Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 18:56, реферат
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
І Кіріспе
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
1.2. Ақшаның мәні және қызметтері.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ақша жүйесі және оның экономикалық мәні.
2.2. Инфляция және оның экономикалық мәні.
2.3. Бағалы қағаздар нарығы.
2.4. Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу.
ІІІ Қорытынды.
Жоспар:
І Кіріспе
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
1.2. Ақшаның мәні және қызметтері.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ақша жүйесі және оның экономикалық
мәні.
2.2. Инфляция және оның экономикалық мәні.
2.3. Бағалы қағаздар нарығы.
2.4. Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық
есеп айырысу.
ІІІ Қорытынды.
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар
тауар өндірісінің бірден-бір шарт және
өнім болып табылады. Тауар –бұл сату
немесе айырбастау үшін жасалған еңбек
қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта
отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы
обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ
кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе
қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны
дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны,мұндай
бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға
қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар
қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып
,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша
айырбас құны ретінде көрінеді.
Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың
басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы
барысында , айырбас құнның жай немесе
кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта-
5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ).
Ақшаның жалпы эквивалентжәне экономикалық
категория ретіндегі түсінігі.
Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік
ол тауар өндірісі және тауар айналысының
болуына негізделеді. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып
табылды. Тауар және ақша бір –бірінен
бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса ,онда
тауар айналысыда болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып
қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама
эквивалент
Ақша жалпы бірдей эквивалент , ерекше
тауар, онда барлық басқа тауардың құны
белгіленеді және оның делдал ретінде
қатысуыменен тауар өндірушілер арасында
еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз
жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи
түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық
басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті,
оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай:
(Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл
қасиет қоғаммен берілген).
Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар
арасындағы белгілі бір экономикалық
қарым-қатынастарды көрсететін тарихи
даму үстіндегі экономикалық категория
болып табылады. Экономикалық категория
ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің
бірігуімен көрініс табады.
- Жалпыға тікелей айырбасталу,
- Айырбас құнының дербес формасы,
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында
ақшаның пайдалану кез келген материалдық
құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің
бар екендігін көрсетеді. Социолизм жағдатында
бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және
бөлу мен ғана шектелді. Кәсіпорындар
,жер,орман, жерасты сатып алынбады. Казіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүрумен
байланысты , жалпыға тікелей айырбастау
формасында ақшаны пайдаланудың көлемі
едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы
ретінде пайдалану тауарларды тікелей
қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл
формада қолдану жағдайлары олар несие
беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді
өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін
қалыптастыру , Ұлттық банктің несиелік
ресурстарды басқа банктерге сатуы және
т.б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды
өндіруге жұмсалған еңбектің , олардың
ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау
арқылыкөрінеді.
Ақша қызметінің эволюциясы.
Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар
айырбастау процесінен туындайтын , тауар
өндіріушілердің өзара байланысының формасы
ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының
белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес
түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем
құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша.
Ақша құн өлшемі ретінде.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар
құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін
білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін
атқарады. Өзінің жеке құны бар тауарға
, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды
құрайтын алтын саналады. Яғни бұл қызметті
толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек
өлшемі-ол жқмыс уақытын емес , осы еңбекпен
құрылған құнды көрсетеді.
Ақша айналыс құралы.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып
, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша
үздіксіз қозғалыста болады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің
ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы.
- Оның идеялды ақшала емес, нақты қолма
-қол ақшалар орындайды.
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау
өте тез орындалатын болғандықтан, оны
нағыз ақшалар емес (алтын) , оны ауыстырушылар-ақша
белгілері орындайды.
Ақша төлем құралы.
Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты.
Бірақ ақша қозғалысы Міндетті түрде тауар
қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес.
Ақша құнның еркін формасында көрінеді.
Олар өткізу процесін еркін аяқтайды.
Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан
ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы
болмаса , яғни тауар төлемақы түскенге
дейін сатып алынған немесе керісінше
болса , онда бұл жағдайда ақшалар төлем
құрал қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құрал ретінде тек қана
тауар айналысына ғана емес ғ сонымен
бірге қаржы-несие қатынастары да қызмет
етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей
етіп топтауға болады:
- Тауарларды және қызметтерді төлеуге
байланысты міндеттемелер.
- Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер.
- Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер.
- Банктік қарыз , мемлекеттік және тұтыну
несие бойынша борыштық міндеттеме.
- Сақтандыру міндеттемелері.
- Әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер
және басқалары.
Ақша қорлану және қазына жинау құралы
ретінде.
Аөша төлем және айналыс құралы қызметтері
ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді.
Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының
екі актілерге Т-А және А-Т айырылуымен
байланысты.
Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп
бірліктері.
Тауар шаруашылығының кеңейуі , шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүние
жүзілік нарықтың пайда болуы, дүниежүзілік
ақшалар қызметінің пайда болуына себеп
болады.
Сөйтіп аөшалар ертеден адамзаттың пайда
болуы мен қатар өмір сүріп келеді десе
болады. Ғасырлар бойына ақша өзгеріп
отырған және бүгінде олардың жағдайы
аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи даму процесіне
жалпыға бірдей эквивалент формасында
әр алуан тауарлар болған: мал, бақалшақ,
метал бұйымдары және т.б. Мұның барлығы
тауар өндірісі мен тауар айналысының
болуына негізделген ақша қажеттілігінң
себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар
өндіріс және бөлу процесінде адамдар
арасындағы экономикалық қатынастарды
бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы,
төлем құралы, қазына жинау және қорлану
құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай- ақ олардың қызметтерінде
жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де
бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға
бірдей эквивалентпен алтын мен жүргізілсе
, бұл күндері қағаз несие ақшалармен жүзеге
асуда.
