Ақша жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 14:48, реферат

Описание

Ақша (ағылш. money; cash;) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды.

Содержание

1.Ақша. Ақшаның пайда болуы, атқаратын қызметтері(2-4).
2.Ақша жүйесі, элементтері мен типтері(4,5).
3. ҚР-ның ақша бірлігі туралы жалпы түсінік(5-7).
4. Ұлттық валюта жүйесі туралы түсінік(8-10)
5. Пайдаланылған әдебиеттер(11).

Работа состоит из  1 файл

ақша жүйесі СРС.docx

— 29.43 Кб (Скачать документ)

    Эмиссиондық жүйе — бұл әр елдің орталық  банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды  резервті жүйе, Ресейде — РФ Орталық  банкі, ал Қазақстанда — Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі айналысады. Ұлттық Банктің қарамағында еліміздің  банкнота жасайтын — Банкнота фабрикасы (Алматыда) және монета жасайтын - Монета сарайы (Өскеменде) бар.

    1993 жылғы 15 қарашада  Қазақстанның ұлттық  валютасы — теңге  айналысқа енгізілді.

    Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып  табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында  орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары  мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар  көмегімен іске асады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот  фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарақтала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.

    Қазақстандық  валютаны жасау тарихын болашақ  ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

    ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай  ақша белгілерін шығарды:

    Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге  дейін.

    Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін  ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік  билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.

    Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі  тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы  банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста  жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.

    2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне  өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы  шаралар банкнотадағы адам бейнесінің  болмауын және олардың қорғаныс  қабілетінің жоғары болуын көздейді.

    Ескі  үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері  бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде  қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар  жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан  Республикасының бүкіл аумағында  төлемнің барлык түрлері бойынша  занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан  ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген  онжылдық мерзімін үзартуға құқылы. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Сейтқасымова Г.С. Банк ісі, Алматы, Экономика,2001

2.Баян Көшенова, Ақша несие, банктер, Алматы, Экономика, 2000

3. Смагулова Р. Қаржы нарығы, Алматы.2001

4.С.Б. Мақыш, Ақша айналысы, Aлматы, 2000

5.stud24.ru/php

Информация о работе Ақша жүйесі