Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 21:20, реферат

Описание

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….. 3


1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні


1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........ 6
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары................... 10
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері


Қорытынды..........................................................................................


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Еңбек нарығы.doc

— 260.50 Кб (Скачать документ)

        Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осынын арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінін сапасына деген талап күшейеді.

      Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.

      Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принциптер құрайды:фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.

      Икемді нарық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта  жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген  фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлерімен белгіленеді.  
 

          1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері.Филипс қисығы. 

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте  жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыру, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның  құрылымына сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін.

    Шетелдік мамандар жұмыссыздықтын, себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, циклдық және т.б. Осыларга толық тоқталайық.

1. Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық    жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері