Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 13:37, реферат

Описание

Индустриалды – инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан.

Работа состоит из  1 файл

1.doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)
 
 

1.  Индустриалды  –  инновациялық   даму  үшін  жағдайлар жасау  

 Индустриалды  –  инновациялық   даму  үшін  жағдайлар жасау ұлттық инновациялық  жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз  ету,  индустриалды  дамыту және  техникалық реттеу және метрология  жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан. 

Ұлттық инновациялық жүйені дамыту шеңберінде, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005-2007ж.ж.) өзіне Ұлттық инновациялық қорды, Ғылыми қорын, технологиялар  Инжинирингі және трансферті орталығын, 8 аймақтық технопарктерді, 11 отандық және шетелдік венчурлық қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылған.  

Жоспарланатын кезеңде Солтүстік – Қазақстан, Оңтүстік – Қазақстан, Шығыс –  Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 4 аймақтық технопарк, Технологияларды коммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай – ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми – техникалық жұмыстарды құру және қолдау болмақ.  

Инновациялық  инфрақұрылымның қосымша элементтері  ретінде 2010-2011 ж.ж. Шығыс – Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылатын болады, 2011-2012 ж.ж. ұйымдастырылатын Каспийлік энергетикалық хабаның негізінде Мұнай газ технологиялар орталығы құрылатын болады.  
 
 

Экономиканың  инновациялық дамуының тағы да бір  маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.  

Қазақстанда шаруашылықтың  барлық салдаларында энергияны үнемдеу  және энергия тиімділігін арттыру  бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады. 

Энергиялық тиімділік  өзіне негізгі қорларды жаңғырту, өндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды  инвестициялар тарту бойынша  шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми – техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа мамандырылған түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады. 

Энергия үнемдейтін технологиялар мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік секторына ендіру көптеген пайда алуды кепілдейді. Жүргізілген зерттеулер энергия үнемдеуші технологияларға салынатын қаражаттар бірнеше айдан 5 – 7 жылға дейінгі мерзімде орнын қайта толтыратындығын көрсетеді. Генерациялайтын жаңа қуаттарды енгізген кезде бұл 2 – 3 есе көп уақытты алады. Сондай – ақ, энергия үнемдеумен энергиялық тиімділікті арттыру Қазақстанға 2011-2015 ж.ж. кезеңде шартты отының 20 – 30 миллион.тоннадан бастап отын – энергетикалық ресурстарды үнемдеуді бере алады. 

Кез – келген өнімнің өзіндік құнындағы үлкен  энергетикалық құраушы оның қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің азаюына, ал егер өнім ішкі нарықта өткізілетін  болса халықтың әл – ауқатының төмендеуіне әкелетіндігін айта кеткен жөн. 

Электрлік және жылылық энергияны тиімсіз және ұтымсыз пайдалану оны ЖЭО, ГРЭС шығаруды артуына және сәйкесінше, экологиялық жағдайдың нашарлауына  әкеледі.  

Көмірді, мұнайды, газды, электр энергиясымен жылуды тиімсіз пайдалану жақын болашақта елді энергиямен қамтамасыз етуде мәселелер туғызады себебі экономиканың электрлік және жылу энергиясына деген өспелі қажеттілігін жабу үшін бұрыннан бар генерациялайтын қуаттарды, электрлік және жылулық желілерді қайта құрылымдау және кеңейту, жаңаларын салу қажет. 

Берілген сәтке  өнеркәсіптің барлық дерлік салаларында  құрал – жабдықты жаңғыртуға деген  аса үлкен қажеттілік бар. Біздің еліміздің өнеркәсіптік сектор энергия  сыйымдылығы жағынан ЕО елдерінің  осындай көрсеткішінен 5 есе көп. Мемлекеттік Мекемелердің (мектептер, аурухзаналар т.б.) едәуір үлесі, сондай – ақ тұрғын ғимараттар тиімсіз энергиямен жабдықталған және жаңартуды қажет етеді. 

