Қазақстандағы туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 21:28, доклад

Описание

Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанда Туризмнің дамуы.doc

— 48.50 Кб (Скачать документ)


1.Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.

Соңғы 20 жыл ішінде шетел туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны жылына 5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет, әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған шығындар. Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды, Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жүмсайды. Ұлттық туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға, Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазакстанда мұндай шараларды жүзеге асыруға аз сома бөлінеді.

Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.

Мысалы, Қырғызстанда туризм үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл елде шетел туризмнің құндық көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады. Оған бүкіл табыс көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің барлық санының 43%-ті келеді). Бауырлас республикада туристік қызмет құрылымында ішкі туризм — 38,1%, ал одан түскен табыс — 32,2% құраған. Шығу туризмнен түскен табыс 4% болса, туристердің саны 18,3% тең.

Өзбекстанда қызметтің сапасы мен номенклатурасына, туристік-экскурсиялық қызмет көрсетудің формалары мен әдістерінің түрлілігіне жаңа талаптар қойылып жатыр.

Туризмнің материалдық-техникалық базасын құру және дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық әлеуетті екі бағыт бойынша қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:

1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде туристік-экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.

2. Материалдық-техникалық базаны одан әрі қарай дамыту, туристік мекемелер торабын кеңейту және қосымша туристік ресурстарды игеру.

Қазақстанды аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.

2002 жылы Қазақстан туризмнен 1690289,3 мың теңге мен 29,8 мың АҚШ доллар бар сома табыс алды (2 кесте). 2000 жылы туристік фирмалар қызметінен түскен табыс мөлшері 1882684,7 мың теңге және 623,4 мың АҚШ долларын құрады. Келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 14,3%-тш және АҚШ долларында табыстың 46,5%-тін құрады. Шығу туризмі теңгеде 74,4%, ал АҚШ долларында 53,5%-ті құрады. Ішкі туризмнен түскен табыс көлемі 11,3%-ті қамтыды.

2002 жылы келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 11,8%-тін және АҚШ долларында табыстың 100%-тін құраса, шығу туризмі тенгеде 66,5%-тін, ал ішкі туризм 21,7%-ті құрады. Бұдан шығатын қорытынды: туризмнен түскен табыс 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10%-ке төмен болды. 2002 жылы келу туризмнен түскен табыс мөлшері теңгеде 2000 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,1%-ке кем болды, ал доллардағы пайда 2002 жылы 100%-ке тең болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 46.5%-ті құрады. Шығу туризмі 2002 жылғы теңгедегі табысы 2000 жылдан 7,9%-ке кем болды, ішкі туризмнің дамуынан табыс мөлшері 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10,4%-ке артты. Келтірілген мәліметтер Қазақстандағы туризмнің толық қарқынмен дамуына мүмкіндіктерінің тапшылығына, өз орнын таба алмай жүргеніне куә болып отырмыз.

2000-2002 жылдар аралығында Қазақстанға әлемнің жүзден астам елдің өкілі келіп кетті. Біз жүргізген зерттеу негізінде 300-ден артық туристерді жіберетін елдерді ранжирлеу әдісімен бөліп-жарған едік. Басты мақсатымыз Қазақстанға келетін туристерді елдік санаты бойынша айыру және туристік саясатымызды қандай мемлекеттерге қарай жүргізу және дамыту шараларын жүзеге асыру қажеттігін бағдарлау. 2000-2002 жылдар аралығын өзімізге арқау етіп, резидент емес туристер келген елдерді сурет ретінде сипаттадық (сурет 2). 2000 жылы дамыған елдер ішінде Ұлыбритания. Германия, АҚШ, Франция, Жапония, Италия басым болса, 2001 жылы Ресей мен Германия ғана 300-ден аса турист аттандырған еді. 2002 жылы аталмыш мемлекеттерге Израиль, Литва, Иран сынды даму үстіндегі елдер легі қосылды. Осы ретте Қазақстанға көз тігіп отырған мемлекеттердің біразы іскерлік ниетпен келетін туристерді жіберіп жатқанын айтқан жөн.

2001 жылы Ресей мен Германияның туристерді ең көп жібергенінін бірден-бір себебі — аталмыш елдердің Қазақстанда ірі этникалық диаспораларының қоныстануы мен, әсіресе Ресейдің байырғы дәстүрлі, көршілес жатқандығымыздың әсері болса керек. 2002 жылы Израиль, Иран, Литва мемлекеттері азаматтарының республикамызға ат басын бүруы, біздің ойымызша, бизнеспен және аз ғана бөлігінің танымдық мақсатпен байланысты екендігін тұжырымдаған дұрыс шығар.

      2.Қазақстан Республикасында туристік қызмет нарығы әлі де қалыптасу үстінде. Бұған дәлел келтіру үшін Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрамындағы туризмнің үлес салмағына 1991-2002 жылдар аралығында талдау жасайық (1 сурет). Ең жоғары көрсеткіш тәуелсіздігімізді алған жылы 0,29%-ті құраса, бертін келе жалпы ішкі өніміндегі туризм үлесі қысқарып 2002 жылы 0,045%-ті құрады.

Қазақстанның қазіргі экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде. Соңғы 1999-2002 жж. ішінде елдегі туристік сапарлар саны орта есеппен 175,3 мың адамды құрады. Бір өкініштісі Қазақстанда туризмнің әлі де болса тиімділігі төмен болып тұр.

