Технологилык бизнес инновация жуйесiнде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 06:34, реферат

Описание

«Инновациялар өзгерістерді білдірсе, өзгерістер дегеніміз дамуды білдіреді». Бұл тезис қазіргі таңдағы бәсекелесуші компанияларға талапты күшейтуші әрі қарқынды дамушы бизнес –орта үшін сөзсіз өзекті болып отыр.
Технологиялық және әлеуметтік революциялар кәсіпкерлік ортаны қайта қалыптастырады. Жаңа технологиялар ұйымдардағы өзгерістердің себебі ғана емес, сонымен қатаролардың даму стратегиясының параметрі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Инновация.docx

— 48.35 Кб (Скачать документ)

10-ТАҚЫРЫП.   

                                                        ТЕХНОЛОГИЛЫҚ БИЗНЕС                                                

                                                         ИННОВАЦИЯ  ЖҮЙЕСІНДЕ  
 
 
 
 

  «Инновациялар өзгерістерді білдірсе, өзгерістер дегеніміз дамуды білдіреді». Бұл тезис қазіргі таңдағы бәсекелесуші компанияларға талапты күшейтуші әрі қарқынды дамушы бизнес – орта үшін сөзсіз өзекті болып отыр.    

   Технологиялық  және әлеуметтік революциялар  кәсіпкерлік ортаны қайта қалыптастырады. Жаңа технологиялар  ұйымдардағы өзгерістердің себебі ғана емес, сонымен қатар олардың даму стратегиясының параметрі болып табылады.

    Қазіргі  таңдағы нарықтық орта технологиялардың үзіліссіз дами, жаңа қажеттіліктерді қалыптастыра жәек байланысқан технологиялық тізбекті түрлендіре отырып, нарықты өзгертумен сипатталады. Бұл орайда өзгерістер жылдамдығы дәстүрлі басқару әдістеріне де  ықпал ететіндігі сөзсіз. Бүгінгі таңда сұраныс пен эволюциялық дамуға байланысты әрекет ету жеткіліксіз, жаңа ғана туындап отырған қажеттіліктерді елеп үлгеріп отыру қажет. Өйткені қаржылық және өндірістік тұрғыдан  ең күшті деген компаниялардың өзі бір жылға кешіккен жағдайда, көшбасшылық үшін немесе тіпті нарықтағы өз үлесін де сақтап қалуға үлгермей жатады. Бұл жағдайда озық компаниялар ретінде барлық нарықтық және технологиялық тенденцияларды мұқият зерделейтін, осы өзгерістердің бойындағы мүмкіндіктер мен қатерлерге шығармашылық тұрғыдан жауап бере алатын, үнемі жаңа идеялар мен өнңмдерді қолдайтын және оларды жаһандық ауқымда ескеру негізінде жылдам әрі тиімді қолданылатын компаниялар табылады. Ал технолгиялық өзгерістерге селк етпейтін немесе оларды баяу қолдайтын компаниялар ҒЗТҚЖ-ға байланысты өспелі шығындардың құрбаны болып қана қала береді  [ҒЗТҚЖ –ғылыми зерттеу және тәрбиелік-құрастырушы жұмыстар]. 

     Pricewaterhous Coopers  (PWC) жүргізген ауқымды статистикалық зерттеулер бойынша 355 ірі компанияның экономикалық қызметіне талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері инновацияларды қолданатын компаниялар өз бәсекелестеріне қарағанда жылдамырақ жұмыс істейтіндігі әрі пайданың жоғары көрсеткіштеріне ие екендігі туралы дәйекті бекітті. Басшылардың айтуынша, инновациялар  олардың компания қызметінің басым бағыты болып табылады және бизнеске елеулі оң әсерін тигізеді екен[1]. Сонымен қатар, PWC зерттеулері келесі заңдылықтардың анықталуына мүмкіндік берді: 

      ˗инновациялық қызметті жүзеге асырушы компаниялардың (инновациялық компаниялардың) капитал акционерлері үшін жиынтық табыстың орташа мөлшерден асып кетуі (жылына 37%-дан жоғары) инновациялық компанияларға инвестицалардың құюлуы бойынша түсетін орташа пайдадан да едәуір жоғары пайда әкелетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді;

   ˗инновациялық  компаниялар айналымының  75%˗дан астам бөлігі соңғы бес жылда олардың нарыққа енгізген тауарлары мен қызметі есебінен болған екен. Басқаша айтқанда, озық инновациялық копаниялардың пайдасы инновациялар есебінен.

