Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:45, курсовая работа

Описание

Мен бұл депозитті сақтандыру: шетелдік және халық жинақтарының динамикасы курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде.Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру шаралары қолданған болатын. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда депозиттің теориялық анықтаммасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................2.
I-тарау. Негізгі бөлім
1.1.Депозит салымдар және оның мәні............................................................3.
1.2.Депозит және депозиттік салымдарды сақтандыру жүйесі...................................................................................................................5
II-тарау.
2.1.Қазақстанның бөлшек депозит нарығы.................................................................................................................16
2.2Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуалы және 2010-2012 жылдарындағы депозит нарығының даму келешегі............................................................................................... ………..17
2.3.Қордың 2010-2012 жылдарындағы стратегиялық міндеттерін бағалау кестесі.......................................................................................21
III-тарау
3.1. Халықтың 2010-2012жылдарындағы ЕДБдағы банк депозиттері мен міндетті күнтізбелік жарналарының өсу қарқынының болжамы................................................................................................................24.
3.2. Крістер мен шығыстар................................................................................................................25
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................28

Работа состоит из  1 файл

улданай макро.docx

— 67.74 Кб (Скачать документ)

 

                                              Жоспар 

«Қазақстан Республикасындағы  депозиттерді сақтандыру,және халық  жинақтарының  динамикасы»

Кіріспе...............................................................................................................2.

                                I-тарау.   Негізгі бөлім

1.1.Депозит  салымдар  және оның мәні............................................................3.

1.2.Депозит және депозиттік салымдарды сақтандыру жүйесі...................................................................................................................5

II-тарау. 

2.1.Қазақстанның бөлшек  депозит нарығы.................................................................................................................16

2.2Қазақстанның қаржы нарығындағы  ахуалы және 2010-2012 жылдарындағы депозит  нарығының даму келешегі............................................................................................... ………..17

2.3.Қордың 2010-2012 жылдарындағы  стратегиялық  міндеттерін бағалау кестесі.......................................................................................21

                                                         III-тарау

3.1. Халықтың 2010-2012жылдарындағы  ЕДБдағы банк депозиттері мен  міндетті күнтізбелік жарналарының  өсу қарқынының болжамы................................................................................................................24.

3.2. Крістер мен шығыстар................................................................................................................25

Қорытынды..........................................................................................................27

Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................28

 

 

 

 

                

 

                                             Кіріспе

 Мен бұл депозитті  сақтандыру: шетелдік және халық  жинақтарының динамикасы курстық  жұмысты алу себебім, ол өзекті  тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан  қазіргі кезде экономика мен  қаржы саласында кейбір қиындықтарды  бастан өткізуде.Сондықтан да  Қазақстан Республикасының президенті  халықтың банкке деген сенімін  арттыру үшін депозитті сақтандыру  шаралары қолданған болатын.    Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген.  Онда депозиттің теориялық анықтаммасы,  құрылу жолдары, оның функциялары  туралы айтылған. Жалпы түрде  депозитті сақтандыру ұйымдастыру  мен қолдану әдістері, негізгі  концепциялары берілген.Екінші бөлімінде  депозитті сақтандыру формалары,  депозитті ұйымдастыру жолдары  мен әдістері, оның негізгі мақсатарын  қарастырамын. Басқару мәні ашылған,  мемлекеттің депозитті басқарудағы  атқаратын рөлі, шетел тәжірибесі  қарастырылған,олардың депозит жүйесінің  ерекшеліктері.  Үшінші бөлімде  Қазақстан Республикасының қазіргі  жағдайда проблемалары және жетілдіру  жолдары ерекшеліктері мен принциптері,  оның проблемалары мен қиындықтары  мен әдістері қарастырамын. Қазақстанның  депозиттерді сақтандыруды дамыту  тенденциялары мен алдағы мақсаттары  және заңдарды қарастырамын жазылады.   Бүгінгі күндері депозиттерді сақтандырудың рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды. Бұл қордың тәжірибесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірибесінен таңдап іріктеліп алынып жатыр. Мұндай озық тәжірибелер қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т.б елдерде бар. Бұған қоса әлемдік және отандық тарихта жалпы сипатқа және ауыр салдарларға ие болған көптеген банктоттық жағдайларын ескере түсіреді.