Министрлік «Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті  көтеру туралы» және «Энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті көтеру сұрақұтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеуді жүзеге асыруды. 

 Индустриалды  дамуды инвестициялық қамтамасыз ету сондай – ақ елдің  индустриалды  –  инновациялық  дамуына елеулі әсер етеді. 

Бұл бағыттың шеңберінде арнай экономикалық және  индустриалды  аймақтарды дамыту қарастырылған. 2001 жылдан бастап 6 АЭА құрылған, оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық  индустриалды  мұнай химиялық технопарк» және  индустриалды  қосалқы аймақ бөлігінде «Астана – жаңа қала» -өнеркәсіптік – өндірістік аймақтары; 2) құрылыс қосалқы аймағы бөлігінде сервистік – «Бурабай» және «Астана – жаңа қала»; 3) техникалық – ендірушілік аймақ – «Ақпараттық технологиялар паркі». Оның үстіне Астана және Қарағанды қалаларында 2  индустриалды  аймақтар құрылған, бұнымен қоса Астана қ. ИА «Астана – жаңа қала» АЭА құрамына кіргізілген.  

2001 жылы маусым  айында құрылған «Астана –  жаңа қала» АЭА аумағында жұмыс  істеген жылдар ішінде бүгінгі  күнде 255 объект тіркелген. 976,6 млрд.теңге  инвестиция тартылған, соның ішінде 556,7 млрд.теңге – жеке инвестициялар. АЭА құрамына кіргізілген  индустриалды  паркті дамытуға 2010 жылғы 2000000 мың теңге бөлінген. 

Бүгінгі таңда  Индустриалды  аймақта жалпы сомасы 170 млрд. артық теңгеге 39 жоба мәлімделген. 7500 астам жұмыс орындары құрылатын болады. Жыл сайын жалпы сомасы 105 млрд.теңгеге өнім өндіру жоспарлануда. 

2002 жылы сәуірде  құрылған «Ақтау теңіз порты»  АЭА аумағында инвестициялардың  жалпы сомасы 93 млн. АҚШ долларына  3 зауытты салу жүзеге асырылған:

Теңіз металл құрылымдар зауыты («Keppel Kazakhstan» ЖШС);

Мұнай сортаментінің  құбырларын шығару зауыты;

Эпокситті негізде  шыны талшықты құбырлар зауыты («АЗСТ» ЖШС).  

Сондай –  ақ, 500 млн.долларға 3 жоба салыну кезеңінде:

Сұйық дәрілік  түрлерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен («Ча-Кур» ЖШС Қазақстан):

Мұнай мен мұнай  өнімдерінің тарататын тиейтін  кешені («Хазар – Сервис» ЖШС  Қазақстан):

Металл құрылымдар зауыты («Дос Марин» ЖШС Норвегия–Қазақстан).  

5 жоба жобалану  кезеңінде:

ПВХ – дан  терезе профильдерін, құбырлар мен  фитингілер өндіру зауыты («Funke Kunststoffe»  компаниясы Германия);

Контейнерлерді  жобалау және жинау кешені («T.E.S.C.O»  ЖШС Қазақстан);

Мұнайды және мұнай  мөлшері бар қалдықтарды қайта  өңдейтін шағын зауыт ( «ХакоОйл» ЖШС Қазақстан);

Аммиактық-карбамидты кешен («Каспий Азот» ЖШС);

Минералды тыңайтқыштар өндірісі («Caspian Contractors Trust» ЖШС). 

2003 жылы тамызда  құрылған «Ақпараттық технологиялар  паркі» АЭА аумағында 23 жоба  іске асырылады. Аумақты кішірейтуге байланысты «АТП» АЭА ТЭН өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2005 жылы шілде  айында құрылған «Оңтүстік» АЭА  аумағында 3 жоба - іске асырылуда  «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy-Textile»  ЖШС және «Ютекс-KZ» АҚ, 1 жоба(«Есенжол-Назар»  ЖШС) ЖСҚ әзірлеу кезеңінде. 400 жұмыс орны құрылған. 2010 жылы өрт сөндіретін депоны салуға және электрлік күш беретін кабельді төсеуге 247 727 мың теңге бөлінген. Инфрақұрылымның құрылысы жақын арады аяқталатын болады.  

