Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 22:45, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.

Работа состоит из  1 файл

Kasipkerlik.doc

— 1.90 Мб (Скачать документ)

      Жоғары  келтірілген мысалдарды негізге ала отырып, шағын бизнесті дамыту  және оны құруда тәуекелділікті азайту үшін бизнес-инкубаторлардың болуы- маңызды үрдіс.        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы

2.1. Қазақстан  Республикасындағы шағын бизнестің дамуы 

      Бұл бөлімде бизнеспен айналысатын  шағын кәсіпорындардың және шаруа  қожалықтарының қызметтері туралы жедел  мағлұматтар берілген. Әлемнің дамыған елдерінде шағын және орта бизнес қоғамның орта сыныбын құрайтын экономика желісі болып табылатыны мәлім. Шетелде шағын және орта бизнес кәсіпорындары экономиканың барлық субъектілерінің 99% дерлік құрайды. Ал Қазақстанда (2006 ж. қорытындылары бойынша) шағын бизнес субъектілері бүкіл экономиканың 92% ғана құрайды. Әлемнің дамыған елдеріндегі елдің ЖІӨ-індегі ШОК үлесі  45-55% шегінде ауытқиды, Қазақстанда шағын бизнес үлесі елдің ЖІӨ-нің барлығы 15,7% құрайды. Мұнда ШОК-тің жұмыспен қамтылуы экономикалық белсенді халықтың 50-70% құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 21%-дан аспайды. ЭЫДҰ елдерінде 1000 адамға ШОК саны 50-80 кәсіпорынды, ал Қазақстанда ол 41 кәсіпорынды құрайды.  
Статистика мәліметтері бойынша 2001-2006 жж. елдің ЖІӨ-де шағын бизнестің үлесі елдің ЖІӨ-нің 15,7% құрап, 3 еседен артық (0,4-тен 1,5 трлн. теңгеге дейін) өсті. 
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген ШОК санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші ШОК санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс істеуші ШОК саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-дан астамын құрайды. Елдегі шағын кәсіпкерліктің қарастырылып отырған кезеңдегі салалық құрылымы іс жүзінде өзгерген жоқ: 40% дейін ол автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды сатумен және жөндеумен көрсетілген;26,3% ауыл шаруашылығында;20% дерлік өндіріс пен қызмет көрсетуде;және тек 3-4%-дан құрылыс пенөнеркәсіпте. 
Кесте-3. Қ.Р.-ның статистика агентігінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша тіркелген кәсіпорындар саны:

  2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Республика  бойынша барлығы 76743 87995 102182 116924 130779 145087 157568
Ауыл  шаруашылығы, аңшылық, орман шарушылығы 6743 7403 7842 8439 8772 10005 10147
Балық аулау және балық өсіру 188 236 286 305 312 324 342
Өнеркәсіп 9787 11724 12818 14061 15174 16325 17107
Кен өндіру өнеркәсібі 489 641 689 757 861 969 1112
Өңдеу өнеркәсібі 8599 10266 11206 12370 13382 14377 15037
Электр  энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу 699 817 923 934 931 979 958
Құрылыс 7214 8786 10581 12715 15174 18234 21670
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу 31399 41143 48826 56200 62519 68029 72177
Қонақ үйлер мен мейрамханалар 1438 1704 1901 2073 2265 2343 2429
Көлік және байланыс 3660 4490 5175 5903 6607 7460 8092
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету 11946 7997 9834 11806 14078 16091 18982
Білім беру 714 806 908 1033 1123 1221 1301
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету 1229 1385 1603 1765 1938 2083 2215
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсету 2425 2321 2408 2624 2817 2972 3106
 

Статистикалық тіркелім деректерінде Республика бойынша 2005жылы қаңтар айының 1 жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 145,1 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген, бұл көрсеткіш 2004 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызындағы деңгейден 10,9 пайызға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 71,2 пайызға жақыны жұмыс істейтін кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 51 мыңнан астамы белсеңді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.     Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,5пайызға) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%), құрылыс саласына(13,2%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,5%) тиесілі.Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2005жылы 1 қаңтарға есептелген дерек бойынша 524,6 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 қаңтарындағы деңгейден 8,7пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2005 жылы желтоқсан айында өткізілген өнімнен түскен  табыс 55976,5 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 16,5 пайызға жоғары. Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика бойынша 2005 жылы қаңтар айының 1-не дейін 176,1 мыңнан астам шаруа қожалығы тіркелген. Оның 83,4 пайыздан астамы экономикалық қызметпен айналысады.

       2003 жылы тіркелген және қызмет етуші кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында, 39724 тіркелген кәсіпорындардың 26346 немесе 66,3% қызмет атқаруда.

        Шағын бизнес субъектілерінің аз саны Манғыстау (9337), Атырау (10163) және Қызылорда (12124) облыстарына тиесілі.

        Шағын кәсіпорындардың географиялық бөліну тенденциясы сақталынуда. Бұл жағдай, бірінші кезекте шағын кәсіпорындар абсолютті басымдылықта тұрғындарға қызмет көрсетуге емес, мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сондықтан да жеке кәсіпорындардың басым көпшілігі республикамыздың өнеркәсіпті облыстарында орналасса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісіне бағдарланып, өнеркәсібі дамымаған базаларда керісінше төменгі көрсеткіште болады. 

        Шағын бизнестің салалық құрылымын қарастырсақ, онда 90 жылдардың басынан бастап, елеулі өзгерістерді байқамаймыз. Кәсіпкерлердің негізгі бөлігі сауда-делдалдық қызмет көрсетумен айналысуда. 

        Ірі өнеркәсіптік фирмаларға қызмет көрсетуге бағдарлануы, олардың өз спецификасына байланысты ұсақ фирмалар қарапайым өндіріспен айналыса алады. Шағын кәсіпорындардың күрделі технологиялы өндіріспен айналысу мүмкін емес. Олардың негізгі қызмет ету аясы – сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, бірақта бұл секторда шағын кәсіпкерліктің кең тараған желілерінің дамуы мемлекет тарапынан қаржылық көмек пен материалдық базаның болмауынан кідіріп тұр.  

      2004 жылы шағын кәсіпкерліктің тіркелген  субъектілерінің санын 6759 бірлікке, жұмыспен қамтуды 27,7 мың адамға  ұлғайтуға ықпал етті. 2005 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіштер тиісінше 37800 бірлікті және 168,1 мың адамды құрады.

      2004-2005 жылдар ішінде шағын кәсіпкерліктің  субъектілері жалпы сомасы 129,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, сонымен  бірге бюджетке төленетін төлемдер 22,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен бес жылда аударылған салықтық аударымнан 1 млрд. теңгеге артық.

        Облыста 140 бірлік болатын кәсіпкерлікті  қолдау инфрақұрылымы соның ішінде 8 қор, 15 кәсіпкерлердің ассоциациясы, 15 кәсіпкерлердің кеңесі, 9 шағын бизнесті қолдау орталығы, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің Жалпыұлттық Кеңесінің «Атамекен» филиалы және тағы басқалары құрылды. Соңғы екі жылда экономиканың өндірістік секторында- 621, өнеркәсіпте- 181, ауыл шаруашылығында- 25, құрылыста- 415 шағын бизнестің субъектілері құрылды.

          Кесте-4. Қарағанды  облысында шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы ақпарат  01.01.05г.  

Көрсеткіштер 1999ж. 2000ж. 2001ж. 2002ж. 2003ж. 2004ж.
Тіркелген ШОК саны, бірлік 20088 21908 24200 26229 31041 35907
Оның  ішінде: заңды тұлға 5390 6823 7270 7996 8569 9420
Жеке  тұлға 14698 15085 16930 18233 22472 27580
Қызмет  етуші ШОК саны, бір. 19116 20718 22994 24866 29067 34595
ШБ  саласындағы жұмысбастылар саны, адам. 105155 116782 125146 131155 140473 150220
Экономикалық  белсенді тұлғалардан үлесі, % 16,4 16 16,5 17,4 18,8 20,1
Өндірілген  өнім көлемі (жұмыс,қызмет), млн. тенге 28882 30600 39770 46827 51087 61154
ШОК орындалған өнім көлемінің ЖАӨ-гі үлестік  салмағы, % 14 11 14 15 15 14
“Миттал стил Теміртау” АҚ және “Қазақмыс” АҚ ескермегендегі ШОК жалпы аймақтық көлемдегі үлесі, % 57 50 45 60 72 60
Бюджетке  төлемдер млн.тенге 2297,3 3595,5 5010 5165,9 5513,2 8275,6

      Aлматы  және Шығыс Қазақстан облысынан  кейінгі шағын бизнесте жұмысбастылар  үлесін біздің облыс иемденеді. 

Сурет-1 

 

      Кесте-4.  Шағын кәсіпкерліктің өнеркәсіптік салалардағы саудалық жүйеден өндірістік секторға ауысқандығы айқындалады

Салалар бойынша шағын  кәсіпорын-дарда  өндірілген өнім көлемі 1999г. 2000г. 2001г. 2002г. 2003г. 2004г.
млрд  тенге үлесі,% млрд. тенге үлесі,% млрд тенге үлесі,% млрд. тенге үлесі,% млрд. тенге үлесі,% млрд. тенге үлесі,%
Өнеркәсіп 1,2 4,2 1,7 5,6 1,7 4,3 2,5 5,3 3,7 7,2 4,7 7,7
Ауыл  шаруашыл. 2,3 8 1,9 6,2 3,8 9,6 4,2 9 5 9,8 5,3 8,7
Құрылыс 1 3,5 1,5 4,9 2,5 6,3 3,3 7 3,6 7,1 4,7 7,7
Сауда 22 76 23,1 75,5 26,9 67,5 31,2 66,7 32,2 63 37,5 61,3
Басқа да 2,4 8,3 2,4 7,8 4,9 12,3 5,6 12 6,6 12,9 9,0 14,6
Барлығы 28,9 100 30,6 100 39,8 100 46,8 100 51,1 100 61,2 100

Сурет-2                       

  Шағын кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі 2002 жылғы   46,8 млрд. теңге көлемінен 2006 жылы 73,3 млрд. теңгеге дейін немесе 1,5 есеге ұлғайғаны графиктен айқын көрініп тұр. Осы жылғы бюджетке шағын бизнестен түскен табыс 13 млрд. теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе ұлғайғанын көрсетті.

Сурет-3 

 
 

2.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері. 

      Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:

1. Шағын  кәсіпорындардың негізгі проблемасы- ресурстық базасының жетіспеушілігі: материалдық-техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр.Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес.Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып алып, кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ.Тұрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, 2004-2005 жылдарда оларға 81,4 млрд.теңге несиелер берілді. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры жұмыстарын  жаңа бастаған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне, әсіресе, селолық жерлердегі кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетті. Қор өзінің құрылғанынан бергі уақытта кәсіпкерлердің 404 жобасына жалпы сомасы 437,9 млн.теңгеге несие берді, ол 2500-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттің қаражатынан шағын бизнесті қолдау орталығын құру және кәсіпкерлерді оқыту үшін 12,2 млн. теңге бөлінді. 2004-2005 жылдары тауарлы несиелеуді іске асыру жұмыстары жалғастырылып, оның нәтижесінде Ақтоғай және Ұлытау аудандарындағы 100 шаруа қожалығына 6500 бас қой берілді. Облыста лизингтік компания, 12 несиелік серіктестіктер, 18 микрокредиттік ұйымдар, шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорларының филиалдары жұмыс істейді. 

2. Шағын  кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік  базасы жоқ деуге болады.

3. Шағын  кәсіпкерліктің іс- әрекеттерін  терең талдау жасайтын жүйе  жоқ.

Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне ол коррупцияға апарады.

Информация о работе Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің дамуы