Қазақстандағы экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:58, реферат

Описание

Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.

Содержание

1.Қазақстандағы экономиалық өсу
2.Экономикалық өсу түрлері
3. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
4.Қорытынды
5.Қолданылған адебиет

Работа состоит из  1 файл

динара экономика сөжі.docx

— 32.96 Кб (Скачать документ)

               Алматы Энергетика және Байланыс Университеті        

                                  Жылуэнергетика факультеті

 

 

Әлеуметтік  пәндер     кафедрасы

 

 

                                  Экономикалық теория негіздері

                                                      СӨЖ №1

                         Тақырыбы:Қазақстандағы экономикалық  өсу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Орындаған:Жабалиева  Д.Е.

Тексерген:Жараспаева Қ.М.

                                             Алматы 2012

 

 

 

                                 Жоспар

1.Қазақстандағы экономиалық өсу

2.Экономикалық өсу түрлері

3. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

4.Қорытынды

5.Қолданылған адебиет

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

      Елбасы  Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан  халқына Жолдауында «Біздің ұлттық  экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне  оны әлемдік экономикаға интеграциялаган  жағдайда ғана қол жеткізе  алатынымыздың» атап көрсітілуі  ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа  жақындап келе жатқанын айқындады.  Өткен жылдарғы реформалардың  басты қортындыларын бағалай  отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық  келбеті түбегейлі өзгергенін  мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында  өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін  сапалы жағынан жаңа экономикалық  жүйеге ауыстыруға бағытталған  реформалардың үш маңызды кезеңі  болғаны байқалады.

    Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны  жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші  күш қана емес нарықтық қайта  құруларды ілгерілетуші күш те  болатындай көрінген бұл кезең  принципті тұрғыда өз рөлін  орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық  қайта құрулардың еркін қатысушысы  пайда болды. Сонымен бірге,  мемлекеттің экономикадан тым  жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған  жаппай ырықтандыру бақылаудан  тыс инфляция, өндірістің құлдырауы,  жұмысыздықтың пайда болуы мен  өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға  әкеліп соқтырды.

    Екінші кезең-инфляцияның  ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит  саясатын жүргізүге, нарықтық  экономика қағидаларын қабылдау  мен қатаң орындауға арналған  тұрақтандырушылық бағыт. Қатаң  бағыт елді гиперинфляциядан  және экономиканың күйреүінен  құтқарып қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Қазақстандағы экономиалық өсу

  Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.

Сондықтан Үкімет 2015 жылға  дейінгі Индустриялық -  инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен  бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып  отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен  өткізу оған жүмсалған шығындармен  тығыз байланыста.

Кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.

Әлем экономикасындағы тұрақсыздыққа  қарамастан, ағымдағы жылдың басынан  бастап ел экономикасында дамудың оң қарқыны сақталып отыр.

Алдын ала бағалау бойынша 9 айдың ішінде Қазақстанның Жалпы  ішкі өнімі 5,2%-ға өсті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2,7%-ды құрады.

Экономиканың өсуіне макроэкономикалық  ахуалдың тұрақтылығы ықпал етеді.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте  инфляция 3,9%-ды құрады немесе  өткен жылғы ұқсас кезеңінің  көрсеткішінің 2,3 пайыздық тармаққа  төмен. Қыркүйек айының қорытындысы  бойынша инфляция жылдық мәнде өткен жылғы 8,7% деңгейіне қарағанда 5%-ды құрады.

Анықтама: Сонымен қатар, орташа республикалық мәннен жоғары инфляцияның деңгейі Қарағанды (5,3%), Атырау (5,1%), Павлодар (4,2%), Қызылорда (4%) облыстарында және Алматы (4,6%) мен Астана (4%) қалаларында тіркелді.

 

Ұлттық қор қаражатын  есепке ала отырып Халықаралық резервтер  жылдың басынан бастап 12,5 млрд. АҚШ  долларына ұлғайды және 85,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Әлеуметтік салада қолайлы  ахуал сақталып отыр. Жыл басынан  бастап халықтың нақты табысы 9,1%-ға, нақты жалақы –11,1%-ға өсті. Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ды құрады.

Экономиканың өсуі негізінен  ішкі тұтынушылық сұраныстың есебінен қамтамасыз етілді, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,4%-ға өсуі, көлік қызметінің – 7,2%-ға, байланыс қызметінің – 10,6%ға өсуі көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 9 адың даму үрдістері казақстандық экспортт өнімдеріне деген сұраныстың қысқаруы өнеркәсіп өндірісі көлемінің  төмендеуіне ықпал етті.

   Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.

     Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті.

 Бүгінде Қазақстан  дүние жүзінде әлемдегі ірі  өндірушілердің біріне айналды  және әлемдік рынокта маңызда  орын алды. 27 тауар позициясы бойынша  алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына  кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға  арналған сратегиялық міндеттерінде  республиканың экономикадағы дәстүрлі  басымдықтарын барынша пайдалану  қажеттігі міндеттелген. Бұл арада  әңгіме табиғат байлығы мен  минералдық шикізат қоры жөнінде  болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.

Қазақстанның өзара қатынастардың  жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай  қатаң. Егер республиканың шикізат  рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне  жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты  және аса жауапты қарауы керек  болады.

   Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады.

   Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады.

 Әлем деңгейінде 215-ке  жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің  санына қосылу біздер үшін  бұл асқақ арман. Оған жету  шебер басқару жүйесін, терең  білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты  дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен  ізденістерді талап етеді. Алдағы  елдер біздер қатарына қосылсын  деп күтіп тұрмайды. Сондықтан  ад біздер осы арманға даму  қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда  ғана жетеміз.

 

 

 

 

  Экономикалық өсу және оның түрлері.

Экономикалық теорияда мағызды  сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен  қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің  ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің  ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты  материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы  болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

 

 

 

 

 

  

 

 

                Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы  мүмкін, сондықтан экономикалық өсу  де бірнеше типке бөлінеді.


 

 


 

  1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

 

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

                 Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Информация о работе Қазақстандағы экономикалық өсу