Ақша айналымы және ақша айналысы.
Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы
деген ұғым кездеспейді. 90- жылдың орта
шеніне дейін ТМД елдердің басылымдарында
ақша айналымы және ақша айналысы деген
ұғымдарға анықтама берілген. Ақша айналымы
деп- колма- кол ақша мен колма-кол емес
ақшаның қозғалысын айтады. Экономиканың
әр үлгісі бұл үғымдардың мәні мен кұрылымын
өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді:
Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында
ақша айналымының ерекшеліктері:
- қолма-кол ақша да, қолма-қол емес ақша
да кәсіпорындардьң шығаратын өнімдерін
алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық
коғамдық енім өндіріс кұралдары және
тұтыну заттары (өнімдер мен кызмет көрсету)
түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық
жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда
коғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетакы
және т.с.с.) сәйкес мемлекетгік сауда жүйесі
аркылы бөлінеді. - мемлекет заңмен ақша
айналымьн: колма-кол ақша және колма-кол
емес ақшаға бөліп, ақша айнамының қай
түрі кандай бөлу жүйесіне кызмет атқаратын
белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша козғалысы
халыктың акшалай табысын бөлуді көрсетсе,
ал колма-кол емес акша қозғаласы өндіріс
кұрал-жабдыктарын бөлуді көрсетеді;
- ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің объектісі ретінде директивалык
заңдармен реттеледі;
- ақша айналымы біртектес мемлекетгік
меншік формасына кызмет көрсетеді;
- акша айналымының алғашкы және қорытынды
кезендері мемлекеттік банкте шоғырланып,
оған мемлекеттік банк бақылау жүргізеді;
- қолма-қол ақша және колма-қол емес ақша
белгілерін тек мембанк монополды құқықпен
шығарды;
- мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге
баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге
тарифтер бекітумен шұғылданады.
КСРО негізінде құрыған ТМД елдерінің
нарықтык қатынастарға өту кезінде жүргізілген
іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті
беймемлекеттендіру және т.б.) акша айналымында
өзғерістер болды.
Нарықтык экономика үлгісі жағдайындағы
акша айналымына тән ерекшеліктер:
-ақша айналымы негізінен шаруашылықты
нарықтық қатынастарға кызмет жасайды,ол
бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін
қамтиды;
- қолма-кол ақша және колма-қол емес ақша
айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
- ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялык
банктердің, заңды және жеке тұлғалардың
жоспарлы болжауының объектісі болып
табылады; - ақша айналымы әртүрлі меншік
формасы жағдайында жүреді;
- ақша айналымының алғашқы және корытынды
кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар
әртүрлі коммерциялык және мемлекетгтік
банктерде шоғырланған;
- қолма-қол ақша және қолма-кол емес ақша
айналымы бір-бірімен тығыз байланыста
жүреді;
- қолма-қол ақша эмиссиясын Орталык банк
жүргізіп, ал колма-кол емес акша белгілерін
коммерциялық банктер шығарады.
Сонымен, ақша айшишмы деп қолма-қол және
қолма- қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста
жүретін акша белгілерін айтамыз. Бүл
анықтама ақша айналымының мазмұнына
сай келеді, себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді.
Ал металл акша жүйесіндегі әрі тауар,
әрі ақша айнапымы ретінде олардың құны
айналымда жүреді. Себебі металл монетаның
(алтьн немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген
(номинал) құнына сәйкес келгендіктен
ақша құнының қозғалысы тауар құнының
қозғалысымен бір уакытта жүрді, Сондыктан
қүн айналымы тауар айналымы мен ақша
айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымын
деп атауға болмайды. Оған себеп- қолма-қол
ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің
өз құны көрсетілген құньмен салыстырғанда
өте төмен.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша,
ол ақша айналымының бір бөлігі. Сонымен
ақша айналысы дсп - белгілі бір мерзімде
қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер
соммасына тең ақша айналымының бір бөлігі.
Ал акша айналымы деген қолма- қол ақша
мен қолма-қол емес ақша белгілерінің
тауар айналымын және тауарсыз төлемдер
мен шаруашылықтың есеп айрысуын қамтамасыз
ететін ақшаның кызметі.
Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол
емес ақша айналымы.
Айналыста тек қолма-кол ақша жүргендіктен
оны ақша айналысы деп атайды, Айналыс
және төлем құралдары ретінде накты ақша
белгілері (банкноталар, казыналақ билеттер
және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.
Қазақстан Республикасында қолма-қол
ақшаны Ұлттык банк банкнота түрінде эмиссиялайды
(ҚР- ның ақша өлшемі- теңге), екінші деңгейдегі
банктер оның эквивалентін қолма-қол емес
формада төлеп алады.
Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы
табысынан және жұмсаудан түседі. Бірақ
ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру
төлемін, қарызды өтеуге, бағалы қағаздар
мен лотарея сатып алуға, жалгерлік ақы
және т.с.с. төлеуге жұмсалады.
Қолма-қол емес ақша айналымы{ төлем айналымы)-
ол банктегі шот иесінің жазбаша бүйрығы
бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі
немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін
атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым
бөлігін ( 90-пайызға жуығын) құрайды. Төлем
айналымы төлеушілер мен сатып алушыларының
банктегі шотына немесе жазу түрінде,
немесе олардың талаптарын есептеу жолымен
жүзеге асырылады.
Есеп айрысу операцияларын жүргізу үшін
әртүрлі шоттар қолданады. Олардың арасында
кең тарағаны: есеп айрысу және т.б. шоттары.