   Инновациялар  әмбебап бәсекелестік жетістік болып табылады. Олар ұйымдарға әлем бойынша бәсекелестік күресте жеңіп шығуға және өте жоғары пайда әкелуге көмектеседі.

   Бір қызығарлығы,  ірі халықаралық компаниялар  топ менеджерлерінің басым көпшілігі  инновациялардың пайда көрсеткіштерінің  өсуін қамтудағы негізгі рөлімен  келіскенімен, өздерінің инновациялық  қызмет нәтижелеріне қанағанаттанатындары  аса көп емес. Boston Consulting Group компаниясының 1070 ірі корпорацияға жүргізген жаһандық зерттеуінде «...компаниялардың басым көпшілігі иннновацияларды өздерінің жетістікке жетуінің, тіпті нарықта орнын сақтап қалу үшін аса маңызды фактор деп санап, ол үшін ақша төлеуге дайын. Десек те олардың көпшілігі инновациялардан жеткілікті мөлшердегі инвестициялық қайтарым алатындығы күмәнді» деп айтылғанды. Бұл құбылысқа әсер ететін себептер көп болуы мүмкін. Мүмкін, менеджерлер инновациялық қызметте дұрыс емес әдістерді қолданатын шығар. Келесі бір мақсаттардың қате қойылуы немесе инновациялық қызметті бағалау үшін көрсеткіштер жүйесінің дұрыс емес таңдалуында болуы мүмкін.  Осы тұрғыда маңызды сұрақтар реті туындайды: Инновациялық компаниялар жетістікке қалай жетеді? Өз компанияларын инновациялық менеджерлер қандай әдістер қолданады? Қазақстандық топ ˗менеджерлер инновациялық менеджмент әдістерін қолданама?

    Компания  инновациялардан қайтарым алуы  тиіс, ал ол үшін компанияда  нақты инновациялық орта құру  және осы ортаны дұрыс басқару  қажет. Бұл жағдайда фирманың  технологиялық саясаты мен оның  қызметінің басқа да  жақтары  арасындағы өзара тәуелділіктерді ескерілуі тиіс: меншік байланыстары, құрылымдық саясат, қаржылық жүйе және т.б.

    Қазіргі  заманғы ортада компаниялардың  технологиялық жаңалықтарды енгізу  қабілетіолардың бәсекегк қабілеттігінің  негізгі көзі болып табылады.

Жалпы түрде  технология дегеніміз˗ғылыми ˗техникалық, өндірістік, басқарушылық және коммерциялық білім мен тәжірбие.

   Технологиялық саясат.  Ұйымның немесе кәсіпорынның технологиялық саясаты ˗ бұл қағидалар мен әрекеттер (қызмет әдісі) жиынтығы негізінде жаңа өнімдер мен технологиялық саясатының негізгі міндеттіне мыналар жатады:

    ˗ елдегі және әлемдегі, сонымен қатар жалпы технологиялық даму бағыттарындағы  ғылыми˗зерттеу жетістіктерінің мониторингі;

    ˗ компания персоналының білім алу және біліктілік деңгейін үнемі жоғарылатуын ынталандыру;

    ˗ инновацияларға қолайлы жағдай туғызушы факторларды анықтау;

  ˗ үздіксіз инновациялық процесті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдық құрылымды қалыптастыру;

  ˗ ҒЗТҚЖ жүргізу бойынша компанияның әр түрлі бөлімдері әрекеттерінің өзара келісіліп жүргізілуіне қол жеткізу және реттеу.

   Технологиялық  саясат фирманың екі жақты  жаһандық мақсатына қызмет етеді:  біріншіден, тәуекелдіктерді төмендету  және нарықтық үлесте аман  қалу, екіншіден, өз қызметінің  тиімділігін жоғарылату, көбірек  пайда табу.