 

 

 

                                            

 

 

                                                 I-тарау

                          1.1.Депозит салымдар және оның мәні

Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қоылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады.  Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар  табыс әкеледі.Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:  банктік пайда алуға немесе болашақта пайда  алу үшін жағдай жасауға;  депозиттік операциялар әрекет етуі керек;  банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздырды беру бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;  депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік  қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:  халықтың ақшалай табыстарының көлемі;  олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;  салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;  елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс.Ағымды операцияларды жүргізу барысында барлық операциялар депозиторға берілген жинақ кітапшасында есепке алынады. Кезекті операцияларда шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың төлеуінің жинақ  салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланылады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданылады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға. Әдетте ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәландыратын ақшалай құжат. Оларды компанияларға, фирмаларға және салымшының өзінде қалатыны, берілмейтіні болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуі мүмкін.Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:  ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды;  салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады;  шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінде жинақ кітапшасы депозиторымен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады.  Жеке тұлғалармен ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:  мерзімді жинақтаушы салым;  қосымша толықтырылатын салым;  ағымдағы жинақтаушы салым.  Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім  белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқажинақтаушы салымдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдынала келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және т. б.). Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттары келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.

   1.2. Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру жүйесі

        Қазақстандық  салымшылардың коммерциялық банктерге  сеніп тапсырған салымдарын қорғау  проблемасы халық салымдарының  жинақ банктерде құлдырауы мен  жекелеген қаржылық құрылымдардың  тоқырауы және қазіргі уақыттағы  кейбір банктердің тиімділігінің  болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі коммерциялық банктердің  клиенттік құрылымында жекелеген  тұлғалардың салымшылар саны  өсуде, халықтың салымдарының  мөлшерлері көбеюде және осыған  байланысты депозиттерді қорғауды  жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық банктің тарапынан жеке  тұлғалардың салымдарын кепілдендіру  және сақтандыру қоры бойынша  жүйенің тиімді жұмыс атқаруына  бағытталған шаралар жүргізілуде.  Бірақ аталған жүйенің дамымаған  жерлері мен аяқталмаған тұстары  бар және жетілдіру үшін біздің  шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені  ескеруіміз керек. Көптеген елдерде  салымдарды сақтандыру мен кепілдендірудің  көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз өз  еліміздегі осы тектес жүйені  жетілдіруге пайдалануымыз керек.Банктердің  қалыпты жұмыс істеуіне ең  керекті жағдай — олардың өміртіршілігі  қолдайтын сәйкес жүйенің болуы.  Осындай жүйелер дамыған елдердің  көпшілігінде бар және ол өзара  байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден, төлем қабілетсіздігі  шегіне жеткенде экстремалды  жағдайларда банктерге қаржылық  көмек көрсетеді, яғни екіншіден,  депозиттер бөлімі бойынша сақтандыру  төлемдері арқылы олардың салымдарын  сақтандырады. Әр елде коммерциялық  банктердегі салымдарды қорғаудың  әр түрлі механизмдері бар.Қордың  құрылтайшысы Ұлттық банк болып  табылады. Қордың акцияларын ҚР  үкіметі және қатысушы банктер  сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық  капиталы 1 млрд. теңгені құрайды.  Қордың атқарушы органы- басқарма  болып табылады. Басқарма тоғыз  адамнан тұрады. Қор басқармасы  құрамына Қордың төрағасы мен  Ұлттық банктің екі өкілі, қатысушы  банктердің төрт өкілі және  Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының  бір өкілі кіреді. Қор басқармасының  төрағасы Ұлттық банктің ұсыныумен  басқарма мүшелері арасынан сайланады.

Қордың банктік  шоттары тек Ұлттық банкте ашылады. Қордың ақшаларын орналастыру төмендегідей:

1) Қор активтерінің 80 пайыздан  кем емес мөлшерінде мемлекеттік  бағалы қағаздар;

2) Ұлттық бнктегі салымдарға 10%-тен астам (депозиттерге)

Қор мына негізгі  қызметтерді атқарады:

-        қатысушы-банктің  еріксіз таратылуы жағдайында  оның салымшыларына (депозиторларға) салымдары (депозиттері) бойынша  ережемен анықталған көлемі мен  тәртіптер өтемақы төлейді:

-  активтерді басқаратын;

- қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;

- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.