ДТҮ-ның анықтамасы бойынша мемлекеттер, "ең алдымен, туристерді қабылдайтын елдер" және "ең алдымен, туристерді жіберетін елдер" болып екі санатқа бөлінеді. Төменде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бұл жіктеу бойынша туристерді жіберетін елдер санатына кіріп тұр. Әлемдік тәжірибеде туристерді жіберетін елдер санатына жоғары дамыған, үлкен өнеркәсіп әлеуетіне ие мемлекеттер жатса, Қазақстан бірқатар экономикалық көрсеткіштері бойынша сол елдерден қалып жатыр және дамушы елдер арасында көрінуі дұрыс шығар (Малайзия, Египет, Болгария, Хорватия т.б.). Дегенмен осындай жайттың орын табуы бірнеше факторларға да байланысты екенін ұғынамыз. Атап айтканда, елімізде өндірістің, оның ішінде жеңіл өнеркәсіптің құлдырауы, бұрынғы байланыстардың тоқырауы мен тауарларды тұлыну нарығының құрт қысқаруының арқасында "шоп-туризм" немесе "дүкен-туризмі" деген құбылыстың, яғни туризмнің жана түрінің қалыптасуы өріс алды. Қазақстан азаматтары өздерінің сапар шегуін жиілетіп, туристік ағымдардың біздің ел үшін теріс беталысы байқалды.    

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, туристерге қызмет көрсету бойынша шығу туризмі — 43,6%-ті , келу туризмі - 17,4%-ті ғана құрады (ке-сте 1). ТМД мен басқа елдер арақатынасын салыстырып көрсек, онда келу туризмінде ТМД елдері не бәрі 4,1%-тІ, ал өзге елдер 95,9%-ті құрады. Шығу туризмінде — ТМД — 11,2%-ті, өзге елдер — 88,8%-ті құрады.

Бұл көрсеткіштерді 1999 жылмен салыстырсақ келу туризмнің 22,0%-тен 17,4%-ке дейін төмендегенін көреміз, шығу туризмнің 45,8%-тен 43,6%-ке түскенін байқаймыз. Мұндай жағдайдың қалыптасуы Қазақстанға туристердін қызығушылығының азаюы деп ұғыну керек.

Біздің пайымдауымызша Қазақстанға туристер қызығушылығының төмендеуі 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғасы мен Орта Азиядағы күрделі саяси жағдайдын туындауымен тікелей байланысты. Шығу туризмінде әлі де алыс шет елдерге аттанатын резидент-туристердің саны басым (88,8%), яғни осы туристердің біраз бөлігі шоп-туризммен айналысатыны күмән келтірмейді. 2002 жылы ішкі туризмнің үлесі 39,0%-ті құрады (1999 ж. - 31,6%, 2000 ж. — 37,9%). Бұл Қазақстан халқының өл-ауқатының артуы мен еліміздін көрікті табиғаты бар жерлерге қызығушылықтың өсуімен байланысты деп білеміз.

Қазіргі кездегі туризм экономикалық құбылыс ретінде индустриалды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарынын қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінін жақсаруы байкалады. Туризм индустриясы тиімділіктің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестициялардың тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

        3.Кейінгі жылдары елімізде туризмді дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Туризм жөнінде арнайы кластер құру да жоспарланып отыр. Бұл саланы дамыту үшін нормативтік-құқықтық база жасалды, 2004 жылдың 13-маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтык, экономикалық әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Реслубликасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:

— туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

—    туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;

—     Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде түсінік қалыптастыру;

—  туристердің және Қазакстан Республикасының туристік ұйымдары мен бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, олардың мүдлелері мен мүліктерін қорғау.

Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:

— туристік қызмет саласында азаматтардың демалуға, еркін қозғалуға құқықтарын қамтамасыз ету;

—     қоршаған ортаны қорғау;

— туристерді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

—  саяхат кезінде азаматтардың кажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;

—  жаңа жұмыс орындарын құру, туристік индустрия ессбінен мемлекет пен Қазақстан Республикасы азаматтарының табысын ұлғайту;

—   халықаралық туристік қатынастарды дамыту. Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:

— туризмнің Қазақстан Рсспубликасы экоиомикасының табыстылығы жоғары саласы ретінде қалыптасуы;

—  мемлекеттік мүдделерді есепке алу, туристік ресурстарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұрағатын қорғау;

—   балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер мен халықтық тұрмысы төмен жіктері арасында туристік және экску-сиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдік енгізу;

—  туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

—     Қазақстан Республикасы аумағында келу және шығу туризмімен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;

—  ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру.

Туристік агенттіктер қызметінде Қазақстанда 2003 жылы 2,7 мың адам жұмыс істеді. Осы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 14,2 мың теңге болды. Бүл, әрине, ооы саладағы қызметкерлердің жалақысының төмен екендігін көрсетеді.

Қазақстанда 2001 жылы 154,5 мын туристке қызмет көрсетілген болса, 2003 жылы туристер саны 229,0 мыңға дейін өсіпті. Соның ішінде 2003 жылға барлық туристер санының 45,0 мыны келу үлесіне, 94,7 мыңы шығу, 89,3 мыны ішкі туризмнің үлесіне тиеді. Сөйтіп, біздің елде Қазақстан тұрғындарының шетелдерге саяхат шегушілерінің саны — біздің елге саяхатқа келушілерден екі еседен астамға көп. Және бұл деректерден қазіргі кезде Қазақстанға туристердің келуі әлі жеткіліксіз дамып отырғанын да көруге болады.

Қазақстандағы негізгі туристік ресурстар қатарына 2003 жылы 143 мұра-жайды, 48 театрды, 72 концерттік ұйымдарды, 2042 клуб үлгісіндегі мекемелерді, 3462 кітапхананы, 41 луна-ларктер мен демалыс парктерін, 4 хайуанаттар паркін, 18 табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи резерваттарды жатқызуға болады.

 

 



Информация о работе Қазақстандағы туризмнің дамуы