Қолма- қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы
операциялар бойынша және каржы міндетгемелері
бойынша болып екі топқа бөледі. Бірінші
топқа тауарлар мен кызметтер үшін қолма-
қол ақшасыз есеп айрысу, екіншіге бюджетке
төленетін төлемдер және бюджеттен тыс
қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін
өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен
есептесу жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды үйымдастыруға
әр елдің тарихи және экономикалық дамудың
ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы: ең алғаш
1775ж. Үлыбритания чекті , векселді, кейін
АҚШ чекті қолдана бастаған , ал Германия-
жирошотты , ТМД-ға мүше- мемлекеттер есеп
айырысу шоттарын қолданылады. Қазіргі
кезде пластикалык карточкаларды колдану
қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды үйымдастыруда
ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік
тәжірбие дәлелдеді. Олардың көптеген
түрлерінің Ішінде , негізінен, магнитті
жолағы бары кең колданылады. Өркениетті
мемлекеттерде жоғары корғалу дәрежесі
микропроцессорлы карточканы аиналымға
енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде
. Банктердің есеплесу операциялары: инкоссо,
аудару және
аккредитив болып бөлінеді
Инкассо- әртүрлі кұжаттарды пайдаланып,
клиентердің тапсырысы бойынша және олардың
шотына банктердің ақша түсіру операциясы.
Инкассоға чектер , вексельдер, болғалы
кағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.
Инкассалық операцияның екі түрі бар:
Жай инкассо- клиенттің банк арқылы коммерциялык
құжатсыз койған төлем талабы негізінде
банктІң үшінші жақтан ақша талуға міндеттенғен
операциясы. Кұжатты инкассо- үшінші жаққа
клиентпен алған құжатты көрсету және
оны тек төлемді қолма -қол алғанды немесе
акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде
банктІң жүргізетін операциясы.
Аудару операциясында клиент банкіне
өз шотынан белгілі - бір сомманы көрсетілген
жакқа аудару жөнінде тапсырма береді.Бүндай
операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық
акы алады.
Аккредитив (латын сөзі- "сенемін")-
бір банктің екінші банкке аккредитивте
көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі
бір сомманы жеке немесе заңды тұлғаға
төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.
Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы
және құжатты. Акшалы аккредитив- атаулы
ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім
ішінде аккредитивте көрсетілген сомманы
түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге
төлеу жөнінде корреспондент- банкке берген
тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив-келісім-ол
бойынша
эмитент-банк клиенттерінің нұсқауымен
және оның өтініші бойынша үшінші жаққа
төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша
төлеуі және ол берген аударым вексельді
акцептеуі, кұжаттарды есептеу немесе
сатып алуы керек.
Электрондық төлем жүйесі-ол қағазсыз
тасымалдаушы электронды сигнал жіберу
аркылы ақша соммасын аудару банктік шоттардың
жағдайын бақылау, несиелік және есеп
айырысу операцияларын жүргізу үшін колданылады.
Банк клиентгеріне қызмет көрсететін
электрондық төлем жүйесіне:
- автоматтандырылған есеп айрысу палатасы;
- банктік автоматтар;
- сауда үйымдарындағы терминалдар;
- үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.
Банктік автоматтар -ол клиентке банк
қызметкерлерінсіз банктік электронды
есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен
операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.
Терминалдар- сауда орындарында, сауда
үйымдарында есеп айырысатын қызметкерлер
банк жүйесінде төлем операциялары туралы
хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға,
сонымен катар сатып алушының телем кабілеттілігі
туралы хабар кері алуға мүмкіндік беретін
қүрылғы.
Метал ақша айналысы.
Ақша өзінің материалдық- заттық құрылымы
жөнінен метал ақшалар және қазыналык
билеттер болып екіге бөлінеді. Метал
акшаның пайда болуына байланысты ақша
белгісінің салмағын өлшеу жүйесі пайда
болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген
бірак формасы жоқ метал сынықтарынан
орнына әртүрлі массалы метал кесектері
айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге
дейінгі ХІП ғасырда кейбір елдерде массасы
көрсетілген металл құймалар айналыста
болды. Осыған байланысты қазіргі уакытта
кептеген ақша елшемінің атауы оның салмақ
атауымен бірдей, мысалы: фунт, стерлинг,
ливр, марка-"жарты фунт" деген үғым.
Ал фунт -қазак- орыстың бүрынғы 409,5 грамдык
өлшеміне тең екен. Киев
Русінде ақша өлшемі гривна күмістің фунты
деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең
жартысы рубль деп аталған. Металл ақшаның
алғашқы түрі - құйма металл, оның формасы
да әртүрлі болған (шыбык, сым, табақша
және т.б.)
Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары.
Металл ақша айналысының объективті заңдылықтары
және капитализм тұсында тауар өндірісінің
қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның
қажетгілігін арттырып, ақшаның дербес
кұны жоұ ақша таңбаларымен айырбастау
мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу
мүмкіндігі мына себептерге байланысты
болды:
- біріншіден, акша құн өлшемі кызметін
қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша айналыс
құралы ретінде атқару ерекшелігіне;
- екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде
өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне,
яғни тауар айырбасына акша делдал болуына
байлаңысты.
- бүл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз
себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс;
-монетаның табиғи ысылып тозуының толык
құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы.
Мысалы: 1809-1829ж.ж. Еуропа елдерінде монетаның
тозу себебінен 19млн. фунт стерлинг монета
айналыстан шығарылды; мемлекеттің және
жеке адамдардың - жасанды ақша жасаушылардың
монетаны бұзуы.
