қорытындыға келді: кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі сол мемлекеттің бір немесе басқа өнім түрі арқылы дүниежүзіндегі даму стартегиясын сипаттайды (сурет 1.).
Ресуртарға негізделген |
| Жиналған байлыққа негізделген |
| Инвестицияларға негізделген |
| Инновацияларға негізделген |
Сурет 1. Дүниежүзілік мемлекеттердегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз
ететін стратегия түрлері.
Табиғи және климаттық ресурстарды тиімді пайдаплануға негізделген стратегия Кувейт, Канада, Венгрия, Австралия және т.б. сипат.
Байлыққа негізделген стратегия Евпропа елдеріндегі фирмаларға, яғни басқа елдерді колониялық отаршылдықта ұстайтын елдерге тән.
Инвестициялық старетгия Азия елдеріне тән. Сырттан инвестиция әкеліп, арзан жұмысшы күшін пайдалануға, жеңілдетілген салық салу түрлері жатады.
Инновациялық стратегия өнім өндіру технологиясында көшбасша болатын және басқа елдердің қызметіне «стандарттар» құрастыратын АҚШ, Жапония, Германия және басқа көптеген фирмаларға тән.
Инновациялық қызметтің объектілері
Инновациялық қызметті іске асырғанда оның объектілер мен субъектілерін анықтаймыз.
Инновациялық қызметтің объектілері болып ұйымдастырушылық-құқтық және мемлекет ішіндегі меншік түріне тәуелсіз, кәсіпорынның техникасы мен технологиялары жатады.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және өндірістік жаңалықтар
Ғылыми-техникалық инновациялар (ҒТИ) – Өндіріс процесінде тұтынушылардың белгілі бір сұранысын қанағаттандыру үшін оларды коммерциялау мақсатында жаңа идеялар мен білімді. Жаңалық ашу мен зерттеулерді және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру. Инновацияның негізгі қасиеттері ғылыми-техникалық жаңалық және олардың өндіріске жеңіл ендірілуі.
Олай болса, ғылыми-техникалық инновациялар болуы тиіс:
- жаңалыққа ие;
- нарықтық сұранысқа ие;
- өндіріске пайда әкелуі.
Ғылыми-техникалық өнім – интеллектуалдық қызметтер түрлері (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және инновациялық). Ғылыми-техникалық өнім тауар деп саналады, егер ол жаңа білімді тереңдету, кеңейту және алу үшін, ал оны пайдалану матрериалдық өнімнің тұтынушылық бағасы тұрақты болған жағдайда қоғамдық еңбектің шығынын азайтуға мұмкіншілік береді.
Субъекты Инновациялық нарық субъктілері - бұл мемлекет, кәсіпорын, ұйымдар, университеттер, қорлар, жеке меншік иесі (ғалымдар мен мамандар).
Инновациялар нарығы айрықшаланатын ерекшеліктер қатарымен сипатталады:
• Ол нарыққа шығатын ұйым үшін дәстүрлі жаңа болып табылады ( жасалған өнімнің жаңалығына байланысты беймәлім тұтынушылармен жұмыс істеуге тура келеді);
• Ол, өткізу көлеміне бағалық саясаттың шектеулі әсерінен эластикалық емес болып табылады;
• Ол сатып алушылар мен сатушылардың шектеулі санымен сипатталады.