  Технологиялардың  дамуы ˗ фирманың экономикалық  өсуінің негізі қозғаушы күші. Соңғы он жыл ішінде технологиялық дамудың келесі заңдылықтары пайда болды:

  ˗ жаңа  технология бір өзі ғана емес, өзгелермен байланысты пайда  болады;

  ˗ технологиялардың  әрбір бумасы ( жиынтығы) бірін˗бірі  өзара толықтырушы базалық технологиялардан  тұрады;

 ˗ әрбір базалық технология ˗ көптеген қолданбалы технологиялардың ядросы;

 ˗ қолданбалы технологиялар қолданыстағы өндірісті модерницазиялау үшін қолданылады және ескеретін жайт, фирмадағы жаңа технологияларды қолданбау ерте ме, кеш пе басшылықтың ауысуына әкелетіні сөзсіз.

   50-60 жылдардағы  экономикалық төңкеріс мұнайдың қайта өңделуіне негізделген технологиялардың жиынтығымен байланысты және кең қолданыс тапқан пластмасса, жасанды талшық, пестицидтер және басқа да айрықша өнімдер өмірге келді. 77- жылдары жаңа технологиялық қадам жасауға көптеген уақыт және күш жұмсалады және 80-жылдардың басында технологиялық революцияның алғашқы жемңсң болған жаңа өнімдер пайда болды.

   Жаңа  кезеңнің ерекшілігі 50-60- жылдардағыдай технологияның бір жинағы ғана емес, ақпараттық˗коммуникациялық, биотехнологиялық жіне жаңа материалдармен байланысты өнімдер сияқты үш технологиялық  жинақтың пайда болуымен сипатталды. Мұның нәтижесі ретінде кәсіпкерлер жаңа технологиялармен жылына біршене мәрте кезігіп жатады.

  Қазіргі  заманғы технологиялық даму үлкен  тарихи бесінші циклдің орта  шеніне жақындап келеді (оның  уақыт аралығы 1990-2040жж.) және ол келесі сипатқа ие:

    ˗  компьютерлік революция;

    ˗  жаһандық телекомуникациялық тораптардың  қалыптасуы;

    ˗  интернет˗технологияладың экономикалық  қолданысының өсімі.

    Бұл  цикл болжау кезеңінен кейінгі  мерзімде аяқталмақ. Осы орайда  нано, био және ақпараттық технологиялардың  конвергенциясы басталды десекғ  бұл процестермен әр түрлі  технологиялардың өзара енуі  шектелмейтіндігі сөзсіз.

  Соңғы уақытта  жаңа әрі болашағы зор технологиялардың  ішінде биоинформатиканы атап  өтуге болады.  Биоинформатиканың  молекулярлық биология, генетика, физиология, математика, информатика, физика  және химия синтезі негізінде  құрылуы оның конвергенттік табиғатын  айқындайды және болашақтағы  ірі жетістіктердің пайда болуының болжамын жасауға мүмкіндік береді. Бұл саладағы жетістіктер денсаулық сақтау, ветеринария, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік технологиялар саласында едәуір алға жылжуға, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қайта қалпына кетіруге ықпал етеді.

    Биоинформатика  әдістері түрлі деңгейдегі: геном,  жасушағ организм жасушалары  арасындағы өзара байланыстар,  жалпы популияция сиқты биологиялық  ақпараттарду сақтау, беру және  жүзеге асырып қана қоймай, сонымен  қатар, әдетте кәдімгі сынақта  үнемі ескеруге мүмкін емес  заңдылықтарды анықтауға, гендер  мен ондағы жасырынған ақуыздар атқарымдарын алдын ала білуге, жасушадағы гендердің өзара әрекет етуінің үлгісін құруға, дәрі˗дәрмектерді ойлап табуға мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, өмір туралы ғылым ақпараттық технологиялар үшін жаппай сұранысты жасау және ынталандыруға арналған жаңа әрі кешегі зор бағыт ашып береді. Интэрнэшнл Дейт корпорациясының бағалау нәтижелері бойынша 2002 жылдың өзінде˗ақ «био˗фарма» саласына негізделген әлемдік ақпараттық технологиялар нарығы 14,6 млрд,долларды құраған екен. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл нарық жыл сайын кем дегенде 19-25%-ға дейін өсіп отырады.

  Нанотехнологиялардың  болашағы. Қазіргі таңда көптеген Қазақстандық және шетелдік мамандардың пайымдауынша, алдағы 10-20 жыл ішінде ірі технологиялық жаңалықтар нанотехнологиялардың қолдануына сүйенетін пәнаралық бағытпен байланыстырады. Бұл бағыт экономика және басқа да қоғамның өмір сүру саласына әсер ету ауқымы бойынша уақыт өте ақпараттық және биотехнологиялармен қатар жүреді  деп күтілуде.

   Ең алғаш  рет  «нанотехнология» термині  молекулярлық технологиялардың жалпы сипаттамасы ретінде 1986 жылы Массачусет технологиялық институтында пайда болған.

   «Нанотехнология»  термині өзара әрекет етуші  нысандардың көлемі мен олардың  арақашықтығын  айқындайды. Нанометр  (нм) ˗ бұл метрдің миллиардтан  бір бөлігі, яғни бір миллимерден  миллион есе кіші қашықтық.

   Нанотехнологиялардың өнеркәіпте тәжірбиелік қолданылуы  XX ғасырдың 90- жылдарының ортасынан басталды. Бүгінгі күні олраға негізделген беткі сапаны бақылау әдісі DVD дикілері мен көру лин залары өндірісінде қолданылады.  Мамандар нанотехнологиялардың  қолданылу ауқымдылығының күннен-күнге кеңеюі келешекте экономика мен басқа да салалардың дамуына күшті әсерін тигізу мүмкіндігі аясында өте кең ауқымды талқылаулар жүргізуде. Сарапшылардың пайымдауынша, келесі бағыттар аса қызығушылық тудыруда.

   Өңдеу  өнеркәсібінде нанодиапозонда молекулалардан  бақыланатын көлемдегі конструкциялық  блоктарды синтездеу және олардың  алдан ала берілген атқарымдары  мен қасиеттерімен сай әлдеқайда  ірі құрылымдар жинақтау мүмкіндігі  күтілуде. Бұл әлбетте, материал өндірісінде, соның ішінде табиғатта анолгы жоқ материалдардың пайда болу революциясына әкелері сөзсіз. Мысалы, кеспелі құралдарға арналған аса төзімді жабулардың ойлап табылуы және электроника мен химия өнеркәсібінде түрлі технологиялық қлсымшалардың құрылуы күтілуде.

  Нанотехнологиялар дамуының тағы бір келешегі зр бағыттаррының біріне молекулярлық ассемблердің құрылуын жатқызуымызға болады. Молекулярлық ассемблер – бұл дайындалған молекулярлық қоспадан берілген қасиеттерімен жаңа құрылымдарды жинақтау бойынша атқарымдарды орындай алатын құрылғы. Мұндай ассемблер полимерлі органикалық молекулалардан дайындалады.  Ассемблер жұмысын  бақылау құрылғы ішіндегі инертті газдардың қысымын туындататын жіне соның негізінде оның әрекеттерін бағыттайтын компьютерді басқаратын қозғаушы акустикалық белгілердің көмегімен жүзеге асырылады. Келешекте осындай ассемблерлердің басқару мақсаты үшін ареайы молекулярлық компьютерлердің қолданылуы қарастырылуда.

    Наноэлектроника  мен компьютерлік технология  саласында миниатюризациялауда  елеулі прогреске  (2010 жылға 100 нм мөлшеріне дейін) қол жеткізуі мүмкін, яғни кірістегі белгі берушілер (мәлімет айқындағыштар), логикалық жіне есте сақтағыш құрылғылар, дисплейлер және мәліметті тасмалдғыш құралдар сияқты мәліметтерді өңдеу бойынша құралдар мен құрылғылардың жылдамдығы мен өнімділігін жоғарылату.      Нанотехнологиялардың көмегімен олардың белсенді жартылай өткізгіш элементтерін одан ары миниатюризациялау, сонымен қатар соңғыларын үш өлшемді (көпқабатты) құрылымдарға біріктіру негізінде жоғары деңгейдегі күрделі атқарымдылығы бар интегралды сұлбалардың жинастырылу бағыттары талқылануда. Алтынның беткі қабатына енділігі бірнеше ондық молекулалардан тұратын сызықтарды жүргізуге болатын аса дәлді литографияның жаңа әдістері пайда болуы мүмкін.

Информация о работе Технологилык бизнес инновация жуйесiнде