Қағаз ақша ( " декретные деньги"-
өкіметтің қаулысымен кабылданған -"заңды
ақша") - ол толык құнды акшаның орнына
айналым және төлем құралы кызматтерін
атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу
үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен
құны бар, әдетте айырбасталмайтын ақша
белгісі. Өз құны болмағандыктан қағаз
тұрақсыз, тек кұнсызданады. Қағаз ақшаның
құнсыздануына әртүрлі себептер әсер
етеді:
- бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған
ақша эмиссиясы;
- әскери және баска өндірістік емес шығындар;
- еңбек өнімділігінің құлдырауы;
- тауар массасының төмендеуі;
- пассивтік төлем баланысы;
- ақша шығаратың үкіметке сенімнің төмендеуі
т.б.
-
Несие ақшалары және олардың түрлері.
Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын
пайдалануға байланысты бірсыпыра жойылуы
мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын
тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына
сай келе бермейді, бұл - тауар несиеге
сатылды деген сөз. Несиені кайтару кезінде
несие ақшалары пайда болады. Демек, несие
ақшалары - сатып алушының қарызды қайтаруда
пайдаланатын (толык құнды ақшаның орнына
жүретін) құнның қағаз белгісі немесе
қарызды өтеудегі акшаның төлем қүралы
кызметін атқаруы.
Несие ақшалары да кағаздан жасалады,
бірак оларды, әдетте, банктер әр түрлі
шаруашылық процестеріне байланысты (
тауарлы -материялдық бағалылықтардың
қорын -құру және т.с.с) жүргізілетін несиелік
операцияларды орындағанда шығарады .
Сөйтіп қарыз бергенде банк қарыз алушыға
өзінің несие ақшасын беруі мүмкін .
Несие ақшаларының ерекшелігі- оларды
шығару іс жүзіндегі айналым қажетгілігінен
туындайды. Несие операциялары нақты өнімді
өндіру және оны сату процестеріне байланысты
орындалады. Қарыз әдетте белгілі бІр
қорлардың құрылуын камтамасыз ету үшін
берілсе , ал оны кайтару қордағы құндылықтардың
калдығы азайғанда жүргізІледі. Осыған
байланысты карызға берілетін төлем құралдарының
көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын
үйлестіруге мүмкІндік туады.
Несие ақшалардың бұл ерекшелігі - оның
кағаз акшадан ең негізгі артықшылығы.
Вексель -телем міндеттемесі, ол несиеге
алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде
келісілген жерде өтеу үшін қарыздың сатушыға
жазбаша түрде берген қүжаты. Алғашқыда
вексель тауар өндірушілердің төлемді
кейінге қалдырып, біріне- бірі тікелей
(күжаттарын банк арқылы өткізбей ) тауарлырын
карызға сатуы негізінде пайда болады.
Сондыктан тауарлы төлем міндеттемесі
коммерциялық вексель деп аталады. Демек,
коммерциялық вексель тауармен қамтамасыз
етілген.
Коммерциялық вексель - жай және аударым
вексель больш екіге бөлінеді. Жай вексельге
екі субъекті қатысады. Жай вексельді
(соловексель)қарыздар онда көрсетілген
сомманы төлеу уақытын көрсетіледі. Аударым
векселін көптеген субъектілер пайдалануы
мүмкін: вексель беруші, вексель алушы
және төлеуші. Вексель беруші- ол вексельді
толтырушы және ұсынушы жақ.
Несне ақшаларының келесі түрі - чек. Чек
банкке ақша салу және колма -қол ақшасыз
есеп айырысу барысында пайда болған.
Чек дегеніміз - оған кол коюшының ағымдағы
шотынан қолма-қол ақшаны чек иеленушіге
беру немесе баска бір шотқа аудару туралы
банкке берген жазбаша үкім. Чекпеи есеп
айрысу несие және банк катынастары өрістеген
кезде пайда болады. Чекпен есеп айрысу
несие және өрістеген кезде пайда болады.
Алғашқы чек 1683ж. Үлыбританияда қолданылған.
Ақша айналыс заңы.
Акша айналысы заңы- құн заңынынңайналыс
аясындағы көрінісі. Ол -тауар- ақша катынастары
болатын барлык қоғамдық формацияларға
тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс
ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі.
Тауар айналысына қазмет ету үшін қажетті
ақша мөлшері ( А мөлшер.) екі факторға
бөлінеді: бірІншіден, бір кезеңде, бір
жылда сатылуға тиісті тауарлар бағасының
косындысына (Стб); екіншіден, ақша айналысының
жылдамдығына (А жылдамдық) байланысты
өзгереді.
Ақша айналыс заңының мәні - ақшанын айналыс
кұралы қызметін орындауы үшін кажетті
ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
косьшдысын бір аттас ақша төлшемінін
айналым санына бөлгенге теңесуі керек.
1.
Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні
Ақша жүйсі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша
жүйесі болады. Ақша жүйесі-ол тарихи қалыптасқан
және мемлекеттің ұлттық заңдары мен бекітілген
біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша
жүйесі 16-17 ғғ. капиталистік өндіріс әдісі
қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірак
оның кейбір жекелеген элементтері одан
да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік
өндірістің және тауар-ақша айналысының
қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс
енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар
ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент
болуына немесе ақша - құн өлшемі кызметін
атқаруына байланысты қальштасады. Сондықтан
әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей
типтері кездеседі:
• металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша
тауары, яғни толық құнды ақша айналыста
жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін
орындайды. Ал несие ақшалары металға
айырбасталады;
• несие ақшалары және қағаз ақша айналысы,
бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық
құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып,
айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ кұн эквиваленті
ретінде қабылданған металға байланысты
металл ақша жүйесі: биметаллизм және
монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (ХVІ-ХVІІ
ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып,
одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық
құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм
- ол мемлекет зақды түрде жалпыға ортақ
эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен
ақша жүйесі. Бүл жүйеде алтын мен күміс
тең құқықты ақша - қос металды валюта,
онда екі металдан да кең көлемде монеталар
соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі - онда алтын
мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы
түрде металдың нарықтық бағасына байлавысты
бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе - онда металдардың
сандық арақатынасын мемлекет бекітіп,
алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен
соғылды.
3. "Қосалқы" валюта жүйесі - онда алтын
мен күміс монеталар заңды төлем кұралы
деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета
алтынның белгісі ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде
ХVІ-ХVII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. аяғына
дейін кеҢ қолданылды.
Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды
дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей
бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан
биметаллизмнің орнына монометаллизм
ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм жүйесі
Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде
тек бір ғана металл ретінде (не алтын
не күміс) қолданылатын ақша жүйесІ.
Айналыстағы құн белгілері мен монеталар
алтынға немесе күміске айырбасталды.
Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893
жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1852
жж. қолданылды.
Алғашқы алтын монометаллизм ақша жүйесі
ретінде XVIII ғ. аяғында ¥лыбританияда қалыптасып,
ол 1816 ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңы
үштігінде, яғни Германияда- 1871-1873 жж.,
Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция,
Нарвегия, Дания) -1873 ж., Францияда-1876-1878
жж., Австрияда- І892ж., Ресей және Жапонияда-
1897 ж., АҚШ-та-1900 ж. енгізілді [20; 131.]. Құн
белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне
байланысты алтын монометаллизмнің үш
түрі болады. Алтын монеталы стандарт
(үлгілі) - оған негізгі төмендегі белгілер
тән: Елдің ішкі айналымында алтын монеталар
жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін
атқарады;
• алтын монеталарды еркін соғу рұқсат
етілген;
• айналымдағы несие ақшалары (банкнота,
майда металл монеталар) көрсетілген кұнымен
еркін және шектеусіз алтын монеталарға
айырбасталады;
• алтынды, шетел валютасын елден еркін
алып шығуға және елге экелуге, сондай-ак
алтын нарығының еркін жүмыс Істеуіне
рүқсат берілген,
Алтын монеталы стандарт капитализмнің
алғашқы сатысы - еркін бәсеке кезінде
пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің,
әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды
шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің
ішінде де, сыртқы сауда да еркін жүруі
үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде
алтынның сақтаудағы (резерв) қоры болуы
шарт.
Алтын құймалы стандарт - оның алтын монеталы
стандарттардан айырмашылығы бүнда алтын
монета айналыста болмайды және оны еркін
соғу жойылды. Алтын құпиалы стандартта
банкнотаның белгілі бір соммасы алтын
қүймасының белгілі бір салмағына айырбасталды.
Мысалы, ¥лыбританияда салмағы12,4 кг - 21,5
мың франкке теңгерілді [23;69.].
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт
- ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілібір
шетел валютасына) айырбасталатын ақша
жүйесі. Бүл жүйе Австрияда, Германияда,
Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде
жүрді. Бүл кезде алтын монетаның еркін
соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай косалқы жолмен
ғана алтын дивизді ақша жүретін елдердің
алтын мен байланысы сақталды. Үлттық
валютаның түрақтылығын бір қалыпта сақтау
дивиздік саясат әдісімен, яғни нарықта
ұлттык валютаның курсының төмендеуіне
немесе жоғарылауына байланысты оған
шетел валютасын сатьш алу немесе сату
арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, алтын дивизді
стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа
елдердІң валютасына тәуелді болды.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі
алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде
бекітті. Ақша өлшемінің алтын құрамы
және алтынның ресми бағасы жойылды. Халықаралық
валюта қорымен оның мүшелері арасындағы
есеп айырысудан да алтын алынып тасталды.
Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын
несие ақшалары жүйесі орнықты.
Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы
жүйесі және оның сипаттамасы.
Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша
жүйесінІң мазмұны біраз өзгерді. Себебі
металл ақша жүйесінде қолма-қол ақшасыз
айналым ақша айналысының аз ғана бөлІгін
қүраған. Ал 30- жылдырда әлемде алтынға
айырбасталмайтын несие ақша жүйесі орнықты.
Бүл кезде банкнотаны алтынға айырбастау
және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық
капиталистік мемлекеттерде жойылды.
Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік
бағалы қағаздармен қамтамасыз етілді.
Ол ең аддымен коғамдық еңбекті үнемдеу
- жалпы экономикалық заңның эсеріне байланысты
еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналысымен
шығындарын үнемі қысқартатын, сөйтіп
қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын,
еңбір үнемдІ ақша жүйесінің пайда болуына
жеткізеді. Қазіргі қағаз-несие ақшалары
жүйесіне тән өзгерітер мьналар:
• алтынның мемлекеттік ішкі және сыртқы
ақша айналымынан шығып, оның қазына қорьна
құйылуы (ол қор, негізіне, банктерде сақталады);
• банктердің несиелік операцияларының
негізінде қолма- қол ақша және қолма -кол
емес ақша белгілерін шығаруы;
• қолма-қол ақшасыз айналымның дауының
нәтижесІнде қолма-қол ақша айналысының
кысқаруы (әлемдік экономикада бұл екі
айналымның орташа арақатынасы 1:3 қатынасына
тең);
• мемлекет тарапынан ақша-несиелік реттеу
механизімін құру және дамыту.
Ақша жүйесі негізіне мына элементтерден
қүрылады:
• Ақша өлшемі - ол барлық тауарлардың
бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен
бекітілгне ақша белгІсі. Қазақсан Республикасының
1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі -
теңге және тиін. Ақша өлшемі, міндетті
түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді.
Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық
жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы, Қазақстанның
1 теңгесі 100 тиінға тең, АҚШ-тың 1-доллары-
100центке,; Іф.с.т.-100пенске; 1 Индонезиялық
рупия-100 сенге жэне т.б.);
• Баға масштабы - ол тауарлар бағасын
белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген
техникалық қүрал. Несие ақшалары алтынға
айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы
өз экономикалық мэнін жойды. Сондықтаи
ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің
өзінің баға масштабы колданылады;
• Ақша түрлері - ол осы мемлекетте заң
жүзінде қолданылатын төлем қүралдыры
- несие ақшасы (банкнота) және қағаз ақшалары
( қазыналық билеттер), сонымен бірге үсақ
монеталар. Мысалы, АҚПІ-та айналымда:
100, 50, 20, 10, 5, 2 жэне 1 доллар (500 доллар жэне
одан жоғары банкнота шығару тоқтатылған)
болатын банк биліктері; 1 доллар 50, 25, 10,
1 цент болатын күміс-мыс және мыс-никель
қоспаларынан жасалған монеталар жүреді.
Үлыбританияда айналымда тек банкноталар:
50, 20, 10, 5, Іф.с.т. жэне Іф.с.т., 50,10,2 пенс, 1
және ү пенни монеталары жүреді. Қүны жаңа
10 және 5 пенске теңгерілетін нскі 2 және
1 шиллинг монеталар да жүреді. Қазіргі
кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде
қазыналық биліктер, яғни мемлекеттік
қағаз ақшалар шығарылмайды [23;71.].
• Эмиссиялау жүйесі - ол заңмен бекітілген
ақша белгілерін айналысқа түсу тәртібі.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма-қол
акша айналысының негІзін қүрайтын банктік
билеттерді шығаруға орталық банктің
монополды (айрықша) құқығы бар. Ал қолма-қол
ақшаның шамалы бөлігін (казначейство)
шығарады.
Қазақстан Республикасында қолма-қол
ақша шығарумен, оны айналысқа түсірумен
және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық
банк шүғылданады. Үлттық банк басқа банктерге
банкнота және тиындарды қолма-қол ақшасыз
есептеу арқылы олардың эквивалентін
алумен сатады;
Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік
орган - ол орталық банк, яғни айналыстағы
ақша массасын реттейтін орталық банктің
ақша-несие саясаты. Ақша-несиелік реттеуге:
реттеу тәсілдері; реттеуші органның құкығы
жэне міндеттері; реттеудің мақсаты және
объектісі кіреді. Мысалы, 70 жылдан бастап
өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша
массасының және несиенің өсуін реттейтін
мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан
бастап АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі
(ФСР) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы
ақша массасының өсу немесе қысқару қарқынының
жоспары туралы әлсін-әлі есеп береді.
Бүл жүйе мақсатты бағдарды және ақша
қаражатының өсу қарқынын жиі-жиі ақпарат
құралдарында хабарлап тұрады;
• Валюта курсын белгілеу, немесе баға
кесу (катировка) тәртібі - ол бір мемлекеттің
ақша өлшемінІң екінші мемлекеттің ақша
өлшемімен көрсетілген бағасы. (Мысалы,
1 АҚШ доллары -140 теңге). ҚазіргІ кезде
ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын
құрамы белгіленбегеңдіктен, үлттық валютаның
сатып алу мүмкіндІгінің ауытқуын, сондай-ақ
валюта нарығындағы айырбасқа түсетін
валюталарға сүраныс пен усынысты есептейтін
баға кесу эдісі қолданылады. Ең кең тараған
баға кесу әдісі валюта "қоржынына"
негізделген, онда әрбір үлттық валюта
"қоржынға" кіретін басқа үлттық
валюталардың біразымен салыстырылады.
Сонымен, экономикасы нарықтық типпен
дамыған мемлекеттердің ақша жүйесіне
тән белгілер:
1. Ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің
катынасуы.
2. қолма-қол акшамен қолма-қол емес ақша
белгілерін шығарумен банк жүйесінің
әр түрлі буындарының шүғылдануы. Бүнда
қолма-қол ақшаны шығарумен мемлекеттердІң
орталық банкі шүғылданса, қолма-қол емес
ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық
банктер шығарады.
3. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша
- төлем айналымдары үғымының арасын заңмен
жіктеудің болмауы.
4. Ақша-несиелік реттеу механизімІн құру
және оның дамуы.
5. Орталық банктІң мемлекеттік апараты
арқылы акша жүйесін басқаруды орталықтандыруы.
6. Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
7. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша айналымдарының
тығыз байланысы, оның Ішінде қолма-қол
емес айналым үлесінің көп болуы.
8. Салық органдарының ақша каражатын қырағы
бақылауы.
9. Мемлекеттің орталык банкіне салыстырмалы
дербестік беру.
10. Ақша белгІлерін банк жүйесінің активтерімен
(алтын, қымбат металдар, тауарлы-материяддық
құндылықтар, бағалы қағаздар) қамтамасыз
ету.
11. Шаруашылық айналымына ақша белгілерін
мемлекеттің ақша-несие саясатына сай
шығару.
12. Валюта курсын валюталар "коржыны"
негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі.
Жалпы айырбасталмайтын несие ақшаларына
көшу эмиссиясының біржақты икемденуіне
және ақша жүйесінің негізі- ақша айналымының
объективті қажеттІлігінен туындайтын
- ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына
әкеп соқтырды. Ақша жүйесі шаруашылық
механизімінің қүрамдас бөлігі ретінде
қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі
диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез-келген
диспропорция ақша жүйесінің түрақсыздануына,
сайып келгенде ақшаның қүнсыздануына,
яғни инфляцияға үшыратады.
Инфляция және оныц экономикялық мәні
Инфляцияның мәні және оиың себептері
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен керсетілген
қызметтердің бағасының өсуі және тауар
тапшылығы мен қызмет сапасьшың темендеуі
салдарынан ақшаның қүнсыздануы, оның
сатьш алу мүмкіндігінің құлдырауы. Иңфляция
- қоғамдық үдайы өндІрістегі диспропорцияның
көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының
үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез-келген
экономикалық формацияға тән қүбылыс.
Инфляция үлттық табысты экономиканың
салалары арасында, коммерциялық қүрылымдар,
халықтың топтары мен мемлекетті және
шаруашылык субъектілері арасында қайта
бөлуге тірейді.
"Инфляция" - қарбау, көтерілу, ісу
деген мағынаны білдіретін - латын сөзі.
Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы,
соғыс, революция және с.с. кездейоқ жағдайларда
экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік
шығындарды қағаз ақша шығарумең қаржыландыру
ақша айналымының күрт "көтеріліп",
қағаз ақшаның қүнсыздануына әкеп соқтырады.
Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер
бар. Олар:
• егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен
аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл
жерін қамтиды;
• егер бүрын инфляция бір мезгілде ғана
жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған
қүбылыс;
• егер бүрын инфляция тек ақшының әсерінен
туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз
және т.б. факторларға байланысты болады.
Инфляцияның түбегейлі себептері ақша
айналымы және тауар өндірісі арасында
болғанымен, оған елдегІ саяси жағдайлар
да әсер етеді. Инфляцияға әсер ететін
бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға
сұраныстың тауары ұсынылған болуының
нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының
бүзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақатында
шамадан тыс ақша шығаруға байланыты айналыстағы
ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы
несие ақшаларыньң көптігі; үлттық валютаның
корын бірқалыпты үстау үшің үкіметтің
қолданатын тәсілдерІ; үлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топқа тауарлар бағасын жэне шығындарды
өсіретін ақшалы емес факторлар жатады.
Олар: қоғамдық үдайы өндіріс қүрылымыньң
үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің
шығындылығы, мемелекеттің экономикалық
іс-шаралары және с.с. факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірІмен-бірі
тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін
қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға
соқтырады.
Алайда, айналымдағы ақша массасы түрақты
болған кей жағдайларда да инфляция болуы
мүмкін. Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы
ақша массасы бір калыпта болса да, айналымдағы
тауарлар мен көрсетілғен қызметтің көлемі
қысқарып, инфляциялық процестер туындайды.
Бүл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру
өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен,
басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға
қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан
айналысқа қүйылады, себебі айналым аясының
жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ
ол инфляция әсерін күшейтеді: несиені,
өндірІке салынатын инвестицияны және
тауарлар үсынысын қысқартады. Сөйтіп,
инфляция факторлары екі жақты -тауарларды
шығаруға және сатуға; ақша массасын және
айналым жылдамдығын өзгертуге - әсер
етеді.
Инфляция - өндіріс процесінің бүзылуы,
шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлеімсіз
дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты
мен коммерциялық банктердің іскерлігінің
икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі,
әрі көп факторлы қүбылыс.
Инфляцняның түрлері және ОІІЫҢ экономикалық
әлеуметтік салдяры Дүниежүзілік тэжірибе
инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі.
• экономикадағы қамтитын аумағына байланыты
- жергілікті және әлемдік инфляция;
• жүру қарқынына байланысты - біркелкі
(баға үнемі төмен карқынмен өседі), үздіксіз
және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция;
• даму қарқынына байланысты - жылжымалы
инфляция (ползучая) - онда бағаның өсу
қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды;
қарқынды инфляция (галопирующая) - онда
бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен
50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке)
жетеді; ұшқыр инфляция (гиперинфляция)
- онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен
асады; Халықаралық валюта қоры баға айына
50 процентке өссе, оны үшқыр инфляцияның
ішіндегі аса үшқыр инфляция (супергиперинфляция)
деп атайды. Егер инфляция өндірістің
құлдырауымен үштасса оны стагляция деп
атайды;
« эсер ететін факторлар бойынша - сураныс
инляциясы және шығын инфляциясы.
Сүраныс инфляциясы ақшалы факторға байланысты
туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы
"көтеріліп", соның салдарынан төлім
қабілеті бар сүраныста жоғары болады.
Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында
өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра
алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың
өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап,
бағаның көтерілуіне соқтырады.
Шығын инфляциясы өнімге баға берілуде
әсер ететін аұшасыз факторларға байланысты
туындайды. Ол - ең алдымен жалақы телеуге
шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі кезегінде өнімді
өндіру шығындарының өсуіне, пайданың
төмендеуіне, қолданып жүрген баға бойынша
шығаратын өнім көлемін қысқаруына әкеп
соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында
өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр
болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе
(спираль) пайда болады: бағаны көтерудегі
жалақының өсуін талап етсе, жалақының
өсуі бағаны көтереді. Бүл жалақы мен бағаның
"инфляциялық серіппе" теориясы деп
аталады.
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы
инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын
бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс
экономистерінің жобалауынша инфляцияны
бұл түрі өндіріс пен жалпы үлттық өнімнің
өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы
мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция
басымдау болды. Инфляцияға эсер ететін
факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтік-
Дамушы еддерді инфляцияның даму жағдайлары
мен оған әсер ететін факторларға байланыты
төмендегідей жіктеуге болады.
Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының
дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдардың
аяғы - 90-жылдардың бас кезінде экономикалық
тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің
тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша
шығару станогі мен үнемі индектеу механизмінің
қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық
ортада жүйелі түрде үлттық валютаның
курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы,
1990ж. ақшаның қүнсыздануы 8500 процентке,
Перуде - 8291,5 процентке жетті.
Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесууэла,
Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері
кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің
жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында
аз қаржыландыруға жэне несиелік экспансияға
(несиені үлғайту) ерекше көңіл беледі.
Бүл еддерде қарқынды
инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі
20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу
жүргізілуде, жүмыссыздықтың жоғары деңгейі
сақталуда.
Үшінші топқа жататын елдер - Сингапур,
Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар
Әміршілігі, Қатар, Сауда Аравиясы, Байхрейн
- жергілікті
деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар
мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция
(1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген.
Экономикасы дамыған нарық жағдайда жұмыс
істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде
тауарды сыртқа шығару жэне шетел валютасының
құрылуы зор роль атқаруда, жүмыссыздык
бірқалыпты деңгейде жүруде.
Төртінші топқа дамушы мемлекеттер элеміне
теңгерілген бүрынғы социалистік мемлекеттер
кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам
және т.б.)- бүл мемлекеттердегі инфляция
жоспарлы-бөлу жүйеінің нарыққа өту барыында
туындайтын объективті процестерге байланысты
болады.
Инфляция тежеу шаралары мен әдістері
Инфляцияның элеуметтік-экономикалық
зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар
бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының,
шаруашьшык субъектілерінің және мемлекеттік
бюджет қаржысының құнсыздануынан; халықтың
экономикалық белсенділігінің төмендеуІ
меи жұмыссыздықтың көбеюінен; үлттық
валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі
мен басқа валюталарға қарағанда оның
нақты курсыньң бұрмалануынан көлеңкелі
экономиканың белсенді өсуі мен оның салық
төлеуден жалтарынан және с.с. көптеген
келеңклі проценттерден байқалады.
Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын
тұрақсыздандырудың негізгі әдістері
- ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары
туралы келесі тарауда жазылған) және
инфляцияға карсы басқа да саясаттар жүргізу.
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі
формасы бар:
• бірінші жаңа ақша жүйесін қүру -ол алғашқыда
металл ақша жүйесін қүрғанда, сонымен
қатар мемлекеттік қүрылым өзгергенде,
яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап,
оның орнына отаршылықтан арылған тэуелсіз
мемлекеттер пайда болғанда және 90-жыддардың
басында КСРО-ның орнына ТМД елдері қүрылғанда
бүл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты
өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;
• екінші, ақша жүйесінің кейбір елементтерін
өзгерту, яғни ақша елшемІн енгізу, баға
масштабын ақша түрлерін және т.сс. өзгерту.
Соғыс және революциадан кейінгі жылдары
көптеген елдер ақша айналысын тұрақтандыру
мен ақша экономиканы қалпына келтірудің
ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді
қолданады: нуллификация, реставрация
(ревальвация), девальвация және деноминация.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны
жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі.
Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан
кейінгі үшқыр инфляцияның нәтижесінде
рейхсмарка қүнсызданып, 1924 ж. енгізілген
жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға
арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп
қүнсызданған ескі марка жойылды.
Реставрация - ол ақша өлшемінің бүрынғы
алтын құрамын қалпына келтіру әдісі.
Мысалы, Англия Бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реормасы
кезінде функт стерлингтің алтын қүрамы
соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ревальвация
ретінде доллармен салыстырғанда үлттық
валютаныңресми курсын көтеру арқылы
жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта
қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден
өткізді. Мысалы, ГФР үш девальвация (1961,
1969, 1971жж) еткізді, яғни марканың курсы
осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.
Девальвация - ақша өлшемінің алтын құрамын
төмендету. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін АҚПІ долларына шаққанда үлттық
валютаның ресми курсын да, оның алтын
құрамын да төмендету. Долларды екі рет
девальвациялау натижесінде оның алтын
құрамы 1971ж. желтоқсанында 7.89%-ке, ал 1973ж.
ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973ж."өзгермелі"
валюта курсын енгізген соң, девальвация
Еуропа валюта жүйесінде - "реттелетін
валюта курсы" топтастығында жүргізілді.
Деноминация - ол "нольдерді сызу"
әдісі, яғни баға маштабын ірілендіру.
Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан
бастап баға масштабы 10 есе ірілендірді.
1961ж. шыққан жаңа 1 рубль ескі 10 рубльге
тең алмастырылды. 1988ж. Бразилияда енгізілген
жаңа ақша өлшемі - нокрузадо бүрынғы құнсызданған
1000 крузадоға эквивалентті болды. 1988ж.
Ресейде дерубльге деноминация 1:1000 ескі
рубльге арақатынасымен жүргІзІлді. Деноминация-"нольдерді
сызу" әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру.
Мысалы, КССРО-да 1961 жьтлдың бірінші қаңтарынан
бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді.
1961 жылы шыққан жаңа бір рубль ескі он
рубльге тең алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда
енгІзілген жаңа ақша өлшемі -нокрузадо
бүрынғы қүнсызданған 1000 крузадоға эквивалентті
болды. 1998 жылы Ресей де рубльге диноминация
1000 ескІ рубльге арақатынасымен жүргізілді.
Қорыта айтқанда инфляциямен күрес эдістері
мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін
іс-әрекеттің жиынтығы.
Инфляцияыың Қазақстандағы ерекшеліктері
Қазақстанда инфляция барлық ТМД елдері
сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған
жүйеде нарықтық қатынастарға өту кезіндегі
өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық
шаруашылығында инфляция кептеген жылдар
бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің
экономикасы жағдайында инфляция болуы
мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс
тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар
айтылды. Қазақстандағы казіргі инфляцияның
себептерІн нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны
тудыратын факторлардан іздестіру керек.
Олардың ең бастысы - шаруашылықты басқарудың
жоспарлы-бөлу жүйесІ. Ол шаруашылықтың
шығынды механизмін қалыптастьгруға,
халық шаруашылығында материалды-ақшалық
үйлесіміздіктің тууына мүмкіндік жасап,
экономиканың барлық салаларына зиян
шеккізді