Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 16:43, реферат
Ақшаның қызметі: құн өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін көрсету құралы, айналыс құралы, қор жинау құралы, қазана жасау құралы, төлем құралы, дүниежүзілік ақша қызметін атқарады.
Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты.
Елімізде зандытәртіппен бекітілген ақша белгілері бар.
Ақшаның қызметі: құн
өлшеуіші, бақылау құралы, баға көлемін
көрсету құралы, айналыс құралы,
қор жинау құралы, қазана жасау
құралы, төлем құралы, дүниежүзілік
ақша қызметін атқарады.
Көп уақытқа дейін
ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды.
Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде
ол алтынға берік орнықты.
Елімізде зандытәртіппен
бекітілген ақша белгілері бар.
Құн өлшемі қызметінде
ақша-бағабелгілеу құралы. Өнімді бөлуге,
айырбас жасауға және тұтынуға қызмет
ету процестерінде ақша қозғалыс жасап,
ақша айналымын құрайды.
Ақша айналымы дегеніміз
– еңбекке ақы төлеу, тауар өткізу, көрсетілген
қызмет үшін есеп айырысу және басқа да
төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның
үздіксіз қозғалысқа келуі. Ақшаның ең
басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де
оның адамдарға қажеттілігінде
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
1993 жылдың қарашасында
теңгенің айналысқа шығарылуы
біздің
жас тәуелсіз
республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол
еліміздің
тәуелсіздігін
нығайту
жолындағы
түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды
жүргізу үшін қажетті
тарихи қадам
болды. Төл
теңгеміз
пайда болғалы
жүргізіліп
келе жатқан
мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар
макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса
бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді
енгізу қазіргі
кездегі қол
жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді
дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша
мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы
болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге
оларды күшейтумен
немесе бәсеңдетумен әсер
етеді.
Елдің
экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы
мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.
Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір
тепе-теңдіктің болуын қалайды.
Олардың
ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан
нарықтық қайта құруды
жүзеге
асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс
істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер
бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша
ақша
белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль
аймағында Қазақстан, Өзбекстан,
Ресей және
Тәжікстан
елдері ғана қалды.
Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп
соқты. Қазақстан өз валютасын
енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында
тұрып, Қазақстан
Ресейдің қаржы
институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты
жүргізе
алмады.
1993 жылы 3 қарашада
Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын
дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі,
жаңа
валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу
мәселелері, қолма-қол ақшаны
айырбастау коэффициенті мен лимиттері,
валюта бағамын қалыптастыру
және
басқа
маңызды
мәселелер
айқындалды. Ұлттық валютаны
енгізудің
заңдылығын сақтау
және өркениетті
түрде
енгізу үшін
дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар
және
көрші
елдердің үкіметтері
дер кезінде хабардар етілді.
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан
Республикасының Президенті теледидар арқылы
халыққа
алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі.
Мұндай
шаруаның
жан-жақты
ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін
жаңа
көкжиегі
астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге
ресми түрде
1993 жылы 15 қарашада
енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500
рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын
жоғалтпай ұстап
тұру
– ең
маңызды
шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың
сәуірінде
“Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар
жарлықтарға қол қойылды.
Бұл құжаттарда
коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк
арқылы
реттеудің қағидаттары
мен әдістері
бекітілді.
Ұлттық валюта
енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы
экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары
деңгейі,
импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне,
ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар
алғашқы айларда
теңге
айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен
кейін алғашқы 7 айда
теңге
8 есе құнсызданды.
Ең әуелі
теңгеге
байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан
кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін
валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы
операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен,
оның
бағамы
басқа
елдердің
валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге
тікелей қызмет
жасауын қамтамасыз
ету қажет
болды. Бұған
дейін теңге құлдырап
бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша
ақша
жұмсап,
оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын
бағамын
белгілеу үшін
оны еркін жүзуге жіберу керек болды.
Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап
жоғарылап
кетті.
Бұдан
кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы
17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді,
2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы
5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі
бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы
276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр.
Ақшаның қажеттігі және шығу тегі
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.
Мұндай негізге тауарлардың құн
Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның жанұясының қажетін қанағаттандырғаңдықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Егер тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілікті. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның, өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну кұны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның, мынадай нысандарының (формаларының) қалыптасуына себеп болған:
1 қап бидай = 1 қойға
= 1 балтаға
= 1 құмыраға және т.б.
Сонымен, ақша — бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар.
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша — өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.[1]
[өңдеу]