Қор қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:

-  Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың (депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға;

- Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;

-  Қазіргі ережелер  мен бекітілген тәртіп бойынша  қатысушы-банкті жеке тұлғалардың  салымдарын (депозиттерін) міндетті  ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен шығарып, қатысушы куәлігін  қайтып алуға;

-  салымшылардан (депозиттарлық)  еріксіз таратылатын қатысушы  банктерден салымдар бойынша  төленетін өтемақы мөлшеріндегі  құқықтар мен талап ету кезектерін  сатып алуға;

-  салымшыдан берілген  банктің салымшыларға қормен  өтемақы мөлшерінде еріксіз таратылатын  қатысушы банктерден талаптарды  қанағаттандыруды талап етуге;

-  қатысушы банкті тарату  комиссиясының құрамына өз өкілін  енгізуге;

-  өз құзыретінің шегінде  басқа да құқықтарды жүзеге  асыруға құқылы.

Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:

1. еріксіз таратылатын  қатысушы банктерге регрестік  талап қою құқығын иеленеді;

2. Ұлттық банкке өзінің  қызметі жайлы қаржылық есеп  беру, соның ішінде Ұлттық банк  анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде  аудиторлық ұйым растаған жылдық  есепті береді.

Қор басқармасының өкілеттілігі:

1. Банктерде жеке тұлғалардың  салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесіне енгізу  туралы шешім қабылдау.

2. Қазіргі ережелерге  сәйкес қорға міндетті күнтізбелік  және басқа да жарналардың  қатысушы банктермен мөлшерлемесін  салу мерзімдерін бекітеді.

3. Банк қатысушы-банктерді  инспекторлық тексеруден өткізу  немесе оларға шектелген ықпал  ету шаралары мен санкцияларды  қолданады, банктік жарнамада  қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке тұлғалардың  банктік шоттарын жүргізіге берілген  лицензиялардың күшін жою немесе  қызметін тоқтату туралы Ұлттық  банкке өтініш беруге шешім  қабылдайды.

4. Қатысушы-банкті жеке  тұлғалардың салымдарын міндетті  ұжымдық кепілдендіру жүйесінен  шығару туралы шешім қабылдау.

5. Қор активтерін Ұлттық  банкке келісім бойынша сенімдік  басқаруға беру туралы шешім  қабылдайды.

6. Еріксіз таратылатын  қатысушы-банктердің салымдар бойынша  өтемақысын төлеу туралы шешім  қабылдайды.

7. Агент-банкті иаңдайды.

8. Қор басқармасының төрағасын  сайлау және Қордың лауазымды  тұлғаларын тағайындау.

9. Қордың жыл сайынғы  кірістер мен шығыстар сметасын  бекітеді.

10.Қазіргі ережелерге  сәйкес басқа да өкілеттіліктер.

Қордың лауазымды тұлғалары  мен қызметкерлері өз қызметтерінжүзеге  асыру барысында қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған ақпараттардың  барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға және құпиялылығын сақтауға міндетті.

Қатысу банктердің міндеттері:

1) Уақтылы және толық  көлемде міндетті күнтізбелік  және басқа да жарналарды Қор  басқармасының шешіміне сай төлеп  отыру.

2) Мәліметтерді уақытында  және толықкөлемде Қорға ұсынып  отыру.

3) Еріксіз таратылған  қатысушы-банк туралы сот шешімі  күшіне енген күннен бастап  салымшы алдындағы міндеттеменің  орындалуы жайында қорды дереу  хабардар ету.

4) Жеке тұлғалардың салымдарын  міндетті ұжымдық кепілдендіру  жүйесінің объектісі болып табылатын  салымдар бойынша банктік салымдарды  келісім шарт бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу,  соның ішінде валюталық өтемақы,  салымшыдан Қорға өтемдер мен  қатысушы-банктің салымдары туралы  ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында  беруге талап ету құқын көшу.

5) Клиенттеріне өзінің  жеке тұлғалар салымдарын міндетті  ұжымдық кепілдендіру жүйесіне  қатысатындығын қатысушы-банктің  берілген күні мен нөмері көрсетілген  куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша  хабарлаудың көмегімен клиенттер  сұрақтарына жазбашажәне ауызша  жауаптарында салымдар бойынша  өтемдер төлеу шартын хабарлау.

6) Салымшылар алдындағы  міндеттемелердің уақтылы және  толық орындалмауын туғызатын  жағдайлар жайында Қорды дереу  хабардар ету.

7) Қорға еріксіз таратылу  жағдайындағы қатысу-банктердің  жеке тұлғалардың салымдарға  ақша қабылдауын дәлелдейтін  мәліметтер мен банк растаған  құжаттардың көшірмесі, яғни Қор  басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың  нысандары бойынша салымдарының  міндетті ұжымдық кепілдендіру  объектісі болып табылатынын  дәлелдейтін құжаттар ұсыну.

 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру,және халық жинақтарының динамикасы