Ауданы 370 га «Бурабай»  АЭА 2008 жылы қаңтарда құрылған. Бүгінгі таңда «Бурабай» туристік орталығын құрудың шебер – жоспары әзірленген және бекітілген, оған сәйкес жобаны іске асыру 7 кезеңге бөлумен 2021 жылға дейін 12 жылға жоспарланған. 2010 жылға бөлінген қаражаттың сомасы – 19383 мың теңге.  

«Ұлттық  индустриалды  мұнай химиялық технопарк» АЭА 2007 жылы желтоқсанда инновациялық технологиялардың негізінде Қазақстанның көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу бойынша мұнай химиялық өндірістерді дамыту мақсаттарымен құрылған. Қолданыс мерзімі 2032 жылға дейін. АЭА аумағы 3475,9 га құрайды. Өкілетті орган – Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп АЭА шеңберінде іске асыру үшін инвестициялық жобаларды өңдеп жатыр. 2010 жылға 2 бюджеттік бағдарлама бойынша 1 056 316 мың.теңге бөлінген. 
 

2. Қазақстандық  қамтуды дамыту 

 Индустриалды  дамытуды инвестициялық қамтамаксыз  етудің тағы бір міндеті Қазақстандық  қамтуды дамыту болып табылады,оның  процестерін құқықтық реттеу  үшін үкіметтің 10-нан астам  актілері әзірленген және бекітілген.  

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу  кезінде қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі және тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып  алу қазақстандық қамтудың мониторингіне  жататын Ұйымдардың тізімі бекітілген.  

Отандық тауар өндірушілерді өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шаралары анықталған. 

Барлық субъектілер  үшін тауарларды, жұмыстар мен қазметтерді  сатып алуды есептеудің оңтайлы  және неғұрлым объективті әдістемесін  анықтауда Қазақстандық қамту есебі және тауардың шыққан елін анықтау, тауардың шығуы туралы сараптама актісін құрастыру және беру, тауардың шығуы туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру бойынша Ереже, сондай – ақ жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды күшейту бойынша іс – шаралар жоспары бекітілген. 

Базасында 4360 тұтынушы – кәсіпорын және 364 өндіруші –  кәсіпорын бойынша ақпарат орналастырылған, Қазақстандық өндірушілер шығаратын  тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ббірыңғай тізілімі құрылған (МСБ субъектілерінің үлесі 95% құрайды). 

«СТ-KZ» - отандық  шығарылған тауарларды сертификаттау  жүйесі ендірілген, оның болуы отандық  тауар өндірушілеріне қосымша жеңілдіктерді  қарастырады.

2009 жылғы жоспарланған  шекке қол жеткізілді – жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесі 60% құрады.  

Ірі және шағын  компаниялардың ынтымақтастығын ретке  келтіруге мүмкіндік берген барлық аймақтарда тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің Қазақстандық өндірушілерінің республикалық форумдары өткізілді.  

Нәтижесінде жалпы  сомасы 909,2 млрд.теңгеге 960 меморандум, жалпы сомасы 747,7 млрд.теңгеге 11 мыңнан астам келісім – шарт жасалды.  

«Қазақстандық қамту» интернет - порталы іске қосылып, онда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алу жоспарлары топтастырылған. 2009 жылы 4360 тұтынушы – кәсіпорын және 364 өндіруші – кәсіпорын бойынша ақпарат орналастырылған, Қазақстандық өндірушілер шығаратын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізілімі құрылған (МСБ субъектілерінің үлесі 95% құрайды).

  

Информация о работе Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні