Қазақстанның Коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 21:17, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Содержание

Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12
ІІ. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары.
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау...................18
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау......................................................................................................................21
2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтерін бағалау.........................28
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның комерциялық банктері.doc

— 455.50 Кб (Скачать документ)

     Депозиттердің үшінші түрі –  жинақ салымдары. Олардың кеңірек  тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек.   Депозиттердің   басқа   түрлеріне   қарағанда   жоғары    пайыздардың

төлеудің  жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.

     Коммерциялық банктер негізінен  өз  клиенттерінің шауашылық қызметтеріне  қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

     «Қазақстан Республикасындағы банктер  мен банктік қызметтер туралы»  Заңға сәйкес банктер мынадай  операцияларды орындай алады:

- ақылы негізде депозиттерді тарату;

- клиенттер  мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру; 
 

- 16 -

- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;

- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

- лизинтік операцияларды жүзеге асыру.

     Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

- 17 - 

     II. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары.

     2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.

     “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.

    Қызмет  көрсетудің артықшылықтары:

    1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
    2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
    3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
    4. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
    5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

    ТӘБ несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:

    Тұран Әлем банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие  желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда  көптеген артықшылықтарды пайдалана  аласыз.  

    - 18 -

    ТұранӘлем банкінің “Любимая” несие желісі – бұл Сіздің тұрмыс жағдайыңызды әп-сәтте жақсартудың ең дұрыс  шешімі. Бір сөзбен айтқанда, әдемі  өмір сүргіңіз келсе, ТұранӘлем банкі  ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Ақшаңызды айқын болашақ пен ауқатты өмір үшін жұмсаңыз. Осы орайда ТұранӘлем банкі Сізге қолдау көрсетеді, өйткені Банк үшін ең басты құндылық – бұл оның клиенттері!

    "ТұранӘлем"  банкі көп жылдар бойы жеке  тұлғаларға арналған депозиттер  рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. "ТұранӘлем" банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа ұзаудың қажеті   жоқ. ТӘБ   филиалдық  желісінің   тағы   да  бір

ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.

    Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі  бабы болып табылады. Есеп беру жылында  банктің осы қызметінен түскен табыстардың  сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.

      Банк шығындарының жалпы көлеміндегі  үлкен үлесті (37%) процентік шығындар  иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік  мекемелердің және клиенттердің  банк міндеттемелеріндегі қаражаттар  үлесінің ұлғаюымен себепші болып  отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор. Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем, төлемдерді аудару, комиссиондық жинақтар және қаржы операциялардан табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді.

    Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте дамуы барлық клиент сегментін  мұқият зерттеуін талап етеді. Осы  мақсатта банк мамандары қаржы нарығының  тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі зерттеуін жүргізу шараларын қолданады. Осы зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінің бірі «банк-клиентке» қатысты серіктестік жағдайларын және өзара тиімділікті құру 

    - 19 -

 болып  табылады. Бұндай қатынастарды құрудың  инструменттеріне тарифтік саясатты  жетілдіру және де сатуды ынталандыру  және қолдау бағдарламаларын  құру және іске асыру кіретін  болады; осы шаралардың кешені  банктің клиенттік менеджерлерінің  құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.

    2007 жылғы 01 сәуірде таза пайда  103 млн. долларды құрады, бұл өткен  жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге өскенін көрсетеді және  пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы  мен комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды. ROAA 2,17%б, ROE 24% және сost to income 27,6%-ды құрайды.

   1-тоқсанда  депозиттер көлемі 23,1%-ға өсті. Депозиттер  қорландыруды 26,4 пайыз активтермен  қамтамасыз етті. 2007 жылдың 1 тоқсанының  соңында міндеттемедегі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 21,1 %-ды , заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 15,5 %-ды құрады. Осылайша ТӘБ депозиттік қорының өсу қарқыны ЕДБ депозиттік қорының өсу қарқынынан 3 пайызға асып түсті.

    Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде қаржы  тартпақ   ниетте.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    - 20 -

    2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті  және пассивті операцияларын  талдау.

    2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік  сектордың жиынтық есептік меншікті  капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).

    Банктердің  ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды  ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге  өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін  жетті. 2005  жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің  құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.

    Заңды және жеке тұлғалардан тартылған  салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.

    Екінші  деңгейдегі банктер табыстарының жалпы  сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен  жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.

    Есеп  беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.

     Жалпы банк   жүйесіндегі     депозиттер   өсімінің    тенденциясын 1 – 2 қосымшалардан байқауға болады. 

      Ал енді «ТұранӘлемБанктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.

    "ТұранӘлемБанкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.

Информация о работе Қазақстанның Коммерциялық банктер